Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_fiziologiasy-_1240_dist_n_1201_s_1179_aul...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.54 Mб
Скачать

Ш

3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .

ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .

4-жұмыс. Реография

Реография дегеніміз жүрек - қантамырлар жүйесінің атқаратын қызметін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адам денесі арқылы өтетін өте жиі электр тоғына тіндердің электрлік кедергілері өзгерісін тіркеуге негізделген. Бұл өзгерістер жүрек систоласы кезінде тіндер мен мүшелердің қанға толуынан электр кедергісінің азаюына байланысты. Қан плазмасы тұздардың ерітіндісі болғандықтан электр тогын жақсы өткізеді де, мүшенің электрлік кедергісі азаяды. Ал диастола кезінде мүшенің қанға толуы азайғаннан, электрлік кедергісі керісінше ұлғаяды.

Электродтардың орналасқан жеріне байланысты мидың

( реоэнцефалография ) , аяқ - қолдардың ( реовазография ), бауырдың

( реогепатография) реограммасын жазуға болады.

Жұмысты орындау : Реографты жазғыш ретінде пайдаланатын электрокардиографпен ( басқа жазғыш аспаптарды да пайдалануға болады) жалғастырады. Міндетті түрде бір ұшын жерге қосады, содан кейін торапқа қасып, жұмысқа дайындайды. Студенттердің қолдарының реограммасын тіркейді. Бұл үшін бірінші электродты қолдың қарынның терісінің ішкі бетіне

(медиальді), ал екіншісін білек терісіне орналастырады. Электродтар мен терінің арасына NaCl - дың 10 % - тік ерітіндісіне малынған салфеткаларды қояды. Реограмманы жазу үшін қағаздың жылжу жылжамдығын 25 мм/сек қою керек. Реограммадағы систолалық және диастолалық толқындар жүректің қызметі кезіндегі артериялардың қанға толу дәрежесіне байланысты. Реограмма тік жоғары қарай көтерілген сызықтан, оның үшкір шыңынан және инцизурасы мен дикротикалық тісі бар төмен түсетін сызықтардан тұрады. Реовазограмманы талдағанда сызықтардың симметриялығына, қайталау жиілігіне, сызықтың көтерілу және түсу ерекшелігіне көңіл аудару қажет. Төмен түсетін бөліміндегі қосымша толқындармен, дикротикалық тістің айқындығына және орналасуына назар аудару қажет, өзгерген шыңдардың пайда болуы ( « қораздың айдары » немесе тегіс болуы ) қантамырларының тонусының күшейгенін көрсетеді. Ал диастолалық толқында пайда болған қосымша толқындар тамырлардың тонусының тұрақсыздығын көрсетеді.

4 Сурет. Реограмма

I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.

II. Тақырыптың маңыздылығы: Қан қысымының өзгеруі тамырлар тонусының реттелуінің бұзылуымен байланысты. Тамыр тонусы меншікті және іргелес рефлекстерге байланысты. Алғашқы кезде осы рефлекстердің әсерінен қан қысымы өзін-өзі реттеп қалыпты мөлшерде сақталынады. Бұл механизм зақымдалғанда қысым өзгеріп, организм патологиялық жағдайға ұшырайды. Сондықтан дәрігерлерге тамырлардың нервтік, рефлекстік және гуморальдық реттелу механизімін білу қажет.

Микроциркуляция арнасы – ағзалардағы зат алмасуын қамтамасыз етеді және биологиялық мембраналардың өткізгіштігінің көрсеткіші болып табылады. Аллергия, қабыну, ісіну процестерінің пайда болуы негізінде микроциркуляциялық арнаның маңызы зор.

Пульс - гемодинамиканың, жүрек жұмысының көрсеткіші болып табылады. Диагноз қоюда , пульстің жиілігіне, амплитудасына, ырғақтығына, ширақтылығына назар аудару керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]