
Жауабы:
1). Босанғаннан кейінгі кезең. Босанғаннан кейінгі қынаптың жарасы, негізі клиникасы.
2). Механикалық және иммунологиялық кедергілер шырышты тығын, қынап шырыштарындағы иммунноглобулиндер. Плацента алаңы лейкоциттердің грануляциялық валымен көмкерілген.
3). Жалпы белгілері-озноб, T°көтерілуі, PS-жиілеуі, ОЖЖ- ның жалпы өзгірістері, ЖҚТ-өзгеруі, қан жағынан – лейкоцитоз, ЭТЖ-жылдамдауы. Жергілікті белгілер міндетті түрде болады.
4). Босанудан кейінгі жараны өңдеу стандарты.
№14есеп. Босанған әйелдің (родильница) босанғаннан кейінгі бесінші күні жыныс жолдарынан бөліну тоқтап қалды.
Объективті: температура 39°, дірілдеп қалтырайды, PS-жиі. Пальпацияда-жатыр үлкейген, оның қабырғасы біркелкі қалыңдамаған.
Сіздің диагнозыңыз және берілген патологияның даму себептері.
Көрсетілген патологияның жіктелуін көрсет.
Босанудан кейінгі аурулардың жалпы емдеу принциптері.
Аралықтағы тігісті өңде.
Жауабы:
1). Босанғаннан кейінгі кеш кезең. Лохиометра. Жатырдың иілуі немесе жатыр мойны өзегінің ұйыған қандармен, қабық бөлшектерімен бітелуі.
2). Босанудан кейінгі аурулар төрт топқа бөлінеді:
I - инфекция түскен жерде шектеледі - жара, эндометрит, лохиометрия.
II - инфекция жарақаттан шығады, бірақ таралмайды.
-метрит, аднексит. Шектелген тромбофибит, параметрит.
III - инфекция таралуға жақын, жайылған перитонит, күшейген тромбофлебит.
IV - таралған инфекция- септицемия, септикопиемия.
3) қабынуға қарсы терапия. Десенсибилизациялаушы тарапия, детоесикациялық терапия, симптомдық ем.
4) Аралықтағы тігісті күту стандарты.
№15 есеп. Босанғаннан кейінігі кезеңнің екінші аптасында әйелдің t°-39°C –ға дейін көтерілді.дірілдеп,қалтырау болып, жүрген кезде балтыр еттерінде, аяқтардың тері асты веналар бойымен ауыру сезімі пайда болып, ісініп, қызарады
1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізі.
2). Берілген аурудың қандай алғашқы клиникалары бар?
3). Көрсетілген патологиялардың диагностикасының қандай қосымша әдістері бар?
4). Манжетка сынамасын жүргізіңіз.
Жауабы:
1). Басанғаннан кейінгі кеш кезең. Аяқтардың жақын орналасқан веналарының тромбофлебиті.
2). Босанғаннан кейінгі ауруларға тән клиника ұзақ уақытқа созылған субфебрилитет,
пульстің баспалдақ бейнелі жіктелуі, балтыр бұлшық еттерінің ауыруы.
3). Манжетка сынамасы. Қысым 140 мм.сын.бағ. кем болғанда, балтыр бұлшық еттерінде ауру пайда бола бастайды. Қалыпта 170-180 мм.сын.бағ.
4). Манжетка сынамасы стандарты.
№16 есеп. Жүктіліктің 37аптасы. Түнде, толық тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан ұйып қан келе бастады. Жағдайы қанағаттанарлық.
1). Сіздің диагнозыңыз және жүктіліктің осы асқынуына сипаттама беріңіз.
2). Осы асқынудың даму механизмі.
3). Жүктілік және босануды жүргізу тактикасы.
4). Босанудың үшінші кезеңінің физиологиялық ағымында жаңа туылған баланың бірінші тазалығын жүргізіңіз.
Жауабы:
1). Жүктіліктің 34аптасы. Плацентаның орталық орналасуы. Плацентаның келуі - клиникалық жағдай, нәрестенің туылуына кедергі жасаушы, кіші жамбас кіре берісіне плацентаның келуі. Орталық - плацента ішкі ернеуді толық жауып тұрады. Бүйірімен плацента ішкі ернеуді жартылай бір жағымен жауып тұрады. Қырымен –плацента жатырдың төменгі сегментіне, қыры ішкі ернеуге жетіп, орналасады.
2. Кіші сегмент пайда болғанда плацента децидуальді қабықтан ажырайды, қан кетуге әкеледі. Қан кету плацентаның ажырау дәрежесіне байланысты.
3). Алдын ала жатқызу көрсетілген. Қатаң төсек тәртібі, жүктілікті сақтау шаралары, нәрестенің гипоксиясының алдын алу, антианемиялық ем. Плацентаның толық келуінде кесар тілігі жолымен босандыру.
4). Жаңа туылған нәрестенің біріншілік тазалығы стандарты.
№17есеп. Жүкті әйелде жүктіліктің 36-37 аптасында сыртқы акушерлік зерттеуде анықталады. Жатыр түбі биік орналасқан,диафрагманы итеріп тұр. Кіші жамбас кіре берісінде жұмсақ, аз қозғалатын ірі мүше анықталады. Нәрестенің жүрек соғуы кіндіктен жоғары естіледі.
1). Сіздің диагнозыңыз және негізделуі.
2). Осы жағдайдың жіктелуі.
3). Әйелдер кеңесі акушеркасының тактикасы.
4). Берілген клиникалық жағдайдағы босануды жүргізіңіз.