
- •Мазмүны
- •§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектіс!
- •§ 2. Жалпы психология. Психикалық процестер мен
- •§ 3. Психология гылымының салалары мен тармақтары
- •§ 4. Психологияның зерттеу, әдістері
- •§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері
- •§ I, Пснхологяның философня мен жаратылыстану
- •§ 2. Ежелгі психология
- •§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім
- •§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
- •§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
- •§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы
- •§ 7. Қазақстанда психология ғылымынын даму жолы
- •§ 1. Өлі табиғаттың тірі та0иғатқа айналуы
- •§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер
- •37§ 3. Құлықтың инстннктті түрлері
- •§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті
- •§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы
- •§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің
- •IV тарау.
- •§ 1. Психиканыд даму сатылары
- •§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы
- •V т а р а у. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
- •§ 2. Қарым-қатынастық мән-жайьш зерттеу тәсілдері
- •VI тарау. Жеке адам және іс-әрекет
- •§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның
- •2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет
- •§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен
- •§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен
- •Уіі тарау. Психологияның жаратылыстық- ғылыми негізі
- •§ 1, Жүйке жүйесінің құрылымы
- •§ 2. Жоғары жүйк€ жүйесінің қызметі
- •3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —
- •Viiі тарау. Темперамент
- •§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
- •§ 2. Темиерамент туралы ілімнің дамуы
- •§ 4. Темперамент типтерінің сипаты
- •§ 5. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке
- •Генотиптігі
- •§ 2. Ұлттық мінез
- •§ 3. МІнездің құрылымы мен қасиеттері
- •§ 4. Мінез жэне темперамент
- •§ 5. Едіктеу және оның адам мінезін қадыптастыруда
- •§ 1. Қабілеттің жалпы снпаты
- •§ 2 Нышан және қябілет
- •§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы
- •Таным процестері
- •§ I. Түйсік туралы түсінік
- •§ 2, Туйсіктің физиологиялык, негіздері
- •§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу
- •§ 4 Түйсіктің жалпы зандылықтары
- •§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия
- •§ 6. ТүйсІктердің өзара байланысы мен дамуы
- •§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі
- •§ 2. Апперцепция жэне оныц қабылдаудағы рөлі
- •§ 3. Қабылдаудың вегізгі ерекшеліктері
- •§ 4. Бақылау және бақылампаздық
- •§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау
- •§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар
- •§ 7, Балаларда қабылдаудың дамуы мен калыптасуы
- •ХііІтарау. Ойлау
- •§ I. Ойлаудың адам дүниетанымындат маңызы
- •§ 2. Ойлаудын сезімдік таныммен жәие тілмен байланысы
- •§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық
- •§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері
- •§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері
- •6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
- •ХіУтарау. Сөйлеу және қатынас.
- •4 § І. Тіл, қатынас және сөйлеу
- •§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.
- •§ 3. Сөйлеудің түрдері
- •§ 4 Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
- •ХҮтарау. Қиял
- •§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
- •§ 2. Қиялдың физиологиялық негізі
- •§ 3 Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
- •§ 4. Арман, мұң
- •§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары
- •§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде
- •XVI тарау ес § і. Ес. Ес жайындағы теориялар
- •§ 2. Естің түрлері
- •§ 3. Естің жалпы сипаты
- •§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту
- •§ 5. Естің даралық ерекшеліктері
- •ХуіІтарау. Зейін
- •§ 1. Зейшнің анықтамасы
- •§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі
- •§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрдері және қасиеттері
- •§ 4. Зейінділік және адам зейінінің типтері. Зейіннің адам
- •XVIII тарау. Сезім
- •§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік
- •§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
- •§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті
- •§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары
- •§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •§ 6, Адамның сезім күйлерін меңгеруі.
- •XIX тарау. Ерік
- •§ 1. Ерік туралы түсінік
- •§ 2. Еріктің физиологиялык негізі
- •§ 3. Еріктің амал кезеңдері
- •§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру
- •§ 5. Ерікті тәрбиелеу
§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
айналуы
XIX ғасырдың ортасьшдағы психикалық іс- әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зсрттеу объектілері мен оның әдіс-тәсілдері айқындалды. Сол кезеңге тән философиядағы позитивизм (Огюст Конт — 1798 — 1857), иррационализм (А, Шопенгауэр — 1788 — 1860), волюнтаризм. вульгарлық волюнтаризм бағыттары тұтынған қағидаладың мақсаты, түптеп келгенде, психикалық құбылыстарды идеалистік және кертартпа жолға салу еді. Мұндай бағыттар В. Вундт, Джемс, Бергсон, 3 Френд сияқты психолог ғалымдардың болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына теріс ықпал етт Г. Вульгарлык риализм ағымы (Мелешотт, Бюхнер, Чольбе т. б.) деректі материализмді дәріптеп, адамның мидың қызметі түріндегі ойлауы бауырдың өтті бөліп шығаратыны сияқты қатынаста болады деген қате пікірді қолдады. Бұл зерттеушілердің психология саласына қатысты іргелі кұбылыстарды қарастыруы сыңаржақты сипатта болып, адамның жан дүниесі жайьшдағы түбегейлі мәселелердің шындығын аша алмады.
Адамныц санасы мен жеке басына тән мінез-құлқының тарихи тұрғыда әлсуметтік өмірмен, қоғамның жағдайымен ұштаса қалыптасатындығын XIX ғасырда орыстың революцияшыл демократтары В. Г. Белнвсһий (1811 — 1848), А. И. Герцен (1812-1870), Н. А. Добролюбов {1836—1861), Н. Г. Чернышевскнй (1827— 1889) бірыңғай материалистік негізде гуманистік жолмен зерттеді. Сөйтіп, адам психикасының қыр-сырын табиғи тұрғыдан іздестірді. Осы дәуірде психика мен сананың дамуы туралы диалектикалық және материалистік ілім өріс алып, ол өткен дәуірлердегі саяси экономикамек, социализм жайындағы болжамдармен ұштасты.
Г. Гегель (1770 — 1831) өз еңбектерінде сананың тарихи адамның даралық ерекщеліктерімен байланысты қарастырды.
Психиканың дамуы, адамның табиғн мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамудың негізгі екендігі К. Маркс, Ф Энгельс,
Л. Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалды, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін акыл-ой иесі ретінде анықталды. Сөйтіп, XIX ғасырда адам-
28
ның жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мәнге не болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайы мәні айкындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат-міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.
Психологияның ХІХ ғасыр ортасында дербес гылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі — физика мен хнмия, физиология мен биология, дарвинизм мен рсфлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологисы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері
Психология пәніи өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннін тәжірибелік (эксперименттік) ғылым іксндігіи айқын сезіне аламыз. Бұл аныктаманың мәнісин әрбір психикалық құбылыстар мен психологиялык сипаттардың сырын, мән-жайын арнайы тәжірнбелер қолданып анықтауға болатындығымен түсіндірген жөн. Осы орайда, біз бұл пәннін, тәжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге және теориялық көзқарастарға сүйене отырын баяндаймыз. Мәселенг 1) В. Вундт және Ф. Брентано (1838—1917) көзқарастарындағы психикалық кұбылыстардын әуел бастан “өзінше пайда болуы” деген пікірлердің дәрменсіздігі;
2} И. М. Сеченев зерттеулерінде организм мен оныд тіршілік ортасы өзара қатынасы — алғашқы, ал психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны — нәтиже деп саналуы. Сөйтіп, Сеченевтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға тәуелді деп қарастырылуы; 3) психологияның дербес тәжірибелік ғылым болып қалыптасуына тірек болған көзкарастардың философиялық және биологиялық негіздері; 4) ар кезевде тарихи жарынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организмнін биологиялық құрылымы; 5) организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы аристотельдік, декарттық жәнс дарвиндік зерттеу нәтижелері.
XIX ғасырдын ортасында психологияның дербес және тәжірибе-лік пән болып тарихи қалыптасуы нәтижесіндс адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттсу қызу жүргізіледі. Өмір тіршілігінің мұндай талаптары психологияның жаңа салалары мен тармақтарынын өркен жайып дамуына қолайлы жағдай тудырды. Осы жағдайлар адамтану ғылымдары арасында психолгияның
29
жетекші орын алатындығын айкын аңғартты және сол кезеңде бұл пәннің мынадай салалары өрбіді: экспери-ментальдік психология, бұл сала қазіргі кезде жалпы психология деп аталады; дифференциалды психология, оның негізгі зерттеу объектісі — адамның даралық ерекшеліктері; балалар мен тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы; жануарлар психолегиясы; әлеуметтік және мәдени-тарихи даму психологиясы; психотехника.
Психологияның дамуындағы осы кезенде әрі түрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де тарих сахнасына келіп, бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар: Э Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі — В. Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті); Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеулер арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К. Марбе, И. Орт, А. Майер, Г. Уотт, А. Мессер, Н. Ах, К. Бголер, О Зельц). Бұл мектептің негізі Германняда қаланды.
Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі максаты — психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, адамның мінез-кұлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р. Вудвортс (1869—1962) болды.
Бихевиоризм — XX і-асырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торнданк (1874—1949).
Гештальт — психология — Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қаалаған Макс Вертгеймер (1880—1943). “Гештальт” немісше — тұрпат, түр, форма, құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты — жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.
Фрейдизм. Бұл — Австрия ғалымы 3 Фрейд (1856— 1939) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.
Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып, бірсьшыра ғылымдармен байланыста болады.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алып, XX ғасырдың басында өрістеген психология пәнінің дербес ғылымға айналуы-мен тәжірибелік сипат алуына неміс психологтары көп үлес қосты
30
XX ғасырдын, 30—40 жылдарында капнталистік елдерде бихевиоризмйін психология ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт-бағдары және ғылыми маңызы бар когнитизтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, таньш білу), гипотезалық-дедукцияльқ бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік бихевиоризм және неофрейдизм тәрізді жаңа бағыттары пайда болды.Неофрейдизм - (көрнекті өкілі — X. Кории, 1885—1953} — биологиялық еліктеудің әлеуметтік факторлармен бай-ланысын нсихологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологі Курт Левин (І890—1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынасын карастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл-ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т, б мәселелерді бір жүйемен қарастырған біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман-швейцариялық Жан Пиаже (1896—1980).
Бүгінгі таңда психология пәнінің өрістеп, кеңінен дамуы адамды зерттеп, оның жан дүниесіне терең бойлау қажеттігінің артып отырғандығын көрсетеді.