Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет

түрлері

Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағат-тандырады. Еңбек — адам тіршілігіндегі біріңші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбиеніңөзекті мәселесі — адамды еңбек ету қажеттілігіне баулау Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау-жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсату. Ен-ек -адамның іс-әрекетінің негізгі түрі және барлык материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс-әреттің екінші түрі-— оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын менгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады Ойын — адамнын негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесің шынықтырып әралуан қимыл-қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеті — ойьн. Ойынның түрлері мен мазмұны баланың ақыл-ойын дамытуға ықпал етіп, өзін қоршаған ортаның заттар мен құбылыстардың мән-жайын түсіндіреді Бір сөзбен айтқанда еңбек оқу,ойын — адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет түрлері.

Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс-қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті — дағдылварды,іс-әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі,тіршіліке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық,физиологиялық және психикалық жағынан дамып-жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады

Дағды мен ептілік. Дагды — адамнын белгілі іс-әрекеттті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде қалыптасып,автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының қалыптасуы, кызметкердін мін-

69

детті ісін орындауы. Дағдының қалыптасуында максат кою негізгі рөл атқарады. Дағдының кальштасуы қимыл-қозғалыстар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады.

Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) — белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзнің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның, өз білімін қажет болған кез-келген жағдайда қолдана білу әрекетінен анық байқалады.

Әдет — адамның іс-әрекетіндегі мінез-құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс-әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптаскан дағдылары мен біліміне сүйене отырьш жүзеге асырады. Адамның тарихи дамуында ол көпшіліктіқ игілігіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналып, халықтық сипат алуы мүмкін. Әдет — адамның қажет-тілігін етеуге сәйкес қайталанъш отыратын әрекет. Ол адамның кез-келген іс-әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбексүйгіштік, жақын адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау алдында серуендеп, жуынып-шайыну -әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық біреудің сөзіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу — әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді. :

Ниет (мотив) — адамның белгілі қажеттіліктерді қанааттандыру-дағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік — адамның белсенді әректін тудыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет — сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекет терге ұмтылдырады. Олар мазмұнына, нақіы мақсатына қарай айқын ниет және көмескі ниет болып бөлінеді. Ниеттердің бір-бірімен алмасуы адамның қоғамдық-тарнхи жағдайына байланысты. Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену, ықылас-ынта, Мүдде-- адамның мақсатты тілекке жетуінің жоғары сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып білім: алумен шұғылданады, спортпен айналысьш, өнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.

Қызығу — адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән-жайын айқын түрде түсіндірудегі жан дүниесінің сілкінісі. Қызыгу барысында адам өзініц әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әр

70

қилы әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді Адамның танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде кызығу мазмұнына, мақсатына, кеңдігі мен тұрақтылык қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.

Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

Ұмтылу — адамның іс-әрекетті атқаруға талаптанып, белсен-ділігін қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдап, көз алдына елестете алмаса да, көздеген мақсатына жету үшін күш-қуатын жұмсап, талаптанады. Талап-танудың (ұмтылудың) нақты түрі — арман. Бұл — қалаған нәрсенін бейнесін қиял арқылы жасау әрекеті. Ұмтылуға құмарлық та жа-тады. Құмарлық — адамның өте зор күшін талап ететін қажет-тілігін орындаудағы ниеті, таным әрекетінде ол — ұнамды қасиет. Алайда, оның пайдалы және пайдасыз (жағымсыз) түрлері де бар. Білім алуға, мамандыкты игеруге деген кұмарлық —- пайдалы. Ал карта ойынында ақша тігіп ойнау, ішімдікке салыну, қыдыруға құмарлық — ұмтылу әрекетіндегі жағымсыз қылықтар.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті — оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Оидай ерекшеліктер мән-мазмұны мен мақсат-мүддесіне қарай пайдалы және зиянды сипатта болулары мүмкін. Өйткені, адам — табиғаттағы ен жоғары сатыдағы ақыл иесі ретінде жан дүннесінің құрылымы мен психнкасы аса күрделі субъект.