Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Патологиялық физиология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.73 Кб
Скачать

Патологиялық физиология

1. Клиникалық бақылаумен салыстырғанда жануарларға тәжірибе жасаудың артықшылығы

A) Аурудың алғашқы кезеңін зерттеу

B) Аурудың емделмеген түрлерін зерттеу

C) Аурудың даму сатыларын зерттеу

D) Тәжірибелік емдеуді жүргізу

E) Аурудың пайда болуында әлеуметтік жайттардың маңызын зерттеу

F) Ауруларды функционалдық әдіспен зерттеуді жүргізу

G) Ауруларды биохимиялық әдіспен зерттеуді жүргізу

H) Алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу

A,B,D

2. Ауру сипатталады:

A) Зақымдану және қорғану-бейімделу құбылыстарының диалектикалық бірлігімен

B) Саты бойынша дамуымен

C) Гомеостаздың сақталуымен

D) Қорғану-бейімделу құбылыстарының болмауы кезінде зақымданудың болуымен

E) Бірнеше дерттік үрдістердің жиынтығымен

F) Еңбекке қабілеттілігінің сақталуымен

G) Зақымданудың болмауымен

H) Құрылымы мен қызметінің сәйкестігімен

A,B,E

3. Сауығудың ұзақ, тұрақты тетіктеріне жататыны:

A) Қауырт гипогликемияда контринсулиндік гормондардың шығуы

B) Асқазан қойыртпағымен тұншыққанда жөтелу

C) Созылмалы коронарлық жеткіліксіздікте ангиогенездің әсерленуі

D) Экзогенді гипоксия жағдайында қан түзуші тіннің гиперплазиясы.

E) Қауырт гипотензияда адреналиннің бөлінуі

F) Тұрақты артериялық гипертензияда жүрек етінің гипертрофиясы

G) Көзге бөгде зат түскенде кірпік қағу

H) Физикалық жүктемедегі тахикардия, тахипноэ

C,D,F

4. Тұқымқуалаушылықтың этиологиядағы маңызы:

A) Аурудың тек қана себебі

B) Аурудың тек қана жағдайы

C) Аурудың әрі себебі, әрі жағдайы

D) Полигенді ауруларды туындататын себеп

E) Онсыз ауру туындамайтын жайт

F) Сыртқы этиологиялық жайт

G) Ішкі этиологиялық жайт

H) Моногенді ауруларды туындататын себеп

C,G,H

5. Гипертермияның бейімделу сатысында организмдегі өзгерістерді атаңыз:

A) Тыныстың жиілеуі

B) Тахикардия

C) Шеткері қантамырларының кеңеюі

D) Бұлшықет межеқуатының жоғарылауы

E) Брадикардия

F) Ішкі ағзалар тамырларының кеңеюі

G) Бұлшықет дірілі

H) Гемодилюция

A,B,C

6. Декомпрессия жағдайына тән

A) Газдық эмболия

B) Тері асты эмфиземасы

C) Жабық қуыстарда газдар көлемінің ұлғаюы және олардың қысымының жоғарылауы

D) Ауа эмболиясы

E) Қанда газдар ерігіштігінің жоғарылауы

F) Тіндер мен организмнің сұйық орталықтарында азот ерігіштігінің G) жоғарылауы

G) Сатурация

H) Ішекте газдардың қысылуы

A,B,C

7. Енжар төзімділікке мысал бола алады:

A) Эритропоэздің әсерленуі b) Гематоэнцефалдық тосқауыл

C) Мый қабықтары

D) Антидене түзілуі

E) Жедел кезең жауабы

F) Асқазан сөліндегі НCl мөлшері

G) Фагоцитоз

H) Стресс дамытатын жүйенің әсерленуі

B,C,F

8. Полигендік ауру болып табылады:

A) Фенилкетонурия

B) Семіру

C) Орақтәрізді жасушалы анемия

D) Гемофилия

E) Шерешевский-Тернер синдромы

F) Клайнфельтер синдромы

G) Аллергиялық аурулар

H) Эссенциалды гипертензия

B,G,H

9. Жасуша мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауынан дамиды:

A) Жасушадан натрий ионының шығуы

B) Жасушадан калий ионының шығуы

C) Жасушадан кальций ионының шығуы

D) Гиперферментемия

E) Жасушаның боялуының төмендеуі

F) Жасушаның сорғыштық қабілетінің жоғарылауы

G) Митохондрий ферменттерінің әсерленуі

H) Электрөткізгіштігінің төмендеуі

B,D,F

10. Стрессте бейнақты төзімділіктің жоғарылауын қамтамасыз етеді:

A) Энергия қорын жұмылдыру және қайта бөлу

B) Иондық каналдар жұмысының тұрақтылығы мен қуаты артуы

C) Жасуша мембраналарының тұрақтануы

D) Глюкокортикоидтардың иммундық депрессивті әсері

E) Фагоцитоздың әсерленуі

F) Липидтердің пероксидтік тотығуының әсерленуі

G) Ұзақ гиперлипидемияның дамуы

H) Лимфоидты тіннің атрофиясы

A,B,C

11. Веналық гиперемияның себебі болуы мүмкін:

A) Вена қақпақшаларының жеткіліксіздігі.

B) Артериолалардың кеңеюі.

C) Артериосклероз.

D) Веналардың тромбозы.

E) Қысымның артерио-веноздық айырмасы төмендеуі

F) Артериялардың тромбозы

G) Ангиоспазм

H) Артериялардың эмболиясы

A,D,E

12. Шеткері қанайналымы тамырларында қанағымының тоқтауы, жабысқан эритроциттер бөлігі, қанның гомогенденген бөліктері анықталды. Шеткері қанайналымы бұзылысының түрі, патогенездің негізгі тізбегі және салдары:

A) Шынайы қылтамырлық стаз

B) Веналық гиперемия.

C) Ишемия

D) Қылтамыр қабырғасы өткізгіштігі жоғарылауы

E) Гематокриттік көрсеткіштің төмендеуі

F) Тіндердің некрозы

G) Зат алмасу үрдістерінің әсерленуі

H) Жасуша құрылымдарының гиперплазиясы

A,D,F

13. Қабынудағы артериялық гиперемия, тамыр қабырғасына әсерінен дамиды:

A) Гепариннің

B) Гистаминнің

C) Ацетилхолиннің

D) Брадикининнің

E) Норадреналиннің

F) Ангиотензин – ІІ-нің

G) Эндотелиннің

H) Тромбаксан А2-нің

B,C,D

14. Фагоцитоздық белсенділік көрсететіні:

А) Нейтрофилдер

В) Моноциттер

С) Купфер жасушалары

D) Эритроциттер

Е) Лимфоциттер

F) Кардиомиоциттер

G) Нейрондар

H) Миоциттер

A,B,C

15. Эндогенді пирогендердің жылу реттеу орталығына әсерінен дамиды:

A) Жылу реттеу орталығының жылу сезгіш нейрондарының сезімталдығы артуы

B) Жылу реттеу орталығының суық сезгіш нейрондарының сезімталдығы артуы

C) Мый қылтамырларында простагландин Е түзілуі артуы

D) Парасимпатикалық жүйке жүйесі әсерленуі

E) Гипоталамустың жылу сезгіш нейрондарында цАМФ түзілуі артуы

F) Жылу реттеу орталығының әсерсізденуі

G) Жылу реттеу орталығының әсерленуі

H) Жылу реттеу орталығының қызметі бұзылуы

B,C,E

16. Аллергиялық серпілістерді П.Джелл мен Р.Кумбс бойынша жіктеуге жататыны:

A) Дереу дамитын аллергиялық серпілістер

B) Баяу дамитын аллергиялық серпілістер

C) Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі

D) Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік түрі

E) Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік түрі

F) Жалған аллергиялық серпілістер

G) В-бағынышты аллергиялық серпілістер

H) Т-бағынышты аллергиялық серпілістер

C,D,E

17. Аллергиялық әсерленістердің иммундық кешендік түрінің аллергендері

A) Еритін нәруыздар

B) Дәрі-дәрмектер

C) Емдік сарысулар

D) Жусан тозаңы

E) Үй шаңы

F) Төсек орын кенесі

G) Қан тобының антигендері

Н) Көз бұршағы

A,B,C

18. Канцерогенездің инициация сатысына тән:

A) Онкогендердің әсерленуі

B) Антионкогендердің делециясы

C) Апоптоз гендерінің әсерленуі

D) Антиапоптоз гендерінің әсерсізденуі

E) Әсерленген онкогендердің амплификциясы

F) Көптеген дәрілерге төзімділік генінің әсерленуі

G) Қалыпты жасушаның өспе жасушасына айналуы

H) Метастаздану

A,B,G

19. Қатерлі өспелердің метастазалануының сатыларына жатады

A) Өспе жасушаларының біреуі немесе тобының өспенің алғашқы ошағынан үзілуі

B) Жасушалардың лимфа және қан тамырлары бойымен тасымалдануы және өспелік эмболдың түзілуі

C) Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы

D) Жасушалардың қан тамыры сыртына шығуы, олардың сау тінге енуі

E) Өспенің үдеуі

F) Алғашқы өспе түйінінің түзілуі

G) "Заттық қақпан феномені"

H) Хейфлик шегі

A,B,D

20. Науқас ауруханаға «иіс газымен улану» диагнозымен әкелінді. Науқасты тексергенде анықталды:

A) Карбоксигемоглобин.

B) Қанның оттегіге сыйымдылығы 12 көл %

C) Қанның оттегіге сыйымдылығы 35 көл %

D) Терісі жер түсті

E) Терісі ашық қызыл түсті

F) Қанның түсі қоңыр

G) Өкпе гипервентиляциясы

H) Метгемоглобин

A,C,F

21. Созылмалы гипогликемияның себебі:

A) Инсулинома.

B) Инсулинді артық енгізу.

C) Гликогеноздар.

D) Бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі.

E) Ауыр қол жұмысы

F) Глюкокортикоидтардың артық өндірілуі

G) Соматотропиннің артық өндірілуі

H) Инсулиннің аз өндірілуі

мA,C,D

22. Қантты диабеттегі глюкозурияның патогенезінде маңыздысы:

A) Глюкозаға бүйрек табалдырығынан асқан гипергликемия

B) Бүйрек өзекшелерінде глюкозаның фосфорсыздануының жеткіліксіздігі

C) Бүйрек шумақтарында дәрменді сүзілулік қысымның жоғарылауы

D) Нефронның дисталды өзекшелерінің зақымдануы

E) Бүйрек өзекшелерінде глюкозаның реабсорбциясына қажетті ферменттердің тұқымқуатын тапшылығы

F) Бүйрек өзекшелерінде судың реабсорбциясы төмендеуі

G) Бүйрек өзекшелерінде глюкозаның белсенді фосфорсыздануы мен фосфорлануы

H) Бүйрек өзекшелерінде глюкозаның фосфорлануының жеткіліксіздігі

A,B,H

23. Лимфа ағып кетуінің қиындауы байқалады:

A) Лимфа тамырларының туа біткен гипоплазиясы кезінде

B) Филяриялармен лимфа тамырларының бітелуінде

C) Айналымдағы қан көлемі артқанда

D) Орталық көктамырлық қысым төмендегенде

E) Лимфа тамырларының тромбозында

F) Артерия тамырларының тромбозында

G) Қанда альдостерон артқанда

H) Қанда антидиурездік гормон артқанда

A,B,E

24. Организмге су аз түсуінен болатын сусыздану пайда болады:

A) Гипервентиляциялық синдромда

B) Толастамайтын құсуда

C) Ұзаққа созылған диареяда

D) "Судан қорқу"кезінде

E) Жұту қиындағанда

F) Қатты терлегенде

G) Өңеш тарылғанда

H) Полиурияда

D,E,G

25. Гипоталамустық семіру түрінің себебі:

А) Мый жарақаты

В) Бас мый ішілік қысымның жоғарылауы

С) Гипоталамустың өспесі

D) Соматотропты гормондар артықшылығы

E) Аденогипофиздің толық жеткіліксіздігі

F) Лептиннің артықтығында

G) Тиреоидты гормондар өндірілуі артықшылығы

H) Артық тағам қабылдау

A,B,C

19- вариант