Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері

Өэге психикалық процестер сияқты сезімдердің дё табиғаты сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлык әрекетпен байланысты Сезімдердің физиояогиялық негізі басқа психнкалық процестермен салыстырғанда әлдеқайда күрделі Сезімнің сыртқа тебуінде мидың жоғарғы қабатында туып жататын процестер жетекші болғанымен, еезімдер мен эмоциялар-дың физиологиялық негізі бұл процестермен шектелмейді. Ми қабынан да бұрын пайда болған оның астыңғы қабатының орталық-тарында және вегетатнвтік жүйке жүйесіндегі процестер де бұл қызметке қатысады. Ми жарты шарларының қабында сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік қозулар ирраднация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат орталықтары мен вегетативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды және оларды қоздырады. Соның әсерінен қан тамырларының қимыл реакциясы күшейеді, беті қызарып, бозарады, қанм сыртқа тебеді, ішкі секреция бездерінің продуктысын, бөліп шығарады. Ми қабығының астыңғы қабаты мен вегетативтік жүйке жүйесінде өтіп жататын физиологиялық процестер шартсыз рефлекстердін жүйкелік механизміне жатады. Организмнің эмоцнялық реакциялары үшін мк кабының астыңғы қабаттары мен көру, төменгі және вегетативтік жүйке жүйесінін орталықтары ерекше қызмет атқарады.

196

Ішкі, сыртқы рецепторлардан келетін қозулардың барлығын көру төмпегінен өтіп, афферентік нейрондар арқылы мидың проекцияларына жетіп жатады. Ал -организмде жоғары сезімдер болмай, төменгі, қарапайым ,қорқу. долдану, қарын ашу. төнген қауіптен қорғану сезімдері болса, олардың рефлекстік доғасы миға жетпей-ақ, оның астыңғы қабатында түйісіп ұштасады. Эмоцияның мұндай физиологиялық- негізі жүйке жүйесінін, арнайы қызметі, ең алдымен, ретикулярлық формацияға (оның өрлеуші және төмендеу-ші екі түрі бар) байланысты болып, мидың қызметін жандандыр-ады.” Ал екіншіден, ми төмпегінде (таламуста), әсіресе көру төмпегінің астыңдағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуір-лерде қалыптасқан қабаты мен жарты шарлардың соңғы дәуірлерде қалыптасқан қабаты лимбикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады. Сондай-ақ, сезім мен эмоциянын дамуына елеулі әсер ететін фактор —-екінші сигналдық жүйе. Екінші сигнал жүйесі арқылы сезімдер мен эмоциялар жануарлар тіршілігіндегі биологиялык қалыптан шығып, адамның санасымен байланысады. Сөйтіп, адам сезімдерінін өрісі кеңіп, онын жануарлар дүниесінен ерекше ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалык, сезімдері жетіледі, олар қоғамдык-әлеуметтік сипатка ие болады. Сөйлеудің арқасында эмоциялык, тәжірибені мақсатты түрде басқаларға беруге мүмкіндік туып, сезім мен эмоцияларды тәрбиелеп отыруға кең жол ашылады.

§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті

Көрнекті қазақ ақыны С. Торайғыров тіршілік әрекетінің өзгеруіне орай, адам сезімінің әлпеті де түрленіп отыратындығын айтып, оның сыртқа тебуін, яғни эмоция күшін былай бейнелеген болатын: “Сезімнін сыртка шықпас түрі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма?!”. Ең алдымен, сезім тыныс алу мүшелері мен қан тамырларының жұмысына елеулі өзгерістер енгізеді Мұны сипаттау үшін Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романының бірінші кітабында Сүйіндіктің үйіне әкесінің тапсырған шаруасымен келген жас Абайды көрген сұлу Тоғжанды суреттей отырып, автор: “Әлденеден, белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, кайта сұрланды. Толқып кайтып түрған ұяндық па, басқа ма? Әйтеуір, өзінше әзгеше тыныс алып, лүпіл қағып тұрған бір сезім бар”, — дейді Ал Тоғжанға ғашық болған Абай әлде-

197

қандай өзгешс “таңды” сезеді. “Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім... не сипатта бұл сезім?. Не боп барам? Такат, сабырым қайда? Бойынша тоңазығандай бір діріл пайда болды Себепсіз дірілдейд. Жүрегі де тулап кеп, өз-өзінен қысылып шаншып кеткек-дей”'.

Адамның басында жүйкслік әрексттін қозуына байланысты көңіл күйі өзгеріп, тамырының соғуы жиілег. кетеді, адам демігеді. Қорыққан кісі сұп-сұр болып, бозарады. Ұялған адамның беті қызарып кетеді Оның көңіл күйі, сезімі дауыс ырғағынан, сазынан, қарқынынан да аңғарылады, Әсірссе. дауыстың кұбылмалы болуы неше түрлі күрделі эмоциялар — кекету, еркелету, мысқыл, келекелеу, табандылық, тілек, қынжылу мен ренжу, қымсыну мен сенім, масайрау мен қайғыны да өзін адамға ұқтыра алады. Осы орайда, сезімнін күрделі психикалык процесс екендігі, оның үнемі қарама-қарсы жағдайда болып отыратындығы көрінеді. Мәселен, қуану — ренжу, кулу — жылау, шаттану — қайғылану т. б.

40-сурет. Әрқилы сезім күйлерінің цнеймограф аспабы ярқылы зертгслуі және ирск сызықтармен бейнеленуі:

а — адам шаттық күй кешкенде I миитта 17 рет тыныс алады.

б — басынан өткен қайғы-мұңын есіне түсіргенде минутына 9 рет тыныс алады.

в — қайғы-қасірет шеккенде 20 рет тыныс алалды.

г - қорқынышты, үрейлі жағдайда 1.минутта 64 рет тыныс алады.

д — бойын ашу-ыза кернегенде минутына 40 рет тыныс алады.

Сезім мен эмоцияньщ сыртқа тебуінің айқын көрінісі — кулу мен жылау. Әйгілі ғалым Ч. Дарвин (1809—1881) мәнерлі қозғалыс әлпеті адамның арғы тегінің тіршілігі үшін пайдалы болған әрекет-тердің қалдығы екенін дәлелдейді. Қатты ашу кернеген адам жұдырығын түйеді, тістеніп, кейде тісін қайрайды, булығады. Әрине,қазіргі заман адамдарына мұндай кейіптер мен дөрекі

қимылдар көрсетудің кажеті жоқ. Дегенмен, адамдардың мәнерлі қозғалыстары, ым-ишаралары, мимикалық

198

41-сурет. Пнеймограф.

қылықтары, даусының өзгеруі оның көңіл күйінің қандай скенінен хабардар етіп, кісінің ішкі сезімі мен эмоциясы көз нұрынан, бет ажарынан, бет қимыл-қозғалысынан аңғарылып тұрады. Адамның сезім күйлері пнеймограф аспабымсн зерттеледі.

Бұл аспап адамның көңіл күйін зерттеуге арналған. Аспап зерттелуші адамның кеудесіне байланады да, оған "өмірінде басыннан кешірген қайғы-қасіретінді есіңе түсір”, -- дейді. Егер дайындалған адам басынан кешірген қайғысын (мәселен, анасы өлгенде жылағанын т б.) есіне түсіре алса, онда оның жүрегінің соғуы жиіле”, ол пнеймографка беріледі. Пнеймографты кимо-графпен байланыстырса, онда жүректің соғуын, вегетативтік өзгерістерді ирек сызықпен жазып алуға болады.