
- •Мазмүны
- •§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектіс!
- •§ 2. Жалпы психология. Психикалық процестер мен
- •§ 3. Психология гылымының салалары мен тармақтары
- •§ 4. Психологияның зерттеу, әдістері
- •§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері
- •§ I, Пснхологяның философня мен жаратылыстану
- •§ 2. Ежелгі психология
- •§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім
- •§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
- •§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
- •§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы
- •§ 7. Қазақстанда психология ғылымынын даму жолы
- •§ 1. Өлі табиғаттың тірі та0иғатқа айналуы
- •§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер
- •37§ 3. Құлықтың инстннктті түрлері
- •§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті
- •§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы
- •§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің
- •IV тарау.
- •§ 1. Психиканыд даму сатылары
- •§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы
- •V т а р а у. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
- •§ 2. Қарым-қатынастық мән-жайьш зерттеу тәсілдері
- •VI тарау. Жеке адам және іс-әрекет
- •§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның
- •2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет
- •§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен
- •§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен
- •Уіі тарау. Психологияның жаратылыстық- ғылыми негізі
- •§ 1, Жүйке жүйесінің құрылымы
- •§ 2. Жоғары жүйк€ жүйесінің қызметі
- •3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —
- •Viiі тарау. Темперамент
- •§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
- •§ 2. Темиерамент туралы ілімнің дамуы
- •§ 4. Темперамент типтерінің сипаты
- •§ 5. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке
- •Генотиптігі
- •§ 2. Ұлттық мінез
- •§ 3. МІнездің құрылымы мен қасиеттері
- •§ 4. Мінез жэне темперамент
- •§ 5. Едіктеу және оның адам мінезін қадыптастыруда
- •§ 1. Қабілеттің жалпы снпаты
- •§ 2 Нышан және қябілет
- •§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы
- •Таным процестері
- •§ I. Түйсік туралы түсінік
- •§ 2, Туйсіктің физиологиялык, негіздері
- •§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу
- •§ 4 Түйсіктің жалпы зандылықтары
- •§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия
- •§ 6. ТүйсІктердің өзара байланысы мен дамуы
- •§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі
- •§ 2. Апперцепция жэне оныц қабылдаудағы рөлі
- •§ 3. Қабылдаудың вегізгі ерекшеліктері
- •§ 4. Бақылау және бақылампаздық
- •§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау
- •§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар
- •§ 7, Балаларда қабылдаудың дамуы мен калыптасуы
- •ХііІтарау. Ойлау
- •§ I. Ойлаудың адам дүниетанымындат маңызы
- •§ 2. Ойлаудын сезімдік таныммен жәие тілмен байланысы
- •§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық
- •§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері
- •§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері
- •6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
- •ХіУтарау. Сөйлеу және қатынас.
- •4 § І. Тіл, қатынас және сөйлеу
- •§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.
- •§ 3. Сөйлеудің түрдері
- •§ 4 Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
- •ХҮтарау. Қиял
- •§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
- •§ 2. Қиялдың физиологиялық негізі
- •§ 3 Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
- •§ 4. Арман, мұң
- •§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары
- •§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде
- •XVI тарау ес § і. Ес. Ес жайындағы теориялар
- •§ 2. Естің түрлері
- •§ 3. Естің жалпы сипаты
- •§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту
- •§ 5. Естің даралық ерекшеліктері
- •ХуіІтарау. Зейін
- •§ 1. Зейшнің анықтамасы
- •§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі
- •§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрдері және қасиеттері
- •§ 4. Зейінділік және адам зейінінің типтері. Зейіннің адам
- •XVIII тарау. Сезім
- •§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік
- •§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
- •§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті
- •§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары
- •§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •§ 6, Адамның сезім күйлерін меңгеруі.
- •XIX тарау. Ерік
- •§ 1. Ерік туралы түсінік
- •§ 2. Еріктің физиологиялык негізі
- •§ 3. Еріктің амал кезеңдері
- •§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру
- •§ 5. Ерікті тәрбиелеу
§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.
Сөйлеу әрекетінің рефлекторлық сипаты
Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз “сигналдардың сигналы” (2-сигнал жүйесі, бүл — адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижееінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрнне, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда, сөйлеудің физиологиялық негізі И П. Павлов іліміндегі скінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты.
158
Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда “Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді” деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелсй таным арқылы бейнеленетін заттар мен құбылыстардың қасисттері түйсік, қабылдау, елес процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнелеуші-танымдык ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.
Сәйлеудің динамикалық локализациясы. Осыдан 130 жылдай бұрын (1861 ж.) француз ғалымы П- Брока адамның ми қабығын-дағы сол жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатынын “анықтаған. П. Брока мидың бұл бөлігін “сөздерді бейнелеудің қозғаушы орталығы” деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К. Вернике мидың осы белігінің самай жағындагы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д. Джексон (1835—1911 ж) сынаған болатын. Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар
П. К- Анохин, Н. А. Бернштейн, А. Р. Лурия, А. Н, Леонтьев, Д. Н. Узнадзе, АҚШ-та Дж. Миллер т. б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлслдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті. П К Анохин сөйлеу әрекетініц фи-зиологнялык механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизмі — Н. И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі сатылы процесс. Сөздерді қабылдау мен тү-сіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.
Адамның сөйлеуі күрделі психологнялық процесс екендігі және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасуы 31-суреттс арнайы берілген. Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінін орталығы мидың желке бөлігінде орналаскан.
Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабынын закымдануы-на байланысты Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып,
159
•31-сарет Мидағы сөйлеу алаптары. ЖСО— жазба сөз орталығы.
ҚСО — козғалыс — сөйлеу орталыгы АСО — ауызша сөйлеу
орталығы.СК.О — сөздерді қабылдау орталығы
афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми жарты шарларьшың белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар динамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысты және семантикалық, сенсорлық бөлып бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі психолог ғалым А. Р. Лурия еді. “Афазия” деген грек сезінің мәнісі — мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не езге адамдармен қарым-қатынаеындағы сөйлеу қабілетінін. мардымсыздығы дегенді білдіреді Сөйлеу қабілетінін мұндай кемістігінщ түрлері зрқилы. Динамикалық афазияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса. ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық жүйесі бұзылады.
Афференттік қозғалыс афазиясы — сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Семантикалық афазия — әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай ке-містігі бар адам “әкесі”, “ағасы” деген сөздерді дұрыс айтқанымен, “әкесінің ағасы” не “әкесінің інісі” деген сездердің мәнін ажырата алмайды Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздерді дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінін мәнісін түсінбейді.
Сөйлеуде кездесстін афазиялық кемістіктердің бәрі де - - жан жүйесі күйзеліске душар болған немесе өзінік кім екенін де анғара алмай, ір түрлі сандырақтарды айтып, елірме ауруға ұшыраған, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда болып отыратын құбылыс
160