
- •« Кавказ халықтарының музыкасы»
- •Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы.
- •Мұхит Мералыұлы мен Естай Беркімбайұлының шығармашылығы.
- •Дауыс ашу жаттығулары:
- •2. Аппақ біздің шанамыз ,
- •Шығармашылығы.
- •1. Елдің жырын жырлаған ,
- •5 Сынып «Атамұра» бағдарламасы.
- •Сүгірдің күйшілік мектебі.
- •Музыкалық сауат ашу:
- •Бірлігі мейрамы.
Сүгірдің күйшілік мектебі.
Сүгір Әлиұлы Шымкент облысының созақ ауданында дүниеге келген. Сүгір - өзінен бұрынғы шертпе күй дәстүрін жалғастырумен бірге , күйшілік өнерде қайталанбас із қалдырған өнер иесі. Сүгірдің әрбір шығармасы тек сол туындыға ғана тән ерекше сипатта. Оның лирикалық әуезді күйлері бірде Оңтүстік Қазақстан өңірінің күйлерімен сарындас келеді.
Сүгір - өзінің «Телқоңыр» , «Майда қоңыр» , «Жолаушының жолды қоңыры» , « Назтолғау» , «Кертолғау» , «Қосбасар» , «Аққу» , «Бес жорға» , «Шалқыма» атты күйлері арқылы қазақ күй мұрасына өзгеше үлес қосқан күйші.
Сүгір күйлерін ел арасында кеңінен насихаттап , кейінгі ұрпақтар кәдесіне асырған оның айтулы шәкірті , әйгілі күйші Төлеген Момбеков болды.
Музыкалық шығармаларды тыңдау:
Сүгірдің күйі «Телқоңыр»
Т.Момбековтың күйі «Салтанат»
Сүгірдің күйі « Аққу»
Шығармашылық жұмыс : № 3 сөзжұмбақ
(Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде , «күйші» сөзі шығады)
1. Абылдың күйі.
2. Халық композиторы Есірдің күйі.
3. Құрманғазының күйі.
4.Махамбеттің көңіл күйін, өкінішін білдіретін күйі.
5. Халық күйі.
№3. К е ң е с, К ү н т а й , А қ б а й , Ө к і н і ш , К е л і н ш е к.
Дауыс ашу жаттығуларыларды орындау:
Әндету:
Анаға сәлем
Әнін жазған Е.Хасанғалиев. Өлеңін жазған О.Иманәлиев.
1. Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді.
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді.
Қайырмасы:
Көргенше алаңмын,
Аңсаймын , толғанам .
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған .
2. Бөбегің оянса ,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың.
Қайырмасы:
3 .Аялап алақан ,
Әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген.
Қайырмасы:
4. Сырымды ұғатын
Өзіңсің қуатым .
Күнімсің шығатын ,
Айымсың туатын.
Қайырмасы:
Қорытындылау:
* Шертпе күй шебері кім?
* Сүгір Әлиевтың күйлерін ата.
* Сүгірдің күйшілік мектебін жалғастырушы
айтулы шәкірті кім?
* Төлеген Момбековтың күйлерін ата.
* «Анаға сәлем» әнінің авторлары кім?
* «Салтанат» күйі кімге арналады?
Үйге тапсырма:
* Дәстүрлі күйшілік өнер иелерін тану , насихаттау.
* Шертпе күй шеберлерін әңгімелеу.
* Қаратау өңірінің күйшілік өнерінің ерекшеліктері.
* «Анаға сәлем» атты әнді жаттау, әндету.
* № 3-ші сөзжұмбақты жазу , шешу.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Мерзімі: Сыныбы: 2/5
Тоқсандық тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер .
Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі.
Сабақтың мақсаты: Халық күйі арқылы қазақтың көне әдет-
ғұрыптарын, салт – дәстүрлерін баланың
бойына сіңіру, күйді тыңдата білуге баулу.
Білімділік мәні: Халық күйлерін, аңыз - күйлерінің шығу
тарихын насихаттау.
Дамытушылығы: Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау
қабілеттерін қалыптастыру, әнді
сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке
халық күйлері арқылы тәрбиелеу .
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,
ән тексті, суреттемелер,т.б.
Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану.
Пайдаланған әдебиеттер: «Музыка» оқулығы 5 кл «Атамұра»
бағдарламасы бойынша.
Авторлары:А.Жайымов . Б.Ысқақов .Ж.Еңсепов .Ж.Сәрсембенов.
№ |
Сабақ барысы |
уақыты |
Жоспары |
1 |
Ұйымдастыру |
2 минут |
Сәлемдесу,әнұран әндету. |
2 |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Халық күйшілері |
3 |
Жаңа сабақты түсіндіру |
8 минут |
Наурыз мерекесі |
4 |
Музыкалық тыңдау |
3 минут |
«Наурыз күйі» |
5 |
Әндету |
8 минут |
«Наурыз біздің әніміз» |
6 |
Шығармашылық жұмыс |
3 минут |
Жеті санының құпиясы. |
7 |
Музыкалық сауат ашу |
7 минут |
Дыбыс қатары |
8 |
Қорытындылау |
5 минут |
Наурыз мерекесі шығарма жазу |
9 |
Бағалау |
3 минут |
«5», «4», «3». |
10 |
Үйге тапсырма |
2 минут |
Салт - дәстүр сақтау |
Сабақтың барысы:
-Иә, саламатсыңдарма балалар?
-Бүгін бізде қандай мереке қарсаны?
-Жарайсыңдар! –ал біздің сабағымыздың тақырыбы да,
Наурыз мейрамы.
Шығыс елдерінде Наурыз айы - жыл басы халық тойы.
Наурыз тойы парсы тілінде «нау- жаңа» , «руз – күн» деген сөздерден құралған .Жылдың бірінші күні деген ұғым.
Наурыз мерекесі халифатты басқарып отырған Әли имамның тойланатын мерекесі болса, ал Наурызда жасалатын көже 22 наурызда туған Мұхаммед пайғамбарға бағышталған қасиетті тағам деп жарияланған.
Наурыз күні ер адамдар қосқалдасып амандасып , төс соғыстырып ,құшақ айқастырады , онысы «Өмір тірегім – төсім тіршілік көзім - екі қолым аман – сау болсын» дегенді білдіреді.
«Кеудесі түкті Жер –Ана , құт дарын жарылқа!»- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып , жаңа егілген ағаштарға ақ шашады.
Жыл басы - Наурыз (21 – 22 жұлдызында) күн мен түн теңелу сәтінде тойланады.
Музыкалық шығарманы тыңдау:
«Наурыз» күйі Ә. Қонысбеков.
Шығармашылық жұмыс:
Жеті санының құпиясы.
Адамзат баласы жетілер желісіне көгенделіп , жаралып , жетіліп , түгенделіп , толығып отырған.
«Жеті» саны құпиялы , белгісіз тылсым сырға жетелейді.
(Жауабын жазып ,жаттап ал.)
Жеті ата - қан
Жеті қарақшы - Тәңір(жылу , жарық)
Жеті шелпек - нәр , арқау
Жеті күн - уақыт
Жеті қат жер - негіз
Жеті қазына - сый
Жеті жарғы -күш (бағыныш құралы, заң)
Дауыс ашу жаттығулары:
(Жаңылтпашты төмен - жоғары дыбыс
қатарымен әндетіп дауыс ашу жаттығуына айналдыр)
Қара аралар ,
Қара аралар ,
Қараланың үйірін ,
Бөрі аралар , бөрі аралар.
Әндету:
Наурыз - біздің әніміз.
Әнін жазған А.Жайымов . Өлеңін жазған Қ.Сыдық.
1. Наурыз келді жадыраған , жайнаған ,
Салтанатты сауық – сайран айналам.
Наурыз тойда қыр мен ой да , 2
Қала – дала қызық думан қайнаған .
Қайырмасы:
Наурыз , Наурыз – сәніміз ,
Наурыз – біздің әніміз .
Наурыз тойда күліп-ойнап ,
Шат көңілмен ән шырқаймыз бәріміз.
2. Наурыз келді , шарықтайды жыр бүгін ,
Қуанышпен құшақтаймыз қыр гүлін.
Берекелі мерекеде көк жүзінен
Күлімдейді нұрлы күн.
Қайырмасы:
Қорытындылау:
* Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу.
* Наурыз қай мезгілде басталады?
* Наурыз туралы қандай ән , күй білесің?
* Наурыз сөзіне талдау жаса.
* Наурыз көженің құрамындағы дақылдарды атап бер.
Үйге тапсырма:
* Наурыз мерекесі жайлы әңгімелеу.
* «Наурыз - біздің әніміз» атты әнді жаттап әндету.
* Жаңылтпашты үзбей әндету.
* Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін бейнелеу.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Мерзімі: Сыныбы: 2/6
Тоқсандық тақырыбы: Қазақтың ұлттық би өнері.
Сабақтың тақырыбы: Шара Жиенқұлова
Сабақтың мақсаты: Халық күйі арқылы қазақтың көне әдет-
ғұрыптарын, салт – дәстүрлерін баланың
бойына сіңіру, күйді тыңдата білуге баулу.
Білімділік мәні: Халық күйлерін, аңыз - күйлерінің шығу
тарихын насихаттау.
Дамытушылығы: Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау
қабілеттерін қалыптастыру, әнді
сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке
халық күйлері арқылы тәрбиелеу .
Сабақтың әдісі : Жаңа сабақ.,әңгімелеу , әндету ,
талдау,тыңдау ,сауат ашу , бейнелеу.
Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,
ән тексті, суреттемелер,т.б.
Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану .
Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5 кл «Атамұра»
бағдарламасы бойынша.
Авторлары:А. Жайымов,Б.Ысқақов.Ж.Еңсепов.Ж.Сәрсембенов.
№ |
Сабақ барысы |
уақыты |
Жоспары |
1 |
Ұйымдастыру |
2 минут |
Сәлемдесу,әнұран әндету. |
2 |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Күйшілік өнер |
3 |
Жаңа сабақты түсіндіру |
10 минут |
Қазақтың ұлттық би өнері |
4 |
Музыкалық тыңдау |
3 минут |
«Ұтыс биі» |
5 |
Әндету |
8 минут |
«Биші болам өскенде»
|
6 |
Шығармашылық жұмыс |
3 минут |
Бидің түрлері |
7 |
Музыкалық сауат ашу |
10 минут |
Ырғақ. Екпін. |
8 |
Қорытындылау |
5 минут |
Шара Жиенқұлова |
9 |
Бағалау |
3 минут |
«5», «4», «3». |
10 |
Үйге тапсырма |
2 минут |
Ұлттық би өнері |
Сабақтың барысы:
-Иә , саламатсыңдарма балалар ?
Мінекей бүгінгі біздің сабағымыз музыка өнерінің тағы да бір түрі би өнерімен байланысты.
Қазақтың ұлттық би өнері.
Би - музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі .
Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып , күні бүгінге дейін өркендеп келеді.2 Би өнері халқымыздың
салт – дәстүр , тұрмыс – тіршілігіне байланысты туындаған.
Ертедегі қазақ билері үй ішінде биленетін болғандықтан ,
Дененің алуан түрлі қимыл – қозғалыстары , бет - әлпет 2құбылулары арқылы бейнеленген . Белгілі музыкалық шығармалар , күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланған.
Мысалы: «Қаражорға» ,«Бүркіт биі» ,«Қазқатар» ,«Аю би»,
«Киіз басу» , «Өрмек тоқу» , «Аққу» , «Ортеке» билері .
Қазақтың ұлттық би өнері отызыншы жылдары сахналық өнердің бір түрі ретінде тағы бір сатыға көтерілді.Оның басында жан – жақты өнер иесі , әрі артист, әрі ұстаз , асқан ш2ебер биші Шара Жиенқұлова болды.
Шара «Қыз Жібек» , «Жалбыр» , «Ер Тарғын» , сияқты алғашқы қазақ операларындағы би көріністерін орындаумен бірге ұлттық би өнеріміздің әрі қарай қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Шара Жиенқұлова - ұлттық би өнерінің көптеген өкілдерін тәрбиелеген ұлағатты ұстаз.
Музыкалық шығарманы тыңдау: « Ұтыс биі»
« Ұтыс» - би жарысы . Би суырыпсалмалық тәсілмен күрделі
қимылдар жасау арқылы орындалады. Жарысқа қатысушы бишілер кезек – кезек шығып , бір- бірінен өнерлерін асыруға тырысады.
Дауыс ашу жаттығулары :
* Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс.
* Дыбысты үзбей, созып орында.
* Әнді асықпай, мәнерлеп орында.
* Әнді мұғалімнің қолының қимылына қарай бірдей бастап,
бірдей аяқта.
Әндету:
Биші болам өскенде.
И. Нүсіпбаев Х.Талғаров.
Ақ көйлегім үстімде ,
Би билесем «Айгөйлек"
Қой демейді ешкімде,
Шаршамаймын дөңгелеп.
Қой демейді ешкімде,
Шаршамаймын дөңгелеп.
Достарым бар қуанып ,
Тамашалар кештерде .
Тал шыбықтай бұралып ,
Биші болам өскенде.
Тал шыбықтай бұралып ,
Биші болам өскенде.
Шығармашылық жұмыс:
Шара Жиенқұлованың шығармашылығы жайлы
рефераттық ізденіс жұмыстарын жүргізу.
Қорытындылау :
Ұлттық би өнері .
Бидің қандай түрлерін білесіңдер?
Ежелгі би өнерінің үлгілері туралы әңгімелеу.
Ұлттық билерді ата.
«Ұтыс» биінің шарты қандай?
Шара Жиенқұлованың шығармашылығы.
Үйге тапсырма:
* Би өнері туралы өзімдік жұмыс жасау.
* Ұлттық би өнерінің шебер бишілер2ін ата.
* Ұлттық бимен кәсіби бидің айырмашылығын әңгімеле.
* Ежелгі би өнері қалай дамыды.
* «Биші болам өскенде» әнің жаттап әндету.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Мерзімі: Сыныбы: 2/6
Тоқсандық тақырыбы: Музыкамен әдебиеттің байланысы.
Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа сапар
Сабақтың мақсаты: Оқушының дүние танымын оятуда, жан-
жақты ой өрісін кеңейтуде , мерекелік
салтанатты кештерді атап өтуге баулу.
Білімділік мәні: Ғарыш туралы мәліметтер жинау арқылы
олардың шығу тарихын зерттеу.
Дамытушылығы: Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау
қабілеттерін қалыптастыру, әнді
сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілік
қабылеттерін әнге баулу арқылы түйсіктерін
оята тәрбиелеу .
Сабақ әдісі : Жаңа сабақ, әңгімелеу,әндету ,тыңдау ,талдау .
Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,
ән тексті, суреттемелер,т.б.
Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих ,жаратылыстану .
Пайдаланған әдебиеттер: «Музыка» оқулығы 5 кл «Атамұра»
бағдарламасы бойынша.
Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов. Ж.Еңсепов, Ж.Сәрсембенов.
№ |
Сабақ барысы |
уақыты |
жоспары |
1 |
Ұйымдастыру |
2 минут |
Сәлемдесу,әнұран әндету. |
2 |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Ұлттық би өнері . |
3 |
Жаңа сабақты түсіндіру |
10 минут |
Ғарышқа сапар әңгімелеу. |
4 |
Музыкалық тыңдау |
3 минут |
Интервалдар. |
5 |
Әндету |
8 минут |
«Биші болам өскенде» |
6 |
Шығармашылық жұмыс |
3 минут |
№ 6 тапсырма |
7 |
Музыкалық сауат ашу |
10 минут |
Арақашықтықтар |
8 |
Қорытындылау |
5 минут |
Ғарышқа сапар. |
9 |
Бағалау |
3 минут |
«5», «4», «3». |
10 |
Үйге тапсырма |
2 минут |
Арақашықтықтар ереже . |
Иә, балалар бүгінгі жаңа сабағымыз өздеріне өте қызықты да , танас әр бір баланың арманы ғарышқа ұшу , яғни «Ғарышқа сапар» жасаймыз.
Тарихқа тоқталып өтетің болсақ , 1957 жылдың ақпан айында дүние жүзінде тұнғыш рет конструктор С.П.Королевтың басшылығымен жасалған жасанды жан серігі ғарышқа шақырылды. Бұл адамзат тарихынлда бұрын – сонды болмаған үлкен ғылым жетістігі еді. Сол кезден бері қарай ғарышты зерттеу ғылымы кең өріс алды.
1961жылы 12 сәуір күні тағы бір жаңалық бүкіл әлемді
дүр сілкіндірді. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин «Восток»
коралімен ғарыш кеңістігіне көтерілді.
Қазақтың Байқоңыр ғарышқа айлағы әлемге әйгілі болды .
Араға отыз жыл салып қазақ халқының тұңғыш ғарышкері
Тоқтар Әубакіров 1991 жылы қазан айының
жұлдызы күні тылсым әлем тұңғиығына самғады.
Одан кейін тағы бір сұңқар ұлы - Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет сапар шегіп, халықаралық экипаж құрамына қатысты.