
- •Мазмүны
- •§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектіс!
- •§ 2. Жалпы психология. Психикалық процестер мен
- •§ 3. Психология гылымының салалары мен тармақтары
- •§ 4. Психологияның зерттеу, әдістері
- •§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері
- •§ I, Пснхологяның философня мен жаратылыстану
- •§ 2. Ежелгі психология
- •§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім
- •§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
- •§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
- •§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы
- •§ 7. Қазақстанда психология ғылымынын даму жолы
- •§ 1. Өлі табиғаттың тірі та0иғатқа айналуы
- •§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер
- •37§ 3. Құлықтың инстннктті түрлері
- •§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті
- •§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы
- •§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің
- •IV тарау.
- •§ 1. Психиканыд даму сатылары
- •§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы
- •V т а р а у. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
- •§ 2. Қарым-қатынастық мән-жайьш зерттеу тәсілдері
- •VI тарау. Жеке адам және іс-әрекет
- •§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның
- •2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет
- •§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен
- •§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен
- •Уіі тарау. Психологияның жаратылыстық- ғылыми негізі
- •§ 1, Жүйке жүйесінің құрылымы
- •§ 2. Жоғары жүйк€ жүйесінің қызметі
- •3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —
- •Viiі тарау. Темперамент
- •§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
- •§ 2. Темиерамент туралы ілімнің дамуы
- •§ 4. Темперамент типтерінің сипаты
- •§ 5. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке
- •Генотиптігі
- •§ 2. Ұлттық мінез
- •§ 3. МІнездің құрылымы мен қасиеттері
- •§ 4. Мінез жэне темперамент
- •§ 5. Едіктеу және оның адам мінезін қадыптастыруда
- •§ 1. Қабілеттің жалпы снпаты
- •§ 2 Нышан және қябілет
- •§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы
- •Таным процестері
- •§ I. Түйсік туралы түсінік
- •§ 2, Туйсіктің физиологиялык, негіздері
- •§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу
- •§ 4 Түйсіктің жалпы зандылықтары
- •§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия
- •§ 6. ТүйсІктердің өзара байланысы мен дамуы
- •§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі
- •§ 2. Апперцепция жэне оныц қабылдаудағы рөлі
- •§ 3. Қабылдаудың вегізгі ерекшеліктері
- •§ 4. Бақылау және бақылампаздық
- •§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау
- •§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар
- •§ 7, Балаларда қабылдаудың дамуы мен калыптасуы
- •ХііІтарау. Ойлау
- •§ I. Ойлаудың адам дүниетанымындат маңызы
- •§ 2. Ойлаудын сезімдік таныммен жәие тілмен байланысы
- •§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық
- •§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері
- •§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері
- •6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
- •ХіУтарау. Сөйлеу және қатынас.
- •4 § І. Тіл, қатынас және сөйлеу
- •§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.
- •§ 3. Сөйлеудің түрдері
- •§ 4 Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
- •ХҮтарау. Қиял
- •§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
- •§ 2. Қиялдың физиологиялық негізі
- •§ 3 Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
- •§ 4. Арман, мұң
- •§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары
- •§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде
- •XVI тарау ес § і. Ес. Ес жайындағы теориялар
- •§ 2. Естің түрлері
- •§ 3. Естің жалпы сипаты
- •§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту
- •§ 5. Естің даралық ерекшеліктері
- •ХуіІтарау. Зейін
- •§ 1. Зейшнің анықтамасы
- •§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі
- •§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрдері және қасиеттері
- •§ 4. Зейінділік және адам зейінінің типтері. Зейіннің адам
- •XVIII тарау. Сезім
- •§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік
- •§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
- •§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті
- •§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары
- •§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •§ 6, Адамның сезім күйлерін меңгеруі.
- •XIX тарау. Ерік
- •§ 1. Ерік туралы түсінік
- •§ 2. Еріктің физиологиялык негізі
- •§ 3. Еріктің амал кезеңдері
- •§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру
- •§ 5. Ерікті тәрбиелеу
ХҮтарау. Қиял
§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз, Қиял — тек адамға ғана тән,
163
соған меншікті психикалык. процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функіция болмайды. Өйткені, қиял — адамның. енбек әрекетімен дамитын психикалык, кызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сиякты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыра-тын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психиаалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездееуі мүмкін емес. Ондай процестер бір бағыт-пен, арнамен өзара ұштасып, араласьш жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік кызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртьш, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырьш көрсетуге болады: а) әрбір адамның киялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіве, алдына қойған мақсат-мүддесіне байланыста болып отырады. Мысалы, жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілді-ру үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттщ іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға болады. ә) Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшелік-теріне байланысты. Мысалы, өмір-тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға болмайды. б) Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз үштасып жатады Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері, қайраты оньщ жоспарлаған мудделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді. Киял-да ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кенес. психологі А. В. Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрт деп санайды. Бұл пікірді қостаушылар казірігі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені, ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттергс жетелейді.
Физиолог И. М. Сеченевтьщ қиялға байланысты пікі-
164
ріне сүйенсек, адамның басына оның есіндс орын тепкен элементтсрден кұралмаған бірде-бір ойдың келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негі болатын жаңа ойлардың өзін бұл ережеден шығарьш тастауға болмайды дсген пікір айтқан еді. в) Адамнын қиялы еңбек процесінде іс~әрекет үстінде дамып отырады. Мұндағы шарттар: синалы максат, болашакты болжай білу,оны өңдеп елестеге алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп тұрады.