
Жауыбы:
1). Жетілген жүктілік. Босану. Ірі нәресте. Симфизит. Негізделеуі клиникасы бойынша.
2). Дамудың ең негізгі себепшісі - ірі нәресте.
3). Шат буындасында пальпация кезінде ойық анықталады, аяқтарын жамбас сан және тізе буындарында бүгіп, тізелерін алшақтаттқанда - қатты ауырсыну анықталады.
4). Диагональды коньюгатаны анықтау стандарты.
№21 есеп. Босану болды, жетілген, салмағы-4300,0 гр, ұзындығы -52 см. нәресте туылды. Бала жолдасы өздігінен бөлініп туылды, бүтін. Жатыр тығыз. Жыныс жолдарынан тоқтаусыз ағып, қан кете бастады.
1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі ?
2). Берілген патологияның себептерін және жіктелуін көрсетіңіз.
3). Босануды жүргізу кезінде қандай қателіктер жіберілді?
4). Босануды қоздыру тәсілін көрсетіңіз.
Жауабы:
1). Жетілген жүктілік. Босану. Ірі нәресте. Жатыр мойнының жыртылуы. Клникасы негіз болады.
2). Ірі нәресте, жылдам және қарқынды босану, тіндердің созылғыштығының жоғалуы, жатыр мойнының тыртықты өзгерістері, босану күштерінің аномалиялары, босануды дұрыс жүргізбеу, оперативті босандыру (акушерлік қысқыш, вакуум экстрактр).
1-дәрежелі жыртылу- 2см дейін.
2-дәрежелі жаыртылу -2см.көп, бірақ күмбездерге жетпейді.
3-дәрежелі жыртылу қынап күмбездеріне жетеді.
3). Спазмолитиктер енгізу керек болатын.
4). Босануды қоздыру стандарты.
№22 есеп. Босанудың 1- кезеңінде толғақтың және жатырдың төменгі сегментінің қатты аурушаңдығы байқалды. Босанушы (роженица) мазасыз, PS-жиі, тілі құрғақ, демігеді. Жатыр ұзынша созылған, контракциялық сақина кіндік тұсында.
1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі?
2). Берілген патологияның себептерін және жіктелуін көрсетіңіз.
3). Жүргізу тактикасы?
4). Амниотомияны жүргізіңіз.
Жауабы:
1).Жетілген жүктілік. Босанудың бірінші кезеңі, жатырдың жыртылу қаупі, клиникасымен негізделеді.
2). Жатыр еттеріндегі өзгерістер, ісік әсерінен механикалық кедергілер, тар жамбас, ірі нәресте, ретсіз толғақ, нәресте басының дұрыс қондырылмауы.
-- Болу уақыты жыртылу - жүктілік кезінде, босану кезінде.
-- Клиникасы бойынша –қаупі, басталуы, жыртылуы.
-- Зақымдану сипаты бойынша –сызат алуы, жартылай және толық жыртылуы.
-- Орналасуы бойынша – жатыр түбінің, денесінің, төменгі сегментінің жыртылуы.
3). Көмек көрсетуді жатырдың жыртылу қаупінің белгілері пайда болғанда бастайды. Гинипрал енгізу арқылы толғақты тоқтату. Жатыр босаңсығаннан кейін-әйелді арбаға жатқызу және қуықты зәрден босатқаннан кейін, ота жасайтын бөлімге ауыстыру.
4). Амниотомия жүргізу стандарты.
№23 есеп. Мерзімі 37 апталық жүкті әйел жеткізілді, толғақсыз, ішінің қатты, кесіп ауыратынына шағымданады.
Объективті: жатыр тырысқан, нәресте мүшелерін және жүрек соғуын есту мүмкін болмады.
1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.
2). Берілген патологияға қандай себептер әкеледі?
3). Берілген патология қандай асқынуларға әкеледі?
4). Нәресте бас өлшемдерін көрсетіңіз.
Жауабы:
1). Жүктіліктің 37 аптасы. Қалыпты орналасқан плацентаның алдын ала бөлінуі.
2). Себептері: жатырдың қабынуы және дегенеративті өзгерістері, жатырдың шамадан тыс созылуы. Гестоз әсерінен тамырдағы өзгерістер, соматикалық аурулар, гипертониялық аурулар, қысқа кіндік бауы, көп ұрықтық және су көптікте жатырдың жылдам босап қалуы, жарақаттар.
3). Нәрестеде терең гипоксия болады, плацентаның 1/3 бөлінуінде оның өлуі де мүмкін. Көлемді жатыр - плацентааралық гематомада жатырға қан сіңеді (кувелер жатыры) , ондай жатыр жиырыла алмайды, гипотониялық немесе атониялық қан кету болады, бұл геморрагиялық шокқа, ДВС синдромға, анемияға, босанғаннан кейінгі септикалық ауруларға әкеледі. Тамырды пункция жасап, носилканың бас жағын түсіріп, тасымалдау керек.
4).Нәресте бас өлшемдерінің стандарты.
№24 есеп. Босану болды, жетілген, салмағы 4200.0 гр, ұзындығы-54см, нәресте туылды. Бала жолдасы бөлінді және өздігінен,бүтін шықты, 5минут өткен кейін, жыныс жолдарынан қан кете бастады. Жатыр босаңсып қалды, іш пердесі арқылы анықталмайды.А/қ 85/50 мм.сын.бағ.терісі бозарған. PS-жиі.
1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.
2). Көрсетілген патологияның дамуына қандай себептер әкеледі?
3). Бала жолдасы кезеңінде және босанғаннан кейінгі кезеңде қан кету себептері қандай?
4). Бірінші сатыдағы қан кетуді тоқтатуды көрсетіңіз.