- •Мазмүны
- •§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектіс!
- •§ 2. Жалпы психология. Психикалық процестер мен
- •§ 3. Психология гылымының салалары мен тармақтары
- •§ 4. Психологияның зерттеу, әдістері
- •§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері
- •§ I, Пснхологяның философня мен жаратылыстану
- •§ 2. Ежелгі психология
- •§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім
- •§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
- •§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
- •§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы
- •§ 7. Қазақстанда психология ғылымынын даму жолы
- •§ 1. Өлі табиғаттың тірі та0иғатқа айналуы
- •§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер
- •37§ 3. Құлықтың инстннктті түрлері
- •§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті
- •§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы
- •§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің
- •IV тарау.
- •§ 1. Психиканыд даму сатылары
- •§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы
- •V т а р а у. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
- •§ 2. Қарым-қатынастық мән-жайьш зерттеу тәсілдері
- •VI тарау. Жеке адам және іс-әрекет
- •§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның
- •2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет
- •§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен
- •§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен
- •Уіі тарау. Психологияның жаратылыстық- ғылыми негізі
- •§ 1, Жүйке жүйесінің құрылымы
- •§ 2. Жоғары жүйк€ жүйесінің қызметі
- •3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —
- •Viiі тарау. Темперамент
- •§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
- •§ 2. Темиерамент туралы ілімнің дамуы
- •§ 4. Темперамент типтерінің сипаты
- •§ 5. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке
- •Генотиптігі
- •§ 2. Ұлттық мінез
- •§ 3. МІнездің құрылымы мен қасиеттері
- •§ 4. Мінез жэне темперамент
- •§ 5. Едіктеу және оның адам мінезін қадыптастыруда
- •§ 1. Қабілеттің жалпы снпаты
- •§ 2 Нышан және қябілет
- •§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы
- •Таным процестері
- •§ I. Түйсік туралы түсінік
- •§ 2, Туйсіктің физиологиялык, негіздері
- •§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу
- •§ 4 Түйсіктің жалпы зандылықтары
- •§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия
- •§ 6. ТүйсІктердің өзара байланысы мен дамуы
- •§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі
- •§ 2. Апперцепция жэне оныц қабылдаудағы рөлі
- •§ 3. Қабылдаудың вегізгі ерекшеліктері
- •§ 4. Бақылау және бақылампаздық
- •§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау
- •§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар
- •§ 7, Балаларда қабылдаудың дамуы мен калыптасуы
- •ХііІтарау. Ойлау
- •§ I. Ойлаудың адам дүниетанымындат маңызы
- •§ 2. Ойлаудын сезімдік таныммен жәие тілмен байланысы
- •§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық
- •§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері
- •§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері
- •6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
- •ХіУтарау. Сөйлеу және қатынас.
- •4 § І. Тіл, қатынас және сөйлеу
- •§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.
- •§ 3. Сөйлеудің түрдері
- •§ 4 Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
- •ХҮтарау. Қиял
- •§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
- •§ 2. Қиялдың физиологиялық негізі
- •§ 3 Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
- •§ 4. Арман, мұң
- •§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары
- •§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде
- •XVI тарау ес § і. Ес. Ес жайындағы теориялар
- •§ 2. Естің түрлері
- •§ 3. Естің жалпы сипаты
- •§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту
- •§ 5. Естің даралық ерекшеліктері
- •ХуіІтарау. Зейін
- •§ 1. Зейшнің анықтамасы
- •§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі
- •§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрдері және қасиеттері
- •§ 4. Зейінділік және адам зейінінің типтері. Зейіннің адам
- •XVIII тарау. Сезім
- •§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік
- •§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
- •§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті
- •§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары
- •§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •§ 6, Адамның сезім күйлерін меңгеруі.
- •XIX тарау. Ерік
- •§ 1. Ерік туралы түсінік
- •§ 2. Еріктің физиологиялык негізі
- •§ 3. Еріктің амал кезеңдері
- •§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру
- •§ 5. Ерікті тәрбиелеу
§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
ассоциацианизм. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
психология
XVIII ғасырда психология ғылымында айтарлықтай өрлеу байқалып, физик И. Ньютон мен физиолог ғалым А. Галлердің (1708—1777 жж.) зерттеулері оның негізі
25
болып саналды. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етіп, оның мәнін арттырды. Сөйтіп, ойлаудың дамуында ақыл-парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстаушылар жіктеле бастады. Олардың бірі жан дуниесін зерттеу адамның ішкі сырын тусінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы танып білудегі тәжірибенің жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қолдады.
Сонымен, XVIII ғасырдағы психофизикалық құбылыстардың мәнісін ашу енді психофизиологиялық мәселелерге ойысып, түрлі психикалық процестердін, сыры жүйке жүйесінің қызметін зерттеумен шектелетін болды. Осы бағытты қолдаушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп, түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А. Галлердің бағдары псиликаның пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, ал түрлі ой мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші кезектегі кұбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті. Мұның бәрі-психологиядағы эмпиристік бағыттың көріністері
Ассоциативтік психология. Ньютон ашқан әлемдік тартылыс заңы XIX ғасырдың соңына дейін өзгермейтін заң деп саналып келді. Соған орай сол заманның ағартушылары Ньютон мен Локк есім-дерін қосарлай айтып дәріптеді. Өйткені, бұл екеуі де ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Ассоциациялық (байланысты) қағидаларды қолданудың өрісін көне замандардағы Үндістан мен ертедегі грек ғұламалары да қарастырған болатын. XVIII ғасырдағы ассоциация нағыз детерминистік сипат алып, дене процестерінің жиынтығы атқаратын қызмет машинамен істелетін әрекеттер сияқты болады деген ойға негізделді.
Психология тарихында ассоциацияны жалпы катсгориялық ұғым деңгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші — ағылшын дәрігері Гартлн (1705—1757 жж.). Ол психикалық процестердін бәрі ассоциацияра сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы (1749 ж.) ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып калъштасуының бастамасы болды. Осы енбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің
26
тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалнстік тұрғыдан түсіндіруге күш салды.
Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтайды. Бұл зерттеулер — санасыз әрекеттің сырьш түсіндіретін алғашқы материалистік тұжырым. Бір сөзбен айтқанда, Гартлн теориясын XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің шыңы деуге болады.
XIX ғасырдың бірінші жартысы — психологняның даму тарихындағы елеулі кезеңнің бірі. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы концепция материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т. Браун (1778—1820), Джемс Милль (1778-1830), Дж Ст. Мнлль (1806—1873) сияқты зергтеушілер қол-дады Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қарапайым сезім түрлерінен тұрады; екіншіден. ассоадация бойынша — бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрылымдар — елес, ой, сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топ-тағы психнкалық процестер аркылы құрылады, төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибе аркылы санаға жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекиді.
Ассоциациялардың жасалу барысы бнология мен жүйке физио-логиясын зерттеу нәтижелерімен анықталады, Г. Гельмгольц (1821—1894) ассоциацияның жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дарвин ассоциацияны эмоция арқылы түсіндірді, Орыс физиологы И. М. Сеченев (1829—1905) ассоциацияның фнзио-логңялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г. Спенсер (1820—1903) оны психиканың филогенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез-кұлықтың өз-геруіне бейімделеді деді
XIX ғасырдын, 80—90 жылдарында Г. Эббингауз (1850—1909), Г. Мюллер (1850—1934) тәрізді басқа да психологтардың еңбектерінде ассоциацияның жасалу жолдары түрлішс түсіндіріліп, бұл концепция одан әрі дамытылды. Психологняның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуьшда бұл ғылымның дербестік сипаты ай-қындалып, оны зерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінді, физлологиялық зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіге иек артты.
27
