Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силл.пед.прак ЕКБ қаз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
241.15 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Жаратылыстану факультеті

Биология кафедрасы

«Бекітемін»

Факультет деканы

_________Ғ.Л. Есназарова

«___»___________2014 ж.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

Мамандық

5В011300– БИОЛОГИЯ

Практика

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

Курс

4

Оқыту тілі

Қазақ

Түрі

Күндізгі

Кредит саны

6

Семестр

7

Ақтөбе

2014

Жаратылыстану факультеті «биология» мамандығы 4-курс студенттерінің өндірістік практикасының бағдарламасы /SYLLABUS/, ҚР МЖМБС 05.08.263 -2006, ҚР МЖМБС (Кәсіби практика) 5.03.005-2006, АқМПИ. Кәсіби практика туралы нұсқалары 03.04.2007., «Білім» мамандықтары бойынша практикаға арналған типтік оқу бағдарламасы – Алматы, 2007 негізінде құрастырылды.

Құрастырғандар педагогика және психология магистрі Отарбаева Ш.С., аға оқыт.Естурина К.Б.

Биология кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.

« » 2014 жыл № хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ доц .Қазкеев Е.Т.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің практика жұмыс комитеті бекітті

№_____ хаттама «____» _________2014ж

Құрметті студенттер!

Бұл силлабус Сіз үшін дайындалған. Сол себепті мұқият танысыңыз.

Әдіскер Отарбаева Шахизат Салжанқызы – жалпы педагогика кафедрасының магистрі.

Әдіскер – аға оқыт.Естурина К.Б.

Мекен-жайы:

Ақтөбе қаласы

Ә. Молдағұлова даңғылы 34 үй , 324,713- кабинет

Тел: 8 (7132) 57- 81-12, 54-73-82

Факс 8 (7132) 56-82-80

Практика мәлімдемесі:

Педагогикалық практика

Кредит саны – 6

Педагогикалық практиканың мақсаты:

  • тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;

  • мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.

Педагогикалық практиканың міндеттері:

  • Тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;

  • мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру.

  • пән мұғалімдермен, оқушылармен, психологиялық қызметтің қызметкерлерімен, ата-аналармен ынтымақтастықта болу.

  • педагогикалық құзырлылығын (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, құрастыра білушілік, қолданбалы және басқалар) дамыту және қалыптастыру.

  • кәсіби-педагогикалық және тұлғалық-кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі).

  • дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану.

  • педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік әдісін қалыптастыру.

  • тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру.

  • кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы

  • білім беруді жүзеге асыру.

Пререквизиттер:

4-курс студенттерінің кәсіби-педагогикалық практикасы «Психология-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәндерін меңгеруіне сүйенеді.

Постреквизиттер:

Практика барысында өз мамандықтарыңызға сәйкес іскерлік, дағды, қабілеттеріңіздің артуына мүмкіндік береді.

Педагогикалық практиканың мазмұны

  1. Меңгеру:

  • құжаттар /мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық, сабақ жоспары, пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б./;

  • өзі бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейі;

  • жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;

  • оқу-тәрбие іс-әрекеттерінің психологиялық аспектісі / сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызығушылығы, педагогтік этика, танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, қарым-қатынас, сабақтағы микроклиматы/;

  • пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;

  • пән бойынша оқушылардың іскерлігі; білім деңгейі:

  • сыныптағы тәрбие процесі /жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, субъект-субъекттік қатынас, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез-құлық тәртібі/;