
- •5.Табиғи орта – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;
- •Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:
- •Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
- •11.«Биогеоценоз» ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы а.Тенсли ұсынған
- •21.Биосфера туралы ілімнің негізгі қағидалары
- •Орталықтын негізгі міндеттері:
Орталықтын негізгі міндеттері:
қоршаған орта жағдайы туралы, қоршаған ортаға айтарлықтай өзара әрекет ететін жоспарланған және жүзеге асырылатын қызметтер туралы толық әрі шүбәсіз ақпаратты мерзімінде алуға қоғамдастықтың құқықтарын қамтамасыз ету; Қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасында өзара байланыс орнату; Конвенция ережелерін іске асыру бойынша өз міндеттерін орындауда үкіметтік ұйымдар мен қызметшілерге практикалық көмек көрсету; Қазақстанда және әлемде экологиялық проблемалар туралы қоғамдастықты ақпараттандырудың деңгейін жоғарылату және экологиялық білім беру;қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу және шешімдерді қабылдау үрдісінде қоғамдастықтың қатысуына ықпал ету;Конвенция ережелерін іске асыру саласында халықаралық тәжірибені оқу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Қазақстанда бүгінгі күні 8 Орхус орталықтары жұмыс атқарады:
«Бурабай орхус орталығы» БҰ;- «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ;- «Маңғыстау Орхус орталығы» БҰ;- «Алматы Орхус орталығы» БҰ;- «Қызылорда |Орхус орталығы» БҰ;- «Қазақстан Орхус комитеті» ЖҰ.- «Жайық-Каспий Орхус орталығы» КҰ;- «Астана Орхус орталығы» БҰ.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы Орта Жөніндегі Бағдарламасы ЮНЕП (ағылш. United Nations Environment Programme — UNEP) — Бас Ассамблеяныңмемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретінде көмекші органы.
Бағдарлама1972 жылы 15 желтоқсанда құрылды, штаб-пәтері Кенияның Найроби қаласында орналасқан. ЮНЕП-тің ұраны: "Қоршаған орта өркендеу жолында" [1]
БҰҰ-ның 1972 ж. 5 — 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоқсанда құрылған. ЮНЕП-тің басты органдары — Басқару Кеңесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП-ке 70-ке жуық мемлекет мүше. Штаб-пәтері — Найробиде. Қоршаған ортаны саласындағы бағдарламалардың қосымша қаржыландыруын жүзеге асыру мақсатында, 1973 ж. 1 қаңтарда ерікті ЮНЕП қоры ашылды. ЮНЕП-тің көптеген биологиялық Конвенциясына Қазақстан Республикасы 1994 ж. қыркүйектен бері мүше. 1994 ж. қазанда Парижде жасалынған шөлге қарсы күрес Конвенциясына ҚазақстанРеспубликасы да қол қойды. Қазіргі таңда Қазақстанның ЮНЕП-пен ынтымақтастық шеңберінде: Қоршаған орта қорғау жөніндегі дүниежүзілік қордың (ФГОС) қаржыландыруымен ЮНЕП-тің “Каспий теңізінің биологиялық сан алуандығы және оның жағалауын қорғау” бағдарламасын жүзеге асыру ісі, ЮНЕП-тің Еуропалықаймақтық бюросымен бірге Арал және Каспий теңіздері жағдайлары жөніндегі халықаралық Конвенция жасау мәселелері қарастырылуда. Қазақстанда ЮНЕП-тің табиғатты қорғау жөніндегі Заңын шығару және экологиялық Заңдарын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Міндеттері
Қоршаған орта сферасындағы халықаралық қатынастарды жақсарту және лайықты саясат ұсыну.
Қоршаған ортаның жағдайын көрсету.Қоршаған ортаға байланысты ақпаратты жинап, тарату. Қоршаған ортаның тұрақтылығы туралы аймақтық программаларды дамыту.Мемлекет дәрежесіндегі қоршаған ортаны өндіруге керекті қуат пен технологиялық қолдаумен жабдықтау.Халықаралық қоршаған орта заңдарын дамытуға көмектесу.Қоршаған ортаға байланысты тұжырымдама мен құралдарды қолдануға және дамытуға керекті тәжірибелі ақылдармен жеткізіп отыру.
Диморфизм - адамның органикалық қасиеттерін әртүрлі екі сапалық түрге белу. Олар - әйел және еркек Полиморфизм (гр. polymorphos — көп түрлі), биологияда — бір түрге жататын, бірақ сыртқы көрінісі жағынан айырмашылығы бар, өтпелі формалары жоқ дарабастар.
өткен жартыжылдықта халықтың табиғи өсімі әр 1000 адамға шаққанда 13,90-ға ұлғайған, 2011 жылы бұл көрсеткіш 13,02 болған еді. Бала туу көрсеткіші 22,29-дан 22,77-ге өссе, өлім-жітім көрсеткіші әр 1000 адамға шаққанда 9,27-ден 8,87-ге дейін төмендеген. Халықтың табиғи өсімінің ең жоғары көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тіркеліп отыр. еліміздің аймақтарының 80% -да (78,6%), оның ішінде Павлодар облысында 85,6%, Ақмола облысында -78,6%-ға дейін,Солтүстік Қазақстан аймағында едәуір халық санының төмендегені байқалады. Тек Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өсу тенденциясы сақталуда. Бірақ бұл облыстарда да халық саны салыстырмалы азаюда. әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкідігі дәрежесінің төмендеуі 30 жастан бастап құрт төмендейді (1996 ж. статистикалық мәлімет бойынша әйелдердің 30-34 жас аралығындағы туу мүмкіндігі 20-24 және 25-29 жаспен салыстырғанда төмен болып келеді);
-әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкіндігінің тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің арасында да төмендеуі. Мысалы, 1996ж. статистикалық мәлімет бойынша қазақ әйелдерінің туу қабілеті негізінде 35 жасқа дейін аяқталады (баланың тууының 90,9%-ы 35 -ке дейінгі ана жасына келеді). Орыс әйелдерінің туу қабілеті 30 жасқа таман аяқталады (барлық туудың 84,1%-ы 30 жасқа дейінгі аналарға келеді).
Қазақстанда 7 млн.704 мың әйел бар-51,8 %, ерлердің саны-7 млн.158 мың 300 адам-48,2%. 2002 жылы-526қыз 554 ұл-бала дүниеге келеді.
42 мың әйел-85 жас өмір сүріпті. Орташа жасы әйелдердің-71,4 жас, ерлердің-60,6 жас. Әйелдердің -55,6% ерлердің -62,3% отбасылы, әйелдердің-21,6%-ерге шықпаған, 30,4% ерлер үйленбеген. Әйелдердің 8,1%,ерлердің -4,4% ажырасқан. Орташа есеппен қыздар-23,6 жаста, жігіттер-26,6 жаста үйленеді. Әрбір отбасы орташа есеппен 4 адамнан тұрады. 2002жылы-2-124 500 қыз-келіншек баласын алдырған. 5 554 ер, 181 әйел СПИД пен аурады.
Халықаралық экологиялық ынтымақтастық қызметінің негізгі принциптері. 1970 жылдардың басында, қоғам мен табиғат арасында жеткілікті экология – экономикалық проблемалар адамзатқа әлемдік қауіп туғызатын, оның салдарынан планета биосферасына үлкен өзгерістер болатындығы белгілі болды. Бұл оған қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау көп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша оның кейбір жеке аспектлерімен келесі мамандырылған ұйымдар, БҰҰ басшылығымен жұмыс істейді: ЮНЕСКО –ғылым, білім, мәдениет саласындағы БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім – шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы құрылған. Штаб – пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан. Ол экология саласында “Адам және биосфера” және “Адам және оны қоршаған орта” бағдарламалары бойынша жұмысты орындайды, адам мен айнала орта байланысы және оның әлеуметтік – экономикалық факторларының дамуында зерттеулержүргізеді; ФАО – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану,қорғау; жаңа және өзгеше энергия көздерін өндіруді, игеруді ықпалын тигізуге көмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бұл мекеменің штаб – пәтері Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан. ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарының деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген, оған тұщы сумен қамтамасыз жасау, тамақ және қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды.Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді, халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай – ақ емдеу дәрілердің сапалық жағын тексереді. Дамушы елдердегі халықтардың деңсаулығын жақсартуға көмектеседі. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан. ЮНИДО – халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті бекіту және өнеркәсіптің дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген; МАГАТЭ – радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агенттік. Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб – пәтері Вена қаласында орналасқан. ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) – бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай – ақ ұлттық метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан. МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) – бұл одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекемк. МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жөнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан (Швецария). МЮО- Халықаралық құқық ұйымы 1968 ж құрылған, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық сұрақтарын дайындауға ықпал етеді. МЭС- Халықаралық экологиялық сот. 1994 ж қарашада Мехико конференциясында заңгерлердің ұсыныс бойынша құрылған ұйым. Әлемдік экологиялық іс-әрекеттерді әділ шешуді қажет ететін мәселелерді шешумен айналысады. Бұл ұйымда әлемнің 24 елінен 29 судья жұмыс істейді. WWF-жабайы табиғатты қорғау фонды (ағыл. WWF — World Wide Fund for Nature) — 1961 ж құрылған. 27 ұлттық бөлімшелері бар. МОТ –Халықаралық еңбек ұйымы. 1919 ж еңбек қауіпсіздігінің шарттарын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту мақсатында құрылған ұйым. ГРИНПИС (Greenpeace — «Жасыл әлем») — қоршаған ортаның деградациясының алдын алуды мақсат етіп қойған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым. 1971 ж Канаданың Ванкувер қаласында құрылған 1,5 млн мүшесі бар, 1/3— американдықтар. Әлемнің 32 елінде бөлімдері бар. Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар: 1.Классикалық экология - биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді. 2.Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді. 3.Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді. Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді. Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді. Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі. Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар. Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі. Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр.