Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

§ 4. Бақылау және бақылампаздық

Бақылау не байқау дегеніміз — белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Көріп кана қою жеткіліксіз, затты білу үшін көзқарас, пікір керек. Бақылау — әрі жүйелі, әрі мақсатты процесс, арнайы жүргізілетін әрекет. Ой жүгірту, зейін қою — бақылаудағы негізгі әрекеттер. Ұлы физиолог ғалым И. П. Павлов бақылауға ерекше мән беріп, лабораторнясының маңдайшасына бақылау” деген сөзді үш қайтара жазып қойған.

Бақылампаздық — адамдағы ерекше бір пайдалы қасиет. Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрсені, сапаны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады. Қазақ халқының өмір тіршілігінде бақылампаздықты дәріптейтін мысалдар көп.

а) Ы. Алтынсариннің “Үш жолаушы” деген әңгімесінде түйесін жоғалтқан адам үш жолаушыға қарсы кездесіп алып, жоғалған малын із-деп келе жатқанын айтады. Жолаушылар малдың ақ-сақтығын, бір көзінің соқырлығын және құйрығы шолақ екендігін айтып береді... Мұндай бақылампаздық жолаушылардың шаруа, өмір тәжірибесі мол адамдар екенін білдіреді. ә) Мал бағып тіршілік еткен қазақ жұрты әрбір мал түлігінін, мінез-құлқы мен қылығын, ауа райы мен жер жағдайына бейімделіп тіршілік етуін жақсы білген. Осы орайда, қазақтар жоғалған малдың ізіне түсіп іздестіріп тауып алатын болған. Бұл ретте, олар мал қай күні жоғалды, сол күні ауа райы қандай болған еді

143

деген мәселелерге ерекше мән берген. Өйткені, уақ мал (қой-ешкі) желді, жаңбырлы, суық күндері ықтап кетеді де, ал жылқы керісінше желдеп кетеді. Осындай жайттардан жақсы хабардар жандар жоғалған түліктің қайсысын қайдан, қалай іздеу керектігін де анық білетін болған. б) Сыр бойының жұртшылығына танымал Қыпшақбай деген қария ошақта кешке жағылған от пен оның сенген шоғына қарап, ертеңгі күнгі ауа райының қандай болатынын тура айтқан. Сондай-ақ, қыс кездері мен жаз айларындағы ауа райын салыстырып, жаңбырлы, қарлы және кұрғақшылық болатын күндерді анық болжаған. Өмірде мұндай мысалдар көп. Малдың мінез-құлқы да ауа райының қандай болатындығын білдіретіндігі елге ерте заманнан-ақ белгілі-

Бакылаудың физиологиялық негізі — “Бұл не?” деген таңдану рефлексі. Мысалы, Аветралиядағы абориген тайпасының адамдары шөл даладағы мың-сан “белгілерді” қатесіз оқи алады (ізшілдік, құпия сырларды ашу, адамның ізіне қарап салмағын, бойын білу). Сондай-ақ, ұстаздар мен тәрбиешілердің, шеберлер мен тә-лімгерлердің оқыту, тәлім-тәрбие істерінде үнемі бақылау жүргізіп, шәкірттердің психикалық дамуын белгілі жүйелілікпен байқап отыруы да— өз жұмыстарында табысқа жетудің кепілі. Бақылау белгілі бір заттар мен құбылыстарды жүйелі түрде қабылдау әрекеті болып саналса, бақылампаздық —- адамның жеке басына тән, та-нып білуге қызығу мен кұмарту қасиеті болып есептеледі. Кабылдау — түйсікке қарағанда күрделі процесс. Бұл процесте бірнеше талдашштар. бірлесіп жұмыс атқарады. Жүйелі, мақсатты бақылау — кез-келген жұмыста табысты болудың, шарты.

§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау

Матеряалистік ілім материя мен болмыстың өмір сүруінің екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар — кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уакыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам өз түсінігінен тысқары объективті болмысты бейнелегенде оның өмір сүрген ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.

Қеңістіктегі объектілерді кабылдау — күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар:

144

ұзын—қысқа, енді — енсіз, биік — аласа, үлкен — кіші т б .Олар бізден түрлі қашықтықта орйаласқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін екі көзбен, яғни бинокулярлық көрудің маңызы зор. Бір көзбен керу монокулярлық нәрселердің терендігі жөнінде дәл мағлұмат береалмайды, Бннокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ^ескінге ай-налады. Оеылайша көріп, кабылдауда заттар тутасып, олардын қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельефбедері әртарапты байқалып, анық көруге мүмкіидік туады,

Қашықтык пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенция-сы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет. Бұл жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарағанда олардың екіге бөлініп кетуін дивергенция дейді. Қөздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация (кез үйрену) дел атайды. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Кеңістікті қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кекістікті қабылдауы түрліше болып келеді.

Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулелену-мен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Қеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізуші-лер, ұшқыштар мен ғаркшкерлер, суретшілер мен әскери қызметкер-лер, дәлдік аппараттар жасайтын мамандар үшін маңызы зор.

Уақыт та — материяның өмір сүруінің объективті шындық формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңіетік пен уақыт ішінде қозғалыста болады. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады, Уақыт құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді. Уақыт қарқын арқылы өлшенеді. Қарқын — құбылыстардың бірізді тездігінің не баяулышның көрсеткіші.

Уақытты қабылдауда субъективтік мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпеи өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабыдданады- Өткен шақтын тез

145

өтуі, келер шақтық ұзак болып көрінуі субъективтік жағдайларға байланысты. Уакыт кызықты болса, те өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.