Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу

Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Гипотеза дегеніміз — әр турлі деректер негізінде объектілер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы

154

қортынды жасау. Бұл — ойлаудың дамуындағы өзіндік тәсіл- Алайда, мұндай шешім — ой болжамын анықтау жолындагы алғашқы қадам. Ал мәселенің шындығында жету үшін ой болжамының ықтималдық сипатын әлі де тексеріп, оны дәлелдеу керек болады. Осындай тексеруден кейін ғана ой болжам анықталса, ол ғылыми теорияға айналады. Егер тексеруде теріс нәтиже алынса онда ол өзгертіледі не теріске шығарылады, Біріне- бірі қайшы ой болжамдары бір объектінің әрқилы қырлары мен байланыстарын түсіндіргеннен кейінгі басқа жағдайларда, екеуі бірдей ақиқат бола алмайды. Қазіргі кездегі позитивистер, эмпириктер т. б. ой болжамдары ғылыми объективтік дүниенің заңдылықтарын қарасты-руға міидетті емес, деректерді тек қана нақтылап тіркеп отыруы қажет дейді. Өйткені, олардың пікірінше, -ой болжам тек “жанама” рөл атқарады да, оның маңызы болмайды. Осы заманғы ғылыми эксперименттік зерттулердің күрделене түсуі әралуан әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы құпиясы ашылмаған мәселелердің сырын ашып отыр. Осы орайда, ғылыми тұрғыда құрылған ой болжамы адамның ойлау процесін дамытуға зор ыкпал ететін қуатты күш болып саналады. Ойлау әрекеті — ғылыми болжам ғана емес, жұмбақ мәселелердің мән-жайын ұғыну үшін күнделікті тәжірибеде қолданылып отыратын күрделі психнкалық процесс және адам-ақыл-ойының жемісі.

ХіУтарау. Сөйлеу және қатынас.

4 § І. Тіл, қатынас және сөйлеу

Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетініц бірі және дін қасиеті — оның дыбысты анық тілі. Дыбысты арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір-тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.

Тіл. Тіл дегеніміз — сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі- шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып. жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі-әні бар. Жалпы тілдің белгілерді психологиялық тор әрі құрал деуге де болады. Тіллік белгінің бірінші — оның қоғамдық-элеуметтік мәні. Адамзат та-

155

рихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданъш. әр түрлі нәрселердің мән-жайын түсіндіреді, Мысалы, көшелерде жүріп-тұру мен жол белгілері. Бұл — белгі ал сөз — қару. Тілдік белгілердің екінші мәні — олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгі-лің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіке әсер етеді.

Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 1. Адамзаттың қогамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми ату-да коммуникативті қызмет деп атайды. 3. Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық тәжір-. белерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделгі. Адам өзінің ғана емес, езгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеперін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты

Ақыл-ой не интеллекті әрекет ед алдымен, іс-әрекеттерді жоспарлайды, екіншіден, оны жүзеге асыруды көздейді, үшіншіден, орындалған іс-әрекеттердің жемісін алға қойылған мақсат-мүдделер-мен салыстырады. Осындай ақыл-ой нәтижесінде әр адамның мінез-кұл-қындағы даралық ерекшеліктері қалыптасады. Және әрбір адамның тәжірибесі, оның іс-әрекет түрлері,өзгелердің ісі қоғамдық. тәжірибелер арқылы байып, жаңа, сипаттарға ие болып отырады. Адам өзінің іс-әрекеттерін жоспарлайды, ойлау арқылы оларды тиісті міндеттерді шешуге қолданудың жолдарын іздестіреді, жүзеге асыру тәсілдерін қарастырады. Мұның, бәрі де тіл, сөйлеу әрекеті арқылы дамиды. Осы жайт тіл адамның ақыл-ой әрекеттеріндегі қатынас қүралы екендігін тағи да бір қырынан ашып көрсетеді. Ал қатынас дегеніміз не? Адамдар өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды мен- гереді, білімін өсіреді, өздерінің әлеуметтік-тарихн тәжірибелерін дамытады.

Қатынас жасаудың түрлері қандай? Адамның қарым-катынасында субъектіні (сөйлеуші адам) және объектіні (басқа адамдар, ал оның мәлін білдіретін құрал — тіл) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект — өзге адамдар және олардың санасы мен ниет- тілектері, сезім күйлері меп эмоциясы Қатынас жасау-

156

дағы негізгі әрекет түрлері ең, алдымен, білімдік маңызы бар жаңа хабардарды алмасу болса, екіншіден, сол карым-қатынас жасау нәтижесіиде адамдардың ниет-тідектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс-әрекеттер жасауға түрткі болатын себептер. Қарым-қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі пеихологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін.

Тіл арқылы адамдардың қарым-қатынас жасауы жеке адамдар (үш-төрт адам) арасында, не көптеген адамдар тобымен де болып отырады. Мұндай катынас қоғамдық қатынас деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында да қатынастар болады,

Қарым-қатьшас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асып огырады. Бұл ретте сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылардан тұратын заңдылығы бар. Мұны сөйлеудің фазалары не сөйлеу әрекетінің сатылары дсп атайды. Бұлар' — а) сөйлеуге даярлық; б) жоспарлау; б) жүзеге асыру, с) бақылау сатылары, Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетіне ұқсас. Ойлау әрекеті адамның танып білу мақсатын көздейтін болса, ал сөйлеу әрекеті арқылы қатынас жасау (коммуникация) мақсаты көзделеді.

Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынастың кең тараған түрінің бірі — зат алмасу қатынасы болып саналады. Этнопсихологияда әрбір тайпаның халықтың үлттық дәстүрлерге байланысты әдет-~ғұрпы, мысалы, абысын-ажын арасында сақина-жүзік, білезік алмасу, ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу, сауға тарту, сәлемдеме жолдау тәрізді қатынастың басқа да сан алуан түрлері болған. Сол сияқты, ізет, кұрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі больш саналады. Қатынас жасаудың ымишара білдіру, бет құбылысы мен көзқарас арқылы үсінісу сияқты түрлері де бар. Сонымен, қатынас -- дегеніміз белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйі мен эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып саналады. Коммуникативті әрекет сөзсіз де жүзеге асады. Дегенмен, адамдардың қатынасында сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасаудың, маңызы зор.

Сөздік әрекет. Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Сөйлесу арқылы әрқилы істер мен мәселелердің түйіні шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті — күрделі психологиялық процесс. Мұндай жағдай сөйлесу әрекетін тек психология ғылымы тұрғысынан ғана зерттеумен

157

шектеліп қоймай, тіл білші арқылы да қарастырады Психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын кызменің адамның мінез-құлық бағытын белгілейді. Содғы 30—35 жыл ішінде тіл білімі мен психологияның түйісуінен психолингвистика (тіл психологиясы) деп аталатын гы-лым саласы пайда болды

Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үщ түрлі салаға топтастырылып қарастырылады: 1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі. Мұның мән-жайы жоғарыда баяндалды. 2. Сөйлеудің сигнифякативтік қызмст; Бұл латынның “сигнал” — белгі, таңба дегеп сөзінен шыққан. Сигнификативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін белгі, адамдар-дың түрлі қимыл-қозғалыстары мен ымишаралары, зат алмасулары арқылы қарым-қатынас жасау — сөйлеудің сигннфикативті қызметін білдіреді. 3. Сейлеудіц экспрессивтік қызметі — әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелер-ге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын шымырлатып жібереді. Сондықтан сөйлеу әрекетінің бұл түрі сөздерді нақыштап айту мен ой жүйесінің қисынды болуын талап етеді Сөйленген сөз, айтылған ой — адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.