Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТестыОМ каз вар23.09.14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

5. Қалыпты жағдай

332. Жедел лимфадениттің ультрадыбыстық көрінісінің сипаттамасы:

1. +лимфа түйіндері өлшемінің ұлғаюы, эхогенділігінің айтарлықтай төмендеуі

2. лимфа түйіндері өлшемінің кішіреюі, эхогенділігінің айтарлықтай төмендеуі

3. лимфа түйіндері өлшемінің үлкеюі, эхогенділігінің айтарлықтай жоғарлауы

4. лимфа түйіндері өлшемінің кішіреюі, эхогенділігінің айтарлықтай жоғарлауы

5. ешқандай өзгеріс болмайды

333. Ультрадыбысты зерттеуге құлақ маңы лимфа түйіндерінің жедел қабынуы диагнозы бар 29 жастағы науқас келді, тексеру барысында анықталды: лимфа түйіндерінің өлшемдері айтарлықтай ұлғайған, анэхогенді орындар және эхогенділігінің түбегейлі төмендегені, датчикпен басып тексергенде айтарлықтай ауыру сезімі бар, осы жағдай нені көрсетеді?

1. құлақ маңы лимфа түйіндерінің метастаздық бұзылысын

2. құлақ маңы лимфа түйініндегі созылмалы лимфаденитін

3. +құлақ маңы лимфа түйіндеріндегі ірің араласқан жедел лимфаденит

4. қалыпты жағдайдағы құлақ маңы лимфа түйіндері

5. құлақ маңы лимфа түйініндегі Ходжкиндік лимфома

334. 23 жастағы ер адамның кеуде мүшелерінің шолу рентгенографиясы кезінде анықталды: сол жақ өкпесінде – дөңгелек, қоюлығы мол, айқын контурлы, өлшемі 1см 0,9 көлеңке анықталды. Бұл сурет қандай патологиялық жағдайға сәйкес келеді?

1. +кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезбен ауырып өтуі

2. инфекциялық мононуклеоз

3. Ходжкин лимфомасы

4. созылмалы лимфоденит

5. Бек саркойдозы

335. Көкбауыр сол қабырға астында қай деңгейінде орналасқан?

1. 6 қабырғадан 9- қабырғаға дейін

2. +9 қабырғадан 11- қабырғаға дейін

3. 5 қабырғадан 8 - қабырғаға дейін

4. 8 қабырғадан 10 - қабырғаға дейін

5. 7 қабырғадан 9- қабырғаға дейін

336. УДЗ кезінде көк бауыр капсуласы мына түрде көрінеді:

1. қалыңдығы 2-3 мм дейін гиперэхогенді үзікті сызықты құрылым

2. қалыңдығы 3-4 мм дейін гиперэхогенді үзікті сызықты құрылым

3. +мүше қақпасынан басқа барлық контурында қалыңдығы 2-3 мм дейін гиперэхогенді үзіксіз сызықты құрылым

4. мүше қақпасынан басқа барлық контурында қалыңдығы 5 мм дейін үзіксіз гиперэхогенді сызықты құрылым

5. қалыңдығы 1 см дейін гиперэхогенді үзікті сызықты құрылым

337. Қалыпты жағдайдағы көкбауыр паренхимасының құрылымы

1. біртекті емес, ұсақ дәнді

2. +біртекті, ұсақ дәнді

3. біртекті, гипоэхогенді ошақтар

4. біртекті, ұяшықты

5. біртекті, ірі дәнді

338. Созылмалы сплениттің эхографиялық сипаты:

1. +көкбауыр өлшемі қалыпты болуы мүмкін, көптеген, ретсіз орналасқан, пішіні мен өлшемі әртүрлі гиперэхогенді қосындылары болуы нәтижесінен паренхима эхоқұрылымы «ала» болып көрінеді

2. көкбауыр өлшемі ұлғайған, паренхимасы гипоэхогенді, контуры айқын, тегіс, пішіні мен өлшемі әртүрлі көптеген анэхогенді ошақтары болуы

3. көкбауыр өлшемі күрт кішірейген, паренхима шеттері тегіс, анық, дөңгелек пішінді, көптеген ауалы кисталар әсерінен эхоқұрылымы ұяшықты.

4. көкбауыр өлшемі өзгермеген, паренхимасы біртекті, гипоэхогенді.

5. көкбауыр өлшемі ұлғайған, контурының доғалдануы нәтижесінен пішіні өзгеруі, мүше паренхимасының эхогенділігінің диффузды төмендеуі

339. Лимфа түйіндерін іздеуде анатомиялық маркер қызметін атқаратын не?

1. +қантамырлар

2. сүйек құрылымы

3. әр аймақтың ерекше маркері

4. құрсақ қуысы мүшелері

5. кеуде қуысы мүшелері

340. Көкбауыр инфаркты кезінде алғашқы сағаттардағы көрінетін эхографиялық көрністері:

1. +инфаркт болған аймақ үшбұрыш пішінді, эхогенділігі төмендеген.

2. инфаркт болған аймақ дөңгелек пішінді, гиперэхогенді

3. инфаркт болған аймақ алғашқы тәуліктерде басқа сау тіндерден ерекшеленбейді

4. инфаркт аймағы бұрыс пішінге ие болған,шеттері тегіс, анық, түзу шекераланған, эхогенділігі жоғарылаған

5. инфаркт аймағы дөнгелек пішінге ие болған, сау тінінен гиперэхогенді капсуламенен шекараланған

341. Түтікті сүйектің сүйек қуысын құрайтын бөлігі: