
- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
УДК -612 (072)
ББК -28.073я73
Қ -30
Жауапты редакторлары: Қалыпты физиология кафедрасының доценттері: Жумакова Т.А., Махамбетова М.Б., Байжанова Н.С.
Рецензент:
Нұрмағамбетов А.Д – патофизиология кафедрасының профессоры
Құрастырғандар:
Профессор Әбишова З.С., доцент Жумакова Т.А., доцент Махамбетова М.Б., доцент Хасенова К.Х., доцент Байжанова Н.С., доцент Рыспекова Ш.О.,., аға оқытушы: Алипбекова А.С.,аға оқытушы: Атанова Н.А оқытушы: Артықбаева У.С.
Қ – 30 – қалыпты физиология: студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы, 2013 ж.
ISBN № 9965-826-24-2
ББК 28.073
Қ
Isbn № 9965-826-24-2
1. Қан физиологиясы
I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
II. Тақырыптың маңыздылығы: Қан құрамы организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) сипаттайтын биологиялық тұрақты орта болып табылады. Гомеостаз өзін-өзі реттеудің әртүрлі механизмімен сақталып тұрады. Қанның сандық және сапалық құрамы, сонымен қатар олардың реттелу механизмі туралы білімі, клиникалық ойлаудың дамуы мен диагноз қою үшін маңызы өте жоғары.
ІІІ. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
1 мкл. және 1 л. қандағы эритроциттердің саны. Жасқа
байланысты ерекшеліктері.
3. Эритроцитоз, эритроцитопения, олардың түрлері.
4. Эритроциттердің санын анықтау әдісі.
5. Фотоэлектрлік эритрогемометрдің жұмыс істеу принципі.
Студент орындауы қажет:
Плазманы формалы элементтерден ажырату және
олардың көлемдік қатынасын анықтау.
Горяев есептеу камерасы көмегімен эритроциттердің
санын анықтау.
3. Формула бойынша эритроциттердің санын есептеу.
4. Фотоэлектрлік эритрогемометрдің көрсеткішін жазып алу.
ІV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
2. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері, олардың
физиологиялық маңызы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
3. Плазманы формалы элементтерден ажырату әдістері.
4. 1 мкл. және 1 л. қандағы эритроциттер саны. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
5. Эритроциттердің құрылысы және химиялық құрамы.
6. Эритроцитоз, эритроцитопения, олардығ түрлері.
7. Эритроциттердің қызметі.
8. Эритроциттердің санын анықтау әдістері:
9. Дене еңбегі және атмосфералық қысымның төмендеуі кезіндегі қан көрсеткіштерінің өзгеруі.
V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
формалық элементтердің көлемдік мөлшерін анықтау
Қан плазмадан және онда жүзіп жүрген формалық элементтер - эритроцит, лейкоцит, тромбоциттерден тұрады. Дені сау адам қанының 52-58% плазмадан, 42-48% қан клеткаларынан құралған. Олардың ара-қатынасы адамның жалпы хал-ахуалына ауру-саулығына қарай өзгеріп отырады. Қан клеткаларының жалпы көлемін анықтау үшін қанды 0-100-ге дейін бөлінген сызықшасы бар шыны капилляр – гематокритке құйып, центрифугада айналдырады. Содан соң клеткалар тұнбасының биіктігін (гематокриттік көрсеткішін) анықтайды.
Халықаралық СИ жүйесі бойынша соңғы кезде эритроциттердің жалпы көлемі л/л (литр/литр) есебімен, яғни гематокриттік көрсеткіш ретінде есептеледі.
Мысалы, 42-48 бірлік көлеміндегі көрсеткіш 0,42-0,48 л/л. Ересек адамда гематокриттік көрсеткіш 0,42-0,48 л/л, ал жаңа туған нәрестеде - 0,50-0,55 л/л, 5 жасар балада - 0,35-0,50 л/л.
Жұмыс мақсаты: плазманы формалық элементтер – қан клеткаларынан ажырату.
Жұмысты орындау: 10 мл қанды центрифугада айналдыра отырып, ондағы қан клеткаларын плазмадан ажыратады. Қан ұйып қалмау үшін, қан құйылатын пробирканың түбіне аздап лимон қышқылды натрий ерітіндісін тамызады. Пробирканы ішіндегі құйылған қанымен бірге центрифугаға салады да, центрифуга қақпағын жабады. Беті жабық центрифуганы реостат көмегімен ақырындап жұмысқа қосады да, қанды ажыратуға кіріседі. Қан клеткалары мен плазманың тығыздығы әр түрлі, осыған орай центрифугада айналдырып болғаннан кейін қан клеткалары /тығыздығы - -1,090/ пробирканың түбіне шөгеді де, қан плазмасы (тығыздығы –1,030) пробирканың бет жағына қалқып шығады. Ақшыл-сұр түсті лейкоциттер қабаты оның астындағы қызыл қабат - эритроциттердің үстінде орналасады.
Жұмыс мақсаты: МЦГ-3 микроцентрифуганы айналдырып, қанның гематокриттік көрсеткішін анықтау.
Қан тамшысындағы қанның гематокриттік мөлшері МЦГ-3 микроцентрифугасы арқылы анықталады. МЦГ-3 микроцентрифугасы 24 капиллярдағы қан үлгілерінің гематокриттік көрсеткішін анықтауға арналған. Аспап корпустан, айналмалы ротордан, электроқозғалтқыштан, уақыт өлшеуіштен тұрады. Микроцентрифуга құрамында қосымша жабдық ретінде бірақ рет қолданылатын капилляр, капиллярды мүлдем бітеп тастауға арналған зат және қанның гематокриттік көрсеткішін анықтауға арналған сызықшалы шкаласы болады.
Жұмысты орындау:
Капилляр саусақтан алынған қанға толтырылады /капилляр ұзындығының 7/8 бөлігіне тең/.
Капиллярдың екі ұшы бітеуіш затпен жауып тасталады. Ол үшін қанға толы капилляр ұшын /3-4 мм бойлатып/ бітеуіш затпен толтырылады .
Ұштары бітелген капиллярларды нөмірлі ұяларға салып орналастырады.
Сол капиллярларды 10-15 минут бойы центрифугада айналдырады да, өлшеуіш шкаланың "0" көрсеткішін зерттелетін қанның бір шетіне, ал "100" сызығын плазманың сыртқы шетіне қояды.
Содан соң өлшеуіш шкаланы бұрып жылжыта отырып, зерттелетін капиллярмен теңестіреді де, қанның гематокриттік көрсеткішін анықтайды.
2-жұмыс. Эритроциттердің санын анықтау
Қан клеткаларының санын олардың 1 мкл қандағы санымен белгілейді. Сау адамда бұл сан шектен тыс ауытқымайды, тұрақты болады. 1 мкл қандағы эритроциттер саны: ер адамда 4,0-5,0 млн., ал әйелде 3,7-4,7 млн., жаңа туған нәрестеде 4,5-7,5 млн. болады. Ал 1 литр қанда олардың саны ер адамда (4,0-5,0) х1012, ал әйелде (3,7-4,7) х 1012 тең. Клиникада қан клеткаларының саны бір литр қанға шағып белгіленеді.
Қан клеткалары Горяев есептеу камерасында, фотоэлектрлік эритрогемометрде және гематологиялық анализаторда саналады.
Есептеу камерасы көмегімен эритроциттердің санын анықтау
Торлы Горяев есептеу камерасы қалың шыныдан жасалынған. Ол жылғалармен 3 пластинкаға бөлінген, оның ортаңғы пластинкасының деңгейі шеткі екі пластинкадан 1/10 мм төмен. Егер шеткі екі пластинканың бетіне арнайы жұқа шыны қойса, олардың арасындағы ортаңғы пластинкасының үстінде тереңдігі 1/10 мм камера пайда болады. Ортаңғы пластинка үстінде көлденең тартылған жылғамен екіге бөлінген. Олардың әрқайсысының бетінде тор бар. Әрбір тор 225 үлкен шаршыдан (15х15) тұрады. Әрбір үшінші шаршы 16 кіші шаршыға бөлінген. Әр кіші шаршының әр қабырғасы 1/20 мм-ге тең, демек, оның беті 1/400 мм2-ге тең. Камераның биіктігі 1/10 мм екенін жоғарыда айттық, демек, кіші шаршының үстінде пайда болған кеңістіктің көлемі 1/4000 мм3-ге тең, яғни оның ішіндегі сұйықтық көлемі 1 мкл (микролитр).
1-сурет. Горяевтің есептеу камерасы
А – үстінен қарағанда; Б – қырынан қарағанда; В – Горяев торы:
1 - кіші шаршы; 2 - үлкен шаршы.
Жұмысты орындау: Есептеу камерасын сүлгімен мұқият сүртіп, микроскоптың ең аз үлкейткіш объектив астына салып, камераның торын іздеп табады, сол тордың құрылысымен танысады.
Қан сұйылту. Құрғақ пробиркаға 4 мл 3%–тік хлорлы натрий ерітіндісінен құйып алады. Сали гемометрінің капиллярлы пипеткасымен 0,02 мл/20 мм3/ қан алады да, оны көпіртпей, ақырындап жоғарыда аталған хлорлы натрий ерітіндісіне тамызады, сөйтіп 1:200 тең сұйытынды жасалады. Оны араласытырып капилляр пипеткамен сорып алады да, Горяев камерасына құяды.
Камераны толтыру: Есептеу камерасының бетін жұқа жапқыш шынымен Ньютон шеңбері пайда болғанша ысқылап, оларды өзара жабыстырады. Резенкелі түтікті басып капиллярдан 2 тамшы сұйытылған қан шығарады да, оны мақтамен сүртіп алады. Содан соң капиллярдың ұшын жапқыш шынының шетіне жақындатып, есептеу камерасының ішіне 1 тамшы сұйытылған қан жібереді.
Эритроциттерді санау: Дайындалған есептеу камерасын микроскоптың астына қояды да, диагонал орналасқан 5 үлкен шаршыда, яғни 80 кіші шаршыда эритроциттерді санап шығарады.
Санау сол жақтағы жоғары бұрышта орналасқан шаршыдан басталады. Әрбір үлкен шаршыда қанша эритроцит бар екенін білу үшін әрбір кіші шаршыдағы эритроциттер санын санап шығу керек. Ол үшін жоғарғы қатардағы шаршының ішіндегі клеткаларды солдан оңға қарай, екінші қатардағы оңнан солға, үшінші қатардағы солдан оңға, ал ең соңғы төртінші қатардағыны оңнан солға қарай санай отырып, әр қайсысының ішіндегі және екі шетінде қанша эритроцит бар екенін анықтайды. Бір эритроцитті екі рет санамау үшін кіші шаршы ішіндегі эритроциттермен бірге оның жоғары және сол жақ шетіндегі сызықта жатқан эритроциттерді қоса санайды.
Эритроцит санын есептеп шығару. 1 мкл қанда қанша эритроцит бар екені былайша есептеледі: алдымен бір кіші шаршыдағы эритроциттер саны анықталады. Ол үшін 5 үлкен шаршыда қанша эритроцит /А/ бар екенін санап алады. Алынған санды 80 кіші шаршыға бөледі: А/80, өйткені әрбір үлкен шаршыда 16 кіші шаршы бар. Кіші шаршы үстіндегі сұйықтың көлемі 1/4000 мм3 (1 мкл-ге) тең. Демек, 1 мкл қанда: А/80:1/4000 = Ах4000/80 эритроцит бар. Осылайша есептеп шығарылған эритроциттер саны сұйылту мөлшеріне, яғни 200-ге көбейтіледі.
Қысқасы эритроцит санау формуласы мынадай: 1 мкл қандағы эритроциттер саны Э = Ах4000х200/80, ал 1 л қанда
Э═ А х 4000 х 200 х 1000000
80
Эритроциттер санын фотоэлектрлік эритрогемометрмен анықтау
Эритрогемометр былайша жұмыс істейді. Жарық фильтрі мен эритроцит арқылы өтетін жарық сәулесі фотоэлементке барып түседі, ал эритроциттің оптикалық тығыздығына фотоағыс кері пропорционалды болады. Фототок өзгерісі микроамперметрдің тілін жылжытады.
Жұмысты орындау: Пробиркаға 15 мл хлорлы натрий ерітіндісін және 0,02 мл қан құяды да оларды жақсылап араластырады. Былайша сұйытылған қанды кюветке құяды да "У" жарық фильтірін орнына қояды. Сол кезде микроамперметрдің тілі нольден оңға қарай жылжи бастайды. Бұдан кейін нүктені басып жібереді де, дискінің тұтқасы арқылы микроамперметр тілін нольдің тұсына кері қайтарады. Шкалада эритроциттер саны көрінеді.
Гематологиялық анализатор
Қан көрсеткіштерін автоматты түрде зерттеуге арналған. Барлық қосу, ажырату т.б. операцияларын оператордың клавиатурадан беретін тапсырмасы арқылы микропроцессор бақылайды. Зерттеуге бір тамшы ғана қан алынады. Жіңішке бланктарға қосу мүмкіндігі бар графикалық принтері болады.
Зерттелетін көрсеткіштер мен өлшеу әдістері
Эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің санын есептеу (импеданттық әдіс-төмен жиіліктегі токтың күш өрісіндегі жасушаның көрсететін кедергісі өлшенеді).
Жасушаның көлемін анықтау.
Эритроцитарлық көлем арқылы гематокритті анықтау.
Гемоглобиннің көлемін анықтау (модификацияланған гемоцианидті әдіс).
Лейкоциттердің дифференциалды гистограммасы (абсолюттік және пайыздық көрсеткіші) және қанның формалық элементтерінің басқа да сипаттамалары.
Гематологиялық анализаторда зерттелетін көрсеткіштер мен олардың индексі (белгіленуі)
Параметрлер |
Индекстер |
Өлшем бірліктері |
Эритроциттер |
RBC (red blood cells - қанның қызыл клеткалары) |
L – мкл; L литр |
Лейкоциттер |
WBC (whіte blood cells - қанның ақ клеткалары) |
L – мкл; L – литр |
Тромбоциттер |
PL (platelets –тромбоциттер) |
L – мкл; L – литр |
Гематокрит |
HCT (hematocrіt) |
% |
Гемоглобин |
HGB (hemoglobіn) |
g/dl – г/децилитр; g/L - г/литр |
Эритроциттердің орташа көлемі |
MCV (mean cell volume) |
fL–фл, фемтолитр (f – 10-15) |
Тромбоциттердің орташа көлемі |
MPV (mean platelet volume) |
fL – фемтолитр |
Базофилдер |
BASO |
# - абсолюттік көрсеткіш; % |
Эозинофилдер |
EOS |
#; % |
Нейтрофилдер |
NEUT |
#; % |
Лимфоциттер |
LYM |
#; % |
Моноциттер |
MONO |
#; % |
Эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшері |
MCH (mean cell hemoglobіn) |
pg –пг, пикограмм (p – 10-12) |
І. Тақырып: Гемоглобин. Қанның түсті көрсеткіші (ҚТК). Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ). Гемолиз.
II. Тақырыптың маңыздылығы :
Қанның қалыпты көрсеткіштері туралы білім болашақ дәрігерлерге диагноз қою үшін өте қажет, себебі түрлі патологиялық жағдайлар кезінде гемоглобин мөлшері, ҚТК, ЭТЖ мен эритроциттердің осмостық төзімділігі өзгеріп отырады.
ІII. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
Гемоглобин , оның химиялық құрамы және биологиялық маңызы. 1 литр қандағы гемоглобиннің мөлшері және жас ерекшеліктері.
Қалыпты жағдайда қанның түсті көрсеткіш мөлшері және оның есептеу әдісі.
Еркек пен әйелде ЭТЖ-нің мөлшері. Жасқа байланысты ерекшеліктері. ЭТЖ-нің механизмі.
Гемолиз, оның түрлері.
Эритроциттердің осмостық резистенттілігі.
Студент орындауы қажет:
Гемоглобин мөлшері, ЭТЖ, эритроциттердің осмостық резистенттілігін анықтау.
Қанның түсті көрсеткішін есептеу.
Сали гемометрінің, Панченков аспабының суретін салу.
Эритроциттердің максимальдық және минимальдық резистентілігін анықтау және тәжірибеде алынған мәліметтерін жазу.