Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сын Музыка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.47 Кб
Скачать

Мұхит Мералыұлы мен Естай Беркімбайұлының шығармашылығы.

Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт – дәстүрі, әдет - ғұрпы, тарихы мен өмірі , тұрмыс – тіршілігі , қоғамдық - әлеуметтік қатынастары , жалпы ұлттық болмысы көркем көрініс тапқан.

Мұхит Мералыұлы - әнші- композитор, ақын, күйші.

Ол Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай деген жерде дүниеге келген.

Ел арасында « әнші Мұхит», «сал Мұхит» атанған ол – «Айдай» , «Алуаш» , «Зәуреш» , «Паңкөйлек » , «Кербез қыз» сияқты әндердің авторы.

Мұхит әндерінде адам жан дүниесіндегі қуаныш – күйініш ,

қиял – сезім , арман – ойлар барынша нақты суреттелген .

Естай Беркімбайұлы – қазіргі Павлодар облысына қарасты Ақкөл ауылында дүниеге келген .

Ол Біржан сал мен Ақан серінің жанына еріп жүріп , олардан көптеген әндер үйреніп , орындаушылық шеберлігін шыңдай түскен .

Естай сонымен бірге шығармашылық өнерге де ден қояды. Ол - әйгілі «Қорлан» , «Жай қоңыр» « Юран – ай» , «Қошт2асу» ,

«Назқоңыр» , « Бір мысқал» , «Сандуғаш» сияқты көптеген әндердің авторы.

Музыкалық сауат ашу : Альтерация белгілері.

Музыкалық дыбыстарды түрлі биіктіктерге жоғарылату немесе төмендету үшін арнайы белгілер қолданылады. Оларды альтерация белгілері дейді. Альтерация белгілеріне мыналар жатады:

Д и е з - ол дыбысты жарты тон жоғарылатады.

Б е м о л ь - ол дыбысты жарты тон төмендетеді.

Б е к а р - ол диезбен бемоль белгілерінің күшін жояды.

Дауыс ашу жаттығулары :

Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда.

Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында.

Әнді бастар алдында асықпай іщіңнен дем ал.

Сөздің ортасында дем алма.

Әннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды

анық, түсінікті етіп айт.

Әндету : Асыл адам

Әнін жазған .Е.Нұрымбетов. Өлеңін жазған М. Көкенов

  1. Қиындықты көп көрген жасымаған ,

Басына бақ айналса тасымаған .

Аймағының қадірлі құрметтісі,

Сол адам - дүниедегі асыл адам.

  1. Өз білгенін дейтұғын жасыра алман ,

Уәде етсе , жүзеге асыра алған .

Бірдей үлкен - кішінің ардақтысы,

Сол адам - дүниедегі асыл адам.

3. Ұстаз болып кішіні қасына алған ,

Әрдайым көрінетің озып алдан.

Отан үшін, ел үшін қызмет етсе ,

Сол адам - дүниедегі асыл адам.

Шығармашылық жұмыс : № 3 тапсырма.

(төмендегі әндердің авторларын ата)

1. « Көкжендет» 6. « Қайран , жастық»

2. «Қаракесек» 7. «Хаулау»

3. «Дудар – ай» 8. «Шама»

4. «Желдірме» 9. «Бір мысқал»

5. « Жанбота» 10. «Інжу – маржан»

Қорытындылау :

* Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері .

* Мұхит Мералыұлының әндері .

* Естай Беркімбайұлының әндерінің ерекшелігі.

* Альтерация белгілері.

Үйге тапсырма:

* «Асыл адам» әнін жаттау .

* Мұхит , Естай сынды әнші сазгерлеріміз жайында

әңгімелеу.

* Альтерация белгілерінің қызметі ,ереже.

* Белгілерге карточка жасау.

Бағалау: «5» - «4» - «3» -

Мерзімі : сыныбы:

Тоқсандық тақырып: Қазақ халқының вокалдық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Елебеков пен Ғарифолла

Құрманғалиевтың шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Музыка өнерінің заңдылықтарын

түсіндіру , музыкалық сауаттылықтрын ашу.

Білімділік мәні: Шығыс халықтарының әндерін талдау, насихаттау.

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Әр- түрлі халықтардың музыкасын тыңдай

келе , қабылдай білуге тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа сабақ.,аралас сабақ.

Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер, карточкалар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих, жаратылыстану.

Сабақ барысы

уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу, түгендеу.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Мұхит , Естай әндері

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Ж. Елебеков ,

Ғ. Құрманғалиев.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

Опералардан үзінді.

5

Дауыс ашу жаттығулары

3минут

Ережелерді сақтау

6

Әндету

8 минут

«Мектеп білім ұясы»

7

Шығармашылық жұмыс

7 минут

№ 2 Сөз жұмбақты шешу

8

Қорытындылау

5минут

Әншілік мектеп

9

Бағалау

3минут

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 минут

Әнді жатқа әндету.

Иә, балалар бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Жүсіпбек Елебеков пен Ғарифолла Құрманғалиевтің әншілік мектептері.

Жүсіпбек Елебеков Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Қаратау аулында дүниеге келген.Қазақстанның халық әртісі , әнші.5 – 6 жасынан әншілік өнеерге ден қояды.

«Айман – Шолпан» , «Қыз Жібек» , «Еңлік – Кебек», т.б. операларда , көптеген спектакльдерде басты рольде ойнайды.

«Ағаш аяқ» , «Айтбай» , «Жамбас сипар» , «Жиырма бес» , «Қанатталды» атты әндерді өз нақышында орындап бізге жеткезген талант иесі , лирик әнші.

Ғарифолла Құрмангалиев Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туған.Ол – Қазақстанның халық артисі , әнші (тенор).

Бала кезінен әнге әуес болып өседі. Ол мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан тәлім алған.

«Жалбыр» , «Айман – Шолпан» , «Ер Тарғын» ,«Біржан - Сара »,

«Қыз Жібек» , «Абай» операларында басты рөлдерде ойнаған.

Ғарифолла Құрманғалиевтың - «Ақ Жайық» , «Сүйген жар» , «Нұржамал» , «Жан еркем» , «Аққу» , «Сүйемін туған өлкемді» атты әндері халыққа кең тараған.2

Музыкалық шығармаларды тыңдау:

«Қыз Жібек» , «Біржан – Сара »,

«Абай» операларынан үзінділер тыңдау.

Шығармашылық жұмыс:

(Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде , «әнші» сөзі шығу керек)

1. Қазақтың суырып салма ақыны .

2. «Көкшолақ» әнінің авторы.

3. Халық ақыны , әнші – композитор.

4. Сарамен айтысқан ақын.

№2. Ә с е т , К е н е н , Ш а ш у б а й , Б і р ж а н .

Музыкалық сауаттылық ашу : Аппликатура

А п п л и к а т у р а - музыка аспабын тартқан кезде перне басатын сол қол саусақтарының орналасу , алмасу тәртібі және олардың нотадағы жазылу белгісі.

Музыкалық сөздік . Аппликатура -итальян тілінде «басу, орналастыру» деген сөз .

Дауыс ашу жаттығулары:

Ән айту кезінде иығыңды көтермей , дұрыс тыныс ал.

Музыкалық сөйлемді толық , үзбей орында .

Үйретілген әнді сүйемелдеусіз орындау барысында

өз даусыңды бақыла.

Әндету : Мектеп - білім ұясы

Әнін жазған Ғ.Құрманғалиев. Сөзін жазған Б.Тәжібаев.

1.Өмірдің ақпаны бар , бақтары бар ,

Алдыңда талай асу , шатқалы бар .

Білім - кен , тұнып жатқан тереңдегі ,

Ерінбей маржандарын ақтарып ал!

Қайырмасы:

Мектеп - білім ұясы ,

Өсірген гүлдей ұл – қызын.

Жақсылық болып жолдасың ,

Жайнай бер , сен де , жұлдызым .

2.Сені ойлап күндіз – түні көңілім алаң ,

Жанымның жапырағы едің , балам .

Аяулы азаматы бол еліңнің ,

Әкелек тілегім сол - менің саған .

Қорытындылау :

* Ж. . Елебековтың шығармашылығы.

* Ғ . Құрманғалиевтың шығармашылығы.

* Олардың қандай әндерін білесің?

* Алтерация белгілері .

* Аппликатура музыкалық сөздік талдау.

Үйге тапсырма:

* «Мектеп – білім ұясы » атты әннің мәтінің талдау .

* Әндерді жаттап келу .

* Альтерация белгілерін тану, табу , айыра білу.

Бағалау : «5» - «4» - «3» -

Мерзімі: Сыныбы:

Тоқсандық тақырып: Қазақ халқының вокалдық

музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: Тәуілсіз ел тірегім .

Сабақтың мақсаты: Музыка өнерінің заңдылықтарын

түсіндіру , музыкалық сауаттылықтрын ашу.

Білімділік мәні: Шығыс халықтарының әндерін талдау,

насихаттау.

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Әр- түрлі халықтардың музыкасын тыңдай

келе ,қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ..

Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер, карточкалар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих, жаратылыстану.

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу, түгендеу.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Әншілік мектеп

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

«Тәуелсіз елім- Тірегім»

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Елім менің» әні

5

Дауыс ашу жаттығулары

3минут

Ереже бойынша жаттығулар

6

Әндету

8 минут

«Елімізді сүйеміз» әні

7

Шығармашылық жұмыс

7 минут

№ 2 тапсырма.

8

Қорытындылау

5минут

Тәуелсіз елім –Тірегім

9

Бағалау

3минут

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 минут

Әнді жатқа әндету.

-Иә , балалар бүгінгі күн қандай мерекелі күн?

- Жарайсындар ! Жақсы , ондай болса біздіңде өтетің сабақтың тақырыбы « Тәуелсіз елім - Тірегім» деп аталады.

Еліміз егемендік алып , санамыз қайта жаңғырды.

Жаңарған елдің болашағы мына сендерсіңдер , ел қорғайтын нағыз азаматтар өздеріңсіңдер.

Еділді келіп алғаны –

Етекке қолды салғаны.

Жайықты келіп алғаны –

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды келіп алғаны –

Ойындағысының болғаны.

(Мұрат Мөңкеұлы)

Біздің тәуелсіздік алуымызға бірінші қадамымыз 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы болды. ҚР бірінші хатшысыД. Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты, қазақ жерін білмейтін, дінін , тілін ,салт – дәстүрін , әдеп – ғұрпын білмейтін Колбинді сайлады. Сол күні 16 – 17 не қараған түні қазақ жастары көтеріліске шықты.Қып – қызыл қанға боялған жастарымыз әйтеуір жеңіске жетіп ,1991 жылы 16 желтоқсанда көптен күткен өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.

Музыкалық шығарманы тыңдау:

«Елім менің» Бекболат Тілеухановтың әні.

«Желтоқсан желі» Ә. Тінәлиевтің әні .

Музыкалық сауат ашу:

Ырғақ . Метр . Акцент .

Әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың белгілі бір мерзімде ауысып келуін ы р ғ а қ деп атайды.

Қатты және әлсіз үлестердің кезекпен, біркелкі келіп

отыруын м е т р дейді. Музыкалық шығарманың кейбір дыбысын жекебөліп , салмақ түсіре ойнауды а к ц е н т түсіру дейді.

Дауыс ашу жаттығулары:

* Әнді айтқанда қолды төмен жібер .

* Денені тік ,түзу ұста.

Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.

* Әнді айқайламай , мәнерлеп айт.

Әндету:

Елімізді сүйеміз

Әнін жазған Д.Ботбаев. Өлеңін жазған Қ.Мырзалиев.

  1. Балбұл жанған гүл шағында ,

Біз – Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында ,

Білім алу ұранымыз.

Қайырмасы:

Біз өнерге , ұлы өмірге ,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді , көлімізді ,

Елімізді сүйеміз. 2 рет.

  1. Туған жерде аунап – қунар,

Біз ұланбыз , өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбекқұмар,

Өнер десе ерінбейміз.

Қайырмасы:

  1. Қуанышты әніміз де,

Біз ұланбыз жоқ арманы.

Біздер әлі бәрімізде

Боламыз ел қаһарманы.

Қайырмасы:

Қорытындылау:

* ҚР тәуелсіздік алған жылын айт.

* «Елімізді сүйеміз» әні қандай тональдікте жазылған.

* Ырғақ дегеніміз не?

* Метр дегеніміз не?

* Акцент дегеніміз не?

Үйге тапсырма:

* Тәуелсіз Қазақстан туралы әңгіме шолу .

* «Менің Қазақстаным» суреттеу , бейнелеу.

* «Елімізді сүйеміз» әнің жатқа әндету.

Бағалау: «5» - «4» - «3» -

Мерзімі: Сыныбы:

Тоқсандық тақырып: Қазақ халқының вокалдық

музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл , жаңа жыр.

Сабақтың мақсаты: Музыка өнерінің заңдылықтарын

түсіндіру , музыкалық сауаттылықтрын ашу.

Білімділік мәні: Халық әндерін талдау, тыңдау , жаттау ,

әндету , жеткізе білу ,танып , ажырата отыра

оны насихаттау.

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Әр- түрлі халықтардың ұлттық музыкасын

тыңдай келе , тыңдау арқылы қабылдай

білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ .

Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер, карточкалар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих, жаратылыстану.

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу, түгендеу.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Тәуелсіз елім – Тірегім

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

«Жаңа жыл , жаңа жыр»

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

Папури әндер

5

Дауыс ашу жаттығулары

3минут

Ережелерді бекіту.

6

Әндету

8 минут

Папури әндер

7

Шығармашылық жұмыс

7 минут

№ 2 тапсырма.

8

Қорытындылау

5минут

музыкасы.

9

Бағалау

3 минут

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 минут

Әнді жатқа әндету.

-Иә, саламатсыңдарма балалар?

Мінекей, қыс түсті , айнала аппақ қарға оранды.

Көптен күткен Жаңа жыл мерекесі де келді.

Мерекеге әркім өз әлінше даярланып жатқан болар.

Міне , біз де мектеп шыршасын безендіріп , өзіміз де әсемденіп , Жаңа жыл тойын мерекелеуге дайындалып жаңа ән , би , күй үйренуге жиналып отырмыз.

Бүгінгі үйренетін әніміз: «Шырша әні»

Дауыс ашу жаттығулары:

Әнді айтқанда қолды төмен жібер .

Денені тік ,түзу ұста.

Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.

Әнді айқайламай , мәнерлеп айт.

Әндету: «Шырша әні»

Әнін жазған К.Қуатбаев. Өлеңін жазған Ж.Смақов.

1.Ақша қарлар аппақ мақта ,

Жасыл шыршы жайнаған.

Жаңа жылда сансыз оттар,

Сансыз оттар ойнаған.

Қайырмасы:

Қар айналар, қар айналар,

Қар ағашты айналар.

Қарлы басын иіп төмен,

Мүлгіп шырша ойланар. 2 рет.

2.Сылдырлайды , сыбдырлайды,

Қар мұздақтар сыңғырлап .

Ұйтқып боран әлдилейді,

Әндетеді сыбырлап . Қайырмасы:

3. Қазір сыртта қар айналар ,

Достар біздің ойланар .

Жаңа жылғы шыршамыздай

Қызық думан қайда бар!

Музыкалық сауат ашу :

Такт . Өлшем .

Әрбір әуен – саздағы қайталанып келіп тұратын әлді үлесті метрлік бөлшекті т а к т дейді.

Тактіде метрлік үлес түрлі ұзақтықпен беріледі.

Әр тактідегі әлді үлеспен басталыды. Ноталық жазбада әр такті

Такт сызығымен бөлініп тұрады.

Такт ішіндегі үлестер санын жазып , белгілеуді ө л ш е м дейді.

Ол бөлшек санмен беріледі: үстіңгісі - үлес саны ,астыңғысы – үлес ұзақтығы.

Қорытындылау :

Жаңа жыл мерекесі туралы әңгіме сұқбаттау.

Шырша жайлы қандай әндер білесіңдер?

«Ақша қар» әні қандай тональдікте жазылған?

Такт дегеніміз не ?

Өлшем дегеніміз не?

Үйге тапсырма:

Жаңа жыл мерекесіне дайындық.

«Ақша қар» , «Шырша әні» атты әндерді жаттап әндету.

Музыкалық сауат ашуда ережелерді жаттау.

Мерзімі: Сыныбы: 3 -------- -------2 тоқсан

Тоқсандық тақырыбы: Ақыл , Нақыл , Өсиет .

Сабақтың тақырыбы: Құтты болсын , Жаңа жыл !

Сабақтың мақсаты: Терме , жыр , толғау , дастан , өсиет

сөздерін түсіндіру , талдау , насихаттау ,

оқушылардың музыкалық

сауаттылықтарын ашу.

Білімділік мәні: Халық туындыларын , жыраулық дәстүрді ,

Тыңдау арқылы ой - өрісін кеңейту ,

әндету , жеткізе білу ,танып ,ажырата отыра

келешек ұрпаққа жеткізу.

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Жақсы мен жаманды сипаттайтын терме ,

толғау , арнау арқылы тұжырымдама жасап

нәтижелеу , тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ .

Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі ,дүние тану ,шешендік өнер , т.б

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу, түгендеу.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Ақыл , Нақыл , Өсиет.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

« Құтты болсын ,Жаңа жыл ! »

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

Попури әндері

5

Дауыс ашу жаттығулары

3минут

Дыбыс ұзақтықтарының

әндері.

6

Әндету

8 минут

«Ақша қар» әні

7

Шығармашылық жұмыс

7 минут

Өлең құрау , бес буынды.

Жұмбақтарды шеш.

8

Қорытындылау

5минут

Сыр бойының жыраулық мектебі.

9

Бағалау

3 минут

«5»,- «4», -«3»-.

10

Үйге тапсырма

2 минут

62- 63 – 64 бет.

-Иә, саламатсыңдарма балалар?

Мінекей, қыс түсті , айнала аппақ қарға оранды.

Көптен күткен Жаңа жыл мерекесі де келді.

Мерекеге әркім өз әлінше даярланып жатқан болар.

Міне , біз де мектеп шыршасын безендіріп , өзіміз де әсемденіп , Жаңа жыл тойын мерекелеуге дайындалып жаңа ән , би , күй үйренуге жиналып отырмыз.

Бүгінгі үйренетін әніміз: « Ақша қар »

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]