- •Мазмүны
- •§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектіс!
- •§ 2. Жалпы психология. Психикалық процестер мен
- •§ 3. Психология гылымының салалары мен тармақтары
- •§ 4. Психологияның зерттеу, әдістері
- •§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері
- •§ I, Пснхологяның философня мен жаратылыстану
- •§ 2. Ежелгі психология
- •§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім
- •§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
- •§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
- •§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы
- •§ 7. Қазақстанда психология ғылымынын даму жолы
- •§ 1. Өлі табиғаттың тірі та0иғатқа айналуы
- •§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер
- •37§ 3. Құлықтың инстннктті түрлері
- •§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті
- •§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы
- •§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің
- •IV тарау.
- •§ 1. Психиканыд даму сатылары
- •§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы
- •V т а р а у. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
- •§ 2. Қарым-қатынастық мән-жайьш зерттеу тәсілдері
- •VI тарау. Жеке адам және іс-әрекет
- •§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның
- •2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет
- •§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен
- •§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен
- •Уіі тарау. Психологияның жаратылыстық- ғылыми негізі
- •§ 1, Жүйке жүйесінің құрылымы
- •§ 2. Жоғары жүйк€ жүйесінің қызметі
- •3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —
- •Viiі тарау. Темперамент
- •§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
- •§ 2. Темиерамент туралы ілімнің дамуы
- •§ 4. Темперамент типтерінің сипаты
- •§ 5. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке
- •Генотиптігі
- •§ 2. Ұлттық мінез
- •§ 3. МІнездің құрылымы мен қасиеттері
- •§ 4. Мінез жэне темперамент
- •§ 5. Едіктеу және оның адам мінезін қадыптастыруда
- •§ 1. Қабілеттің жалпы снпаты
- •§ 2 Нышан және қябілет
- •§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы
- •Таным процестері
- •§ I. Түйсік туралы түсінік
- •§ 2, Туйсіктің физиологиялык, негіздері
- •§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу
- •§ 4 Түйсіктің жалпы зандылықтары
- •§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия
- •§ 6. ТүйсІктердің өзара байланысы мен дамуы
- •§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі
- •§ 2. Апперцепция жэне оныц қабылдаудағы рөлі
- •§ 3. Қабылдаудың вегізгі ерекшеліктері
- •§ 4. Бақылау және бақылампаздық
- •§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау
- •§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар
- •§ 7, Балаларда қабылдаудың дамуы мен калыптасуы
- •ХііІтарау. Ойлау
- •§ I. Ойлаудың адам дүниетанымындат маңызы
- •§ 2. Ойлаудын сезімдік таныммен жәие тілмен байланысы
- •§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық
- •§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері
- •§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері
- •6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
- •ХіУтарау. Сөйлеу және қатынас.
- •4 § І. Тіл, қатынас және сөйлеу
- •§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.
- •§ 3. Сөйлеудің түрдері
- •§ 4 Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
- •ХҮтарау. Қиял
- •§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
- •§ 2. Қиялдың физиологиялық негізі
- •§ 3 Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
- •§ 4. Арман, мұң
- •§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары
- •§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде
- •XVI тарау ес § і. Ес. Ес жайындағы теориялар
- •§ 2. Естің түрлері
- •§ 3. Естің жалпы сипаты
- •§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту
- •§ 5. Естің даралық ерекшеліктері
- •ХуіІтарау. Зейін
- •§ 1. Зейшнің анықтамасы
- •§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі
- •§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрдері және қасиеттері
- •§ 4. Зейінділік және адам зейінінің типтері. Зейіннің адам
- •XVIII тарау. Сезім
- •§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік
- •§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
- •§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті
- •§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары
- •§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •§ 6, Адамның сезім күйлерін меңгеруі.
- •XIX тарау. Ерік
- •§ 1. Ерік туралы түсінік
- •§ 2. Еріктің физиологиялык негізі
- •§ 3. Еріктің амал кезеңдері
- •§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру
- •§ 5. Ерікті тәрбиелеу
VI тарау. Жеке адам және іс-әрекет
ПСИХОЛОГИЯСЫ
Аяам - табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой ие;сі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның бірнеше саласы зерттейді. Мәселен, философия ғылымы адамның дүниетанымдык. көзқарасын, ақыл-ой өресін, санасын, анатомия мен физиология адамның денесі мен жүйке жүйесійің құрылысын, қыз-
65
метін қарастырады. Антропология — адамның қоғамдағы алатын орнын, табиғаттағы өзге кұбылыстараден байланыстылығын зерттеуді мақсат етеді. Тарих ғылымы адамның қоғам өміріндегі қарым-қатьшасын саралауды, ал педагогика адамға білім беру жүйесін қарастырып, оның қоғамның белсенді азаматы етіп қалыптастыруды көздейді.Психология ғылымды болса, адам жан дүниеснің сырын, психикасының даму зандылықтары мен жеке қасиеттергінің жетіліп, қалыптасу жолдарын зерттейді.
§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның
қоғамдық мэні
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологляңың алатын орны айрықша және ол — адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетек-ші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі — адамның өзіндік сипат-белгілері — оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіріпілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу кесіне (субъектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиетгер оның өзгелерге карым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қальштасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті онын мінез-кұлқынан, ниеттілегі мен бағыт-бағдарынан айқып байқалады, Ниеттілектердің, мәні адамның тіршілігшен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қыз-
66
ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады.
Сыртқы нэрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіңшілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялык дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер — тем-перамеиті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі. сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қальштасып, жеке адамның кісілік қасиеттерінің құрайды. Әрбір адамның мінез-құлык ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай-ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымын-дағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындагы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгсріп те, жаңа сапаларға ие больш та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшслік бар. Оның бірі —әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар Бұл — адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі — сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметіік факторларға негізделе отырьш қарастырылады. Биологиялық фактор — адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялык қасиеттер, ал әлеуметтік фактор — адамның дамьш жетілуіне тіршілік ортасы-ның, қоғамның тәлім-тәрбие істерінін әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады,
Адамның өзіндік психологиялык сипатын зерттеуде орын алатын іс-әрскет түрі — оның белсенділігі. іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тығыз байланысты. Іс-әрекеттід белсенді бо-
67
луы жайында психологияда әр алуан көзқарастар пікірлер бар, Соның бірі —Австрня ғалымы 3 Фрейтің пікірілері бар. Ол адамның белсенділігі инстпнктті әрекеттеріне; соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуат сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын сана, түрде басқарады. Алайда, 3. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық ет теудің шеңберінен шыға алмайды деп, “Эдип комплексіз дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушы Софоклдың “Эдип патша” атты шығармасының сарының уагыздайды.
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен 3. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі — айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, онын белсенділік әрекеттін, қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетел психологтар орынсыз деп санады Атап айтатын болса; А. Қординер, Е. Фромы, К. Хорни т. б. Фрейд көзқарасның кемшілігі ашып көрсете алмаса да, өздерінше “жаңа фрейдизм” деген ағымды тудырды
“Жана фрейдизм” ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады, “Жаңа фрейдшілдердің” ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ис болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К. Хорни адам қоғамнан аулақ больш, ға шығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дей. Сөйтіп, “жаңа фрейдшілдер” адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағат-тандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады
“Қажеттілік” дегенді калай түсінеміз? Кажеттілік адам -белсенділігінің негізгі себебі және іс-әрекстке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәнім-тәрбие ыкпалымен қальштасып, адам-ның материалдық, руханн. қоғамдық мұктаждықтарын қанағат-тандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық-даралық сипатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани-мәде-
68
ни ұстап-тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Мақажеттіліктерге тамақ киім-кешек, тұрғын үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа амдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімнің көтеріп,кітап, газет-журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б.мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылыжүзеге асады. Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарихи дамуына орай және оларды тұтыну объектісзне сәйкес түрлі-түрлі болып бөлінеді,
