Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдамұpатов .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің

дамып шығуы және олардың қоғамдық-тарихн сипаты

Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардыд “тілі” мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шек-телсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл аркасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелер-

-49

ді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр турлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындар ерекшелік — олардың ойлау әрекетінде. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалық процеетің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығьш реміз.

Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекетгік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттеі жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда “құрал” қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар пси-|

5-сурет.

Майдың “құрал” қолданып жемісті алып жеуі.

хикасы олардың сырткы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдай тәуелді. Ал адамының нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудагы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іе-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумеи бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қажетіне колданады Ал жануарлар “құралды” тек

50

нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайлары жануар-лар “құралды” қажет болар-ау деп тани алмайды, Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғана белгілі бір мәнге ие болады. Олардың заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін. Бірақ олар өшқашан біріне-бірі кемектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.

Адамның жануарлардан басты ерекшелігінің бірі — енбек құралын ойлан, жоспарлап жасауы. Осы қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қол-данады. Адамның психикалық әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі - олардың қоғамдык тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде мең-гереді. Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдык тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірнбе адам психикасың дамытуға күш-ті ыкпал етеді, Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрскеттер жасап, құралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сөйтіп, адамзат баласының психикалық функцияларының жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеру-інде сапалық әзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән жоғары функциялар — ырықты зейін, ырықты ес, абстрактылы ойлау дамиды.

Адам сезімінің дамуы және абстрактылы ойлауы нәтижесінде болмысты бейнелеу тәсілдері өзара ұқсас. Сондықтан, адам айналасында болып жатқан жағдайлардың сырын білуге терең үңіледі. Өзіне әсер ететін заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды бейнелеп, олардың бір-біріне қатынас себептерін таниды, әр қилы эмоцияларға әсерленеді. Мұндай сипаттар — адам психикасының өзіндік төртінші ерекшелігі. Тек адам ғана басынан кешірген оқиғаларға қайғырып, қуанады. Басқа адамның басына түскен жағдайларға жанашырлық білдіріп, оларға жан дүниесімен тебіренеді. Табиғат әсемдігін қабылдап, оған шаттанады, жасампаздық істердің нәтижесіне қуаныш білдіріп, рақаттанады. Сөйтіп, саналы тіршіліктің түрлі сырларын танып, акыл-ой сезімін байытады.

Адам психикасының. жануарлар психикасынан тағы бір ерекшелігі сол — жануарлар дүниеешін дамуы биологиялық эволюция заңына тәуелді болса, ал адамзат

51

санасы қоғамнык тарихи даму заңдылықтарына бағынады. Адамдардың өзара карым-қатынасы мен өмір тәжірибесі оның көңіл-күйін, ырықты зейіні мен есте сақтауын, абстрактылы ойлау қабілетін жетілдіріп, жеке басының кісілік қасиеттерін қальштас-тырады. Адам психикасының қоғамдық даму сипатын түрлі себеп-термен жас кезінен жануарлар ортасында өскен адам баласының жағдайларынан толык аңғаруға болады. Барлық маугли балаларда жабайы аңдарға тән тіршілік сипаты мен реакциялық әрекеттер болған. Ал адамның жас кезінен қалыптасатын, әлеуметтік ортаға бейімделген сапалары байқалмаған. Егер маймылдың балалары өз үйірінен ажырап қалатын болса, олар тек маймылға тән әрекет-терінен жаңылмайды, Адам баласы адам болып өсуі үшін жарық дүннеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада өмір сүруі қажет.

Адам психикасы — бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психиканың даму сатыларын талдау нәтижесінде біз сананың пайда болуы биологиялык фактормен байланысты екенін түсінеміз. Адамның арғы тегі заттық әрекет ету негізінде ойлаған. Сөйтіп, жоғары жүйке жүйесінде, әсіресе, бас миында көптеген уақытша байланыстар жасауға қабілетті болған. Алғашқы адам дар қолға ұқсас алдыңғы аяқтарының көмегімен қажетті құралдар жасап, оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін түсінуде сана адамның қоғамдық қатынас-тарыньщ жиынтығы екенін айқын түсіне аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты — үйірленіп тіршілік етіп, топ-тасып өмір сүруі. Сөйтіп, олар өз жауынан қорғанған, тамақ табуда біріне-бірі көмектескен. Еңбекке қажетті құрал жасап қолданған, Еңбектёну әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар жасауға икемделіп, денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамның бас миынын жетілуіне зор ықпал еткен.

Еңбек әрекеті — қоғамдык дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатьшастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қнындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды, Сондықтан олар қауымдасьш, топтасып тіршілік етуге, біріне-бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адам-

52

дардың топтасқан мушелерінің қарым-қатынасы біртін-“өндірістік” қарым-катынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттық бірі еңбек.

Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Эволюция-лық дамудың ең жоғары сатысьша көтеріліп, заттық әрекетінің. мәнін шьшайы түсінетін болды, сөйтіи, акиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетнің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсьшыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді Өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауьшдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылық-тарының бірі. Жоғарыда аталғандай, жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланды. Өз қолынан шыққан құралдары оның қимылын, әрекетін дамытып, материалдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпаққа түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға шоғырланып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті — еңбек. Қоғамның бастапқы даму сатысы деңгейінің төмен болуынй орай алғашқыда ойлаудың да өресіз болғаны анық. Өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.

Күрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады іс-әрекеттердін, буындарға тарамдалуы өндіріс құралдарыньщ түр-түрін шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыратын деңгейге жетті. Мұндай қажеттіліктер адамдардың абстрактылы ойлау әрекетінің дамуына да пайдалы әсерін тигізеді. Осы орайда,

Қ. Маркстіа адам табиғатқа әсер ете отырып, әз табиғатын да дамытады дейтін пікірі — өте дұрыс қағида. Адам мен табигат арасындағы қатынас өндіріс әрекетімен ұштасады. Енді сол адамдар өздерініқ зат алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетеді. Табиғаттан өз қажеттерін өтейтін заттарды өңдіріп, іске жарату процесінде адам өзініқ бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың

53

дамып, жетілуіне пайдалы әсердін. барын біледі. ДенеІ мүшелері әр алуан қимылды қозғалыстар үстінде өзге~| рістерге ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың атка. ратын жаңа қызметтері қалыптасады, ептілігі артып| анатомиклық өзгерістерге ұшырайды. Қол мен иықтыі білектің көлемі өзгеріп, буындар шапшан, қозғалаіыні болады. Қол заттарды ұстау органы қызметін атк.аруг:ен| бірге, адамның таным құралына да айналады. Саусзқ-| тардың жетілуі адамның сипап білу сезімдерін жетілді-і ре түсті, И, М. Сеченев қолдың түрлі қызмет аткарушіа' баса мән беріп, оны сипап сезінудін нәзік органы дегей| болатьш.

Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, түрлі за г-қа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын бол^ ды. Сондай-ақ, қол материалдық дене жөнінде бағалі мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ғанг емес, сол еңбектердІЕ жемісі. Онын, дамуы адамнын. кіл органдарьшың дамуына да әсер етеді. Қолдың күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетілуі1! адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді.:

Қолмев істелетін сан килы еңбек әрекеті көздін, бакы-і лауьшен ұштасып, адамның көру органының дамуыка* әсерін тигізеді. К,ол мен көздің бір-біріне сәйкестеніпі отыруы адам организмінің бүкіл кимыл-қозғалысын рет-і теп отырады да, оның танымдық өресін кеңейтеді. СөЦ тіп, оның сезіну қызметінің өзгеруі бас миыньщ жетіліпз көлемінін, арта түсуіне колайлы жағдай тудырады. Бас миында колдын, зрекетін реттейтін орталыктың жасалуі адамның пскхикасы мен әрекетініи барынша күрделенія| отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенің сырын неғұр-лым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктер-] дің бәрі — адамның едбек әрекетінің жемісі. Еңбек егуі нәтижесінде адамзаттың қоғамдық" өмірі құрылды, рым-қашнас жасаудың жоғары формасы — олардьщ! дыбысты тілі жетіліп, адам сана аркылы болмыстын шындығын тепе-тең етіп бейнелей алатын болады. Енбск| процесінде адамнық саналы әрекеті калыптасып, бейне-леу формалары жетіле түсті.

Тарихй даму продесінде екі шешуші фактор — енбекі пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға]1 жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдение-"-ті меңгерді.

Сана — йсихика дамуының еа жоғары сатысы. Ол -гек ақыл иесі — адамдарға ғана тән қасиет.

54