- •Студент практиканттың сабағын талдау
- •Сабақты өзіндік талдау
- •Студенттін сабақты талдауы (Өзіндік талдау)
- •9«Ә» сыныбының сабақ кестесі
- •1 Кезең
- •IV курс
- •Бижанова Зарина
- •Студент – практиканттың шеберлігін анықтаудың үлгісі (мониторинг)
- •Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының Базалық мекемесі № 51 гимназия туралы мәлімет
Студенттін сабақты талдауы (Өзіндік талдау)
Мен, 15 куні 9"Б" сыныбына "Music keeps me happy" тақырыбына ашық сабақ өткіздім. Сабақта оқушылар түгел болды. Жалпы кластың сабаққа дайындық деігейі орташа болды.
Сабағымның мақсаты жаңа сөздерді үйрету,өйлеңдердің турлерін айырып білу,ағылышын тілін дамыту.
Сабағымды екі топқа бөліп жарыс түрінде өткізілді.
Сабақтың негізгі идеясы оқушылардың білім сапасын, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ойын жеткізе алуға дағдыландыру.
Менің бұл сабағым қайталау болғандықтан өткен тақырыптар сабақ жүргізу барысында қамтылды. Көрнекілік ретіндеинтерактивті тақтаны қолдандым.
Сабағымды қорытындылау барысында қайталауға байланысты кеспе қағаздар, есептер таратылды. Оқушылар сұраққа жауап беру, есеп шығару
арқылы қайталауды жақсы меңгергендіктерін байқатты.
Сабаққа жақсы қатысып, есеп шығарып отырған 12 оқушыны бағаладым. Сабағым жақсы өтті деген ойдамын, себебі мақсатыма жете білдім.
Талдау иесі Дарибаева . А
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
физика-математика және жаратылыстану факультеті
050110-Физика мамандығының 4 курс студенті Сембіғалиева Ләйла Мүбинқызының педагогикалық практика нәтижесі бойынша пән әдіскері
теориялық және эксперименталды физика кафедрасының аға оқытушысы Г.М.Алданиязованың есебі
(2012-2013 оқу жылы)
Сембіғалиева Ләйла Мүбинқызы 2012 жылдың 28 тамызындағы педагогикалық практикаға жіберу туралы № 118 бұйрығына сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының базалық мекемесі №51 гимназиясында 03.09.12ж. – 13.10.12ж. аралығында педагогикалық практикадан өтті.
Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру, педагогикалық құзырлылығын дамыту және қалыптастыру, дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімділікпен пайдалану, кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білу және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру және т.б. қамтиды.
Практика барысындағы студент-практиканттың атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары педагогикалық іс-тәжірибе жинау мақсатында мектеп мұғалімдерінің физика пәнінен сабақтарына, ашық сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысу, оларды өз бетінше дәстүрлі және жаңа технологияларды қолдана отырып өткізу, оларға әдістемелік талдаулар жасау және т.б. болды.
Практика барысында Ләйлаға 9 «Ә» класы бекітілді. Пән мұғалімі Қарағұлов Е. Ләйла осы уақыт аралығында физикадан 10 сабақ және де «Кинематика» тарауына қайталау ашық сабағын өткізді. Ләйла өз сабақтарына интерактивті тақтаны, деңгейлік тапсырмалар мен үлестірмелі карточкаларды т.б. тиімді қолдана білді. Сонымен қатар,
9 «Ә» класының оқушыларына «Тіл – ұлттың жаны» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Практика барысында топ студенттерінің сабақтарына да қатысып, өзінің және өзі қатысқан сабақтарына талдау жасаған. Ләйланың портфолиосын талдай келе, көптеген жұмыстардың атқарғаны байқалды.
Студент-практикант Сембіғалиева Ләйла Мүбинқызы педагогикалық практикадан өту барысында өзінің теориялық білімін практикада дұрыс қолданып, өзіне жүктелген жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен атқара білді. Практика барысындағы Ләйланың атқарған жұмыстарын талдай келе, Ләйла болашақта өз ісіне ұқыпты, жауапкершілікпен қарайтын, өзінен үлкен үміт күттіретін, еліміздің ертеңгі білімді де білікті маманы болатынына сенімім мол.
Студент-практикантқа әдіскер ретінде мынадай кеңес бергім келеді: құжаттардың (сабақ жоспары, студент-практиканттың есебі, күнделігі, әдістемелік талдаулар т.б.) ғылыми тілде жазылуына, оқушылармен өзара байланыстың мәдениеттілігіне ерекше көңіл бөлген жөн, өйткені мұғалімнің құжаты – педагогтың іс-тәжірибесінің айнасы, көрсеткіші. Жалпы практика өз деңгейінде өтті.
Пән әдіскері Алданиязова Г.М.
