- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
II. Тақырыптың өзектілігі : Организмді оттегімен қажетті түрде қамтамасыз етуі және көмірқышқыл газын шығаруы рефлекстік және гуморальдық жолмен реттеледі. Дәрігерлер бұл механизмдерді білуі қажет, себебі осылардың әсерінен организм өзгеріп тұратын сыртқы ортаға бейімделеді. Педиатрия факультетінің студенттері жасқа байланысты тыныс алудың реттелуін және жаңа туған баланың бірінші дем алу механизмін білуі керек. Санитария - гигиеналық факультетінің студенттері жоғарғы және төмен атмосфералық қысымда, өндіріс жағдайларында тыныс алудың ерекшеліктеріне және қорғаныс тыныс рефлекстеріне көңіл аударуы қажет.
III. Сабақтың мақсаты
Студент білуі қажет:
1. Тыныс алудың нервтік, рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
2. Тыныс алу орталығы, оның орналасуы, қызметі.
3. Тыныс алуды реттеудегі көмірқышқыл газының ролі.
4. Тыныс алудың өзін-өзі реттеуі.
Студент орындауы қажет:
1. Тыныс алу қозғалыстарын тіркеу.
2. Тыныс алудың тоқталу ұзақтығын анықтау.
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Тыныс алу орталығы, оның орналасуы.
2. Тыныс алу орталығының бөлімдерінің ролі.
3. Жұлын мен бас миды әр-түрлі деңгейде кескенде, тыныс алудың өзгерістері.
4. Тыныс алуды реттеудегі кезеген жүйкенің ролі.
5. Бульбарлық орталығының тонусы және оған афференттік
импульстердің әсері.
6. Геринг-Брейер рефлексі.
7. Тыныс алудың өзін-өзі реттеуі.
8. Тыныс алудың гуморальдық реттелуі.
9. Оттегі және көмірқышқыл газының тыныс алуды реттеудегі ролі.
10. Фредерик тәжірибесі.
V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары
1-жұмыс. Тыныс алу қозғалыстарын жазу (пневмография)
Пневмограф резеңке манжетадан, Марей капсуласынан және оларды жалғастыратын резеңке түтіктерден, үш жақты шыны түтігінен тұрады. Жұмыстың алдында пневмографтың ішіне шыны түтігі арқылы ауа енгізу керек. Манжетаны зерттеуші адамның кеудесінің тыныс алу қозғалыстары жақсы байқалған жеріне байлайды. Көкірек қуысының көлемінің өзгеруіне байланысты пневмографтағы ауа қысымы өзгереді де, бұл Марей капсуласының жарғағын тербетеді. Капсулаға бекітілген жазғыш рычаг осы тербелісті кимограф барабанына толқын тәрізді сызықтармен (пневмограмманы) жазады. Қалыпты тыныс алу қозғалысының сызығын (эйпное) жазып алғаннан соң, қалыпты жағдайда тыныс алу қозғалысы жазылады оны эйпное дейді. Содан кейін зерттелуші шамасы жеткенше дем алмауы керек (ерікті апное). Сонда оның қанында көмірқышқыл газының концентрациясы жоғарылайды (гиперкапния), ал оттегінікі – төмендейді (гипоксемия). Мұның салдарынан амалсыз тыныс алу тереңдеп, әрі жиіленеді (еріксіз гиперпное). Тыныс алу қалпына келген соң, зерттелуші бірнеше рет (8-10 рет) терең және жиі тыныс алуы керек (ерікті гиперпное). Осы кезде қанда көмірқышқыл газының деңгейі төмендейді (гипокапния), ал оттегінікі жоғарылайды да (гипероксемия), тыныс алу еріксіз түрде тоқтайды (еріксіз апное). Содан кейін тыныс алу қалпына келеді.
П
невмограмма
2-жұмыс. Бақаның өкпесін керу
Жұмысты орындау. Бақаның өкпесі екі жұқа қапшықтан тұрады. Өкпе ауаға толған альвеолалардан тұрады. Өкпеде көптеген қан мен лимфа капиллярлары болады. Бақаны қимылсыздандырып, шалқасынан операциялық үстелге бекітеді. Қайшымен сыртқы тіндерді кесіп, көкірек қуысын ашады. Ауыз қуысында орналасқан тыныс саңылауын тауып алып, оған шыны түтікшенің ұшын енгізеді де, түтікшенің екінші ұшындағы резина баллонмен ауа кіргізеді. Өкпені ауамен қатты кергендіктен, жай көзбен де оның құрылысын көруге болады.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тыныс алу, оның организмдегі атқаратын қызметі. Тыныс алу кезеңдері.
2. Сыртқы тыныс алу дегеніміз не?
3. Ауа жолдарының атқаратын қызметі қандай?
4. Дем алу мен дем шығарудың механизмі. Плевра қуысының қысымы. Дондерс тәжірибесі.
5. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, оны құрайтын көлемдер. ӨТС неге байланысты болады?
6. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын қалай анықтауға болады? Өкпенің лайықты тіршілік сыйымдылығы.
7. Тыныстың минуттық көлемі, оны анықтайтын әдістер.
8. Өкпенің жалпы сыйымдылығы, функциялық қалдық көлемі, дем алу көлемі.
9. Спирография
10. Спирограмманы сызып, өкпенің көлемдерін белгілеңдер.
11. Пневмотахометрия.
12. Атмосфералық, дем шығарылатын және альвеолярлық ауаның құрамы.
13. Газдардың өкпедегі және тіндегі диффузиясы.
14. Артериялық және веналық қандағы газдардың меншікті қысымы.
15. Оттегі мен көмірқышқыл газының қанмен қосылыстары және олардың тасымалдануы. Қанның оттегіне сыйымдылығы.
16. Оксигемоглобин диссоцияциясының сызығы.
17. Оксигемография.
18. Тыныс орталығы, оның орналасуы.
19. Тыныс алудың реттелуі. Көмір қышқыл газының тыныс алу реттеуіндегі маңызы. Фредерик тәжірибесі.
20. Кезеген жүйкесінің тыныс алуды реттеудегі маңызы. Тыныс алудың өз бетімен реттелуі. Геринг-Брейер рефлексі.
21. Тыныс алудың гуморальдық реттелуі. Тыныс алуды реттеудегі көмірқышқыл газының маңызы.
22. Жаңа туған баланың бірінші рет демалуының механизімі.
23. Пневмография.
24. Ауадағы газдардың концентрациялары өзгергенде, жоғары және төменгі барометрлік қысымдағы тыныс алудың бейімделуі.
Тыныс алу физиологиясына арналған мәселелік тапсырмалар
1. Өкпенің лайықты тіршілік сыйымдылығы неге тең болады?
а/ бойы 165 см, 30 жасар әйелде?
б/ бойы 185 см, 27 жасар ерде?
2. Тыныштық күйінде тыныс алу жиілігі 18-ге, қалыпты тыныс алу көлемі 500 мл-ге тең болып, жұмыс кезінде тыныс алу жиілігі екі есе, ал қалыпты тыныс алу көлемі 250 мл-ге тең болады. Минуттық тыныс алу көлемінің мөлшері қандай болады?
3. Қандағы гемоглобиннің мөлшері 1 литрде 136 г болса, оның оттегіне сыйымдылығы қандай болады?
4. Артериялық және веналық қандағы эритроциттердің диаметрі әр түрлі. Эритроциттердің қайсысы артериядан, қайсысы венадан алынғанын айта аласыз ба?
5. Адам бірнеше рет терең дем алып дем шығарғанда тыныс алу өзгерді ме? Өзгерсе, неліктен?
6. Тыныс алу қалай өзгереді, егер:
а/ бірінші мен екінші мойын сегменттердің арасын кессе
б) мойын мен кеуде бөлімі арасын кессе
в) сопақша ми мен вароли көпірі арасын кессе
7. Зерттелуші өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 4000 мл-ге тең. Оның құрамындағы резервтік дем алу көлемі 1850 мл-ге тең, резервтік дем шығару ауасы 1600 мл-ге тең. Бір минутта сол адам өкпесінің альвеолаларына қанша ауа барады?
8. 1500 м-ге жүгірісте бойы және дене құрылысы бірдей үш жігіт қатысты. Жүгірудің соңында өкпенің минуттық тыныс алу көлемі біріншісінде 100 л, екіншісінде – 120 л, ал үшіншісінде 50 л тең болады. Соған сәйкес тыныс алу жиілігі минутына 40, 80, 40-қа тең болады. Жігіттердің қайсысының жаттығуы жоғары? Неліктен?
9. Қан плазмасында көмір қышқыл газының концентрациясы жоғарылады. Бұл жағдай оттегінің қаннан шығуына әсер етеді ме? Етсе, себебі не?
10. Адам пневмограммасын қалыпты күйінде жазып отырып, біраз уақытқа шамасы жеткенше демін тоқтатуды өтінеді. Сонда жазылатын сызықты салып, пайда болатын өзгерісті түсіндіріңіздер.
11. Тыныс алу қалай өзгереді, егер:
а/ Сопақша ми зақымдалса
б/ Сопақша ми мен варолий көпірі арасынан кессе
в/ миды варолий көпірінен жоғары жағынан кессе
12. Жаңа туған қоянның диафрагма жүйкесінің екеуін де кессе, тыныс алу қалай өзгереді?
13. Бала он бір айға толып жүре бастады. Тыныс алуы өзгереді ме? Өзгерсе, неліктен?
14. Сәбидің ішін қатты ораса, тыныс алуы өзгереді ме? Өзгерсе, неліктен?
15. Зат алмасу жоғарылағанда, минуттық тыныс алу көлемі де жоғарылайды. Неге?
16. Жаңа туған баланың тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Сіздің тұжырымыңыз?
17. Жұмыс кезінде балаларды минуттық тыныс алу көлемі неліктен жоғарылайды?
18. Жануардың дем алуы кезінде альвеолаға қатты қысыммен ауа енгізсе, тыныс алу қалай өзгереді?
19. Бала жасы мен тыныс алу жиілігінің арасындағы сәйкестікті табыңыз?
Жас 1 күн 1 жас 5-6 жас 14-15 жас
Тыныс алу жиілігі 60-70 18-20 25-30 30-35
20. Сопақша ми мен варолий көпірі арасын кескенде тыныс алу өзгерісінің суретін салыңыз.
21. Адам бірнеше рет терең дем алып, дем шығарғанда тыныс алу өзгереме? Неліктен?
22. Мына рефлексогендік аймақтардың: бронхылар, мұрын қуысының кілегейлі қабаты, өкпе, ұйқы артериясының бифуркациясы, қолқа, қуыс веналар, еттердің проприорецепторлары, перикард, өңеш, сүйек кемігі рецепторлары қайсысынан импульстер тыныс алу орталығына барады.
23. Егер нашатыр спиртімен ылғалданған мақтаны иіскегенде тыныс алу қалай өзгереді? Қай рефлексогендік аймақтан келген импульстер тыныс алуды өзгертеді?
24. Адам максималды тыныс алуын тоқтатқан кездегі пневмограмманы салыңыз да, түсіндіріңіз.
Тыныс алу физиологиясына арналған тестер
1. ӨТС ересек адамда тыныштық жағдайда тең:
1. 1500 – 3500 мл
2. 3500 – 5500 мл
3. 5500 – 7500 мл
4. 7500 – 9500 мл
5. 9500 -11500 мл
2. Өкпенің жалпы көлеміне жатпайды:
1. Тыныс алу көлемі
2. Тыныс алудың минуттық көлемі
3. Резервтік дем алу көлемі
4. Резервтік дем шығару көлемі
5. Қалдық көлем
3. ӨТС кіреді:
1. Дем алу, резервтік дем алу көлемі
2. Резервтік дем шығару көлемі, қалдық ауа
3. Резервтік дем шығару, резервтік дем алу, тыныс алу көлемі
4. Резервтік дем шығару, резервтік дем алу, қалдық ауа
5. Резервтік дем шығару, тыныс алу көлемі, қалдық ауа
4. Оксигемоглобиннің қисық сызығы байланысты емес:
1. Оттегінің парциальдық қысымына
2. Көмірқышқыл газының парциальдық қысымына
3. Қанның температурасына
4. Тамақтануға
5. Қан қысымына
5. Сопақша ми мен жұлын арасын кессе:
1. Тыныс алу өзгермейді
2. Тыныс алу тоқтайды
3. Тыныс алу жылдамдайды
4. Тыныс алу тереңделінеді
6. Жұлынның мойын және кеуде бөлімдерінің арасын кессе:
Тыныс алу өзгермейді
Қабырғааралық және диафрагмалық тыныс алу жойылады
Қабырғааралық тыныс алу сақталынады, диафрагмальдық тыныс алу жойылады
Қабырғааралық тыныс алу жойылады, ал диафрагмальдық тыныс алу сақталынады
Қабырғааралық және диафрагмальдық тыныс алу сақталынады
7. «Өлі кеңістік» пен оларға жататын көлемдер арасындағы сәйкестікті табыңыз:
А - анатомиялық
В - физиологиялық
1. Газ алмасу жүрмейтін ауа өткізгіш жолдар
2. Газ алмасу жүретін өткізгіш жолдар
3. Газ алмасу жүрмейтін альвеолалар мен ауа өткізгіш жолдар
4. Газ алмасу жүретін ауа өткізгіш жолдар мен альвеолалар
7. Сопақша ми ядроларымен ондағы орналасқан нейрондар арасындағы сәйкестікті табыңыз:
А - дорзальдық
Б - вентральдық
1. Мотонейрондар
2. Инспираторлық
3. Экспираторлық
4. Инспираторлық жәнее экспираторлық
5. Эфференттік
8. Өкпені ауамен кергенде инспирациялық тежелу рефлексі туады:
1. Қалыпты тыныс алғанда
2. Дем шығарғанда
3. Дем алғанда
4. Тыныс алмағанда
5. Пневмоторакс кезінде
