Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сын Музыка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.47 Кб
Скачать

5 Сынып «Атамұра» бағдарламасы.

Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов, Ж.Сәрсембенов.

Сабақ барысы

уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,әнұран әндету.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Халық күйшілері.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

10 минут

Ықылас Дүкенұлы

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Ерден», «Қасқыр», «Аққу»

5

Әндету

8 минут

«Қобызым» әні

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

№ 4 тапсырма

7

Музыкалық сауат ашу

10 минут

Дыбыс ұзақтығын бекіту.

8

Қорытындылау

5минут

Қобыз сарыны

9

Бағалау

3минут

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 минут

Күйлердің шығу тарихы.

Сабақтың барысы:

-Иә, саламатсыңдарма балалар ?

Бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Қобыз сарыны Ықылас Дүкенұлы.

Ықылас Дүкенұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулетінен шыққан.Өз әкесі Дүкенде , оның әкесі Алтынбек те асқан қобызшы болған.

Қорқыттан қалған дәстүрлі қобыз тартуды қайта жаңғыртып , жандандырған Ықыластың күй өнері Ашай , Әйкен ,

Сүгір сынды шәкірттері арқылы жалғасын тапты.

Ертеден келе жатқан қобыз үнін бүгінге жеткізушілердің бірі болған Ықылас – «Айрауық» , «Аққу» , «Асанқайғы» , «Ерден» , «Бозторғай» , «Қасқыр» , «Саржан төре» , «Шақыру» сынды күйлер қалдырған ірі композитор.

Музыкалық шығарманы тыңдау:

Ықыластың күйі «Ерден» , «Қасқыр» , «Аққу».

Ертеде Найман елінің Ерден деген батыры болыпты.Ол тек батырлығымен ғана танылмай дәулескер қобызшы болған деседі. Ерденнің Әйменді деген жалғыз ұлы қайтыс болып қайғы жұтып , қасірет шеккен халі бүкіл Бағаналы елін дағдартады.

Көңіл айтуға келген Ықылас «Өлімнің жолы ауыр ғой , өлгеннің артынан өлмек жоқ , тірі адам тірлігін істейді» деп , азалы шаққа қаншалықты араша түскісі келіп төрдегі

қобызды ала салады да шалып -шалып жібереді.Жай шалмайды , үш күн бойғы Ерденнің «беу , жалғызым , құлынам!» деп күрсіне егілген сөзін сөйлете сызады. Қыл қобыз ішегін тарта жылап , азалы жанның зарын төгеді.

Ықыластың осы жолы Ерден алдында тартқан көңіл айту күйі

ел арасында «Ерден» деген атпен тарап кетеді.

Шығармашылық жұмыс: № 4 тапсырма.

Мына күйлердің авторлары кімдер ?

  1. «Аман бол , шешем , аман бол» 6. «Сауыншы»

  2. «Топан» 7. «Салтанат»

  3. «Сылқылдақ» 8. «Ерден»

  4. «Құс қайтару» 9. «Желмая»

  5. «Бес жорға» 10. « Көңіл ашар»

Дауыс ашу жаттығулары:

* Әнді баяу , ойлана , тыңдап ,сөзін анық айтуғы тырысамыз.

* Мәтініне көңіл бөл , ән не туралы айтылуда?

Әндету:

Қобызым әні

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Аққайынның безінен

Айырып алған қобызым.

Қара еменді қақ жарып,

Ойып алған қобызым. О-о-о-о.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым.

Желмаяның терісін

Шанақ қылған қобызым.

Қылқұйрығын тұлпардың

Қияқ қылған қобызым .

Ақ түйенің сүтіне

Шылап алған қобызым . О-о-о-о.

Қарағайды қоздатып ,

Бұлап алған қобызым .

Құлағынды бұрайын ,

Қияқ шалып сынайын .

Ойлағаным болмаса ,

Қайырып жерге ұрайын!-

Қорытындылау:

* Ықылас кім?

* Ол қандай аспапта ойнаған?

* Ықыластың қандай күйлері бар?

* «Ерден» күйін кімге арнаған?

* «Қобызым» әнің талдау.

Үйге тапсырма :

Ықылас Дүкенұлының шығармашылығын әнгімелеу.

№ 4-ші тапсырманы орындау.

«Қобызым» әнің жатқа әндету.

Тыңдаған музыкалық шығармаларға сурет салу.

Бағалау: «5» - «4» - «3» -

Мерзімі: Сыныбы: 2/4

Тоқсандық тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер

Сабақтың тақырыбы: Ғасырлар тоғысындағы күйшілер.

Сабақтың мақсаты: Халық күйі арқылы қазақтың көне әдет-

ғұрыптарын, салт – дәстүрлерін баланың

бойына сіңіру, күйді тыңдата білуге баулу.

Білімділік мәні: Халық күйлерін, аңыз - күйлерінің шығу

тарихын насихаттау.

Дамытушылығы: Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау

қабілеттерін қалыптастыру, әнді

сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке

халық күйлері арқылы тәрбиелеу .

Сабақтың әдісі:Жаңа сабақ.,әңгімелеу,талдау, тыңдау ,әндету ,т.б.

Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер,т.б.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет ,тарих , жаратылыстану .

Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5сынып «Атамұра»

бағдарламасы бойынша.

Авторлары: А.Жайымов ,Б.Ысқақов ,Ж .Еңсепов ,Ж .Сәрсембенов.

Сабақ барысы

уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,әнұран әндету.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Халық күйшілері

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8минут

Сүгірдің күйшілік мектебі .

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Салтанат», «Телқоңыр»

5

Әндету

5 минут

«Анаға сәлем» әні

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

№ 3 сөзжұмбақты шешу

7

Музыкалық сауат ашу

10 минут

Дыбыс ұзақтықтары

8

Қорытындылау

5минут

Ғасыр тоғысындағы күйшілер.

9

Бағалау

3минут

«5»-, «4»-, «3»-.

10

Үйге тапсырма

2 минут

Сүгір шығармашылығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]