
- •Мазмүны
- •§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектіс!
- •§ 2. Жалпы психология. Психикалық процестер мен
- •§ 3. Психология гылымының салалары мен тармақтары
- •§ 4. Психологияның зерттеу, әдістері
- •§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері
- •§ I, Пснхологяның философня мен жаратылыстану
- •§ 2. Ежелгі психология
- •§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім
- •§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
- •§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
- •§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы
- •§ 7. Қазақстанда психология ғылымынын даму жолы
- •§ 1. Өлі табиғаттың тірі та0иғатқа айналуы
- •§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер
- •37§ 3. Құлықтың инстннктті түрлері
- •§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті
- •§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы
- •§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің
- •IV тарау.
- •§ 1. Психиканыд даму сатылары
- •§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы
- •V т а р а у. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
- •§ 2. Қарым-қатынастық мән-жайьш зерттеу тәсілдері
- •VI тарау. Жеке адам және іс-әрекет
- •§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның
- •2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет
- •§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен
- •§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен
- •Уіі тарау. Психологияның жаратылыстық- ғылыми негізі
- •§ 1, Жүйке жүйесінің құрылымы
- •§ 2. Жоғары жүйк€ жүйесінің қызметі
- •3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —
- •Viiі тарау. Темперамент
- •§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
- •§ 2. Темиерамент туралы ілімнің дамуы
- •§ 4. Темперамент типтерінің сипаты
- •§ 5. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке
- •Генотиптігі
- •§ 2. Ұлттық мінез
- •§ 3. МІнездің құрылымы мен қасиеттері
- •§ 4. Мінез жэне темперамент
- •§ 5. Едіктеу және оның адам мінезін қадыптастыруда
- •§ 1. Қабілеттің жалпы снпаты
- •§ 2 Нышан және қябілет
- •§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы
- •Таным процестері
- •§ I. Түйсік туралы түсінік
- •§ 2, Туйсіктің физиологиялык, негіздері
- •§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу
- •§ 4 Түйсіктің жалпы зандылықтары
- •§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия
- •§ 6. ТүйсІктердің өзара байланысы мен дамуы
- •§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі
- •§ 2. Апперцепция жэне оныц қабылдаудағы рөлі
- •§ 3. Қабылдаудың вегізгі ерекшеліктері
- •§ 4. Бақылау және бақылампаздық
- •§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау
- •§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар
- •§ 7, Балаларда қабылдаудың дамуы мен калыптасуы
- •ХііІтарау. Ойлау
- •§ I. Ойлаудың адам дүниетанымындат маңызы
- •§ 2. Ойлаудын сезімдік таныммен жәие тілмен байланысы
- •§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық
- •§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері
- •§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері
- •6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
- •ХіУтарау. Сөйлеу және қатынас.
- •4 § І. Тіл, қатынас және сөйлеу
- •§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.
- •§ 3. Сөйлеудің түрдері
- •§ 4 Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
- •ХҮтарау. Қиял
- •§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
- •§ 2. Қиялдың физиологиялық негізі
- •§ 3 Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
- •§ 4. Арман, мұң
- •§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары
- •§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде
- •XVI тарау ес § і. Ес. Ес жайындағы теориялар
- •§ 2. Естің түрлері
- •§ 3. Естің жалпы сипаты
- •§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту
- •§ 5. Естің даралық ерекшеліктері
- •ХуіІтарау. Зейін
- •§ 1. Зейшнің анықтамасы
- •§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі
- •§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрдері және қасиеттері
- •§ 4. Зейінділік және адам зейінінің типтері. Зейіннің адам
- •XVIII тарау. Сезім
- •§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік
- •§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
- •§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті
- •§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары
- •§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •§ 6, Адамның сезім күйлерін меңгеруі.
- •XIX тарау. Ерік
- •§ 1. Ерік туралы түсінік
- •§ 2. Еріктің физиологиялык негізі
- •§ 3. Еріктің амал кезеңдері
- •§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру
- •§ 5. Ерікті тәрбиелеу
IV тарау.
ПСИХИКА ДАМУЫН БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ
ТҰРҒЫСЫНАН ТҮСІНУ
§ 1. Психиканыд даму сатылары
Психика (Ч) — тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың алғашқы ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Ал психиканың ең жоғары формасы — адамның санасы. Сана — адамның коғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады.
Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, әралуан нәрслерді түйсіну, қабылдау, елестету арқылы-көрінеді. Олардың адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап көруге болмайтын қасиеттері мен белгілері, өзара шартты байланыстары адамның абстрактылы ойлау формалары болып саналатын ұғым, пікір, ой қо-рытындылары арқылы танылып, жанама жолмен бейнеленеді. Соның нәтижесійде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстар-дың заңдылықтары, олардын пайда болып туындауы және өрістеп дамуы адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.
Жәндіктер мен хайуанаттар тіршілік ететін ортасына. қаншалықты бейімделгенімен, оны өзгертіп, қайта жасай алмайды. Ал адам оны өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес жоспарлы түрде өзгертуге шамасы келетінін нақты іс-әрекетімен дәлелдейді. Ол — табиғат қожасы. Осы орайда, В. И. Ленин “Философиялык дәптерлерінде” “Адамның санасы объективтік дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен катар оны жасайды”1 дейді.
Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, қызметін ғылыми тіректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Біз тіршілік етіп отырған Жер шары бұдан төрт жарым миллиард жыл бұрын шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым — үш миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалык қүбылыс болмаған. ¥зақ дәуірлерге созылған эволюциялык даму нәтижесінде Жер бетіңде тіршілік пайда болды. Соныя арқасында тірі
1 Ленан В. И. Шыгармалар. 38-том, 213-бет.
55
организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жәндіктерге күрделі кұбылыс — психиканы тудырды.
$ 2. Психика және жануарлар мен
адмның бейнелеу ерекшеліктері
I Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сырткы; заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Мұндай жайт психиканың, сыртқы орта мен объективтік шындыктың өзара шартты байланыста екенін көрсетеді Сыртқы нәрселердің адам миына эсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мст сезімдер, тағы басқа да психикалық процестер пайда болады. Сонымен, психика дегеніміз — үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялык процсетердід ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы корытылады. Адам езінің максат-мүдделеріне оран оларға тітіркеніп икемделеді. Осы жайттар психика адамның өзін қоршаған сырткы ортамен қарым-қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екенін көрсетеді.
Адам ясихикаеыньщ пайда болуы, дамып жетілуі — тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық енбегі, дыбысты тілі және сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды, Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, материалдық сипаты бар зат та емес, Ол — адамның миында бейнеленетін таңба,; әсер. Адам күнделікті Іс-әрекетінде максатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат-мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбектенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытура қолайлы жағдай тудырады.
Жануарлар психикасын адам психикасымен салыстырғанда, адам өзі өмір сүрген ортамея тығыз байланыста болып, белгілі заңдылық-тар бойынша дамиды, сыртқы
56
жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Сөйтіп, өз ықпаына бағындырады сырттан алынатыя сан алуан хабарларды бұрынан қалыптаскан іс тәжірибесімен салыстырады. Ненің пайдалы, ненің зияиды екеніне ой жүгіртіп, сарапқа салады.Адам пснхикасының дамуы болмыс пен дүниенің шындығын айна тәрізді бейнелеумен ғана шектелмей, оны ақыл-оймен саналы түрде қорытады. Мұндай әрекет дам психикасының терең сырларын, өзіндік ерекшеліктерін айқындай түседі. Адам психикасының дербестік сипаты сыртқы ортамен қатынаста болып, объективтік дүние мән-мазмұнының субъективтік түрде бейнеленуі үнемі бірлікте болып отыратындығын көрсетеді. Адамның психика-лық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі — сыртқы дүние мен болмыстын адам миында қалай бейнеленуіне байланысты. Әркімнің өмір тәжрибесіне, білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады. Болмыс пен шындықтық қаншалықты дұрыс бейнеленгендігі адамның қоғамдык-тарихи тә-жірибесімен салыстырылады. Мұндай жайт адамның өмір тәжірибесіне сүйене отырып бейнеленген ұғымдарын, ғылыми мағлұматтарын .мүлделерін шындыққа жанастыруда, олардың ақиқаттығын дәйектеуде -елеулі қадам жасайтындығын көрсетеді.
Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл — табиғи заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойғы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады, Материя табиғатын зерттеу әр қилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс ~ материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ішінде де қозғалыс, даму процестері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болып, үнемі өзгеріп, дамып отырады,
Барлық материяға — жайсыз заттардан бастап ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя — адам миына да тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі — материяның сыртқы әсерге жауан беруі. Жансыз заттың жанды—- материяға ауысуы да, оның қозғалыс түрі де өзгерістерге ұшырайды. Материяға тән жалпы қасиет — биологиялық бейнелеу формасы. Жанды матерняның
белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.
57
Бұл — сан жөнінен табиғат дамуындағы жана баскьа Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптген түрлері келіп шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне орай, әлсіз тітіркенуден бастап бейнеле- дің күрделі түрлері болып саналатьш түйсіну, қабылдау ес, ойлау сияқты формалары пайда болды. Сөйтіп, психикалық тіршілік әр түрлі салаға жіктеледі.
Барлық өсімдіктер мен жәндіктер дүниесіне тән биологиялық бейнелеу қасиеті — тітіркенгіштік. Тітіркіну — тірі организмдегі биологиялық мәні бар сыртқ әсерге жауап беретін биотоктік қасиет. Мұндай қасиет өте қарапайым бір клеткалы тірі организмдерде, мысалы, амебаларда да болады. Ал сол қарапайым, көзге кө- рінбейтін организмдердің биотоктік әсерлерге қозғалып тітіркенуі тропизмдер не таксистер деп аталады (бұл мәселе ұшінші тарауда толық баяндалған).
Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудін бір турі — сезімталдық — тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық сигнал (белгі) қызметін атқарады. Тірі организмдердің эволюциялық даму барысы мен тітіркену қасиетінің сезімталдық қасиетке өту жолында олар- дың тіршілік бейнесіне орай әр түрлі сезім мүшелері қалыптасады. Организмнің сыртқы жағдайдың әсеріне тіркенуі мен бейімделуі жіктеліп, бөліне бастайды. Әр бір мүше өз алдына арнайы қызмет аткаратьш дәрежеге жетеді.
Жануарлар психикасының бұдан кейінгі эволюциялық дамуында инстинкттік (соқыр сезімдік) әрекеттср мен дағдылар қалыптасады. Егер инстинкт жануарлардың әрекеті мен қылығындағы бейімделу қасиеті болса, ал олардың дағдылары әрбір жәндіктің дара тіршілігі-нің әрекеті болып саналады. Жануарлардың психикасы дамып, жоғары сатыға көтерілген сайын олардың өмір-ітіршілігінің ең, жоғары басқышы — иителлекттік мінез пайда болады.
Жануарлардың интеллектті мінезі — олардың заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелеу үстінде бұрын кездес-тірмеген жаңа міндеттерді шеше бастауы. Интеллекттік мінез — жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі ғана емес, олардың сол орта әсеріі қабылдап, әр қилы әрекет-қылық көрсетуі. Ал адам ба-ласы өзінің саналы әрекеті арқылы өмір сүрген ортсы-
58
на бейімделіп қана қоймай, оны жоспарлы түрде өзгертеді-