Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_fiziologiasy-_1240_dist_n_1201_s_1179_aul...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

  1. Гемоглобин, оның химиялық құрамы, маңызы.

  2. 1 л. қандағы гемоглобиннің мөлшері, жас ерекшеліктері.

3. Гемоглобиннің газдармен қосылыстары.

4. Гемоглобин түрлері.

5. Гемоглобиннің мөлшерін анықтау.

6. Қанның түсті көрсеткіші деген не, ол қалай есептеледі? ҚТК әдетте қанша?

7. Гемолиз, оның түрлері.

8. Қандай ерітінділер изо-, гипо- және гипертониялық деп аталады?

9. Эритроциттердің осмостық резистенттілігі, анықтау әдісі.

10. Еркек пен әйел ЭТЖ мөлшері.

11. ЭТЖ неге байланысты (оның механизмі)?

12. Жаңа туған нәрестенің ЭТЖ мөлшері.

13. ЭТЖ анықтау әдісі.

V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.

Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.

1-жұмыс. Гемоглобин мөлшерін анықтау

Гемоглобин – құрамы жағынан күрделі белок, хромопротеид. Эритроциттің құрғақ қалдығының 90% – гемоглобин. Адам қанының әрбір литрінде шамамен 140 г гемоглобин болады: әйелде – 120-140 г, еркекте – 130-150 г/л. Жаңа туған нәрестеде гемоглобин мөлшері 180-230 г/л, нәресте өскен сайын ол біртіндеп азаяды да, туғаннан кейін 14 күн өтісімен 135-185 г/л болады. Гемоглобин мөлшері колориметрлік арнайы әдіспен - Сали гемометрімен /өлшеуішімен/ анықталады.

Сали гемометрінің құрылысы: артқы қабырғасы ақ сүт түсті шынымен қапталған қара штатив. Штативте 3 пробирка болады. Ортасындағы қан зерттеуге арналған пробирканың өлшеуіш сызықшалары бар, ал шеттегі ауыздары балқытылып бекітілген 2 пробирканың ішінде стандарттық ерітінді - ашық қоңыр түсті гематин ерітіндісі болады. Гемометр 0,02 миллилитрлік капилляр пипеткамен жабдықталған.

Стандартты ерітінді дайындау үшін 0,2 мл 0,1N HCІ- на құрамында 166,7 г гемоглобині бар 0,02 мл қан қосылады. Содан соң үстіне дистилденген су құйып ерітінді көлемін 2 мл-ге жеткізеді. Бұл – гемоглобин мөлшері /Сали бойынша/ 100% тең.

Жұмысты орындау: Ортаңғы пробирканың төменгі белгісіне 0,1N НCl ерітіндісін құяды. Бұл белгісі ерітіндісінің 0,2 мл-не тең. Тесілген саусақтан капиллярмен 0,02 мл қан сорып алады да саусақ ұшына мақта басады. Алынған қанды тұз қышқылының бетіне тигізбей пробирканың түбіне құяды. Пробиркадан пипетканың ішін үстіңгі тұз қышқылымен шаяды. Пробирканың түбін саусақпен шертіп-шертіп жіберіп, сұйықты араластырады да 3-5 минут бойы штативте қалдырады (осы уақыт ішінде гемоглобин тұз қышқылды гематинге айналады да, сұйық қоңыр түске боялады). Осы қоңыр түс стандарт ерітіндінің түсіне сәйкес келгенше жоғарыда аталған сұйықты пипеткамен дистилденген су тамыза отырып сұйылтады. Ерітіндіні әрбір су тамшысын тамызған сайын шыны таяқшамен араластырып отыру керек. Осылайша алынған ерітіндінің өлшеуіш сызығы гемоглобиннің грамм-процент мөлшеріне сәйкес келеді. Мысалы, ерітінді 14 деген сызыққа гемоглобиннің абсолюттік мәні 140 г/л тең болады.

2-жұмыс. Қанның түсті көрсеткішін есептеу

Қандағы гемоглобин мөлшері мен эритроциттер санының ара-қатынасы қанның түсті көрсеткіші деп аталады. Қанның түсті көрсеткіші әрбір эритроцит ішіндегі гемоглобин мөлшерін қаныққанын көрсетеді, әдетте қанның түсті көрсеткіші 0,86-1,05.

Қанның түсті көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі: ҚТК = Нв г/л мөлшері х 3

1 мкл қандағы эритроциттердің алғашқы үш саны

Жұмысты орындау: Зерттелген қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшерін пайдалана отырып, жоғарыдағы формула бойынша ҚТК есептеп шығару.

3-жұмыс. Эритроциттердің тұну жылдамдығын

Панченков әдісімен анықтау

Ұйымайтын жағдайға келтірілген қан біраз тұрғаннан кейін тұнып, пробирканың бетіне қан плазмасы бөлініп шығады да, түбіне қан клеткалары шөгеді.

Сау адамда ЭТЖ мөлшері (сағатына мм есебімен): еркекте 1-10 мм/сағ., әйелде 2-15 мм/сағ.

ЭТЖ Панченков аспабымен анықталады. Аспап 0-ден 100 мм-ге дейін бөлінген капиллярлардан, сол капиллярды тік ұстап тұратын резеңкелерге толы ұялы штативтен тұрады. Капиллярдың 0 (нөл) деңгейінде Қ (қан), 50 мм деңгейінде Р (реактив) деп жазылған.

Жұмысты орындау: Капиллярды лимон қышқылды натрий ерітіндісімен шайып жібереді де онымен "Р" белгісіне дейінгі (50 бөлік деңгейі) ерітіндіні алып үрлеп сағат шынысына құяды. Осы пипеткамен алдын-ала 2 рет саусақтан "К" белгісіне дейін қан сорып алады да, сағат шынысындағы ерітіндіге құйып, мұқият араластырады /үйрену барысында қанды "К" белгісіне дейін 1 рет алып, ерітіндіні 75 бөлігінің деңгейіне дейін алуға болады/.

Осылайша алынған цитратты қанды сол капиллярмен "К" белгісіне дейін сорып алады да бір сағатқа штативке қондырады. Бір сағаттан кейін плазманың биіктігіне қарап ЭТЖ-ның қанша екені анықталады.

2-сурет. Панченков аспабы.

4-жұмыс. Осмостық және химиялық гемолиз

Эритроциттердің осмостық резистенттілігін анықтау

Эритроциттер жарылып, ондағы гемоглобиннің қан плазмасына шығуы гемолиз деп аталады. Мұндай жағдайда қан мөлдір болып көрінеді (лакталған қан).

Химиялық гемолиз эритроциттер белокты-липидты қабығының ыдырауынан қышқыл, сілті, эфир, хлороформ әсерінен болады.

Осмостық гемолиз эритроцит ішіндегі және сыртындағы осмостық қысымның айырмашылығынан туады. Мысалы: ас тұзының гипотониялық ерітіндісінде су эритроциттің ішіне кіріп, оны ісіндіреді, сөйтіп, оның сыртқы қабығын жидітіп жарады, осыған орай эритроциттегі гемоглобин айналадағы ерітіндіге шығады. Эритроциттердің бірқатары гипотониялық ерітіндіге төзімді келеді, мұны осмостық төзімділік (резистенттік) дейді. Белгілі бір қан үлгісіндегі эритроциттердің резистенттілігі де біркелкі емес. Жаңадан пайда болған жас эритроциттер бұрынғы ескі эритроциттерге қарағанда төзімділеу (беріктеу) келеді. Осыған орай эритроциттің ең жоғарғы және ең төменгі осмостық резистенттілігін көрсетуге болады. Онша төзімді емес эритроциттер жарыла бастаған (гемолиз) ас тұзы ерітіндісінің қоюлығы минимальдық резистенттік деп аталады. Ол 0,44-0,48% NaCІ ерітіндісі. Эритроциттерді толық гемолизге ұшырататын NaCІ ерітіндісінің концентрациясын (қоюлық дәрежесін) максимальдық резистенттілік дейді - 0,32-0,34% NaCІ ерітіндісі.

Жұмысты орындау: Концентрациясы ( қою-сұйықтығы) әр түрлі 0,3%, 0,4%, 0,5%, 0,6%, 0,7%, 0,9% NaCІ ерітіндісі құйылған әрбір пробиркаға зерттелетін қаннан 3 тамшыдан тамызады да, әрбір пробирканы сілкіп-сілкіп жіберіп, ішіндегі ерітіндіні қанға араластырады да, оларды әдеттегі бөлме температурасында 30 минут бойы сақтайды. Толық гемолизге ұшыраған қан мөп-мөлдір болады. Қанның мөлдірлік дәрежесіне қарап, эритроциттердің максимальдық және минимальдық осмостық резистенттілігін анықтайды.

Сірке қышқылының 1%-тік ерітіндісі құйылған пробиркаға бірнеше тамшы қан тамызып, химиялық гемолиздің қалай өтетінін бақылайды.

Дистилденген су құйылған пробиркаға бірнеше тамшы қан тамызып, осмостық гемолиздің қалай өтетінін байқайды.

Физиологиялық (0,9% NaCІ) ерітінді және дистилденген су құйылған пробиркалар бақылау ерітінділері деп аталады. Біріншісінде гемолиз болмайды, ал екіншісінде міндетті түрде толық гемолиз байқалады.

«Қан құрамы. Эритроциттер. Гемоглобин. ҚТК. ЭТЖ.»

тақырыптары бойынша берілетін мәселелік тапсырмалар

  1. Неліктен физиологиялық ерітінді ас тұзынан әзірленеді? Оны басқа тұздардан жасауға болмай ма?

  2. Сау адамның эритроциттерінің көбеюі немесе азаюы қалай аталады? Мұның негізгі себептері.

  3. Салмағы 75 кг дені сау адамның гемоглобині 140 г/л, оған өттегінің қанша мөлшерін қосу керек?

  4. Ас тұзы ерітіндісіне салынған эритроциттердің формасы шар тәрізді дөңгелек болады. NaCІ ерітіндісінің концентрациясы шамамен қандай? Бұл процесс қалай аталады?

  5. 1 мкл зерттелетін қанда 5,5 млн. эритроцит бар, ал гемоглобин концентрациясы 140 г/л. Қанның түсті көрсеткішін (ҚТК) анықтаңыз. Бұл көрсеткіштің әдеттегіден айырмашылығы бар ма?

  6. Қанның түсті көрсеткіші 0,9; Нв концентрациясы 105 г/л. Осы қанның 1 мкл-інде қанша эритроцит болады?

  7. 1 мкл қанда 5 млн. эритроцит бар, қанның түсті көрсеткіші 1,0. 4,5 л қанда қанша гемоглобин болатынын есептеп шығарыңыз.

  8. Бөлмедегі иіс тиген адамға дәрігердің сол бөлменің ішінде жәрдем көрсетуіне бола ма?

  9. Алдыңызда 2 науқас адам қанының анализі жатыр. Осы екеуінің түсті көрсеткіштерін есептеп шығарып, қорытынды жасаңыз.

А. Эритроцит саны - 4,5 млн/мкл, Нв - 148 г/л

В. Эритроцит саны - 2,7 млн/мкл, Нв - 74 г/л

  1. Баладан анализге қан алынды. Есептегенде Горяев тораның 16 кіші шаршыларында 75 эритроцит болады. Енді осы қанда 200 есе сұйылтса, оның 1 мкл-інде қанша эритроцит болады?

«Қан құрамы: Эритроциттер. Гемоглобин. ҚТК. ЭТЖ.» тақырыптары бойынша тест сұрақтары.

  1. Эритроциттердің 1 литр қандағы көлемдік мөлшері

А) қанның түсті көрсеткіші

В) гематокриттік көрсеткіш

С) эритроциттердің тұну жылдамдығы

Е) эритроциттердің меншікті салмағы

D) протромбин индексі.

2. Дені сау еркектің 1 литр қанында эритроциттердің саны

А) 3-4 х109

B) 3-4 х 1012

C) 4-5 х 109

D) 4-5 х 1012

E) 5-6 х 10 9

3. Гемоглобиннің еркектер қанындағы қалыпты мөлшері, г/л-мен

А) 70- 90

B) 100-120

C) 130-150

D) 160-180

E) 190-210

4. Эритроциттер қабығының бұзылуы және гемоглобиннің

қан плазмасына шығуы

A) гипохромия

B) гиперхромия

C) эритроцитопения

D) анемия

E) гемолиз

5. Эритроциттердің тұну жылдамдығының физиологиялық

жоғарылауы байқалады

А) ұйқы кезінде

B) ас қабылдағанда

C) жүктілік кезінде

D) қанның рН-ы төмендегенде

E) физикалық жүктеме кезінде

6. Қан тұтқырлығы негізінен мыналарға байланысты:

  1. натрий мен хлордың концентрациясына

  2. эритроциттер мен белоктар санына

  3. оксигемоглобин санына

  4. тромбоциттер санына

  5. лейкоциттер санына

.7. Артериалық қанның ашық қызыл түсі байланысты

  1. тромбоциттерге

  2. эритроциттер мен белоктарға

  3. оксигемоглобинге

  4. карбогемоглобинге

  5. лейкоциттерге

8. Адамның жағдайымен мен гемоглобиннің қосылыстары арасындағы

сәйкестікті табыңыз

А) физиологиялық 1. карбогемоглобин

B) патологиялық 2. метгемоглобин

3. карбоксигемоглобин

4. оксигемоглобин

9. Формалық элементтер мен қызметтер арасындағы

сәйкестікті табыңыз

A) эритроциттер 1. иммундық реакцияларға қатысу, гепарин

B) лейкоциттер мен гистаминдерді бөледі

C) тромбоциттер 2. тасымалдау, тыныс алу, трофикалық.

3. қан ұюға қатысу, ангиотрофикалық,

ангиотензивтік.

4. ренин мен медуллиндерді бөледі.

10. Гемолиз түрі мен оны тудыратын жағдайлардың

сәйкестігін табыңыз.

A) осмостық 1. қанға 1% СН3СООН-ның әсерінен

B) химиялық 2. жоғары және төмен температураның

C) термиялық әсерінен

D) биологиялық 3. қанға 0,4% NaCІ ерітіндісінің әсерінен

4. тобы бойынша сәйкес келмейтін қанды құйғанда

І. Тақырып: Қанның қорғаныс қызметі. Лейкоциттер.

Лейкоцитарлық формула.

ІІ. Тақырыптың маңыздылығы: Лейкоциттер организмнің ішкі өзгерістері мен әр түрлі сыртқы әсерлерді өте тез сезетін формалық элементтер болып табылады. Сондықтан лейкоцитарлық формуладағы жылжудың үлкен диагностикалық маңызы бар. Лейкоциттердің жалпы санының біреуінің өзгеруінің өзі үлкен диагностикалық маңызға ие, өйткені жасаушы мүшелердің жағдайынының өзгеруі немесе олардың зиянды әсерлерге сезімталдығы анықталады. Бала емдеу факультетінің студенттеріне әр түрлі жас кезеңдеріндегі балалар организмінің лейкограмма ерекшеліктер мен лейкоциттер санымен таныстыру қажет. Иммунитет жүйесі туралы білім барлық мамандықтағы дәрігерлер үшін қажет.

ІІІ. Сабақтың мақсаты:

Студент білуі қажет:

  1. 1 мкл және 1 л қандағы лейкоциттердің саны, жас кезеңдеріне байланысты ерекшеліктері.

  2. Лейкоцитоз, лейкоцитопения, олардың түрлері.

  3. Лейкограмма, оның жылжуы.

  4. 1 мкл қандағы лейкоциттердің санын анықтау және лейкограмманы есептеп шығару әдістері.

  5. Лейкоциттердің қызметтері.

  6. Иммунитет туралы түсінік, оның механизмдері.

Студент орындауы қажет:

  1. Горяев есептеу камерасы көмегімен лейкоциттердің

санын анықтау.

  1. Камерада санағаннан кейін формула бойынша

лейкоциттердің санын есептеп шығару.

  1. Боялған қан жұғындысында лейкоцитарлық формуланың

(лейкограмманы) санауын жүргізу.

  1. Лейкограмманың суретін салу.

ІV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

  1. Лейкоциттердің құрылысы, олардың түрлері.

  2. Лейкоциттердің қызметі.

  3. Иммунитет туралы түсінік, оның механизмі.

  4. Иммундық үрдістегі Т- және В-лимфоциттердің маңызы. Т- және В-лимфоциттер жүйесінің дамуы.

  5. 1 мкл және 1 л қандағы лейкоциттердің саны, жас кезеңдеріне байланысты ерекшеліктері.

  6. Лейкоцитоз, лейкоцитопения, олардың түрлері.

  7. Горяевтың есептеу камерасының көмегімен 1 мкл қандағы лейкоциттерді санау қалай жүргізіледі?

  8. Лейкоцитарлық формула.

  9. Лейкоцитарлық формуланы санау қалай жүргізіледі?