Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.91 Кб
Скачать

№11 Дәріс. Ескендір поэмасы. Жеккөру концепциясы.

Абайдан қалған поэмалар үшеу. Олар: «Масғұт», «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі». Және сонымен қатар аударма, бірақ шартты түрде, қарасөз түрінде жазылған әңгімен поэма «Вадим».

«Масғұт» - Бағдатта болған уақиға, шығыстың өси­ет әбсәнасы (легенда) болу керек. «Қызыр кімге көрінсе соған бақ әкеледі, мал, дәулет әкеледі» деген наным шығыс елінің бәрінде бар. Сонын Масғұтқа кездесуі жігіттің адамгершілік сипа­тын көрсетеді. Жігіттің даналықтан да, байлықтан да безіп, қызыл жемісті алуы - адам баласына дос болу­дың мақсаты, өзіне дос іздеушілік. Поэманың аяғы­-қоғамдық сатира. Поэма уақиғаға құрылған емес. Ой­лық философия өсиет негізінде жазылған. Абай поэма­да өзінің дүниеге көзқарасын, елге айтып жүрген өсиетін танытуды көздеген мақсаты оны мораль философиясына әкеледі. Өзінің өсиет етіп айтатын адамын даралай көрсетеді. Біріншіден, Масғұт тілегі достық, әділдік, адамгершілік, қанағат. Іштей бүріскен күйкі адамның бейнесі емес. Бірақ сондай адамның өзіне де өмір күледі. Өйткені жұрт ақылдан пайдаланбайды. қайта өзіме ұқсасын деп тілек етеді деп әжуа қылады. Сондықтан поэманың екінші бөлімі қоғамдық сатирамен аяқталады. Көпшілік біреудің оқшау шыққанын үнат­пайтынын әшкерелейді. Сондықтан ақылды болғанда жынды деп, жынданғанда дұрысталды деп түсінеді. Абай бұл поэм аны адамның қасиетті тұлғасын көрсету мақсатымен жазған. Бұл поэма Абайдың өлеңі мен қара сөзінде айтып келе жатқан өз өсиетінің негізгі қо­рытындысы сияқты. Бұл поэма Абайдың сюжетті шы­ғарма жаза алатынын көрсетеді. Шығыстың әпсаналарынан туғандықтан Абайдың сөздігінде шығыс классиктерінде кездесетін теңеу сөздер де ұшырасады. (Махмуд, Шамши-ЖиҺан т. б.). Осыған қарағанда бұл шығарманы Абай жазғанда ақындық сөздігіне де әсер еткен.

«Әзім» - «Мың бір түн» әңгімесінің негізінен шық­қан. Абайдың қойған мақсаты - жастың өмір соққысын көре тәлім-тәрбие алып өскенін көрсету. Бұл поэма аяқталмаған.

«Вадим» - Лермонтовтан алынған. Лермонтов оны жас кезінде жазған. Мұның негізінде Пугачев көтерілісі жатыр. Лермонтов үлкен тақырыпты жас кезінде Шил­лердің «Разбойники», Пушкиннің «Дубровскийінен» ал­ған сияқты. Бүкірді сипаттауының өзі романтикалық адамның қалпын көрсетеді. Өзгелерді суық, жат етіп сипаттау - романтикалық үлгі, сол үлгіні Абай да пай­даланады. Лермонтов үлкен қоғамдық тақырыпты аңызға айналдырған себебі бар. Өйткені Вадимның ар­ғы тегі дворян. Әділетсіздікті жойғанда өз басының тіле­гі сияқты көрсетеді. Аудармасын Абай ерте бітіреді.

«Ескендір» - шығыста да, батыста да мәлім. Александр Македонский жайындағы әңгімелерден туған. Бі­рақ әр ел өзінше әңгіме етеді. Абай Ескендірдің жоры­ғына қатынасы жоқ бір әнгімені алып, сол арқылы философиялық ойын айтады. Сондықтан поэмада фило­соф Аристотельді кездестіреміз. Абайдың Ескендір деуі шығыстың айтуынша берілген. Бүкіл Шығыс Ескендір Зұлқарнайы (қос мүйізді) дейді. Абай Ескендірді Фи­липп баласы деп көрсетеді, батыстан алғандығын аңғар­тады. Әңгіменің негізі шығыстан алынған. Фирдауси «ШаҺнамасында» Ескендірді Филлип баласы демейді. Парсы патшасы Дараптың баласы деп жазады. Шығыс тарихшыларының, жазушыларының айтуы осылай. Абай Ескендірді өзімшілдікпен шығыс ақындарындай өзіне тартпай Филипп баласы деп тарихи шындықты айтады. Абайдың ақындық мақсаты Ескендірді ғана көрсету емес, бақпен асқан патша омырау күш иесі болғанмен, онын бәрі адамгершіліктің, ақылдың қасында бағасы төмен екенін айтады. Шындық реализм тұрғысынан Абай Ескендір күшті патша болса да алып ақыл иесіне бас идіреді. Екеуін катар қойғанда, кім артық дегенде ой иесін жоғары санап, қатал күшті жас патшаны ақыл таразысына жеңдіреді. Мұндай ой-танымның Абайдың 37-сөзінде афоризм ретінде «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», - деп берілуі де жай нәрсе емес еді. Аристотель көздің сүйегімен байланысты сыр­ды оймен тауып, адамның қанағатсыз қалпын танытады. Бұл - поэманы мазмұнымен үлкен адамгершіліктің қалпын көрсетеді. Аристотельді Низами да жырлаған. Абай поэмасы осы Низами поэмасының негізінде айтып, өзінше философиялық мағына-мазмұнға құрады.