Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

§ 6. ТүйсІктердің өзара байланысы мен дамуы

Түйсіктердің өзара байланысы ~- психофңзиологиялық зандылықтардың бір түрі. Белгілі бір тітіркендіргішті сезгіштің сол бойда сезіліп тұрған баска тітіркендіргіштерге тәуелділігін түйсіктердің өзара байланыеы дейді. Әдетте, сыртқы әсерлер талдағыштардың жеке түрімен ғана емес, өзара байланысты түрде түйсіну процееін тудырып отырады. Мысалы, тамак ішкенде адам-ның дәм,. тактильдык, температуралық, иіскеу талдағыштары бір мезгілде жұмыс істейді. Денеге бір нәрсе тисе, тактильдік, температуралық, кейде көру рецепторы қатьшасады. Түйсіктін бір түрінің басқаларьша әсер етуі ми орталықтарындағы қозудың үдеуіне байланысты.

Түйсіктердің өзара байланышн айқын елестетін жайт — түйсіну қарама-қарсылығы (контрастыры). Мысалы, әуелі тәтті кәмпит жеп, содан кейін ізінше алма жесеяіз, алма кышқыл дәмді болып түйсініледі; егер алманы бірден жесеңіз, ол тәп-тәтті көрінер еді. Қарама-қарсыға байланысты көршілес және бірімен-бірі жалғасып келетін түйсінулердін. айырмашылығы күшейеді.

137

Мұндай жайт нәрселердің қасиеттерін қабылдау үшін маңызды- Өйткені, түрлі тітіркендіргіштер бірінен-бірі оқшауланып әсер етсе, нәрселердің жеке қасиеттері анық түйсініледі.

Түйсіктердің дамуын өзге де психикалық процеетермен байланысты түрде қарастыра отырьш, оныц барлық психнкалық процестердін негізі болатындығын аңғарамыз. Талдағыштар неғұрлым жақсы қызмет атқарса, адам сыртқы ортадан соғұрлым анық хабарлар алып отырады. Белтілі дәрігер ғалым С. П. Боткин (1832— 1889) түйсік адамның өмірлік токусын белгілі дәрежеде сақтап отыратын процесс екендігін өзінің тәжірибелік зерттеулерінде айқыңдап берді.

Бала түйсіктерінің дамуы оның дүниеге келген күиінен басталады. Ол туғаннан кейін бірнеше күннен соң қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция тудырады. Осы жайттар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамыды. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп көңілденеді, ал жекіріп қатты сөйлесе, ол кемсеңдеп жылайтын болады. 5 айлық бала алдымен заттын, түріне, біртіндеп онын көлеміне, одан соң бояуына көңіл аудара бастайды.

Түйсік түрлері адамның іс-әрекетіне, мамандығына, өмір тәжірибесіне байланысты айқын сипатталады.

Түйсіктерді тәрбиелеп жетілдіру адам талдағыштарының рөлін күшейтіп отыруға байланысты Медицина мен жол көлігі, авиация мен теңіз флоты, телеграф, телефон, музыкалык мамандықта бір сөзбен айтқанда, адам тіршілігшщ түгел дерлік салаларында сезім мүшелерінің қызметін дамытып отыру — түйсіктердің барынша нәзік, әрі өткір болып тәрбиеленуін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, адамның сезім мүшелерінің жұмысын жоғары сатыға көтеріп, мәдениетін арттырады.

ХІІ-тарау. ҚАБЫЛДАУ

§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі

Адам түйсік аркылы заттар мен норселердің жеке қасиеттерін, мысалы, “салдымнан бір нәрсе жалт -етті”, “маған суық бір нәрсе жармасты” деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ой-

138

Онан жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау — затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау — шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.

Сонымен, қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жяьштығымен қосылып, сезім мүше-леріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың физиологиялық негізі — үлкен мн сыңарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлык байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс-әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз раушан гүлі-нің бейнесш қабылдағанда, ед алдымен, оның әдемі түрін, тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар исін иіскеп, жұтамыз, ұстап көріп, оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз. Осындай жеке түйсіктердің бәрі мидық қабығында қосыльш, біртұтас болып бірі-геді. Сөйтіп, біз бұл заттын раушан гүлі екенін білеміз. Бұл жерде ес продесі орын алады. Гүлдің исі бізді шаттандыръш, жақсы бір сезім тудырады. Ақырында қабылдауға ойлау процесі де қатысып, біз раушан гүлінің қай сортка жататыны туралы ойланып, өзімізше қарапайым қорытынды жасаймыз. Қай талдағыштың басым екендігіне байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу және кимыл-қозғалыс, кинестетикалық қабылдау түрлері болып ажыратылады.