
- •1. Тақырыбы : ждт жедел коронарлы синдром (жкс).
- •3. Оқу мақсаты:
- •4. Өткізу формасы
- •5. Оқытушының студеттермен өзіндік жұмысының тапсырмалары
- •6. Таратылатын материал
- •Жіктелуі
- •Этиологиясы
- •4.1. Ірі ошақты миокард инфарткі
- •1. Гипертрофияның экг белгілері:
- •9. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):
- •5 Курс студенттеріне арналған тест-бақылау тақырыбы: «ждт тәжірибесіндегі жедел коронарлы синдром»
- •1 Вариант
- •2 Вариант
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
|
|
|
АМБУЛАТОРЛЫ-ЕМХАНАЛЫҚ ТЕРАПИЯ КАФЕДРАСЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР |
Факультеті: жалпы медицина
1.4. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқытушының басшылығымен өзіндік жұмысқа арналған мамандығы
051301 – Жалпы медицина,
пәні «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»
Блок 1 «Кардиология»
Тақырыбы: ЖДТ жедел коронарлы синдром
Курс: 5
Семестр – IX. X
Құрастырған: доцент
Ноғаева М.Г.
Алматы, 2013
Әдістемелік нұсқаулар
кафедра отырысында талқыланған,
хаттама № ______ ______________2013 ж.
«Бекітілген»
Кафедра меңгерушісі,
м.ғ.д., профессор _____________________Исаева Б.Г.
1. Тақырыбы : ждт жедел коронарлы синдром (жкс).
2. Мақсаты: жалпы дәрігер тәжірибесінде (ЖДТ) жедел коронарлы синдром кезінде жалпы профилактика принциптері бойынша білімін және ісін, диагностикасын, емін және динамикалық бақылауын құрастыру.
3. Оқу мақсаты:
1. біріншілік медико-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдастыру жағдайында халыққа медициналық көмекті көрсету үшін студенттерді принциптарға, әдістерге және негізгі емдік-диагностикалық әрекеттерге үйрету;
2. дәлелдеу медицинаға негізделген қарап тексеру тәсілдерін, диагностикалық критерийлерін бөлу, салыстырмалы диагностика жүргізу, зерттеу және емдеу бағдарламасын құрастырып білу;
3. амбулаторлы жағдайда коронарлы синдром кезінде динамикалық бақылаудың негізгі принциптеріне, дәрілік-еңбектік экспертизаға, адам және жанұяның дені сау өмірінің принциптерін және әдістерін құрастыруға студенттерді үйрету;
4. өзара қарым қатынас тәсілдерін жетілдіру, дәрігермен және науқас, оның жанұя мүшелері арасындағы қарым қатынастың маңызды екенін түсіну, конфиденциальдық принциптерді сақтау;
5. денсаулық сақтау және гарантия аймағындағы құқық және міндеттері бойынша білімді құрастыру және қамтамассыздау; ҚР негізгі Кодекс ережесіне қарай «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі»; денсаулық сақтау сферасында нормативті-құқықтық және заңды құжаттармен қамтамассыздау;
6. студенттер басқа адамдарды үйрету тиіс және білімін, тәсілдерін жетілдіру қажет, тұрақты түрде кітаптармен, ғылыми және нормативті құжаттармен өзі жұмыс істеу керек.
4. Өткізу формасы
СОӨЖ тренингтер, кіші топтармен жұмыс, дискуссия, дидактикалық және іскерлік ойындар, презентациялар, кейстерді құрастыру, проектерді ұйымдастыру (жеке немесе топтармен), ЭКГ бөлмесіндегі жұмыс түрінде жүргізіледі.
5. Оқытушының студеттермен өзіндік жұмысының тапсырмалары
СОӨЖ ұзақтығы және уақыты СОӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес
Кардиология блогы бойынша СОӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Оқу сағатының көлемі |
БЛОК №1 «Кардиология» |
||
1 |
ЖДТ жедел коронарлы синдром. Функциональды диагностика бөлмесіндегі жұмысы. ЭКГ тіркеу техникасы. ЭКГ-да миокард инфарктының көріністері. |
3 |
СОӨЖ – күнделкті 4 сағат бойы, соңғы 2 күн 3 сағат бойы жүргізіледі, тәжірибелік сабақ аяқталғаннан 30 мин үзілістен кейін. Сағат 12.30 нан 16.20. дейін СОӨЖ оқытушының бақылауымен жүргізіледі, қалған уақытта студенттер өздігінен жұмыс істейді.
6. Таратылатын материал
Жедел коронарлы синдромның диагностикасы. ЖКС – стабильді емес стенокардия, миокард инфарктісі. Бұл екі жағдай патологиялық процестің дамуымен болады, науқастың өміріне қауіп туғызады, жоғары летальдықпен жүреді, тез дәлелді диагностиканы және тез, агрессивті, адекватті емді талап етеді.
Жіктелуі
Даму сатысына қарай:
Жеделдеуші кезеңі
Жедел кезең
Жеделдеу кезең
Тыртықтану кезеңі
Зақымдалу анатомиясына қарай:
Трансмуральды
Интрамуральды
Субэндокардиальды
Субэпикардиальды
Зақымдалу көлеміне қарай:
Ірі ошақты (трансмуральді), Q-инфаркт
2. Ұсақ ошақты, Q- сыз инфаркт
Некроз ошағының орналасуы.
Сол жақ қарыншаның миокард инфарктісі (алдынғы, бүйірлік, төменгі,астынғы, артқы)
Жүрек үшының изолирленген миокард инфарктісі
Қарынша аралық перденің миокард инфарктісі (септальді)
Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісі
Аралас орналасу: артқы-төменгі, алдынғы-бүйірлік және т.б.