
- •« Кавказ халықтарының музыкасы»
- •Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы.
- •Мұхит Мералыұлы мен Естай Беркімбайұлының шығармашылығы.
- •Дауыс ашу жаттығулары:
- •2. Аппақ біздің шанамыз ,
- •Шығармашылығы.
- •1. Елдің жырын жырлаған ,
- •5 Сынып «Атамұра» бағдарламасы.
- •Сүгірдің күйшілік мектебі.
- •Музыкалық сауат ашу:
- •Бірлігі мейрамы.
Мерзімі: Сыныбы:
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы.
Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы.
Сабақтың мақсаты: Саз өнері туралы әңгімелеу,
тұрмыс-салт,әдеп ғұрып жырларын
баланың бойына сіңіру.
Білімділік мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау , талдау,
насихаттау.
Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,
музыкалық сауаттылығын ашу, есту ,
есте сақтау қабылеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға халық музыкасы арқылы
ықпал ету, мәдениетін көтеру ,
ой - өрісін кеңейту.
Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ.
Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,
ән тексті, суреттемелер, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.
Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5 сынып
«Атамұра» бағдарламасы бойынша.
Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж..Еңсепов ,Ж.Сәрсембенов
№ |
Сабақ барысы |
уақыты |
Жоспары |
1 |
Ұйымдастыру |
2 минут |
Сәлемдесу,түгелдеу. |
2 |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Халық музыкасы. |
3 |
Жаңа сабақты түсіндіру |
8 минут |
Қазақтың халық музыкасы. |
4 |
Музыкалық тыңдау |
3 минут |
«Кішкентай» күйі |
5 |
Әндету |
8 минут |
«Елім - ай »әні . |
6 |
Шығармашылық жұмыс |
3 минут |
Өзімдік жұмыс.(реферат) |
7 |
Музыкалық ойындар |
7 минут |
Әуенді тыңда ! |
8 |
Қорытындылау |
5 минут |
«Қазақтың халық музыкасы». |
9 |
Бағалау |
3 минут |
«5», «4», «3». |
10 |
Үйге тапсырма |
2 минут |
Халық әні «Елім – ай». |
Иә, саламатсыңдарма балалар! Бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы: « Қазақтың халық музыкасы».
Өнер – халық тарихының шежіресі.Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары , адамның күйініш - сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді.
Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры ,салт – дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына айналды.Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.
Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып , тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс - тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі.
Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, азамат тіршілігіндегі оқиғалары , алуан түрлі ойларды ән - әуенмен жеткізе білген.
Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп , бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын – сауықтар барлығы да ән – күй аясында өтеді.
Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт , ұлы ғұлама ғылым әл – Фараби , бейбіт , тыныш өмірді аңсап , Желмаясын желдіріп, дүниені кезген Асанқайғы бабалармыз үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет – тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.
Сөйтіп , халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен жұптаса
жалғасып келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих тағлымы жалғаса бермек.
Музыкалық шығарма тыңдау:
Құрманғазының күйі « К і ш к е н та й »
Құрманғазының бірінші тырнақалды күйлерінің бірі – «Кішкентай» отызыншы жылдардың аяқ кезінде
шығады. Құрманғазы бұл күйді «кішкене інісінің үлкен ағасы - Исатайға арнауы» депті.
Сондықтан күй «Кішкентай» атанып кетсе керек.
Дауыс ашу жаттығуларын орындау.
* Дұрыс тыныс алу - әншілік өнердегі басты
алғышарттардың бірі, оларды үнемі орындау қажет.
Әндету:
Елім – ай.
1. Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім – ай, елім – ай!
2. Қарындастан айырылған жаман екен ,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді ,
Елім – ай , елім – ай!
3.Мына заман қай заман? Қысқан заман .
Басымыздан бақ – даулет ұшқан заман .
Елім – ай, елім- ай.
4. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман .
Еліма – ай , елім – ай.
5. Бауырынан айырылған жаман екен ,
Күн бар ма екен көрісер есен – аман!
Елім – ай , елім –ай !
Қорытындылау: * Тарихи оқиғаларға арналған ән – күйлерді ата.
* Аңызға құрылған қандай ән – күйлерді білесің?
* Халықтың тұрмыс – тіршілігіне , салт – дәстүріне
байланысты шыққан ән – күйлерді есіңе түсір.
Үйге тапсырма:
Халық әні «Елім – ай » жаттау, әндету.
Халық музыкасы дегеніміз не?
Қандай халық күйшілерін білесің?
Қазақ халық аспаптарын ата.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Мерзімі: Ашық сабақ Сыныбы:
Тоқсандық тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы.
Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың ұлттық музыкалық
аспаптары .
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының музыкасы туралы
әңгімелеу, аспаптар үнің таныту,
олардың шығу тарихын білуге,
насихаттауға ,ұрпақтан - ұрпаққа
жеткізу, баланың бойына сіңіру.
Білімділік мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау ,
талдау, насихаттау.
Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,
музыкалық сауаттылығын ашу, есту ,
есте сақтау қабылеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға халық музыкасы арқылы
ықыласын көтеруге ықпал ету, сахна
мәдениетін қалыптастыру , ой - өрісін кеңейту.
Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ.
Көрнекілігі: Аудио, видео, DVD, магнитафон таспалары,
ән тексті, суреттемелер, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.
№ |
Сабақ барысы |
Уақыты |
Жоспары |
1 |
Ұйымдастыру |
2 минут |
Сәлемдесу,түгелдеу.
|
2 |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары (картачкамен жұмыс)
|
3 |
Жаңа сабақты түсіндіру |
8 минут |
Қазақтың халық музыкасы. |
4 |
Музыкалық тыңдау |
3 минут |
«Көрұғлы» Дәулеткерейдің күйі
|
5 |
Әндету |
8 минут |
«Домбырасыз сән қайда » әні И.Нүсіпбаев.
|
6 |
Шығармашылық жұмыс |
3 минут |
Сөзжұмбақты шешу. |
7 |
Музыкалық ойындар |
7 минут2 |
Викториналық тест (Аспаптар үні.)
|
8 |
Қорытындылау |
5 минут |
«Қазақтың халық музыкасы».
|
9 |
Бағалау |
3 минут |
«5», - «4»,- «3»- .
|
10 |
Үйге тапсырма |
2 минут |
27-31 бет оқу,әңгімелеу.
|
-Саламатсыңдарма балалар !
-Мінекей біздің бүгінгі сабағымыз үлкен мерекеге ұласуда.
-Сабағымызға келген қонақтарды қарсы алайық.
Сәлемдесу (оқушылар орнынын тұрып сахна мәдениетің сақтап сәлемдеседі)
-Иә, балалар біздің бүгінгі өтетің жаңа тақырыбымызды жазамыз.
«Қазақтың халық музыкасы»
«Екі ішектің бірің қатты , бірін сәл- сәл кем бұра.
Қазақ нағыз қазақ емес ,
Нағыз қазақ домбыра.» - деп ақын Қыдыр Мырзалиев ағамыз айтқандай , біз балалар өткен сабақта «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» атты тақырыбымен танысқан болатынбыз.
(Карточка таратамыз, аспаптың суреттерімен безендірілген)
- Қанекей қандай қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білесіндер?(домбыра, қобыз,шертер, жетіген,асатаяқ , дауылпаз , даңғыра , дабыл,шаңқобыз , сыбызғы , сазсырнай , мүйіз сырнай , үскірік , ұран т.б)
-Аңыз бойынша домбыры аспабы қалай пайда болған?
«Қос ішек» күйінің аңызын балалар кім айтады? ( Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын , қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы – маралды аулап , кәсіп етсе керек.. Бірде жолы болып , теңбіл марал атып аладыда етекке түсіру үшін ішек қарнын ақтарып алып тастайды.Содан арада айлар өтеді, жігіт баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса , құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі.Ішектерді қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек , қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғаны
көреді.Ішектер жел тербесе ызыңдап , бірде сарнап , бірде сыңсып жылағандай түрлі күйге түсіреді.
Сол жерде аңшы жігіт ,ішекті үйге алып келеді де,бір аспап жасап , тартып көрсе , қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді.)
-Домбыра аспабы қандай бөліктерден тұрады? ( Домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Екі ішекті , үш ішекті болып келеді.)
-Жанрдың қандай түрлерін білесіңдер?( ән жанры, күй жанры,
би жанры)
-Ішекті аспаптарды кім атай ?
- Қанекей , қол көтеріп білетінімізді ортаға салайық..(домбыра,
қобыз, шертер , жетіген. )
-Жетіген аспабының тиегі неден жасалады.(Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалады, шанағы көн теріден қапталады,
ал күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.)
-Жарайсың , Жақсы !
-Ішекті аспаптарға жататын шертер аспабының құрылысы мен түрлері туралы кім айтып береді?(Құрылысы жөнінен домбыра , қобыз аспаптарына ұқсас келеді.Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.Ол ең көне ,көне, жаңа деп үш түрге бөлінеді.)
-Сілкімелі аспаптарға қандай аспаптар жатады?
( Асатаяқ , қоңырау, сақпан , тұяқтас , шартылдауық. Асатаяқ қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданған. )
-Балалар шаңқобызаспабы неден жасалады ? Қалай орындалады?
-Кім біледі ? ( Оның ортасында сүйір темір тілшесі болады, күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.)
-Үрмелі аспаптар жайлы кім біледі?
-Не себептен бұл аспаптарды үрмелі аспаптар дейміз?
(Орындалу әдіс- тәсіліне қарай оларды топқа бөлеміз.Атап айтатын болсақ үрмелі аспаптарға: сыбызғы , сазсырнай , мүйіз сырнай , ұран ,үскіріктер жатады.)
-Иә, балалар саз сырнай , мүйіз сырнай неден жасалады екен кім біледі? ( Саз балшықтан иленіп, отқа күйдіріліп оны оюлармен әшекейлеп, дыбысты тесіктерді жауып ашу арқылы шығарады. Ал мүйіз сырнай атының өзі айтып тұрғандай жануарлардың мүйізін тазалап , кептіріп, оған мүштік қойып ойналады.)
-Ұран аспабын халық қандай кезде пайдаланған?(Оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған ,яғни жаудың келе жатқаны туралы хабар беру үшін)
- Жарайсыңдар балалар , үй тапсырмасын барлығын орындап келіпсіңдер, жақсы игеріпсіңдер.
-Ал енді біз жаңа сабағымызға көшелік.
Енді дәптерлерінді , қаламсаптарынды алып бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып коялық..Оқулықпен жұмыс жасаймыз ,оқулықты ашатын болсаңдар тақырып бойынша мәтін тұр сол мәтінді мұқият қарап шығайық.
Оқулықта берілгендей біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы.
Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары , адамның күйініш - сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді.
Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры ,салт – дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына айналды.Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.
Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып , тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс - тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі.
Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, азамат тіршілігіндегі оқиғалары , алуан түрлі ойларды ән - әуенмен жеткізе білген.
Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп , бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын – сауықтар барлығы да ән – күй аясында өтеді.
Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт , ұлы ғұлама ғылым әл – Фараби , бейбіт , тыныш өмірді аңсап , Желмаясын желдіріп, дүниені кезген Асанқайғы бабалармыз үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет – тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.
Сөйтіп , халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен жұптаса
жалғасып келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих тағлымы жалғаса бермек.
Музыкалық шығарма тыңдау:
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Дәулеткерейдің күйі « Көрұғлы»
Музыкалық сауат ашу: (ережені жаттап ал)
Музыкалық жүйе . Лад.
Кез келген әуенде негізгі дыбыс болады. Осы дыбыстың басқа дыбыстармен арақатынасы музыкалық жүйе деп аталады.
Негізгі дыбыс әр тактідегі әлді үлеспен басталып , музыкалық ойдың мағынасын білдіріп тұрса , ол негізгі тон деп аталады .
Негізгі тон әуеннің басы мен аяғында анық байқалады, ал негізгі тонға құрылған дыбыс қатарын лад деп атайды.
Дауыс ашу жаттығулары:
(Қазақ халқының мақал- мәтелдерін әуенге келтіріп әндеті, дыбыс қатары бойынша жоғарылатып әндету,және төмендету.)
Ө - нер - ді үй - рен , үй - рен -де жи - рен.
( до - ре - ми- фа – соль, соль- фа- ми –ре – до )
Әндету:
Домбырасыз сән қайда.
Өлеңін жазған .Х.Талғаров. Әнін жазған. И.Нүсіпбаев.
1. Елдің жырын жырлаған ,
Қайғысын да толғаған .
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
Қайырмасы:
Домбырасыз сән қайда ,
Домбырасыз ән қайда .
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма?...
2. Құрманғазы , Тәттімбет
Домбырамен сайраған .
Жүрекке от жақсын деп ,
Елге күйін арнаған .
Қайырмасы:
3. Абай , Жамбыл , сал Біржан
Таңғалдырып ән салған .
Жүрегінді жандырған ,
Естіген жан тамсанған .
Қайырмасы:
Шығармашылық жұмыс:
Сөз жұмбақты дұрыс шешкенде, «қобыз» сөзі шығады.
Сілкіп ойналатын аспап түрі.
Қазақтың ұлттық аспабы.
Жауынгерлер пайдаланатын ұрмалы аспап.
Қурайдан жасалатын аспап.
Тілшелі музыкалық аспап. Қорытындылау:
Халық музыкасы дегеніміз не?
Қандай халық сазгерлерін білесің?
Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.
Үйге тапсырма:
* Қазақтың халық музыкасы жайлы әңгімелеу.
* Лад дегеніміз.
* «Домбырасыз сән қайда» әнін жатқа әндету.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Мерзімі: Сыныбы:
Тоқсандық тақырып: Халық музыкасы.
Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемнің рухани елшісі.
Сабақтың мақсаты: Саз өнері туралы әңгімелеу ,түрлі
халықтардың тұрмыс-салт,әдеп - ғұрып
жырларын таныстыру.
Білімділік мәні: Орта Азия халықтарының музыкалық
аспаптарын тану, талдау, ажырата білу.
Дамытушылығы: Аспаптардың құрылымын , топтарын,
айырмашылығын насихаттау , тану , дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға сахна мәдениетін бойына сіңіру,
әнге , күйге баулу.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,
ән тексті, суреттемелер, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану.
Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5 сынып
«Атамұра» бағдарламасы бойынша.
Авторлары: А. Жайымов.Б.Ысқақов.Ж..Еңсепов.ЖСәрсембенов.
№ |
Сабақ барысы |
уақыты |
Жоспары |
1 |
Ұйымдастыру |
2 мин |
Сәлемдесу, Әнұран әндету. |
2 |
Өткен сабақты сұрау |
4 мин |
Қазақтың халық музыкасы. |
3 |
Жаңа сабақты түсіндіру |
10 мин |
Музыка әлемнің рухани елшісі. |
4 |
Музыкалық тыңдау |
3 мин |
Орта Азия халықтарының музыкасы. |
5 |
Әндету |
8 мин |
«Қазақстан» әні. |
6 |
Шығармашылық жұмыс |
3 мин |
Аспаптардың суретін салу, бейнелеу, әңгімелеу. |
7 |
Музыкалық ойындар |
10 мин |
Әуенді тыңда да тап! |
8 |
Қорытындылау |
5мин |
Музыка әлемнің рухани елшісі. |
9 |
Бағалау |
3мин |
«5», «4», «3». |
10 |
Үйге тапсырма |
2 мин |
Халық музыкасы. |
Музыка - әлемнің рухани елшісі.
Саламатсыңдарма балалар ?
Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Орта азия халықтарының музыкасы»
Орта Азияда тұратын қырғыз , өзбек , түркмен , тәжік халықтарының тілдері, діни наным - сенімдері , салт – дәстүр,әдет – ғұрыптары бір – біріне өте жақын болып келеді. Сондай – ақ олардың мәдениеті мен өнері де бір – бірімен қабысып ,ұштасып жатады.Ол елдердің музыкасы мен музыкалық аспаптарында да көптеген ұқсастық бар.
Мысалы: Өзбек халқында Шығыс халықтарының көпшілігіндегі тәріздіхалықтық фольклордың үлкен екі тармағы бар.
Оның бірі – халық шығармашылығы және ауызшы дәстүрлі өнер – м а к о м д а р.
Өзбек ән жанрындағы салалар : терма ,қошук , лапар , ялла ,
ашула.
Өзбек халық аспаптары:
Ысқышпен ойналатын аспаптар: гиджап, сато, сетор.
Шертіп тартатын ішекті аспаптар: дутар , танбур , уд , рубаб.
Ұрмалы аспаптар: дойра , нагора , сафайль.
Үрмелі аспаптар: сибизик , буламан , сурнай , қошнай ,
най, гаджир , карнай.
Түркмен музыкалық аспаптары: дутар, гиджак,тюйдук ,
дилли - тюйдук,гопуз.
Тәжік музыкалылық аспаптары: рубаб , танбур , дутар ,
думбрак , най , карнай, сурнай,
кушнай,чанг, таблак, нагара,
дойра, кайрак, зонг, сетор ,
пангар,бланзиком, даф, тутак.
Қырғыз музыкалық аспаптары: қомыз,қыл қияқ , жығаш ,
ооз қомыз , темір қомыз , гоор ,
сырнай , керней , добулпаз , доол.
Музыкалық шығарманы тыңдау:
Өзбек халқының ән – би музыкасы «Мавриги»
Қырғыз халық әні «Көл»
Музыкалық сауат ашу : Мажор және минор.
«Мажор» латынша «қатаң» деген ұғымды білдереді. Бұл ладтағы дыбыстар ашық үнді , көтеріңкі де көңілді сипатта болады.
«Минор » сөзі латынша «ұяң» деген ұғымды білдіреді.Бұл ладтағы дыбыстардың естілуі өте нәзік әрі жұмсақ болып келеді.
Дауыс ашу жаттығулары:
* Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс.
* Дыбысты үзбей, созып орында.2
* Әнді асықпай, мәнерлеп орында.
* Әнді мұғалімнің қолының қимылына қарай бірдей бастап, бірдей аяқта.
Қорытындылау:
* Мажор мен минордың айырмашылығын неде?
* Өзбек , тәжік , түркмен , қырғыз халықтарының музыкалық
аспаптарын ата.
* Тыңдаған музыкалық шығармаларынды талда.
Үйге тапсырма: « Қазақстан « әнін жаттап ,жатқа әндету.
Орта Азия халықтарының музыкалық
аспаптарын тану және суретін салу.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Мерзімі: Сыныбы:
Тоқсандық тақырып: Халық музыкасы.
Сабақтың тақырыбы: Кавказ халықтарының музыкасы.
Сабақтың мақсаты: Түрлі халықтардың музыкасы туралы
әңгіме,олардың музыкалық шығармаларын
тыңдату , баланың бойына сіңіру.
Білімділік мәні: музыкалық аспаптарын топтастыру, талдау,
тыңдау , ажырата білу , насихаттау.
Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету, дауыс
қойылымын қалыптастыру,әндету әдісін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға сахна мәдениетін бойына сіңіру.
Сабақ әдісі: Жаңа сабақ.,әңгімелеу , әндету ,тыңдау , дауыс
ашу, талдау ,шығармашылыққа баулу.
Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,
ән тексті, суреттемелер,
Пәнаралық байланысы: Шешендік өнер, ана- тілі,дүниетан
№ |
Сабақ барысы |
Уақыты |
Жоспары |
1 |
Ұйымдастыру |
2 минут |
Сәлемдесу, Әнұран әндету |
2 |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Музыка әлемнің рухани елшісі. |
3 |
Жаңа сабақты түсіндіру |
8 минут |
Кавказ халықтарының музыкасы. |
4 |
Музыкалық тыңдау |
3 минут |
Жеті халық макамы . |
5 |
Әндету |
8 минут |
«Қазақстан» әні |
6 |
Шығармашылық жұмыс |
3 минут |
Аспаптарды бейнелеу, талдау. |
7 |
Музыкалық ойындар |
7 минут |
Әуенді тыңда да тап! |
8 |
Қорытындылау |
5 минут |
Кавказ халықтарының музыкасы |
9 |
Бағалау |
3минут |
«5», «4», «3». |
10 |
Үйге тапсырма |
2 минут |
Халық музыкасын насихаттау. |
« Кавказ халықтарының музыкасы»
-Саламатсыңдарма балалар !
Иә , бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымызға тоқталатын болсақ, Кавказ халықтарының музыкасы сендерге таныс болар .Яғни әзірбайжан , грузин , армян халықтарының музыка мәдениетін, олардың өздеріне тән ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Өздеріне белгілі әзірбайжан - түркі тілдес ел,ал армяндар алдыңғы және Кіші Азия мәдениетімен тығыз байланыста болған. Әзірбайжан музыкалық аспаптарының негізгілерін атап өтетің болсақ.: тутэк , балабан , зурна , тар , уд , канан , кеманча , дәп , нагара , гоша – нагара.
Грузин халқыныңарғы тектері хеттер мен субарлар болған.Ел аралап жүретін әнші – жыраулар - мествирелер қазақтың сал – серілері тәрізді әрі ақын , әрі әнші, әрі сазгер ,әрі орындаушы ролдерін атқарған.
Аспаптарына тоқталатын болсақ:саппари, нести , ствири , авили, най , буки квироствори , саквари , парахса , гудаствири , гиибони , ганги , киири , эбани , пандури , цинцили,чианури , гунури , бобгани , дабдаби , доли , коси , цинцила , дайра , диплинито.
Грузин хорының бір ерекшелігі - көп дауысты дыбыстар үндестігімен тұратындығын айта кетуге болады.
Армянның ертедегі музыка аспаптары: бамбир , пандир , вин , джутак , пияр , джияр , тавих , сринг , шепор , ехджерапог , авагиог , тмбук , цинга.
Армян музыкасының негізгі тармағын эпикалық , лирикалық , салт – дәстүр тақырыбындағы әндер алады.
Музыкалық шығарманы тыңдау :
Әзірбайжанның жеті халық мақамы.
Грузин халық әні «Сулико» , «Чагуни».
Армян халық әні «Әнші».
Дауыс ашу жаттығуларын қайталау.
Әндету: « Қазақстан» әні.
Әнін жазған А.Жайымов . Өлеңін жазған Қ.Сыдық.
1. Шаттығы шалқар,
Жазира далам.
Тойың жоқ тарқар,
Сауық сай – салаң.
Тауларың асқар,
Орманың көркем,
Сәулетті өлкем-
Қазақстан!
2.Қарттары - тарлан ,
Сарбаздар – саңлақ.
Жастары барған
Ғарышқа самғап.
Қаһарман халқы,
Айбыны асқан.
Дарқандық – салты-
Қазақстан! 3. Жайқалған шалғын ,
Қазына толы.
Толассыз қарқын,
Мыңғырған малы.
Байлығы тасқан,
Арманы асқақ ,
Бақытты елім –
Қазақстан!
Музыкалық сауат ашу: Тоника .
Әр ладтағы бірінші тұрған негізгі дыбысты тоника деп атайды. Музыкалық жүйеде тоналдықтар бемольді , диезді болып түр - түрге бөлінеді.
Әр ладтың бірінші дыбысы - тоника деп аталса ,
Төртіншісі - субдоминанта,
Ал бесіншісі - доминанта деп аталады.
Қорытындылау:
* Мажор мен минордың айырмашылығын ата .
* Тоника дегеніміз не?
* Субдоминанта , доминанта қай сатыдан басталады?
* Кавказ халықтарының музыкалық аспаптарын ата.
Үйге тапсырма:
* Кавказ халықтарына қай халықтар жатады?
* Олардың музыкалық аспаптарын тану .
* Аспаптарды топтау .
* Музыкалық аспаптардың суретін бейнелеу.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Мерзімі: Сыныбы:
Тоқсандық тақырып: Музыка әлемнің рухани елшісі .
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Азия мен Шығыс
халықтарының музыкасы.
Сабақтың мақсаты: Музыка өнерінің заңдылықтарын
түсіндіру , музыкалық сауаттылықтрын ашу.
Білімділік мәні: Шығыс халықтарының әндерін талдау,
насихаттау.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Әр- түрлі халықтардың музыкасын тыңдай
келе ,қабылдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ.
Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,
ән тексті, суреттемелер, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, жаратылыстану.
Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5 сыныg
№ |
Сабақ барысы |
Уақыты |
Жоспары |
1 |
Ұйымдастыру |
2 минут |
Сәлемдесу, түгендеу. |
2 |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Орта Азия музыкасы. |
3 |
Жаңа сабақты түсіндіру |
8 минут |
Шығыс халықтарының музыкасы. |
4 |
Музыкалық тыңдау |
3 минут |
Монғол, қытай, үнді музыкаларынан үзінді. |
5 |
Дауыс ашу жаттығулары |
3минут |
Мажор,минор тональдігінде әндету. |
6 |
Әндету |
8 минут |
«Қазақстан - Гүлстан» әні. |
7 |
Шығармашылық жұмыс |
7 минут |
№ 2 тапсырма. |
8 |
Қорытындылау |
5 минут |
Солтүстік Азия, Шығыс музыкасы. |
9 |
Бағалау |
3 минут |
«5», «4», «3». |
10 |
Үйге тапсырма |
2 минут |
Әнді жатқа әндету. |
Иә, саламатсыңдарма балалар?
Бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы: