
- •Мазмүны
- •§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектіс!
- •§ 2. Жалпы психология. Психикалық процестер мен
- •§ 3. Психология гылымының салалары мен тармақтары
- •§ 4. Психологияның зерттеу, әдістері
- •§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері
- •§ I, Пснхологяның философня мен жаратылыстану
- •§ 2. Ежелгі психология
- •§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім
- •§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
- •§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
- •§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы
- •§ 7. Қазақстанда психология ғылымынын даму жолы
- •§ 1. Өлі табиғаттың тірі та0иғатқа айналуы
- •§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер
- •37§ 3. Құлықтың инстннктті түрлері
- •§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті
- •§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы
- •§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің
- •IV тарау.
- •§ 1. Психиканыд даму сатылары
- •§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы
- •V т а р а у. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
- •§ 2. Қарым-қатынастық мән-жайьш зерттеу тәсілдері
- •VI тарау. Жеке адам және іс-әрекет
- •§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның
- •2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет
- •§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен
- •§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен
- •Уіі тарау. Психологияның жаратылыстық- ғылыми негізі
- •§ 1, Жүйке жүйесінің құрылымы
- •§ 2. Жоғары жүйк€ жүйесінің қызметі
- •3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —
- •Viiі тарау. Темперамент
- •§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
- •§ 2. Темиерамент туралы ілімнің дамуы
- •§ 4. Темперамент типтерінің сипаты
- •§ 5. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке
- •Генотиптігі
- •§ 2. Ұлттық мінез
- •§ 3. МІнездің құрылымы мен қасиеттері
- •§ 4. Мінез жэне темперамент
- •§ 5. Едіктеу және оның адам мінезін қадыптастыруда
- •§ 1. Қабілеттің жалпы снпаты
- •§ 2 Нышан және қябілет
- •§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы
- •Таным процестері
- •§ I. Түйсік туралы түсінік
- •§ 2, Туйсіктің физиологиялык, негіздері
- •§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу
- •§ 4 Түйсіктің жалпы зандылықтары
- •§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия
- •§ 6. ТүйсІктердің өзара байланысы мен дамуы
- •§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі
- •§ 2. Апперцепция жэне оныц қабылдаудағы рөлі
- •§ 3. Қабылдаудың вегізгі ерекшеліктері
- •§ 4. Бақылау және бақылампаздық
- •§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау
- •§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар
- •§ 7, Балаларда қабылдаудың дамуы мен калыптасуы
- •ХііІтарау. Ойлау
- •§ I. Ойлаудың адам дүниетанымындат маңызы
- •§ 2. Ойлаудын сезімдік таныммен жәие тілмен байланысы
- •§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық
- •§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері
- •§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері
- •6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
- •ХіУтарау. Сөйлеу және қатынас.
- •4 § І. Тіл, қатынас және сөйлеу
- •§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.
- •§ 3. Сөйлеудің түрдері
- •§ 4 Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
- •ХҮтарау. Қиял
- •§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
- •§ 2. Қиялдың физиологиялық негізі
- •§ 3 Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
- •§ 4. Арман, мұң
- •§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары
- •§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде
- •XVI тарау ес § і. Ес. Ес жайындағы теориялар
- •§ 2. Естің түрлері
- •§ 3. Естің жалпы сипаты
- •§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту
- •§ 5. Естің даралық ерекшеліктері
- •ХуіІтарау. Зейін
- •§ 1. Зейшнің анықтамасы
- •§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі
- •§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрдері және қасиеттері
- •§ 4. Зейінділік және адам зейінінің типтері. Зейіннің адам
- •XVIII тарау. Сезім
- •§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік
- •§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
- •§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті
- •§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары
- •§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •§ 6, Адамның сезім күйлерін меңгеруі.
- •XIX тарау. Ерік
- •§ 1. Ерік туралы түсінік
- •§ 2. Еріктің физиологиялык негізі
- •§ 3. Еріктің амал кезеңдері
- •§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру
- •§ 5. Ерікті тәрбиелеу
§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық
астарлары
Адамның дүниетанымы қоғамдық-тарихи даму нәтижесінде өрістейді. Ол табиғатқа әсер етіп, қоғамды өзінің белсенді әрекетімен байытады. Сөйтіп, адамзаттың ғылыми білімі дамьш, белгілі бір жүйеге түседі. Басқаша айтқанда, адамдардың танып білу процесінде тіл арқылы жинақталып қорытылған білімі мен оның нәтижелері жүйеленіп, ғылым салаларына бөлінеді. Мысалы: физика, химия, биология, тарих, социология, психологчя т. б. Танымдық процестердід осы тарихи дамуы және олардың ғылым жүйелеріне жіктеліп бөлінуі дүниетану теориясын немесе гносеологияны кұрайды. Гносеология — философия мен логиканың дүниетану теориясын
150
құрайтын құрамдас бөлігі, таиып білудін тсориялық негізі
Таным теориясы — гносеология — философиялық пән Ол дүниетанудыц жалпы заңдылықтарын зерттейді.Адамзат тарихының дамуында қалыптасқан “болмыс”, материя”, “сана”, “сапа”, “сан”, “тартылыс” тәріздес басқа да ұғымы кең категорияларды қара-стырады Осындай таным теориясы мен философиялық принцнп-терге негізделетін ойлау процесі өзара байланысты және бір-бірін толықтырыи отыратын жеке ғылыми пәндер — формальдық логика мен психология арқылы да зерттеледі.
Логика ғылымы ойлаудың формаларын, ұғымдар мен пікірлерді, ой қорытындыларын және ойлау зандарын зерттейді.
Ұғым — болмыстағы нәрселер мен құбылыстардын жалпы, мәнді және өзіндік белгі-қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы. Мысалы, “адам” деген ұғымның мәні оның өндіріс құралын жасап шығаратын қабілеті бар; дыбысты тіл арқылы сөйлесетін ақыл иесі екендігін білдіреді, Ал “емтихан” деген ұғымның мәнісі — оқушы-лардың, студенттердің білім деңгейін анықтап, олардың дәрежесін тиісті белгілермеи анықтайтын оқу процесі. Ұғымдардың мазмұны пікірлер арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет-белгілері арасындағы байланыстар ашып көрсетіледі, Мысалы, металдарды қыздырса, олардың көлемі ұлғаяды. Бұл пікірдіа формуласын — S дегеніміз Р, иеS деғеніміз Р емес деп жазып көрсетеміз. Пікірлер сапаларына қарай қостаушы, терістеуші болады. Мәселен, Жер Күнді айналады — S дегеніміз Р; Су металл емес — S дегеніміз Р емес. Пікірлер ақиқат және жалған болып келеді- Алматы — Қа-зақстанның астанасы (S дегеніміз Р). Пікірлер сан жөнінен жалпы, ішінара, дара болып бөлінеді. Сапа мен сан жағынан біріктіріп, оларды мынадай таңбалармен белгілейміз: А, Е, I, О. Пікірлер екі түрлі тәсілмен құралады: а) Тікелей қабылдау арқылы құралатын пікірлер. Мысалы, “Мына бала сабақты нашар даярлады”. ә; Жанама жолмен не ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан баска да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.
Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердін, байланысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытынды-сын шырарамыз. Мәселен, үл-
151
кен алғы шарт: Барлық металдар электр тогін еткізеді кіші алғы шарт: сынап та — металл. Қорытынды олай болса, сынап та электр тогін өткізеді. Ой қорытындыларының мынадай үш түрін ажыратамыз: дедукциялық ой қорытьшдысы, оған металдардың электр тогін еткізетіш туралы жоғарыдағы мысалды келтіруге болады. “Дедукция”— латын сөзі, қазақша мағынасы — шығару. Ой қорытындысының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбиді. Индукциялық ой қорытындысы — ой қорытьшдысының жекеден жалпыға қарай дамып отыратын түрі Мысалы, Алматыда өткек жетіде дүйсенбі күні ауанын температурасы 20°С-тан асқан жоқ. Сейсенбі, сәрсенбі күндері де солай болды. Жұма, сенбі күндері 18—19°С болды. Жексенбі күні 19°С болды. Демек, ауаның температурасы өткен жетіде Алматыда 20°С-тан асқан жоқ Ой қорытындысын үшінші түрі — традукция деп аталады Оған аналогия арқылы жасалатын ой корытындылары жатады. Бүл — жеке-дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі — силлогизм. Формальдық логйкада зерттелетін мәселелер — дұрыс ойлаудын формалары мен заңдары. ғылыми пән ойлау формалары мен заңдарды қолдана отырып, нәрселер мен құбы-лыстардың ақиқаттығы мен шындығын танып білуді мақсат етеді.
Ойлау әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы бар. Ол — ойлау процесінің өзі. Пеихология ғылымы әрбір дара адамда осы ойлау процесінш, қалайша дамып, өрістеп отыратынын зерттейді. Оқыту процесінде ойлаудың дамуы, білімдерді ойлау әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек процестерінде ойлауды дамыту мәселеле-рі — психология ғылымы қарастыратын жайттар. Әрбір жеке адамда ойлау процесі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген мәселенің мән-жайы психологияда осы бағытта қарастырылады. Ал логика ойлауды таным процесі деп санап, шындықты, ақиқатты нендей әдістер әрқылы танып, білуге болатындығьш анықтауды көздейді. Қорыта айтқанда, логика ойлаудың жемісті болу жолдарын іздестірсе, исихология сол процестің даму зандылықтарын зерттейді.
Ойлау — дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз — оның ішкі, танымдык құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерминизм принцнпіне сүйене оты -
152
рып, ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамныц өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән бере-