Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТестыОМ каз вар23.09.14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.5.АСФЕНДИЯРОВА

«ВИЗУАЛДЫ ДИАГНОСТИКА» КАФЕДРАСЫ

ЕМТИХАН ТЕСТТЕРІ

1. Қалыпты жағдайда оң бүйрек түбекшесі нешінші бел омыртқа деңгейінде орналасады?

1. бірінші

2. +екінші

3. үшінші

4. төртінші

5. бесінші

2. Бүйрек көлемі кішірейген, тостағанша- астауша жүйесі деформацияланған, кіші тостағаншалар контуры тегіс емес, қыртысты қабатының ұсақ қантамырлары облитерациялануы жиі тән:

1. бүйрек туберкулезіне

2. +бүйрек бүрісуіне

3. бүйрек гипоплазиясына

4. бүйрек ісігіне

5. бүйрек эктомиясына

3. Бүрек поликистозы кезінде анықталады:

1. бүйрек өлшемінің ұлғаюы

2. бүйрек өлшемінің кішіреюі

3. бүйрек өлшемдері өзгермейді

4. бүйрек деформациясы

5. +бүйрек ұлғаюы және деформациялануы

4. Бүйрек және зәршығару жолдарының жиі кездесетін ауруы:

1. уролитиаз

2. туберкулез

3. гломерулонефрит

4. +пиелонефрит

5. бүйректің патологиялық қозғалғыштығы

5. УДЗ кезінде қалыпты жағдайда ересектердің бүйрек астаушасының алдыңғы-артқы өлшемі:

1. +1-1,5 см

2. 0,5 см артық емес

3. 2,5 см дейін

4. қалыпты жағдайда көрінбеуі тиіс

5. 3 см дейін

6. Туберкулезді папиллитті анықтау кезінде ақпараттылығы көп әдіс:

1. экскреторлы урография

2. +ретроградты пиелография

3. томография

4. ангиография

5. КТ

7. Балаларда жиі кездесетін бүйрек ісігі – бұл:

1. қатерлі лимфома кезіндегі метастаздар

2. нейробластомалар кезіндегі метастаздар

3. гипернефроидты рак

4. +Вильмс ісігі

5. жеке ісік сирек кездеседі

8. Қалыпты жағдайда сол бүйрек түбекшесі нешінші бел омыртқа деңгейінде орналасады?

1. + бірінші

2. екінші

3. үшінші

4. төртінші

5. бесінші

9. Түрлі аурулармен сирек асқынатын бүйрек пен зәр жолдарының аномалиясы:

1. таға тәрізді бүйрек

2. дистопия

3. +қосарланған бүйрек

4. қосымша (үшінші, төртінші) бүйрек

5. дисплазия

10. УД зерттеуінде созылмалы пиелонефрит әсерінен бүріскен бүйректің гипоплазиялық бүйректен айырмашылығы:

1. бүйрек көлемінің сау бүйректен айтарлықтай кіші болуы

2. жоғары эхогенділігі

3. +бүйрек көлемінің сау бүйректен кіші болуы, контурының тегіс еместігі және паренхимасының өлшемі тостаған-астауша жүйесінен кіші болуы

4. өлшемінің айтарлықтай кішіреюі, тостаған-астауша жүйесінің гидронефроздық трансформация әсерінен кеңеюі және тегіс, айқын контуры болуы

5. орналасуы

11. Ерте жастағы балалар (3-5 жасқа дейін) бүйрегінің сәулелік анатомиясының ерекшеліктері:

  1. Оң бүйрек қиғаш орналасқан, сол бүйрек омыртқаға параллельді, пішіні домалақ, құрылымы бөлшекті

  2. Оң бүйрек – параллельді, сол – қиғаш, пішіні –бұршақ тәрізді сопақша, құрылымы бөлшекті

  3. Екі бүйрек параллельді, пішіні домалақ, бөлшектік анықталмайды

  4. + Екі бүйрек параллельді орналасқан, пішіні домалақ, құрылымы бөлшекті

  5. Пішіні домалақ, екі бүйрек те қиғаш орналасқан, құрылымы бөлшекті

12. Жалпы урограмма кезінде ісікке күдік туғызатын белгілер:

1. бүйрек аймағындағы әктену

2. бүйрек көлеңкесі қоюлығының жоғарлауы

3. +бүйректің деформациясы және өлшемдернің ұлғаюы

4. бүйрек орналасуының өзгеруі

5. оң «псоас»-симптом

13. Экскреторлы урография кезінде екіншілік бүріскен бүйрекке тән айқын белгі:

1. тостағанша-астаушалық жүйенің деформациясы

2. бүйректің пішінінің өзгеруі

3. +бүйрек өлшемінің кішіреюі

4. айқын емес нефрографиялық фаза

5. бүйрек қозғалғыштығы

14. УД диагностикада бүйрек тасын анықтауды негізгі белгісі:

1. тостаған-астауша бағытында эхопозитивті түзіліс

2. өлшемі 5 мм кіші емес гиперэхогенді түзілісі

3. +артында акустикалық көлеңкесі бар айқын эхопозитивті түзіліс

4. құралдың жұмыс режимін азайтқанда жоғалатын эхопозитивті түзіліс

5. изоэхогенді түзіліс

15. Экскреторлық урография кезінде бүйрек ісігінің белгісі:

1. +тостағанша ампутациясы

2. әлсіз нефрографиялық фаза

3. бүйрек өлшемдерінің кішіреюі

4. тостағаншалар мен астауша гипотониясы

5. әлсіз концентрациялық қабілеттілік

16. Зәр жолдары тонусының жоғары болуына әсер етеді:

1. егде жас

2. гипертониялық ауру

3. +бүйрек пен зәр жолдарының жедел қабыну үрдісінің

4. жоғарғы зәр жолдарынан зәр ағып кетуіне кедергі болуы

5. науқастың артық салмағы

17. Бүйректе туберкулезді үрдістің жиі басталатын орны:

1. милы заты

2. қыртысты заты

3. тостағаншалар мен астауша

4. бүртікті аймақ

5. +милы заты мен бүртікті аймақ

18. Гидронефрозға күдік туғанда таңдалатын зерттеу әдісі:

1. жалпы урография

2. экскреторлық урография

3. ретроградты пиелография

4. ангиография

5. +ультрадыбыстық зерттеу

19. УДЗ кезінде несепағардың интрамуральді бөлімінде орналасқан тастардың қуықтағы тастан айырмашылығы:

1. мөлшері кіші және акустикалық көлеңке болмауы

2. дұрыс домалақ пішінді және контуры айқын

3. эхопозитивті түзіліс артында акустикалық көлеңке болуы

4. +науқас дене қалпын өзгерткенде тастың орнынан ауыспауы

5. акустикалық көлеңке болмауы

20. Жоғарғы зәр шығару жолдарының "көрінбейтін" (рентгеннегативті) тастары болған кезде қолданылатын әдіс:

1. экскреторлық урография

2. жалпы рентгенография

3. томография

4. +ультрадыбыстық зерттеу

5. сызықтық томография

21. Эксреторлы урография кезінде бүйрек "қызметінің болмауы" деген қорытынды болуы мүмкін жағдай:

1. тостағаншалар мен астауша контрасталмауы

2. +нефрографиялық фазаның болмауы

3. ретроградты пиелография кезінде тостаған-астауша жүйесі өзгермеуі

4. бүйректің қантамырлық арнасы өзгермеген

5. контрасты заттың концентрациясының төмендеуі

22. Балалар қуығының анатомиялық ерекшеліктерін эхографиялық бағалау мүмкін болады, тек..

1. +қуық толып, кіші дәретке алғаш шақырғанда

2. қуық артық толуы кезінде

3. зәр айдағыш препараттарды қабылдағанда

4. қуықты жасанды ретроградты толтырғанда

5. бұндай бағалау мүмкін емес

23. Төменде аталған аурулардың қайсысы жиі нефрокальцинозбен аяқталады?

1. ісік

2. киста

3. +туберкулез

4. пиелонефрит

5. дисплазия

24. Бүйрек ісіктерінің УДЗ жиі сипаты:

1. айқын қалың капсуласы бар гиперэхогенді түзіліс

2. +құрылымы біртекті емес, эхогенділігі төмен, сирек контуры тегіс емес түзіліс

3. айқын жұқа қабырғасы және алыс қабырғасының күшею эффектісі бар анэхогенді түзіліс

4. акустикалық көлеңкесі бар гиперэхогенді домалақ түзіліс

5. акустикалық көлеңкесі бар изоэхогенді түзіліс

25. Экскреторлы урографияда несепағар тонусының төмендеуін нақты анықтайтын белгі:

1. астаушаның контрасталмауы

2. пиелоэктазия

3. тостағаншалар"ампутациясы"

4. +несепағардың ұзына бойы анық көрінуі

5. рефлюкс симптом

26. Бүйректің жиі кездесетін ауруы:

1. гипоплазия

2. +пиелонефрит

3. нефроптоз

4. ісіктер

5. зәр тас ауруы

27. Бүйрек ісігінің "қатерлі" екенін көрсететін рентгенологиялық белгісі

1. тостағаншалар ығысуы

2. астаушалар мен тостағаншалардың қысылуы

3. +тостағаншалар немесе тостағаншалар топтарының ампутациясы

4. астауша мен тостағаншалардың инфильтрациясы

5. астаушалардың тарылуы, ұзаруы

28. Науқасқа созылмалы гломерулонефрит ауруы болжамдалып отыр, бүйректің ультрадыбысты зерттеуі:

1. ақпаратты

2. ақпаратты болады егер де үш жылға созылған клинико-лабораторлық ремиссия болса

3. +ақпаратсыз

4. бүйректің гидронефротикалық трансформациясы кезінде ғана ақпаратты

5. зәр анализінде өзгерістер бар болғанда ғана ақпаратты

29. Бүйректің қатерлі ісіктерінің УДЗ эхогенділігі:

1. тек гиперэхогенді түзіліс

2. тек гипоэхогенді түзіліс

3. тек изоэхогенді түзіліс

4. +гипоэхогенді және гипер- немесе изоэхогенді болуы мүмкін

5. артқы жағында акустикалық күшеюі бар түзіліс

30. Дені сау адамның бүйректері омыртқа бағанасының қай деңгейінде орналасқан?

1. 8-10- шы кеуде омыртқасының тұсында

2. +11-12- ші кеуде және 1-2-ші бел омыртқасының тұсында

3. 1-5- ші бел омыртқасының тұсында

4. 4-5- ші бел омыртқасының тұсында

5. 3-4-ші бел омыртқасының тұсында

31. Рентгенологиялық зерттеуде астаушадағы ісік пен "жұмсақ" конкременттің басты салыстырмалы диагностикалық белгісі:

1. контрастау дефектісі

2. +астауша қуысындағы көлеңкенің еркін орналасуы

3. контрасталған дефектің пішіні

4. астауша қуысындағы қосымша көлеңкенің болуы

5. пиелоспазм

32. Науқас С., 38 жаста УДЗ – де сол жақ бүйрек ұлғайған 145х91 мм, шеті тегіс, паренхима 26 мм, қалыңдаған, құрылымы әртекті, айқындалған пирамидалық симптом, бүйректің қозғалғыштығының болмауы, бүйректік синустың кішіреюі тән:

1. +жедел пиелонефритке

2. созылмалы пиелонефритке

3. бүйрек туберкулезі

4. поликистоз

5. бүйректің қатерлі ісігін

33. УД зерттеуде бүйректің солитарлы кистасына тән белгі:

1. +біркелкі эхоқұрылымды, контуры анық, тұйықталған, алыс қабырғасының күшею эффектісі бар эхонегативті түзіліс

2. ішкі эхосигналдары және алыс қабырғасының төмендеуі бар эхонегативті түзіліс

3. орталық эхокомплекс аймағында астаушамен байланысқан эхонегативті түзіліс

4. шекарасы айқын емес және алыс қабырғасының күшеюі бар эхонегативті түзіліс

5. артында анэхогенді жолы бар түзіліс

34. УДЗ бүйрек өлшемі қалыпты, көлеңкесінің құрылымы біркелкі, астаушалары аздап кеңейген, контуры доғал және тегіс,тостағаншалар ұлғаймаған. Бұл белгілер тән:

1. бүйрек гипоплазиясына

2. созылмалы пиелонефритке

3. +пиелоэктазияға

4. бүйрек ісіктерңне

5. пиелитке

35. Төмендегі аурулардың қайсысы жиі бүйректі зақымдайды?

1. +киста

2. рак

3. папиллома

4. саркома

5. аралас ісіктер

36. Астаушаішілік қысымның жоғарылауы әсерінен экскреторлы урографияда анықталады:

1. жоғарғы зәр жолдарының контрасталмауы

2. нефрографиялық фазаның болмауы

3. астаушалар мен тостағаншалардың кешігіп контрасталуы

4. +астаушалар дилатациясы

5. астаушалар деформациясы

37. Қуықтың дивертикулы бұл:

1. қуық қуысына несеп ағардың қабырғасының қап тәрізді болып еніп тұруы

2. несеп ағардың сағасы аймағында полип тәрізді өсінді

3. +қуықтың қуысымен байланысқан қуық қабырғасында қап тәрізді қуысты түзілістің пайда болуы

4. урахустың кеңеюі

5. барлық жауаптар дұрыс

38. УДЗ де бүйректің поликистозына ерекше тән емес:

1. бүйректің қыртысты қабатының жұқаруы

2. көптеген сұйықтықты түзілістері бар деформацияланған астауша- тостағаншалы жүйе

3. бүйректердегі көптеген сұйықтықты түзілістер

4. +бүйректердің өлшемінің кішіреюі

5. бүйректің контурының деформациясы

39. Несеп ағар және астауша ығысқан, тостағаншалар аздап қысылған, орнын ауыстырған, ангиограммада қантамырсыз аймақ анықталады. Эхоскопияда шеттері тегіс және паренхима дефектісі бар эхонегативті аймақ анықталады. Бұл өзгерістер тән:

1. бүйректің ісіктеріне

2. созылмалы пиелонефритке

3. +бүйректің солитарлы кистасына

4. гидронефрозға

5. зәр тас ауруына

40. Экскреторлы урографияның шығару фазасында кистаға тән:

1. тостағаншалар немесе тостағаншалар топтарының ампутациясы

2. тостағаншалардың қысылуы

3. тостағаншалардың ығысуы

4. астаушалар мен тостағаншалардың инфильтрациясы

5. +тостағаншалардың қысылуы және ығысуы

41. Нәресте жастағы айқын бүйректік жетіспеушілікпен бірге өтетін дисплазияға жатады

1. поликистоз

2. кеуекті бүйрек

3. +мультикистозды бүйрек

4. гипоплазия

5. таға тәрізді бүйрек

42. Он екінші қабырғаның акустикалық көлеңкесі оң жақ бүйрекпен мына деңгейде қабаттасады:

1. бүйректің ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігі шекарасында

2. +бүйректің жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігі шекарасында

3. жоғарғы полюсында

4. бүйрек қақпасында

5. төменгі полюсында

43. Созылмалы простатиттің УДЗ көрінісі:

1. бездің өлшемі кішірейген, айналасында эхогенділігі төмендеген аймақ

2. +бездің өлшемі өзгермеген, капсуласы қалыңдаған, әлсіз акустикалық көлеңке беретін аздаған конкременттердің болуы

3. сұйықтықты түзілістері бар эхогенділігі жоғары өлшемі ұлғайған без

4. бездің өлшемі ұлғайған, қабырғасы қалыңдаған, айқын емес, айналасында эхогенділігі төмен аймақ

5. бездің өлшемі кішірейген, капсуласы жұқарған

44. УДЗ бүйрек астаушасы мен тостағаншаларының кеңеюі, бүйрек паренхимасының атрофиясы, латеральді контурының толқын тәрізді томпайып ұлғаюы, қызметінің күрт төмендеуі немесе болмауы тән:

1. солитарлық кистаға

2. бүйрек ісігіне

3. +гидронефрозға

4. созылмалцы пиелонефритке

5. нефроптозға

45. Нефрографиялық фаза кезінде кистаға тән:

1. паренхиманың біркелкі емес контрасталуы

2. паренхиманың әлсіз контрасталуы

3. +контрасталу дефектісі

4. нефрографиялық фазаның болмауы

5. нефрографиялық фазаның ұзаруы

46. Серозды киста, аденома, эхинококкты кистаның жалпы рентгенологиялық белгілеріне жатпайтыны:

1. эваскулярлық аймақ

2. паренхима дефекті

3. тостағаншалар ампутациясы

4. тостағаншалар ығысуы, қысылуы

5. +тостағаншалар инфильтрациясы

47. Төмендегі бұзылыстар бүйректің ұлғаюына алып келмейді:

1. амилоидоз

2. +созылмалы пиелонефрит

3. лейкемия

4. поликистоз

5. саркоидоз

48. УДЗ қуықасты бездің үлкен көлемді аденомасының анықталуы:

1. қуықасты бездің қалыпты тінінің фонында капсуласы айқын гиперэхогенді түзіліс түрінде

2. бездің тініне қарағанда дұрыс емес сопақша пішінді гипоэхогенді қосылыстары бар түзіліс

3. өзінің бөліктік құрылымы сақталған көлемі күрт ұлғайған эхогенділігі жоғары без

4. +сопақ және домалақ пішінді эхосигналдары біркелкі таралған төмен эхогенді түзіліс, жиі қуық қуысына сыртынан басып тұрады

5. овоидты анэхогенді түзіліс

49. Дистопия мен нефроптоздың ажырату диагностикасында ең маңызды

1. Астаушаларының орналасу деңгейі

2. Несепағар ұзындығы

3. Бүйрек артериясының шығатын деңгейі

4. +Несепағар ұзындығы мен бүйрек артериясының шығатын деңгейі

5. Бүйрекүсті безінің орналасу деңгейі

50. Бүйректің бір омыртқа денесі биіктігіне төмендеуі:

1. қалыпты жағдай

2. +нефроптоз

3. эктопия

4. дисплазия

5. бүйрек рагі

51. Нефроптоз кезінде негізгі зерттеу әдісі:

1. вертикалды бағыттағы ультрадыбысты зерттеу

2. +экскреторлы урография

3. ретроградты пиелография

4. шолу рентгенография

5. нысаналы рентгенография

52. Нефроптозды анықтау үшін қосымша рентгенологиялық зерттеу:

1. Тренделенбург қалпында тексеру

2. несепағар компрессиясын

3. +Вальсальва сынағында суретке түсіру

4. пиелоскопияны

5. жасанды пневмоперитонеум

53. Гидронефроз кезінде маңызды зерттеу әдісі.

1. экскреторлы урография

2. ангиография

3. ретроградты пиелография

4. +ультрадыбысты зерттеу

5. антеградты пиелография

54. Жалпы шолу урограммасында бүйрек поликистозының рентгенологиялық көрінісі:

  1. Контуры тегіс, біртекті көлеңке, бүйрек өлшемдері ұлғаймаған

  2. + Контуры тегіс емес, бүдірлі, біртекті көлеңке, бүйрек өлшемдері ұлғайған

  3. Контуры тегіс, бүйрек өлшемдері ұлғайған

  4. Контуры бүдірлі, бүйрек өлшемдері ұлғаймаған

  5. Жалпы урограммада белгісі болмайды

55. Бүйректің УДЗ қыртысты және милы заттары қалыпты жағдайдағы қалыңдығы:

1. 5 мм.

2. 10 мм.

3. +15 мм.

4. 20 мм.

5. 25 мм.

56. УДЗ бүйректің пирамидаларының қалыпты диаметрі тең:

1. 2 – 6 мм.

2. 3 – 7 мм.

3. 4 – 8 мм.

4. +5 – 9 мм.

5. 6 – 10 мм.

57. Несеп шығару жүйесі мүшелерінің рентгенологиялық зерттеуі кезінде ең алғашқы кезекте өткізіледі:

1. +шолу рентгенография

2. контрасты рентгенография

3. сызықты томография

4. нысаналы рентгенография

5. Тренделенбург қалпындағы рентгенография

58. Ересектерде көктамырішілік урографияда енгізілетін контрасты зат мөлшері:

1. 20 мл дейін

2. 20–40 мл.

3.+40 –60 мл.

4. 60–80 мл.

5. 80–100мл

59. Инфузионды урография әдісі қолданылады:

1. +пиелонефритте

2. кистада

3. феохромоцитомада

4. 2 дәрежелі қуық- несепағар рефлюксі

5. 3дәрежелі қуық- несепағар рефлюксі

60. Төмендегі әдістердің қайсысы бүйрек қызметі туралы нақты мәлімет береді:

1. рентген

2. УДЗ

3. КТ

4. МРТ

5. +радионуклидті диагностика

61. Бүйректегі көлемді үрдістің ажырату диагностикасы мен анықталуында ең мәліметті әдіс:

1. рентген

2. +КТ

3. МРТ

4. УДЗ

5. радионуклидті диагностика

62. Екі бүйректің зақымдануы, көлемдерінің ұлғаюы, шеттерінің кедір-бұдырлануы, анықталған несепағар өзгермеген. Бұл көрініс тән:

1. гидронефрозға

2. бүйрек туберкулезіне

3. +поликистозға

4. бүйрек ісігіне

5. бүйрек кистасына

63. Экскреторлы урографияның нефрографиялық фазасында бүйрек паренхимасының деффекті анықталуы тән:

1. рак

2. +киста

3. пиелонефрит

4. гломерулонефрит

5. несеп-тас ауруы

64. Зәр шығару кезіндегі қуықтың рентгенографиясы не деп аталады?

1. пневмоцистография

2. +микционды цистография

3. Полуянов әдісі бойынша цистография

4. өрлемелі цистография

5. лакунарлы цистография

65. Тікелей пневмоцистографияға қарсы көрсетілім:

1. альбуминурия

2. глобулинурия

3. микрогематурия

4. +макрогематурия

5. оксалатурия

66. Нефрографиялық фазада контрасталған паренхимада көптеген дефектілер анықталды, бұл тән жағдай:

1. рак

2. киста

3. пиелонефрит

4. +поликистоз

5. несеп-тас ауруы

67. Бүйректің УДЗ кезінде астаушада гиперэхогенді, артында акустикалық көлеңкесі бар түзіліс анықталды, бұл тән:

1. полип

2. +тас

3. киста

4. гидронефроз

5. поликистоз

68. Зәр шығару жолдарының шолу рентгенограммасында бүйректің субкапсулярлы гематомасы рентгенологиялық белгісі:

1. бүйрек көлеңкесінің кішіреюі

2. +бүйрек көлеңкесінің ұлғаюы

3. капсуланың кеңеюі

4. капсуланың жіңішкеруі

5. паранефралды клетчатканың тығыздануы

69. Бүйректің УДЗ кезінде артында акустикалық күшеюі бар жалғыз анэхогенді түзіліс анықталды, бұл тән:

1. рак

2. қатерсіз ісік

3. +киста

4. полип

5. тас

70. Ангиографиялық зерттеуде бүйрек қызметінің қайтымсыз бұзылуы болады, егер бүйрек артериясының диаметрінің тарылуы мынадан көп болса:

1. 10 %

2. 20 %

3. 30 %

4. 40 %

5. +50 %

71. «Түрік ершігін» зерттеуде ақпараттылығы көп рентгенологиялық бағыт:

1. бассүйек рентгенограммасының бүйір бағыты

2. бассүйек рентгенограммасының шүйделік бағыты

3. бассүйек рентгенограммасының мұрын-маңдай бағыты

4. +бүйірлік бағыттан дәлдеп жасаған рентгенограмма

5. мұрын-иек бағыты

72. «түрік ершігінің» ересектердегі қалыпты сагиттал өлшемі:

1. 3-6 мм

2. 7-9 мм

3. +9-14 мм

4. 7-16 мм

5. 5-7 мм

73. Бүйір бағыттағы рентгенограммада «түрік ершігінің» қалыпты жағдайдағы тік өлшемі:

1. 5-7 мм

2. 4-10 мм

3. +7-12 мм

4. 6-14 мм

5.15-17 мм

74. «Түрік ершігінің» қалыпты жағдайдағы жиі кездесетін пішіні

1. колбатәріздес

2. жалпақ

3. сопақ

4. +жартылай домалақ

5.үшбұрышты

75. Ми құрылымын жақсы анықтайтын зерттеу әдісі:

1. рентгенография

2. сызықтық томография

3. КТ

4. +МРТ

5. УДЗ

76. Сәулелік диагностиканың неврологияда ақпараттылығы көп зерттеу әдісі:

1. +КТ, МРТ

2. УДЗ, рентгенография

3. краниография

4. ПЭТ

5. ПЭТ, УЗИ

77. Ми қан тамырларын зерттеудің арнайы тәсілдері:

1. КТ

2. МРТ

3. УДЗ

4. +мидың ангиографиясы

5. краниография

78. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы омыртқа патологиясына диагноз қоюда алғашқы болып табылады?

1. КТ

2. МРТ

3. УДЗ

4. +рентгенография

5. ангиография

79. Мидың қан тамырларын контрастауға көрсітілім бола алмайды:

1. күре тамыр аневризмасы

2. тамырлар мальформациясы

3. ми ісігі

4. бас миына қан құйылу

5. +қабыну аурулары

80. Сәулелік диагностикада ми ісігін зерттеудің жетекші тәсілі болып табылады:

1. ПЭТ

2. УДЗ

3. рентгенография

4. ангиография

5. +КТ, МРТ

81. Мидың қатерсіз және қатерлі ісіктердің ажырату диагностикасында қолданылатын зерттеу тәсілі:

1. +КТ, МРТ

2. рентгенография

3. ангиография

4. ПЭТ

5. УЗИ

82. Ишемиялық инсульт кезінде ми қанайналымы бұзылуының ерте өзгерістерін анықтайтын тәсіл:

1. +КТ, МРТ

2. ПЭТ

3. УДЗ

4. ангиография

5. рентгенография

83. ОЖЖ контрастауға қолданылатын препарат:

1. магний сульфаты

2. +ультравист

3. барий сульфаты

4. натрий фосфаты

5.калий фосфаты

84. МРТ-зерттеу жасауға қарсы көрсетілім:

1. артериальді гипертония

2. ОЖЖ ісігі

3. +кардиостимулятор

4. бассүйектің төбе сүйегінің ойылған сынығы

5. мидың қабынулық өзгерістері

85. Мидың жедел жарақаттануын зерттеудің таңдаулы әдісі:

1. +КТ

2. МРТ

3. УДЗ

4. рентгенография

5. радиоизотопты зерттеу

86. Ми тамырлары қандай зерттеу әдісінде анық көрінеді?

1. УДЗ

2. МРТ

3. +контрасты МРТ

4. Радиоизотопты диагностика

5. рентгенологиялық зерттеу

87. Омыртқаның қозғалу сегментінің қызметін бағалайтын тиімді әдісті атаңыз

1. миелография

2. жалпы рентгенография

3. КТ

4. МРТ

5. +функциональді рентгенография

88. Қолданылған әдіспен зерттелген мүшені анықтаңыз (бағыты)

1. +бүйірлік бағыттан дәлдеп жасаған рентгенограмма

2. бассүйек рентгенограммасының бүйір бағыты

3. бассүйек рентгенограммасының шүйделік бағыты

4. бассүйек рентгенограммасының мұрын-маңдай бағыты

5. мұрын-иек бағыты

89. Миға УДЗ өткізу мүмкін бе?

1. бұл зерттеу әдісі сирек колданылады

2. +тек жас балаларда

3. тек ересек адамдарда

4. бұл зерттеу әдісі ми патологиясының диагностикасында қолданылмайды

5. бұл зерттеу әдісі ересек адамдарда да, балалаларда да кең тараған.

90. Зерттелген мүшені және зеттеу әдісін анықтаңыз.

1. мидың КТ

2. мидың МРТ

3. мидың ангиограммасы

4. +мидың ПЭТ

5. мидың сонограммасы

91. Жүректің негізгі (бастапқы) рентгенологиялық зерттеуі болып табылады:

1. Кеуде торының полипозициялық рентгеноскопиясы

2. тура бағыттағы рентгенография

3. өңешті контрастап кеуде торының үш стандартты бағыттағы рентгенографиясы

4. +кеуде торының тура және сол бүйір бағытындағы рентгенографиясы

5. қиғаш бағыттағы рентгенография

92. Көктамырлық іркіліс кезіндегі өкпе түбірінің өзгерісі:

  1. өзгермейді

  2. өзгермейді, ұлғаяды

  3. +ұлғаяды, бірақ құрылымын жоғалтады

  4. ұлғаяды және шеттері полициклді болады

  5. Асимметриялы болады

93. Тура бағыттағы жүректің көлденең өлшемі – бұл:

1. Жүрек ұшы мен оң жүрек-тамыр бұрышы аралығы

2. Оң кардио-диафрагмалды бұрыш пен жүрек ұшы аралығы

3. Оң жүрекше-тамырлық бұрыш пен оң жүрек-диафрагмалды бұрышты қосатын сызық аралығы

4. +кеуденің ортаңғы сызығына перпендикуляр болатын оң жүрекше мен сол қарынша жасайтын доғалардың ең алыс нүктелерінен алынған сызық қосындысы

5. Қарама-қарсы жақтарының аралығы

94. Қолқа диаметрінің кішіреюі көбіне анықталады:

1. қолқа коарктациясы кезінде

2. қолқалық жетіспеушілік кезінде

3. +митральді тарылу кезінде

4. Фалло тетрадасы кезінде

5. митральді жетіспеушілік кезінде

95. Рентгенологиялық зерттеуде өкепе түбірінің «ампутациясы» симптомы анықталуы мүмкін:

1. қолқа сағасының тарылуы кезінде

2. қолқа қақпақшаларының жетіспеушлігі кезінде

3. +жоғарғы өкпелік гипертензиясы бар митральді тарылу кезінде

4. қолқа коарктациясы кезінде

5. митральді қақпақша жетіспеушілігі кезінде

96. Сандық ангиографияны қолданған кездегі контрастық затты енгізу жылдамдығы:

  1. қарапайым ангиография кезіндегідей

  2. +қарапайым ангиография кезіндегіден аз

  3. қарапайым ангиография кезіндегіден 1,5 есе көп

  4. қарапайым ангиография кезіндегіден 2-3 есе көп

  5. қарапайым ангиография кезіндегіден 4 есе көп

97. Жүрек қуыстарындағы қанның бағыты мен жылдамдығын тіркейтін әдіс:

  1. +Допплерэхокардиография

  2. КТ-ангиография

  3. Өңешті контрастаумен қоса жүректің рентгеноскопиясы

  4. Ангиография

  5. эхоэнцефалография

98. Жүрек қантамырларын зерттеу әдісі:

  1. +коронарография

  2. аортография

  3. көктамырлық урография

  4. флебография

  5. ОФЭКТ

99. Жүректің жиырылғыштық қабілеті мен қақпақшаларының қызметін анықтайтын негізгі әдіс:

  1. селективті коронарография

  2. жүректің рентгеноскопиясы

  3. +жүректің УДЗ

  4. КТ

  5. ОФЭКТ

100. Шынайы уақыт режимінде жүрек циклының соңғы-систололалық және соңғы-диастолалық фазаларын анықтайтын әдіс:

  1. +УДЗ

  2. Жүректің рентгеноскопиясы

  3. Радионуклидті зерттеу

  4. КТ

  5. ОФЭКТ

101. Коронарографияға қарсы көрсетілім болып табылады:

  1. зәрдің үлес салмағының төмен болуы

  2. теміртапшылықты анемия

  3. +контрасты затқа сезімталдық жоғары

  4. В-12-тапшылықты анемия

  5. глюкозурия

102. Жүректің митральді конфигурациясының болуының себебі:

  1. +сол жүрекше мен қарынша жүктемесінің артық болуы

  2. оң жүрекше жүктемесінің артық болуы

  3. сол қарынша мен қолқаның жоғарылаған бөлімі жүктемесінің артық болуы

  4. сол қарынша жүктемесінің артық болуы

  5. үлкен қанайналым шеңберінің жүктемесінің артық болуы

103. Жүректің аорталды конфигурациясының келіп болуының себебі:

  1. Сол жүрекше мен қарынша жүктемесінің артық болуы

  2. оң жүрекше жүктемесінің артық болуы

  3. +сол қарынша мен қолқаның жоғарылаған бөлімі жүктемесінің артық болуы

  4. сол қарынша жүктемесінің артық болуы

  5. үлкен қанайналым шеңберінің жүктемесінің артық болуы

104. Жүректің митральді тарылуының митральді жетіспеушіліктен айырмашылығының рентгенологиялық көрінісі:

  1. +сол қарынша (IV доғ) ұлғаймаған

  2. сол қарынша (IV доғ) ұлғайған

  3. оң жүрекше ұлғайған

  4. қолқа ұзарған

  5. Сол жүрекше ұлғаймаған

105. Сол жақтық контур бойынша III доғаны мына анатомиялық құрылым жасайды:

  1. қолқа доғасы

  2. жоғарғы қуыс венасы

  3. сол қарынша

  4. өкпе артериясы

  5. +сол жүрекше құлақшасы

106. Жүректі магниттік өрісі 1,0 Тл және одан көп кернеумен МРТ зерттеген кезде мүмкін болмайды:

  1. Шынай уақыт режимінде жүректің жиырылғыштығын анықтау үшін

  2. Жүрек циклының берілген фазасында түсіру

  3. Жүрек қызметінің көрсеткіштерін алу

  4. Жүрек өлшемдерін өлшеу

  5. +қанның қозғалу жылдамдығын анықтау

107. Жүректің қарыншасының өзіне контрасты зат енгізіп зерттеу әдісін атайды:

  1. артрография

  2. ангиография

  3. +вентрикулография

  4. дуоденография

  5. ангиопульмонография

108. Жүрек және ірі қантамырлардың радионуклидтік зерттеу әдісі:

  1. +тепе-теңдік вентрикулография

  2. допплерография

  3. селективті вентрикулография

  4. коронарография

  5. ангиография

109. Жүрек шекараларының біркелкі кеңеюі анықталмайды:

  1. миокардит

  2. миокард дистрофиясы

  3. миокардиопатия

  4. сұйықтық жиналған перикардит

  5. +артериальді гипертензия

110. Жүрек қантамырының тарылған аймағын нақты анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі:

  1. +коронарография

  2. КТ-ангиография

  3. Жүрек МРТ

  4. миокард ОФЭКТ

  5. селективті вентрикулография

111. Аортография кезінде зерттеу техникасына байланысты жиі болатын асқыну:

  1. +қан кетулер және гематомалар

  2. спазмдар

  3. күре тамыртромбозы мен эмболиясы

  4. қолқа перфорациясы

  5. күре-көктамыр фистулалары

112. Ангиография жасалған науқасты қалай тасымалдау керек?

  1. +науқасты горизонтальді жағдайда арбамен медбике немесе дәрігер әкеледі

  2. науқас өз бетінше бөлмеге келеді

  3. науқасты арбамен өзге науқастар немесе туыстары бөлмеге әкеледі

  4. науқасты медбике немесе дәрігер ілестіріп әкеледі

  5. науқасты бөлмеге көтеріп әкеледі

113. Ашық артериальді өзектің рентгенологиялық белгісі:

  1. +өкпе түбірінің ұлғайып, өкпе суретінің молаюы

  2. Өкпе түбірінің тарылуы

  3. Қолқа доғасының тарылуы

  4. Оң жүрекше кеңеюі

  5. Өкпе суретінің сиреуі

114. Өкпе артериясының жекеленген стенозының рентгенограммадағы сипаты:

  1. +сол жақтағы контуры бойынша II доғаның томпаюы

  2. сол жақтағы контуры бойынша IV доғаның томпаюы

  3. атриовазальді бұрыштың төменге ығысуы

  4. терең көктамырлардың тромбозы

  5. Өкпе суретінің молаюы

115. Миокардтың перфузионды сцинтигрфиясы үшін қандай радиофармпрепараттар қолданылады?

  1. Т с 99m

  2. I123

  3. +TI 201 , Tc - 99 m - sestamibi, Tc-99м- teboroxim, Tc- 99м –tetrofosmin

  4. пирофосфат ( пирфотех)

  5. Р 32

116. Аорта коарктациясы диагнозын қоюда таңдалатын әдіс болып табылады: