Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушериядан гост жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.97 Кб
Скачать

Жауабы:

  1. Жүктіліктің 6-7 аптасы. Жүктілер құсуының орташа дәрежесі. Бұл ауру әйел ағзасының ұрық жұмыртқасының дамуына бейімделуінің бұзылуымен сипатталады.

  2. Емдік -қорғау режимі: диета, церукал, реч.os.немесе в\м және в\в; изотониялық ерітінді, гемодез-в\в, эссенциале.

  3. Құсудың орташа дәрежесін емдемесе тоқтаусыз құсу дамуы мүмкін, организмнің сусыздануы болады, өмірге керекті ағзалардың функциясының бұзылуы, әсірісе бүйрек, бауыр, жүрек. Жүктіліктің үзілуі мүмкін.

  4. Қынапқа майлы тампон кою стандарты.

11есеп. Перзентхананың потология бөліміне жүктілігі 32-апта болған әйел келіп түсті. Аяқтарында ісіну бар, а\қ 140\90мм,сын.бағ.және 160\100мм.сын.бағ. зәрде ақ уыз -3г\л дейін, тәуліктік диурезі 800мл.

  1. Сіздің диагнозыңыз және берілген ауруға сипаттама беріңіз.

  2. Аурудың ауырлауын қандай белгілер көрсетеді?

  3. Емдеу принциптері.

  4. Эклампсия құрысып тарысуында қажетті заттарды жина және көмек көрсетіңіз.

Жауабы:

1).Жүктіліктің 32аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Аурудың негізгі белгілері-А\Қ көтерілуі, зәрде ақуыздың пайда болуы. 2 дәрежеге бөлінеді, А\қ, протеинурияның көрсеткіштерінің көтерілуімен анықталады.

2). Аурудың аурырлауын мидағы белгілердің пайда болуы куәландырады: бас ауруы шүйдеде болуы, көздің алдында жалтырауықтар көрінуі,эпигастра аймағында ауру сезімі пайда болады, диурездің төмендеуі және олигурия. Эклампсияға ауысуы мүмкін-құрысып –тырысудың пайда болуы сетчатканың сылынуымен, бүйрек, бауыр жетіспеушіліктері, ДВС синдромының дамуы гипоксия және ұрықтың антенатальды өлуі.

3). Емдік-қорғау режимі, күттірмейтін көмек ретінде магнезиальді терапия, спазмолитиктер, гипотензивті препараттар, реополиглюкин.

4). Эклампсиядағы күттірмейтін өмек стандарты.

12есеп. Жүктілігі 34апта болған әйел белінде және ішінің төменгі жағының ауыратынына шағымданып келді. Үшінші жүктілігі, бірінші босануы.

Объективті: Жатыр көлемі 34 апталық жүктілікке сәкес үлкейген, қозғыш. Нәресте тігінен орналасқан, баспен келуі, жүрек соғуы анық, ырғақты. Жатыр мойны сақталған, жұмсақтау.

  1. Сіздің диагнозыңыз және берілген жағдайдың дамуына қандай себептер әсер етеді?

  2. Берілген патология диагностикасы және емі.

  3. Мерзіміне жетпеуге қандай белгілер тән?

  4. Толғақтың жиілігін, күшін және олардың арасындағы үзілісті анықтаңыз.

Жауабы:

  1. Жүктіліктің 34-аптасы. Жүктіліктің үзілу қаупі, себептері: гормандардың жетіспеуі, гестоздар, экстрагенталды аурулар, көп ұрықтық, су көптік, су аздық, ірі нәресте, нәрестенің көлденең орналасуы, нәрестенің жамбаспен келуі.

  2. Жатыр мойны жағдайына қарап диагноз қойылады - қысқарған, жұмсарған. Жатырдың жағдайы- қозғыш немесе толғақтың басталуы.

  3. Салмағы 2500 кем, ұзындығы- 45см. кем, терісінде сұр түсті май көп, тері асты клечатка әлсіз дамыған, барлық денесі үлпілдек түкпен жабылған, құлақ және мұрын шеміршектері жұмсақ, тырнақтары тырнақ түбіріне кірмеген, кіндік сақинасы қасағаға жақын орналасқан. Ұлдарда-жұмыртқалары ұмасына түспеген, қыздарда-үлкен жыныс еріндері кішісін жаппайды.

  4. Толғақты санау және күшін анықтау стандарты.

13есеп. Босанғаннан кейінгі үшінші тәулікте қынапта жара анықталады. Шекарасы анық,жиегі ісінген, қызарған және қоршаған тканьдер инфильтратты. Түбі сұр, іріңді жабындымен жабылған.

  1. Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

  2. Жүкті әйелдің организімінде қандай физиологиялық инфекцияға қарсы тұратын тосқауылдар болады?

  3. Босанудан кейінгі ауруларлың жалпы себептерін атаңыз.

  4. Көрсетілген жараны өңдеңіз.