Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері

Ойлау процесінде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау дегеніміз — ой арқылы әрбір объекті мен болмыстық ерекшелік-терін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру (синтез) деп аталады. Талдаудың физиологиялық негізі — мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу мен тежелудің өзара байланысты қызметі. Ал біріктірудің физиологиялық негізі — мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйісіп қосылуы. Талдау мен біріктіру — өзара байланысты әрекеттер. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көріледі. Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойы-сады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде абстракциялау, нақтылау. жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады, Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің . түйінін шешуде адамның психологиялык толғаныстарынық түр-сипатын бейнелейді,

Ойлану әрекетіндегі әрқилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамнық ниеттілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойланудың кез-келген әрекетінін туындауы белгілі бір ынта-ниетке байланысты. Психологияда ойланудағы ниеттін. пайда болу себебінін мынадай екі түрі бар: 1, Арнайы танымдық ойлану. Әдетте, бұл белгілі тілек-мақсатқа сәйкес пайда болады. 2 Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады. Мысалы, оқушының сабаққа дайындалуы жайында ойлануың арнаусыз, әрі оның өміріндегі үйреншікті, дағдылы ой деуге болады.

Ойдау және мәселені шешу. Адам белгілі бір мәселезі түйінін шешу барысында түрлі амал-тәсілдер қолданып, алға қойған мақсат-міндетін орындап шығу үшін ойланып, толғанады. Сол мәселені шешудің қолын із-дестіреді. Ойланудың бұл түрі міндет-мақсатқа сәйкес жүзеге асады

Проблемалық ойлау — түрлі мақсат-міндеттерді шешуде шиеленісті жағдайларды сезіп біліп, олардың мән-мағынасын түсінуді қажет етеді. Сөйтіп, неше түрлі ши

153

еленісті жайттардың белгілі себептермен байланысың, олардың құпия сырларьш ашып көрсетуді көздейді. Ойлану әрекетінде ең әуелі сол мәселенің өзін анықтап алу — бірінші кезектегі міндет. Екіншіден, мұны анықтауға адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі қажет. Үшіншіден, оқу барысында балалар өздігінен ойланып толғанып, келелі мәселелерді шешуде әралуан қиындықтарға кездеседі. Олардың бұл кедергілерді жеңуі ойлану әрекетінде жаңалық ашумен бірдей.

§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері

Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен: қимыл-қозғалыс жайындағы практикалық існен ұштасқан. Бөбектердің ойы осы іс-әрекеттермен байланысты. Екінші, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды дамып, олардың заттарды ұстап-тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол заттардың бейснесін көрнекі түрде қабылдап отырады. Үшінші, абстрактылы ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды менгеруі нәтижесінде пайымдау әрекеттері дамьш, ғылыми түсініктері өрістейді.

Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет — дара адамның әрбір нәрсенің мәнді қасиеттерін өздігінен ажыратып, олардан жаңа қорытындылар жасай білуі. Ойлау әрекетіндегі адамның мұндай сапалық қасиеті — нәрсслердің мән-жайын дұрыс ұғынып, олардың жалпы заңдылықтары мен өзара байланысын ашып беруге қабілетті болатындығы. Мұндай әрекет ойлау жүйесін жетілдіріп, адамның ақыл-ойын өрістетеді, Адам ойлауынын дамуына ықпал етудегі бір мақсат — ойлау әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру, сөйтіп, адам ойының мүмкіндіктерін толық пайдалануды жүзсте асыру болып табылады.-