Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушериядан гост жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.97 Кб
Скачать

Жауабы:

1) Подстанцияның бас дәрігеріне хабарлау және перзентханаға жатқызуға рұқсат алу.

Босанушы әйелдің жағдайын бағалау және жорамалды диагноз қою. Жетілген жүктілік. А\қ 2 қолда өлшеу. Толғақтың ұзақтығын және олардың арасындағы үзілісті санау. Нәрестенің орналасуын, позициясын және алдыңғы бөлігін анықтау.

2)Жүктілік мерзімін соңғы етеккірі бойынша, нәрестенің 1-қимылы бойынша, ІА және ЖТБ бойынша анықтауға болады.

3)Физиологиялық бөлімде – дені сау, зерттелген жүктілер және босанушылар, зерттелмеген,T°,жөтелмен , іріңдермен, созылмалы инфекциямен, ұзақ сусыз кезеңмен – абсервация бөліміне.

4) Сыртқы акушерлік зерттеу стандарты.

8есеп. Жүкті әйел 37-38апталық мерзімде сырқы акушерлік зерттеумен қаралған. Жатыр түбі жоғары орналасқан, диафрагма астында. Кіші жамбас кіреберісінде бас анықталады, жатыр түбінен тағы екі ірі мүше анықталады. Нәрестенің жүрек соғуы 2 жерден естіледі.

  1. Сіздің диагнозыңыз және клиникалық жағдайдың сипаттамасы.

  2. Берілген клиникалық жағдайдың пайда болу механизмінің себептері.

  3. Әйелдер кеңесі акушеркасының берілген жағдайды анықтау және тактикасы.

  4. ІА, ЖТБ. Соловьев индексін өлшеңіз.

Жауабы:

  1. Жүктіліктің 37 аптасы. Көп ұрықтық.

  2. Тұқым қуалаушылық, бедеулікті овуляцияны стимуляциялаушы заттармен емдеу, анасының жасы. Көп ұрықты - монозиготалы және дизиготалы болады. Бір жұмыртқалары егіздер – ұрықтанған аналық жасушаның атипті бөлінуінен,екі жұмыртқалы егіздер – бұл мезгілде дамыған фолликулалардан ұрықтанған аналық жасушадан дамиды.

  3. Жатырдың тез өсуі, акушерлік зерттеу кезінде , үш ірі мүшенің анықталуы, жүрек соғулар арасында «үнсіз аймақ», жүрек соғу жйілігі және үні әр түрлі. Қорытынды диагноз нәрестелер және бала жолдасы туылған соң қояды. Нәрестелер арасында екі қабық – бір жұмыртқалы егіздерде,4 қабық – екі жұмыртқалыларда. Жүктіліктің 34аптасынан бастап, апта сайын бақылау және алдын ала жатқызу.

  4. ІА,ЖТБ, Соловьев индексін өлшеу стандарты.

9есеп. Жүкті әйелдің 14аптасы мерзімінде белінде және ішінің төменгі жағында ауыру сезімі пайда болды. Қарағанда –жатыр 13-14аптаға дейін үлкейген, қозған. Анамнезінде: 4-жүктілгі,1-босануы, алдыңғы жүктілері медициналық абортпен аяқталған 8-10 апта мерзімінде.

  1. Сіздің диагнозыңыз және берілеген патологияға әкелетін себептер?

  2. Берілген патологиялық ауруларды қандай белгілер көрсетеді?

  3. Емдеу принциптері?

  4. Жүкті әйелді айнамен қара және екі қолмен зерттеуді жүргізіңіз.

Жауабы:

  1. Жүктіліктің 14 –аптасы. Жүктіліктің үзілу қаупі. Аборттар, гинекологиялық аурулар, нейроэндокринді бұзылыстар, жедел және созылмалы инфекциялар,жатыр ісіктері, жүктіліктің асқынулары, гестоздар, көп ұрықтық, көп сулық,

  2. Жүктіліктің үзілу қаупі басталған, жолдағы түсікке айналуы мүмкін.

  3. Дюфастон, спазмолитиктер, седативті препараттар десенсибилизациялаушы ем, жалпы қуаттандырушы терапия.

  4. Айнамен қарау және екі қолмен зерттеу стандарты.

10 есеп. Әйелдер кеңесі акушеркасының жүктілік мерзімі 6-7апта болған әйел тәулігіне 7-8рет, тамақ қабылдағанда байланыссыз құсатынына, әлсіздікке шағымданып келді. Қарағанда –дене салмағын жоғалтқаны байқалды, А/Қ 100\60мм.сын.бағ. пульс, минутына 90 рет.

  1. Сіздің диагнозыңыз және берілген ауруға анық сипаттама беріңіз.

  2. Берілген аурудың емдеу принциптері қандай?

  3. Берілген патологияларда қандай асқынулар болуы мүмкін?

  4. Қынапқа майлы тампон қою іс-әркетін көрсетініз.