Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

§ 2. Естің түрлері

Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әрқилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамда есту мен көру есі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі- көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалык); 2. әрекеттін, мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. 3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін ест сақтай алатындығына қарай кысқа және ұзақ мерзімді "(түпкілікті), сондай-ақ оперативтік -ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап-мнемометр арқылы өлийнеді (34-сурет).

34-сурет. Есті өлшеу аспабы — мнемометр.

Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, енбек оқу әрекеттеріне байланысті әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, кокьки тебу, машинада жазу, өлең-сөздерді жаттау, қой қырқу т. б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастан кешірген түрлі сезімлері мен эмоция

176

лық күйлерін есте калдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын кайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне тусіруі амамды қызықтырьш, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.

Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады, Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл естін, басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.

Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардьщ қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осығай орай бейнелі-көрнекілік: ес — көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру_ есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның егесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердід осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады.Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.

Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі больш саналады-

Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы. Із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу~-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын

177

есте сақтауында жетекші мәнге ие.Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына ннет-тілегіне, мақсат-муддесіне Орай түрлі тәсілдерін ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қальштасады

Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жанғьгр ту, еске тусіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қад-дыру мен жанғырту, еске түсіру, жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Еріксіз естін, орасан зор орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады, Естің адам санасында тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар — естін, көлемі, тездігі, дәлдігі, ұзақтығы, даярлығы (№ 2 сызба).

Қысқа мерзімді жәке түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданьш, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтардың есте берік қалуы деп аталады.Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ, мұндай процестер тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің, сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылданған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, оларды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан, нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырьш, түпкілікті еске айналуды қиындатады.

Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес “алғашқы ес”, “шапшаң көрініс” деп те айтыла береді.

178

Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес рлі амал-тәсілдер есі) деген атпен белгілі.

Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінін бөліну прнципі адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасыц, бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы туымен бірге еріксіз не ерікті де болады, Сондай-ақ, кысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы больш есептеледі. Қысқа мерзімді ес сырткы мағлұмат-тарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Барлық ес қысқа мерзімді ес процесінен басталады. Естің күрделі адам өмірінде алатын орнының ерекше екендігін мына № 1 сызбадан көруге болады.

Естің таным жүйесінің орны