Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Таным процестері

ХІ тарау. ТҮЙСІК

§ I. Түйсік туралы түсінік

Түйсік — материялық дүниедегі заттар мен кұбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйну дегеніміз — дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмай-ды. Ол — біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады Сол шьшдық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік — сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүнненің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы — осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәлімет-тердің бәрі де дамға осы баспалдақ арқылы жетеді.

Адамнын, дүние шындығы мен болмысын танып білуі — диадектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның “нақты айымдау” не “тікелей таным процесі” деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен кұбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда больш, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік — тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процестер — ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды-

Түйсік қарапайым психикалық процесс деп аталғанымен, ол — адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу кызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процесі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отырады. Сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жануарлар мен адамдарға ортақ. Алайда, сезімдік бейнелеу түрлері — түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес. Егер сезімдік процестер жану-

115

арлар дуниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процестері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отырады.

Дүниетзнудың, жалпы таным процесінің жоғары сатысы — абстрактылы-теориялық ойлау. Ол — тек адамға ғана тән қасиет, Абстрактылы-теориялық ойлау сезімдік танымға негізделіп, өзі танып білген бейнелердің мән-мазмұнын енбектену процесіндегі іс-әрекеттері мен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық проце- сінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындын көрсетеді.

§ 2, Туйсіктің физиологиялык, негіздері

Туйсіктің табиғи-физиологиялык негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылылымының анықтауынша адам өзін-өзі бас-қаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау қызметін атқаратын мүшелері деуге болады Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі функцияларын реттеп, бірде жаңа әсер тудырьш, бірде бұрыннан өтіп жатқан әрекеттің барысына езгеріс кіргізіп,оны түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп, ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі қызмет талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді. Тал-

дағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) орган — бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) өткізгіш бөлім — рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар (19-

сурет) -

Бірінші бөлік — рецепторлар — түрліше құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың атқаратын қызметі-сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Талдағыштардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады. Екінші бөлік өткізгіш-бөлік — сырткы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарынын

116

16-сурет Ми қабығының

локализациясы, яғнн орталықтардың функционалдық қызметтерге бөлінуі.

0000-_ көру орталықта-0000- рының бөлімі.

VVVV-қозғалыс

ОООО)®— иіс ,дәм

 -тері, + + +-есту

-ішкі

1.Жұлын мен ішкі ми аймағы 2. Көру төмпешігінің аймағы, III Мн жарты шарлары.

1. Көз,2 Кұлак, 3 Тері, 4 . Иіс мүшес, 5 Дәм мүшесі,6. Бұлшық еттер мен сіңірлер, 7 Ішкі орган рецепторлары.

ұшынаа қозуын екі жолмен жоғарғы және төменгі бағытқа жайып отырады. Орталыққа баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді. Орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидағы қозу толқынын екінші жолмен әр түрлі органдарға өткізеді, Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп жатады. Үшінші бөлік — мидағы орталықтар. Бұл — талдағыштардың негізгі бөілімі.

Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек. Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше — мидары осы орталықтар.

Функциялардық динамикалық орналасуы мидың бір жерінде бұлжымай қалған алқап емес, олар күрделі түрде бір-бірімен қаръш-катынаста, өзара тығыз байланыста болады .Ортаның әсері мен талабына орай ми алаптары бірінің орнын бірі басып отыруға, сөйтіп бір нёйрондардың қызметін екіншілері атқаруға қабілетті екендігін көрсетеді. Ми қабығының мұндай қызметі психология ғылымында компенсаторлық әрекет деп аталады

117

Түйсік жайында түрлі бағдар ұстанған бірқатар философтар мен психологтар адам түйсігі заттардың обьективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгертерді ғана бейнелейді деген қате пікірлерді уағыздайды Түйсікке қатысты мәселеде Беркли, Юм, Мах т б түйсік дүниедегі заттар мен құбылыстардын қасиеттері не байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің өз дерінід жұмыс істеу қасиеттерімен белгіленетін болады дейді. Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер мен -иероглифтер, символдар болып шығады. Түйсікті мән-жайын мұндай түсінік бойынша айқын түсіндіру өте қиын

XIX ғасырдың басында түйсікті идеалистік тұрғыдан түсіндіруге тырыскан И Миллер сезім мүшелерінің ерекше энергиясы деген заң шығарып, әр сезім мүшес кез-келген тітіркендіргішке осы мүшеде бар энергия арқылы жауап береді дейді. Ол түйсік зат пен тітіркекдіргіш қасиетін бейнелемейді, бұл — сезім мүшесіне тән

энергияның еркіндік алу нәтижесі және соған ғана тәуелді болады-мыс деген қорытынды жасайды. Миллердің мұндай тұжырымы “физиологиялық идеализм” деген атқа ие болып, ол философиялық идеализмнің “түйсік организмді сыртқы дүниемен байланыс-тырмайды, қайта тірі организмді қоршаған ортадан бөлетін қабырға болып саналады” деген қате тезисіне сай келді.

Мұндай көзқарастардьщ шындыққа жанаспайтындығын

В. И. Ленин материалистік ілім тұршсынан дәлелдеп, сынға алды. Адам түйсігінің ерекше дамуына еңбек пен тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің шығуы (дыбысты анық тіл) күшті ыкпал еткендігі, адамның сыртқы бес сезім мүшесінін жетілуі бүкіл әлемдік тарихи дамудың жемісі екені ақиқат.