Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.91 Кб
Скачать

№7 Дәріс. Табиғат лирикасы

Абай - өміріндегі табиғаттағы көркемдікті өте нәзік сезініп, шебер бейнелеп айта білетітабиғат көріністерін жырлайтын лирикалық туындыларынан да анық көрінеді. «Жазғытұры» атты өлеңінде жылдың осы мезгілінің елге жылылығын айтқанда, ақын:

«Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер...»,- деп жерді мейірімді анаға, аспенды қамқор әкеге теңейді. Жерді ана бейнесінде алып қарау – қазақ халқында ғана емес, басқа елдердің ой-санасына да тән нәрсе. Ал, Абайдың басқа бір шығармасында «атам –анам-қар жер» деген жолдар да бар.

Аспанды әке деп түсіну ерте кездегі, ежелгі замандағы адамдардың ой-санасында орын алғандығын байқатады және суреттер де кедеседі. Абай соны өзінше жаңғыртып, ескі ұғым қалпында тың сипаттағы суреттеу тәсілі етіп қоданып отыр. Одан оны өлеңде бейнелеп суреттеу тәсілі тағы да түрлене түседі.

Күн-күйеуі, жер-қалыңдық сағынысты

Құмары екеуінің сондай күшті.

Күн қырындай жүргенде көп қожаңдап,

Күйеу келді-ай, жұлдыз к.... қысты.

Табиғат көріністерін осылай өте көркем тартымды кейіптеу бейнелер жасап суреттей отырып, ақын қазақ өмірінің шындық сипаттарында айнытпай дәл түсіреді. Осындағы табиғат сурертін тұтасымен алсақ та, күн – күйеу, жер – қалыңдық, күйеу келді деген сияқты астарлау түріндегі бейнелі сөздерді алсақ та, қыста жахғытұры қайта табысатын ауылдардың тұрмысы сол ауылдардағы күйеу, қалыңдықтың жайы әдеп-әрекеті елес береді. Күннің күйеуше қырындары, жұлдыз бен айдың күн жоқта кісімсіп, қожаңдауы, желдің тойдың хабаршысы болып жүруі және жердің қыстағы қоры азалы –ақ көрпе бейнесінде суреттелуі – осы өлеңде табиғат көріністері қазақ даласының нақтылы тіршілік болмыс белгілерімен қаншалықты орынды қабысып жатқанын айқындай түседі. Бұл сурет сонымен бірге көп елдерде ежелден белгілі болған күннің жерге құштарлығын, сүйіспеншілігін баяндайтын аңызбен де ұштасып жатқанын атап кету қажет. Табиғат құбылыстары Абай поязиясында күнделікті өмірімен, адамдардың күн-көрісі, іс-әрекетімен және өз көңіл-күйімен тығыз байланысты келетінін ақынның көптеген өлеңдерінен, соның ішінде жылдың төрт мезгілін суреттеуге арналған өлеңдерінен айқын аңғарамыз. Мұны Абайдың дүниежүзі поэзиясының таңдаулы үлгілерімен тең түсетін, біз арнайы талдап, қарастырмақшы болып отырып екі өлеңмен көре аламыз. Алдымен тілге тиек ететініміз:

«Желсіз түнде жарық жай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп...»- деп басталатын небәрі 20-ақ жол өлең. Осы өлеңдегі тіл кестесінің барлық ерекшеліктері, боляулары, теңеу, астарлау, басқа да суреттеу , бейнелеу құралдары – бәрі не нәрсеге не құбылысқа болсын осынша қарап, эстетикалық тұрғыдан баға беру талаьына бағындырылған. Түн желсіз, ай –жарық , су бетінде ай сәулесі дірілдеп көрінеді. Ауыылдың жанында, терең сайда өзен тасып, күрілдеп ағып жатыр. Ақын түнді желсіз, айды жарық, саайды терең деп бейнелейді. Бірақ, бұл уіменің ауылы, жылдың қай мезгілі, айдың қайдың мөлшері, қай жердің сайы, гүрілдеген қай өзен – мұны ақын анықтап көрсетуді мақсат тұтпайды.

Одан әрі ауыл маңында қанша, қандай мал, кімнің малы жатыр, аулақта жолыққан қыз, жігіт кім – бұл жай анықьалмайды. Әрине, бұл осы өлеңде суреттелмегенмен басқа бір өлеңдерде қыз бен жігіттің сипатысуреттеліп, портреті жасалуы мүмкін. Буздің айтпағымыз бұл емес, мәселе, поэзияға тән көркем суреттеу әдісі жайлы. Сол портреттер болған күнде де, олар типтік образ сипатында берілген болар еді. Олардан біз көзге түскен бар ерекшелікітерді үлкен талғампаздықпен сұрыптап алудың үлгісін көрген болар едік.

Даланың айлы түнінің осы бір әсем поэзиялық суретінің өзі-ақ қазақ әдебиетінде ақындық сезімнің әдемілікті түсіндірудің дәуір шындығымен қаншалықты қабысып, тамырласып жатқанына дәлел бола алады. Осы айтылған өлеңге тақырыбы жағынан үндес болатын өлең «Жаздыкүн шілде болғанда» жыры. Бұл шығарманың көркемдік сапасын өте жоғары бағалаған І. Жансүгіров. Ол: «Абайдың жыры ырғақ, музыка, дыбыс құрылысы жағынан төгіліп кетеді. Абайдың бұл өлеңіндегі бір ақындық өзгешелігі – ол оның ұйқасындағы етістіктердің сайдың тасындай ірі қимылды қозғалысты көрсетуге жандылығы.», - дейді. І. Жансүгіров ұлы ақынның осы өлеңіндегі көркемдік қасиетін, әсіресе, тіл ұйқасындағы өзгешелігін дәл тауып өте орынды айиқан. Бұл жырында Абай негізгі желіл ұйқасты ұзақ сақтайтын шұбыртпалы жыр өрнегін асқан шеберлікпен қолданып, өлеңнің басынан аяғана дейін дерлік бір ұйқастық қайталап отырады және үнемі бірыңғай үйлесетін грамматикалық құрылысы жағынан біріне-бірі ұқсас етістік сөздерді ұйқасқа кіргізеді. Осының өзі-ақ ақынның ұйқасқа өте үлкен мән бергенін байқатады.

Жаздыкүн шілде болғанда

Көкорай шалған, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда

Күркіреп ауыл қонғанда.

өлеңнің осы бас жағында ғана басқаша. Бірақ, бұл жеке шұшаө есем, ұзақ жыр түйдегінің бір бөлшегі ғана. Мұндағы ұйқас қана. Ақын жыр өлшемін, түйдегін қолданғанда, 7-8 буынды тармақтарды кесек топтастырып әкетсе және негізіг желіс ұйқасты ырғағының екпіні ширығып күшие түсіп, сөз ағымын үдетіп тасқындатып әкетуге мүмкіндік туатынын мұқият ескерген.

Мыс.

«Сабадан қымыз құйдырып,

Ортасына қойдырып.»

Немесе:

Бай байғұсым десін деп,

Шақырып қымыз берсін деп»,-

дегендегі құйдырып – қойдырып, десін ----- берсін деп деген секілді. Бірақ, ондай тармақтар көп емес.

Байқап қарасақ ұйқасқан сөздердің бәрі де жыр тармағының соңғы бунағын бүтіндей қамтиды. Тегіс үш буынды, өйткен, бұл үйлескен сөздердің дыбыс үндестігін қоюлатып, ұйқасты ірілетіп, ерекше көзге түсіреді. Оның үстіне, көңіл аударарлық жай - өлең ұйқасына кіргізілген осы көп етістіктер түгілдей бір тектес сөздер болып келеді. Олар грамматикалық еліктеуіш естілуі мағынасында ұйқастырып, тікелей сәйкес алынған сөздер. Қазақ тілінде соның ішінде өлең тілінде өте көп қолданылатын мұндай сөздердің көркемдік мәнерлілік қасиетін қимыл-әрекеттің көрінісін не дыбыс үнін айнытпай жеткізетін мағыналығын Абай анық байқап, ұтымды пайдалана білген. Ақын әр қозғалыс, қимыл-әрекетті көз елестетерліктей етіп көрсетіп, сол сөзбен мүсіндеп отыратын адамына немесе яки құса жан бітіргендей жансыз нәрсе болса, қолға ұстатқандай ғып бейнелейдй. «Жаздыкүн шілде болғанда» өлеңінің бұл ерекшеліктері қайнап жатқан шынайы өмірді оқушының көз алдында алып келетін реалист ақынның бейнелеу әдісін әдісін, теңдесі жоқ ақындық шеберлік суреткерлік сипат – қасиет табамыз.