
- •01_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •02_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •03_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •04_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •05_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •06_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •07_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •08_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •09_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •10_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
- •11_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
01_Патологиялық анатомия_каз.Rtf
$$$001
Паренхималық диспротеинозға тән белгілер:
А) Дәнекер тінінде ақуыздардың алмасуының бұзылуы
B) Даму механизмі – бұрмаланған синтез
C) Жасушалар цитоплазмасында ақуыздардың алмасуының бұзылуы
D) Көбінесе бауырда, бүйректе дамиды
E) Ағзалар стромасында зат алмасудың бұзылуы
F) Көбінесе мида, өкпеде дамиды
G) Даму механизмі - декомпозиция
H) Дәнекер тінінде майлардың алмасуының бұзылуы
{Правильный ответ} = С, D, G
$$$002
Дистрофиялардың морфогенездік даму механизмдері:
А) Пиноцитоз
B) Дегрануляция
C) Инфильтрация
D) Цитопемзис
E) Декомпозиция
F) Перфузия
G) Деструкция
H) Трансформация
{Правильный ответ} = С, E, H
$$$003
Паренхималық диспротеиноздардың түрлері:
А) Гиалинді-тамшылы
B) Гиалиноз
C) Мүйізгекті
D) Фибриноидты ісіну
E) Гидропиялық
F) Мукоидты ісіну
G) Гликогеноз
H) Амилоидоз
{Правильный ответ} = А, С, E
$$$004
Бауырдың майлы дистрофиясына тән белгілер:
A) Негізгі себебі - маскүнемдік
B) Бауыр кішірейген, тығыз, сары-жасыл түсті
C) Бауырдағы май Судан III бояуымен анықталады
D) Бауыр үлкейген, тығыз, беткейі шұбар
E) Негізгі себебі – гепатит
F) Бауырдағы май Ван Гизон бойынша пикрофуксин бояуымен анықталады
G) Бауыр үлкейген, болбыр, саз тәрізді, сары-қоңыр түсті
H) Бауырдағы май конго рот бояуымен анықталады
{Правильный ответ} = А, С, G
$$$005
Гиалинді-тамшылы дистрофияға тән белгілер:
A) Паренхималық дислипидоздың түрі
B) Жасуша цитоплазмасындағы ақуыздың денатурациясы
C) Нәтижесі – колликвациялық некроз
D) Паренхималық диспротеиноздың түрі
E) Жасуша цитоплазмасында су вакуольдерінің жиналуы
F) Нәтижесі – коагуляциялық некроз
G) Строма-тамырлық диспротеиноздың түрі
H) Нәтижесі – фибриноидты некроз
{Правильный ответ} = В, D, F
$$$006
”Жолбарыс терісі" тәрізді жүрекке тән белгілер:
А) Аралас дистрофияға жатады
В) Кардиомиоциттердің гипертрофиясы дамиды
С) Миокардта сарғыш түсті жолақтар пайда болады
D) Паренхималық дистрофияға жатады
Е) Кардиомиоциттердің цитоплазмасында май пайда болады
F) Миокардта ұшбұрышты ақ түсті ошақ пайда болады
G) Строма-тамырлық дистрофияға жатады
H) Кардиомиоциттердің цитоплазмасында су пайда болады
{Правильный ответ} = С, D, Е
$$$007
Микроскопиялық зерттелу кезінде бүйректер өзекшелері эпителиінде су тамшылары анықталған:
А) Бұл – гидропиялық дистрофия
В) Строма-тамырлық ақуызды дистрофияның түрі
С) Нәтижесі – тотальді коагуляциялық некроз
D) Паренхималық ақуызды дистрофияның түрі
Е) Бұл – гиалинді-тамшылы дистрофия
F) Нәтижесі - фокальді колликвациялық некроз
G) Минералды дистрофияның түрі
H) Нәтижесі – фокальді казеозды некроз
{Правильный ответ} = А, D, F
$$$008
Дистрофиялардың орналасуына байланысты түрлері:
А) Паренхималық
В) Строма-тамырлық
С) Аралас
D) Ақуыздық
Е) Майлы
F) Көмірсулы
G) Жалпы
H) Жергілікті
{Правильный ответ} = А,В,С
$$$009
Гидропиялық дистрофияның патогенезінде маңызы бар факторлар:
А) Мембрана өткізгіштігінің бұзылуы
В) Диффузиялық және осмостық механизмнің бұзылуы
С) Жасушадан тыс кеңістіктен жасушаға ақуыздардың енуі
D) Жасушадан тыс кеңістіктен жасушаға сұйықтықтың енуі
Е) Лизосомалардың жыртылуы
F) Митохондрийдің фрагментациясы
G) Псевдомиелинді құрылымдардың қалыптасуы
H) Эндоплазмалық тордың кеңеюі
{Правильный ответ} = А, В, D
$$$010
Мүйізгекті дистрофияның негізінде жатқан процестер:
А) Мүйізденетін эпителий жасушаларында мүйізді заттың түзілуі
В) Мүйізді заттың қалыптыда болмайтын жерде пайда болуы
С) Кератиннің түзілуінің азаюы
D) Полисомалардың моносомаларға диссоциациясы
Е) Кератиннің түзілуінің көбеюі
F) Призмалық эпителийдің көпқабатты жалпақ эпителиймен алмасуы
G) Көпқабатты жалпақ эпителийге ақуыздардың сіңуі
H) Көпқабатты жалпақ эпителийдің десквамациясы
{Правильный ответ} = А,В,Е