Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

§ 2. Темиерамент туралы ілімнің дамуы

Қазіргі кезде темпераменттің сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтері туралы психологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтср белгілі бір жүйегс кслтірілді. Гиппократт соң Римнің атақты дәрігері ғалым Гален (129—199) темпераменттің санын көбейтін, он үшке жеткізді. Ол темпсрамент түрлеріл Гнппократтан өзгеше, яғни оның фи-зиологпялық ерекшеліктеріне қоса, психологиялық, тіптен адамның адамгершілік қаснеттеріне қатысты сапалармен байланысты деп түсіндірді

Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілде. темперамент жайындағы ілімді ықшамдап, оиьщ бұры| ғы төрт тиліл сол күйінде қалдырды. XVIII ғасырда атақты неміс философы И. Кант (1724—1804) 1798 жылы жарық көрген “Антропология” деген еңбегінде пераменттіц төрт түріне сипаттама беріп, оларды тек психология-лык қасиеттер деп анықтады. Темперамент туралы ілім жаңа дәуір-ге дейін, негізінен, психологлық қасист деп саналып келді. Осы көзқараска сәйкес енді темперамент типтері жайындағы түсініктер-дің мазмұн-мәнісі де өзгере бастады. Темперамент түрлерін физиологиялық қана емес, психологиялық ерекшеліктері тұрғысы-нан қарастыруга баса мән берілетін болды. Бұл мәселеге келгенде

И. Канч сезім күйінің әрқилы болуымен бірге адам өз іс-әрекетінің белсенділік деңгейі арасындағы қатынастарға тәуелді болып отырады деген пікір айтты. Ал XIX ғасырдың соңында әйгілі неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамның “жан дүние тебіреніс-терінің” күш- қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуеліі болады деп есептеді.

Мұндай пікірлер темперзмент тінітсріне түрліше сипаттама беріп, олардың түрлерін әркім өзінше анықтуға тырысты. Мәселен, Галеи темиераменттің төрт түрнің басқа да бірнеше түрі болады десе, өзге зерттеушілер алты, тіпті сегіз типі бодады деген пікірлер айтты-

91

И.Канттан басқа да бірсыпыра оқымыстылар темперамент ерекше-ліктерін адамның жеке басына тән мінез-құлық сипаттарынан бөліп қарастыра бастады. Алайда, пен адамнын даралық снпатгарын білдіретін психологяялық өзгешеліктерді анықтап көрсетудің нақтылы тіректері мен өлшемі ұзақ жылдар бойы айқындала қоймады.

Темперамент туралы ілімнің тарихын сез еткенде, оның типтерін түсіндіру барысында екі түрлі бағыттың тартысы болғандығын ескерген жөн. Оның бірі — неміс психологі Кречмер мен американ психологі Щелдонның темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санауы, ал екін-ші бағыт — И, П. Павловтың жүйке жүйесі типтерінің қызметі жайындағы ілімі. Бұл ілім темперамент типтері жайындағы түсінікті ғылыми тұрғыдан дәйектеп, сара жолға салды.

Темперамент жайындағы бұл зерттеулерден басқа неміс анатомы Гейне мен көрнекті орыс педагогі П. Ф. Лесгафттың (1837—1909) көзқарастарын да атап өткен жөн. Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жұйесінің тонусьша байланысты десе, орыстың антрополог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлілік ми қабықшасындағы молекулярлык қозғалыстың жылдамдыгы мен біркелкілігіне байланысты дейді. Ал П. Ф. Лесгафт темпераменттер қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деген тұжырым айтады.

Темперзмент жайында арнайы сөз етіп, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез-кұлқы мен әр алуан қимыл-әрекетіндегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен ұштастыра отырып іздестірген — қазақ халқынын. көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов. Ол өзінің 1928-жылы Мәскеуде араб әрпімен басылып шыққан “Жан жүйесі және өнер таңдау” деген еңбегінде тек темперамент түр-лерінің ғана емес, жалпы психология ғылымының өзекті мәселе-лерін өз кезіндегі ғылымың деңгейінде қарастырып, өте құнды пікірлер айтты.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсіндірген — академик Й. П. Павлов. Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі — қозу мен тежелудің күші, олардың тепе-теңдігі және қозғалғыштығы жиынтығынан құралады. Жүйке процестерінің күші ми қабығының жұмыс істеу қабілетіне немесе сыртқы ортаның тұрлі тітіркендіргіштеріне мидың өзімділігі жата-

95

ды.Ал жүйке процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелудің бір-біріне теңдігіи көрсстеді. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп козу мен тежелудің бір-біпімен алмаса алу қабілетін айтады. Міне, осындай принциптерге сүйене отырып, жүйке жүйесінің тнптері мен темперамент түрлері, олардың қасиет-сннаттары №1,2 кестелерде сызып көрсстілген

Темпераменттердің физиологиялык негіздері. Жоғарры жүйке

туралы ілім

Жүйке жүйесінің типтері

Күшті

Әлсіз тип (мелохолик)

Күшті қозу тежелуі-нен басым(ұстамсыз тип)

Күшті қозу мен те-гежелуі тең (ширақ тип)

Күшті қозу мен те-желуі тең (баяу тип)

 

 

2 кесте

Темпераменттер мен жүйке жуйесі типтерінің өзара қатынас-

тары және темпераменттердің ұнамды, ұнамсыз жағы

 

 

Темепра-мент түр-лері (Гип-пократ тер-минология

сы бойын-ша)

Жүйке жүйесінің типтері (И.П Павлов тер-минология-сы бойынша)

жүйке процестерінің қозу,тежелу қасиет

Ұнамды жақтары

Ұнам-сыз жақтары

 

 

 

 

 

 

Күшті

Тепе-тең-дігі

Қозғалғыш-тығы

Холерик

ұстамсыз

Күш-ті

Тең емес қозуы теже-луінен басым

шапшаң белсенді

Ұстам-сыз,күй-гелек

 

 

 

Сацгвиник

ширақ тип

Күш-ті

тепе - тең

қозғал-ғыш

пысық, оқтайлы,

бейім-делгіш-

тұрақты

Флегматик

Баяу тип

Күш-ті

 

баяу қозға- лады

ұстамды сабырлы

баяу сыл быр

Меланхо

әлсіз тип

әлсіз

сезімтал

тұйық

 

 

 

 

 

Жоғары жүйке қызметінін. типтері мен темперамент туралы зерттеу жұмыстарын кенестік психолог мамандарБ.М.Теплов,

В. Д. Небылицын т. б. жалғастырды. И.П. Павлов зерттеулеріне сүйене отырьш, олар жүйке жүйесінің қызметтерін өте нәзік аспаптарды қолдана отырып қарастырды. Солардың нәтижесінде әрбір адамның даралық қасиетіне сай жүйке жүйесі қызметтерінің өзара тығыз байланысты болатындығы анықталды.

 

 

3 Жүйке жүйесінің ткптері және темперамент

Жүйке жүйесі типтерінің, негізінен, үш түрлі процеске байланыс-ты екендігі жоғарыда айтылып өтті. Енді осы типтердік әрқайсы-сына қыскаша сипаттама берелік.

Жүйке жүйесінің куші дегеніміз — оның клеткаларындағы физиологиялык заттардың қоры. Қлеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестері де-күшті, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестері теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең, ал шамалас болмай, екеуі екі дәрежеде болса, онда бірінен-бірі алшақ, тең емес болады. Ми қабығының бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу, керісінше, тежелуді козу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай, керенаулап қалса, онда жүйке жүйесі енжар болады. Демек, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесі тең емес, бірінен ~ бірі алшақ, Қозғалғыш болса, оны шы-дамсыз тип, ал күшті, теңдес болса, оны сергек тип дейміз. Күшті, тендес, енжар болса — тыныш тип, егер жүйкесі шыдамсыз, күшсіз болса, әлсіз тип делінеді.

И .П. Павловтьщ жануарлардыа жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықктаған жайттары адамның да жүйке жүйесіне типтеріне негіз бола алады. Енді осы негіздерге сүйене отырып, “Темперамент деген не?” деген сұрауға жауап берейік.

Темперамент — адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамныңщ барльщ іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамепт типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындары, өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса — холерик, сергек болса — сангвик тыншы болса — флегматик, әлсіз болса — меланхолик болады. Жуйке жүйесінің типтері мен темперамент түрлері салыстырмалы түрде № 2 кестеде көрсетіл-

97