Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —

жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары

Жоғары жүйке қызметінің күрделі мәселелерін анықтаудағы аса қажетті шарттың бірі — иррадиация, концентрация және индукция заңдарының мазмүн мәністерін-ашьпі көрсету. Сырттан келген әсерлердің арқасында жүйке талшықтарында туған қозу мен өзінің тиісті орталығына жеткеннен кейін маңайындағы көршілес басқа орталықтарға тарап отырады Бұл — қозу мен тежелуде болатын құбылыс. Қозудың да, тежелудің де белгілі орталықтарда тұрақтап қалмай, көршілес орталықтарға таралуын (жайылуын) иррадиация деп атайды. Мәсслен бала ауыр жұмыс істейтін болса, қолының. ғана емес, бүкіл денесінің, тіпті бетінің де бұлшық еттері қатынасатынын байқаймыз. Бұл — иррадиацня заңының, нәтижесі

Біршама уакыттан соң, дағдылану аркасында әрекетке қажетсіз бұлшық еттердің қозғалысы тиылып, керекті бұлшық еттерді қимылдауға мәжбүр етсді. Міне, осындай процестер — концентрация занының құбылыстары. Концентрация заңы деп қозу болмаса, тсжелудің көршілес орталықтарда солғындап, мүлдсм сөніп,өздерінің іздеген орталықтарына орналасуын айтады. Басқаша атқанда, ол — қозу мен тежелудің ми қабығында бір жерге жинақталып, шоғырлануы.

Мн жарты шарларының қабығында жаңадан пайда болатьн қозу не тежелу алдымен жайылады да, содан кейін қайталану нәтижесін-де өз орталықтарына шоғырланып, жиыла бастайды. Жоғары жүйке қызметіндегі жайылу мен шоғырланудан өзгешс тағы бір заңдылық бар. Оны өзара иидукция заңы деп атаймыз, Егер де мн қабығының белгілі бір алабында қозу процссі туса, маңайындағы басқа орталықтарда тежелу пайда болады немесе бір орталықта тежелу басталса, басқа орталық қоса бастайды. Мұндай зандылықты өзара индукция дейді. Өзара пндукцияның екі түрі бар. Оның бірі — қозу не тежелу бір орталықта пайда болған кезде басқа ор-талықтарда, керісінше, тежелу не қозу туатын жагдай. Ми қызмсті-нің мұндай ерекшеліктерін бір мезгілдік ин-

91

дукция деп атайды. Екінші түрі — бір орталықтың де екі жүйкелік процесс — қозу мен тежелу тізбез бірінен соң бірі туатын кез. Бұл — бірізділік индукция делінеді. Иррадиация мен концентрация және индукция; зандылықтарының бейнесі мына төмендегі сызбалда неленіп көрсетілген.

Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары

а) Иррадиация және концечтрация заңы

қосу мен тежелудің Қосу мен тежелудің жапылуы жайылуы шоғырлануы

6} Өзара индукция заңы

Тежелу қосуды тудырады (оң индукция)

Қосу тежелуді тудырады (теріс индукция)

Бір мезгілдік индукция

Бірсізділік индукция

92

Екінші бөлімі

АДАМНЫҢ ДАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

СИПАТТАРЫ

Viiі тарау. Темперамент

§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым

Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың, әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі — бір түп ағаштағы 200000-жуык жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешелігімен көзге түсетіндігі; екіншісі— темпераменті, мінез-құлқы жағьшан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі — дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әр-қайсысының саусақ бедері біріне-бірі

ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.

Әрбір кісінің жеке басына тән дара езгешеліктің бірі — осы темперамент. “Темперамент” сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ “красис” деген грек сөзін латынша-— темпераментум дейді. Мұйдай атаудың мәні нәрселерің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік — ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне елді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігшің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған — ертедегі грек жұртының дәрігер-ғалымы Гиппократ (б. з. д. 460—356 жж.) болды. өз шәкірттерімен бірге органнзм өзгешеліктері денедегі "тіршілік шырындарына" байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын — қан, салкындататын — сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратъш — ка-

ра, Бұлар бірімен-бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасынын, қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өз-

93

гешелігі болады. Қанның пронорциялық мөлшері болса — сангвиник (латыпша — сангуис); сел көп болса — флегматик (грекше — флегма), өт көп болса холерик (грекше — холе) және күшті пропорция қара өтте болса — меланхолик — грекше — мелайнехоле қара өт) дсп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды.