Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1359655633348.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
548.35 Кб
Скачать

4 Жалпы ережелер

4.1 Осы стандарт бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің келісілген мүддесін білдіреді.

4.2 Мемлекет осы стандарт ауқымында бәріне бірдей тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге кепілдік береді.

4.3 Осы стандартты қолдану:

– білім беру салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге;

– білім алушылардың дайындық деңгейіне міндетті талаптар қою арқылы білім сапасын арттыруға;

– білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің міндеттері мен құқықтарын реттеуге;

– балалардың денсаулығын қорғауға және тұлғаның жан-жақты дамуына, оның ішінде білім алушылардың қосымша білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз етуге;

– орта білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің эквиваленттілігін қамтамасыз етуге;

– бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұйымдастыру жұмысының тиімділігіне бақылау жүйесін құруға;

– білім беруді басқару ұйымдарының білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттеріне қажетті жағдай жасау үшін ұтымды бағалауды ұйымдастыруға;

– бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануға;

– бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымын дамыту үшін бюджеттен тыс бөлінетін қаржыны тағайындау мақсатын анықтауға бағытталған.

4.4 Осы стандарт:

– орта білім беруді ұйымдастырудағы әлемдік тенденциялар мен қазақстандық мектептердің озық дәстүрлерін үйлестіру;

– барлық балаларға тең мүмкіндік жасау ұстанымын жүзеге асыру;

– орта білім беру құрылымын жас кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;

– білім беру ұйымдарындағы инновациялық тәжірибені дамыту сияқты бірқатар аспектілерді қарастырады.

4.5 Осы стандарт:

– бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқу пәндерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеуге;

– бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге;

– оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеуге;

– бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыстық оқу жоспарларын жасауға;

– оқу пәндері бойынша білім алушылардың дайындық деңгейлері жетістіктерін бағалау үшін өлшеуіштерді жасауға;

– педогикалық қызметкерлердің біліктілік мінездемелерін әзірлеуге;

– орта білім беру ұйымдарының оқу және тәрбие үдерісінің материалдық-техникалық, ақпараттық жабдықталуына бірыңғай талаптар жасауға негіз болып табылады.

4.6 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары білім алушылардың осы стандартта анықталған дайындық деңгейіне жету үшін денсаулық сақтау ортасын қамтамасыз ететін тәрбие беру, оқыту және дамытудың әртүрлі әдістерін, формаларын және педогикалық технологияларын қолдана алады.

4.7 Тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, осы стандартты игеру күндізгі оқу, кешкі (ауыспалы) және экстернат түрінде жүзеге асырылады.

4.8 Осы стандарттың ережелері бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері оқу пәндерінің мемлекеттік стандарттары ауқымында ашылып көрсетіледі және нақтыланады.

4.9 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері оқу пәндерінің мемлекеттік стандарттары:

– оқу пәндерінің базалық мазмұнын,

  • білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]