- •5.Табиғи орта – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;
- •Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:
- •Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
- •11.«Биогеоценоз» ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы а.Тенсли ұсынған
- •21.Биосфера туралы ілімнің негізгі қағидалары
- •Орталықтын негізгі міндеттері:
21.Биосфера туралы ілімнің негізгі қағидалары
Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы. Миллиардтаған жылдар барысында тірі ағзалардың көбеюі, өсуі, зат алмасуы мен белсенділігі, планетаның беткі бөлігін толық өзгеріске ұшыратты. Ағзалардың түрлерінің барлық массасын В. И. Вернадский Жердің тірі заты деп атаған.Тірі заттаың химиялық құрамына өлі табиғатты құрайтын атомдар кіреді, бірақ олар басқаша қатынаста болады. Зат алмасу барысында тірі ағзалар үнемі табиғаттағы химиялық элементтердің таралуын өзгертіп отырады. Осылайша биосфераның химизмі өзгереді. Миллиардтаған жылдар барысынла фотосинтездеуші ағзалар күн энергиясының орасан мол шамасын химиялық жұмысқа айналдырады және басқа да органикалық заттар – мұнай, торф т. б. түрінде жиналады.
Фотосинтез есебінен атмосферада оттегі жиналады. Жердің дамуының ертедегі кезендерінде атмосферада басқа газдар басым болады: сутегі, метан, аммиак, көмірқышқыл газы оттегіден озон қабаты пайда болды. Бұл газдың молекулалары оттегінің үш атомынан тұрады (О3), ол ультракүлгін сәулелердің молекулалық оттегіне әсер етуі нәтижесінде түзіледі. Тіршіліктің өзі ультракүлгін сәулелердің басым бөлігін ұстап қалатын атмосфераның қорғаныштық қабатын жасады.
Қазіргі атмосферадағы көмірқышқыл газының көп бөлігі тірі ағзалардың тыныс алуы немесе органикалық отынның жануы нәтижесінде түзілген. Атмосфералық азот та тіршіліктің нәтижесі, ол бірқатар топырақ бактерияларының белсенді әрекетінен түзілген. Тірі ағзалардың әсерінен көптеген Жердегі тау жыныстары пайда болды. Ағзалар жекеленген элементтерді қоршаған ортада олардың мөлшерінен анағұрлым көп шамасын тандамалы түрде сіңіріп, өз денесінде жинай алады. Мысалы, көптеген теңіз жануарлары өздерінің қаңқасында кальций, кремний немесе фосфорды жинап, өлгеннен соң су түбінде шөгінді жыныстарды: ізбес тас, бор, фосфориттер т. б. түзеді. Олар органогенді элементтер деп атайды.Тіршіліктің әсерінен құрлықтың бетінде топырақ қабаты қалыптасқан. Топырақтағы минералдық компоненттер, ыдырап жатқан органикалық заттар мен көптеген микро және макроорганизмдердің бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, В.И. Вернадский оны ерекше, табиғаттың биокосты заты деп атады. Әлемдік мұхиттың суларында да осындай биокосты заты болады. Тірі ағзалар құрлықтың тау жыныстарының желденуі мен бұзылуында ерекше роль атқарады. Олар өлі органикалық затты негізгі ыдыратушылар.Тіршілік Жердің атмосферасын, мұхиттың суының құрамын өзгертіп, өзен қабатын, топырақ, көптеген жыныстарын жасады.Тау жыныстарының желдену жағдайлары өзгеріп, өсімдіктер жасайтын микроклимат үлкен рол атқара бастайды, Жердің климаты да өзгерді.Тіршілік биосферадағы биологиялық зат айналымын жүзеге асыра отырып, өзінің және адамның тіршілік етуіне қажетті тұрақты жағдайларды қамтамасыз етеді.Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады. Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады. Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді: газдардың айналымы және шөгінді заттар айналымы. Біріншісінде элементтердің негізгі көзі - атмосфера (көміртегі, оттегі, азот), екіншісінде - таулы шөгінді жыныстар (фосфор, күкірт және т.б.) болып табылады.
Көміртегінің айналымы. Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп, тыныс алу, ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады. Көміртегі циклының ұзақтығы үш-төрт жүз жылдыққа тең. Осы кезеңде биосферадағы көміртектің жалпы массасы шамамен 4000 Гт. Оның 1000 Гт биомасса үлесіне жатады. Биосферадағы жылдық нетто-биоөнімінің мөлшері көміртекпен есептегенде 90-100 Гт. Осы мөлшерде көміртек дем алу және ыдырау (деструкция) процестерінде де бөлініп отырады. Сонымен, көміртекпен есептегенде биосфера биомассасының жаңару мерзімі 10 жылды құрайды.Көміртек айналымы жасыл өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдердегі фотосинтез процесіне атмосфералық көмірқышқыл газын бекітуден басталады. Өсімдіктер бекіткен көміртек бөлігін жануарлар пайдаланып, көмірқышқыл газын бөледі. Тіршілігін жойған өсімдіктер мен жануарлардың соңынан топырақта микроорганизмдер ыдырайды, осы ыдырау процестердің нәтижесінде ұлпалар құрамындағы қосылыстарға оралып отырады.Көміртектің белгілі бөлігі ұзақ мерзімде қазанды отын түрлерін (көмір, табиғи газ, мұнай, шымтезек, жаңғыш тақта тас), теңіз су қоймаларында карбонатты жыныстарды (әктас, доломит, т.б.) түзуге қатысады. Құрлықтағы және мұхит аквоториясындағы көміртек қосылыстарының пайда болатын негізгі көзінің бірі болып жанартаудың атқылауы саналады.Фотосинтез бен органикалық заттардың ыдырауы бірнеше сатыдан өтетін және өте көп экожүйелер мен организмдердің қатысуымен жүзеге асатын болса жалпы биосферада ерекше өте жоғары дәлдікпен олардың теңдіктері ұсталып тұрады.Көмірқышқыл газының атмосферадағы қоры 700 Гт, ал фотосинтез және ыдырау процестері арқылы атмосфераға жылына қайтарылып отыратын массасы 90-100 Гт. Егерде көміртектің атмосферадағы биоталық қайтарылуы тоқтады деп елестететін болсақ, ал фотосинтез бұрынғы қалпында жүріп жататын болса, онда атмосфера толығымен 7-8 жылда көмірқышқыл газынан тазаланып отырар еді. Бірақ-та, әр түрлі белгілі ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі шамалардың ауытқуының шектік деңгейі тұрақты сақталып отырса, атмосфераның газдық құрамы (оның ішінде көмірқышқыл газының мөлшері) аз дегенде 104 жыл бойы тұрақты болып қала берер еді. Бұдан атмосфера үшін көміртектің биотикалық айналымының минималды тұрақтылығы δА = (10000-8)/10000=0,999 деп қорытындыға келуге болады.
Экожүйедегі көміртек айналымына толық жете сандық талдауды 1990 жылы эколог-ғалым В.Г.Горшков жасаған. Оның геологиялық мәліметтерге сүйенген тұжырымы бойынша, биогенді мүмкін екен. Тіршілікпен сәйкес осы мөлшер шамалардан реттейтін механизм жоқ болғанда, ондаған және жүздеген миллион жылдарда олар шектен шығып кететін еді. Шынында, палеохимиялық және палеоботаникалық мәліметтер бойынша атмосферадағы көміртек мөлшері 105 жыл бойы сақталып келе жатыр. Солай болғандықтан, биосферадағы органикалық заттардың түзілуі мен ыдырау ағысы 10-4, тұйықтылығы 10-3 дәрежедегі дәлдікпен үйлесіп келеді. Демек, корреляция дәлдігі 10-7 –ге тең. В.Г.Горшковтың айтуынша: «Синтез бен ыдыраудың арасындағы осы деңгейдегі дәлдікпен корреляцияның болуы қоршаған ортада биологиялық реттеу бар екенін дәлелдейді, себебі миллиондаған жыл бойы шамалардың осындай дәлдікте болуы кездейсоқ екеніне сенбейтін жағдай». Соңғы жылдары адамның шаруашылық әрекеті, әсіресе, құрамында көміртек болатын отын мен ағашты өте көп мөлшерде жағу арқылы көміртектің айналымына елеулі әсер етті. Ауа райының ғаламдық жылынуына себеп болатын «көшетхана газы» ішінде (метан, озон, фреон, азот оксидтері) көміртек диоксиді бірінші орында тұр (50-55%).
Азот айналымы. Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады. Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып, топыраққа өткізеді. Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер түзетін азот- фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді. Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға қайтады
.
Азот барлық биогенді белоктардың құрылымына кіреді және сонымен қатар биогенді элементтердің ішінде ең негізгі организмдердің тіршілік әрекетіне қажет элемент болып саналады. Атмосферадағы бос молекулалық түрдегі азоттың өте аз мөлшері ғана биоталық айналымға қатысады.
Фосфор мен күкірттің зат айналымы. Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де, оларды өсімдіктер пайдаланады. Редуцент - ағзалардың тіршілік қызметі нәтижесінде олар қайтадан топыраққа қайтады. Азот пен фосфор қосылыстарының бір бөлігін жауын сулары өзендерге одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып, оны балдырлар қолданады. Ең соңында өлі органикалық заттың құрамында олар су түбіне шөгіп, қайтадан тау жыныстарына кіреді.
Фосфор айналымы. Фосфор азот сияқты шектеуші биогендер қатарына жатады. Ол нуклеин қышқылдарының құрамына, клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйеге (аденозиндифосфат, аденозинтрифосфат), сүйек тканіне, дентинге кіреді. Оның айналымын басқа айналымдардай қозғалысқа келтіретін энергия және де бұл процеске қатысушы фосфорорганикалық түрден бейорганикалыққа, одан қайта органикалық түрге алма – кезек ауысып отырады.Фосфордың биогеохимиялық циклінің ерекшелігі редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.Көміртектің, оттектің және азоттың айналымынан тағы да бір айырмашылығы фосфордың циклін тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады.Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымымен байланысты процестер қоршаған ортаның көптеген факторларына тәуелді, бірінші кезекте антропогендік факторларға. Мысалы, табиғи сулардың фосфор тыңайтқыштарымен, жуғыш заттармен ластануы салдарынан су қоймалары эвтрофтанады. Осы себептен бір қатар елдерде фосфоттарды жуғыш заттар құрамына қосуға тиым салынған, оның балама алмастырғыштары қолданылады.Өсімдіктердің фосфорды сіңіруі топырақ ерітіндісінің қышқылдығына байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе, сілтілі ортада мүлде ерімейді, қышқылдық көтерілген сайын фосфаттар жақсы еритін фосфор қышқылына айналады. Фосфор тыңайтқыштарын біліксіз артық мөлшерде қолданса, топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы мүмкін. Фосфор уытты элемент болмаса да, фосфорлану кезінде тұздардың концентрациясы жоғары болғандықтан өсімдіктердің өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация басталған кезеңде тежелуі байқалады, себебі фосфордың мөлшері топырақта көп болғандықтан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, өсімдіктердің қоректенуінің бұзылуы орын алуымен қатар, экологиялық тұрғыдан зиянды ауыр металлдарды және де басқа токсиканттарды көбірек сіңіруге ықтималдығы жоғарлайды.
Су айналымы. Бұл табиғат жағдайында былай жүреді, су мұхиттардың, құрлықтардың, өзендердің және т. б. су қоймаларының бетінен буланып, ауа арқылы су буы тасымалданып, шықтанып, жауын-шашынмен қайтадан жер бетіне оралып отырады. Осылардан басқа, су айналымы процесіне өсімдіктердің ауамен жанасатын барлық сыртқы және ішкі беттеріндегі судың булануы және жердің өте терең қабаттарындағы магмадан бөлінетін оттек пен сутектен түзілген жер асты сулары (ювинилді сулар) жатады.Жер бетінде судың шамамен есептеу жолымен анықталған теңдестігі (мың км3) мынадай болады: кіріс (жауын-шашын) – 8,4, шығын – 108,4 (булану 71,1, оған жер бетіндегі ағынды сулар қосылады – 37,3).Су айналымының тұрақтылығы соңғы 100 жылда адамның таласуынан бұзыла бастады. Орман алқабының азаюынан орманнан судың булануы төмендеуде, керісінше, ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерді суармалау кезінде топырақ бетінен судың булануы артуда. Сонымен қатар, соңғы жылдары мұхит пен теңіздің едәуір бөлігіндегі бетінде мұнай қабатының пайда болу салдарынан судың булануы күрт төмендеп, биосфера құрауыштарының арасындағы алмасу процестері бұзылуда. Бұрыннан табиғатта қалыптасып келген су айналымының ауытқуына байланысты соңғы жылдары әлемдік мұхит деңгейі көтерілуде, осындай қолайсыз жағдайға себеп болып жатқан құрлықтағы көлдердің келуі, жер асты су қорының тиімсіз жүйемен жұмсалуына байланысты азаюы және көшетхана эффектісінің әсерінен мұздық жамылғысының қалыңдығының жұқаруы. Бұл тенденциялардың әрі қарай үдеуі организмдердің әр алуандылығы мен орналасу заңдылығын, экожүйелердің сандық және сапалық құрамын, қасиеті мен құрылымын өзгертуі мүмкін. Сонымен табиғатта барлық биогенді элементтердің айналымы биогеоценоз деңгейінде өтеді. Биогеоценоздың өнімділігі әр элементтің жүйелі түрде айналымда болуына байланысты. Мұның әсіресе ауылшаруышылық өндірісі мен орман өсіруде маңызы өте ерекше келеді.Адамның қалай болсада әйтеуір араласуы айналым процестерінің жүруіне кедергі жасайды. Мысалы, орманды кесу немесе өсімдіктердің ассимиляциалау аппаратын өнеркәсіптік шығындылармен зақымдандыру көміртекті сіңіру қарқынын төмендетеді. Өнеркәсіптік ағындылармен суқоймаларына түскен органикалық заттектердің молшылығынан орын алатын эвтрофикация процесі суда еріген түрде болатын оттектің біраз мөлшерін азайтып, сулы ортадағы аэробты организмдердің тіршілік мүмкіндігін жояды. Қазып алынған отындарды жағып, өндіріс өнімдерінде атмосфералық азотты бекітіп, фосфорды детергенттерге байланыстырып, адам элементтер айналымын өзімен қалай болса да тұйықтайтын сияқты, осы жағдай оны қоршаған ортаның химиясын толығымен басқаруға амалсыз мәжбүр етеді.Биоталық айналымның жоғары дәрежедегі тұйықтылығы мен қоршаған ортаның биологиялық реттелуі – биосфера эвалюциясының заңды нәтижесі.
Оттегінің циклі. Жердегі оттегінің циклі шамамен 2000 жылда, судың шамамен 2 млн. жылда жүріп өтеді. Бұл заттардың атомдары Жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткен.Атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты. Соңғы 600 млн. жылда зат айналымдардың жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі деңгейіне жақындады. Биосфера үлкен, үйлесімді экожүйе ретінде жұмыс істейді. Ондағы ағзалар тек қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, өздері де тіршілікке қолайлы жағдайларды жасайды.Оттегі айналымы фотосинтез процесінен басталады. Оның биоталық айналымы 250 Гт/жылына, ал биосферадағы оның жалпы массасы 1014 т. Жер бетінде ең көп таралған элемент: оның мөлшері атмосферада – 23,1 (288мг/л); литосферада – 47,2; гидросферада – 86,9. Гидросферадағы оттектің мөлшері орта шамамен 4,5 мг/л, осы оттекті су организмдері өздерінің тіршілігіне жұмсайды. Ауадағы оттектің мөлшері ұзақтық геологиялық дәуірлер бойына биоталық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр. Осы деңгейден ауытқу орын алса, биосфера биотасының жағдайына әсерін тигізер еді: мөлшері төмендесе мұхиттар фаунасы елеулі азайып, көтерілсе ортаның тотығу қасиеттерінің қауіпті жағдайға дейін өсіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайлардың жер бетіндегі жануарлар мен адамға да белгілі қолайсыз әсері бар. Мысалы, жануарлар мен адамдар биік тауларға шыққанда немесе оттекті көп мөлшерде пайдаланатын жерлер мен жасанды құрылғыларда оттетік жетіспеуін сезеді.Озонның түзілуіне Жер бетіне түсетін күн энергиясының шамамен 5% жұмсалады (8,6.1015 вт). Озон түзілетін реакция қайтымды болғанына байланысты атмосфераның жоғарғы қабаттарының температурасы жоғары болады, себебі озонның атмосферадағы көлемдік мөлшері 10-6% құрайды; озонның ең жоғарғы максималды мөлшері 20-25 км биіктікте 4.10-6 көл. % –ке дейін жетеді.Озон барлық тірі организмдерге әсер ететін ғарыштағы ультракүлгін сәулеленудің едәуір мөлшерін тұтып отырады, былайша айтқанда, биосфераның қорғағыш қалқаны, себебі тірі организмдердің көптеген молекулалық құрылымдары осы ультракүлгін сәулелерінің әсерінен бұзылады. Осыған байланысты озон қабатының бұзылуы (озон «тесігінің» пайда болуы адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін.
Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері. Биосфера – Жердің ғаламдық экожүйесі – экосферасы, оның құрамы мен энергиясы жер шарындағы жануарлардың жиынымен анықталады және бақыланады. Биосфераның биотасы мен абиоткалық компонеттерінің өзара байланысы табиғаттағы екі негізгі зат алмасу шеңберлерімен сипатталады: үлкен (геологиялық) және кіші (биогеохимиялық) зат алмасу шеңберлері. Табиғаттағы үлкен зат алмасуы (геологиялық) – күн энергиясының жердің тереңдік энергиясымен алмасуға негізделген. Бұған сондай-ақ судың үлкен алмасу шеңберінде жатқызуға болады. Әлемдік мұхит бетінен буланған су буы құрылыққа жел арқылы жылжып жауын-шашын түрінде құрлыққа түседі, осы түскен жауын-шашын жер беті мен жер асты суларының ағынымен қайтадан мұхитқа барады. Судың осындай айналымын үлкен айналым шеңбері деп атайды, ал буланған судың жарты бөлігі қайтадан мұхит бетіне түскен жағдайда оны судың кіші айналым шеңбері деп атайды. Мұхит бетінен судың булануына күн сәулесінің 50% пайызы жұмсалады. Жер планетасындағы ауа райының қалыптасуына және табиғат жағдайларына елеулі әсерін тигізеді. Өсімдіктердің суды транспирациялау және сол арқылы биогеохимиялық циклға судың өтуін ескере отырып бүкіл дүние жүзіндегі су қорының толық бір айналым жасауына 2 миллион жыл қажет. Биосферадағы заттардың кіші айналым шеңбері биосфера шегінде ғана жүреді. Бұл құбылыстың негізі фотосинтез процессі кезінде бейорганикалық заттардан органикалық заттардың түзілуі және ыдыраған кезде органиканың қайтадан бейорганикаға айналуы жатады. Бұл айналымның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор, себебі осы шеңбердің өзі тіршіліктің көзі болып саналады. Өзгеру арқылы, туылу және өлу арқылы тірі зат Жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз етеді, биогеохимиялық зат алмасу шеңберін құрайды. Жеке заттардың айналымын В.И.Вернадский биогеохимиялық циклдар деп атады. Циклдың мәні мынада, ағзаға сыртқы ортадан түскен химиялық элементтер белгілі бір уақтыттан кейін одан абиотикалық ортаға шығып қайтадан белгілі бір уақыттан соң қайтадан ағзаға оралады. Мұндай элементтер биофильді элементтер деп аталады. Ағылшын ғалымы В.Коммонер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым- қатынастырды төрт заңға біріктірген.Бірінші заң-барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланысты болады.Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ припаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелілермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесірткелердің жойылу нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады. Экологияның екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмір қышқыл газ жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары- оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары-бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т.б.)- өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.Үшінші заң: табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды. Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді. Бұған улы химикаттар-пестициттер мен гербициттер мысал бола алады. Табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін болатын экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері- Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен- күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады.Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді.Төртінші заң-тегін ешнәрсе жоқ.Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.
В.Н.Беклемишевтің түрлер арасындағы биоценоздағы биотикалық қатынастар мынандай төрт типке бөлінеді:а) трофикалық, б) топикалық в)фористік г)фабрикалық.
Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі кезінде туындайды.Топикалық байланыс бір түрдің тіршілік ету барысында екінші түрдің кез келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының өзгеріске ұшырауынана туындайды.Форикалық байланыс бір түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар атқарады.Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред).Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына (фабрикациясына) басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.
Қазіргі ғаламдық экологиялық климаттық өзгерістер, озон қабатының жұқаруы, қышқылдық жауын шашындар.
Атмосфераның, топырақтың және өсімдік , мұхиттардың ғаламдық ластануы.
Қоршаған ортаның ластаушыларының тірі организмге әсері
Жылулық эффект. Ең алғаш жылулық құбылысты Фурье ашқан. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап планетадағы орташа жылдық температураның біртіндеп жоғарылауы байқалуда, мұны атмосферада жылулық газдардың жиналуымен түсіндіреді.Оларға: көміртек диоксиді, метан, фреон, озон, азот оксиді т.б. жатады.Жылулық газдар жер бетінен ұзын толқынды жылу толқындарының сәулеленіп шығуына кедергі келтіретіндіктен, осы газдармен қаныққан атмосфера температурасы жоғарылайды. Бұл газдар жер бетіне күн энергиясын өткізіп, сыртқа қарай, яғни космосқа жылуды мүлдем шығармайды. Жылулық эффект жер бетіндегі орташа ғаламдық ауа температурасының өсуінің басты себепшісі болып табылады.
2100 жылға қарай жер бетінің орташа температурасы шамамен 2- 40С градусқа өседі деген болжамдар бар. Бұл мұз дәуірінен кейінгі температураға сәйкес келеді, яғни экологиялық салдар катастрофаға әкелуі мүмкін. Ең алдымен мұхит деңгейі көтеріледі, судың астында 30 мемлекеттің территориялары қалады, климаттық тепе-теңдік бұзылып көп жылдық тау-жыныстары деградацияланады.
Озон тесіктері. Жер бетінен 20-25 км қашықтықта орналасқан қалыңдығы 3 мм болатын озон қабатының мүжілуі озон қабатында саңылаулардың пайда болуына әкеледі. Озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілік иелерін күннің ультркүлгін сәулелерінен, яғни радиациядан қорғайды. Мұндай озон қабатының тозуы табиғи және антропогендік жолмен іске асады. Мысалы антропогенді жолмен озон қабатының тесілуі атмосфераға құрамында хлор молекулалары бар қоспалар мен химиялық заттардың түсуі нәтижесінде жүреді. Құрамында хлоры бар заттар қатарына суытқыш заттарда, яғни тоңазытқыш пен кондиционерлерде пайдаланылатын суытқыш агенттердің (фреондардың) ауаға түсуі, еріткіштер, аэрозольдер озон қабатын жояды.
Қышқыл жаңбырлар. Ауадағы күкірт диоксидімен азот оксидтерінің ауадағы ылғалда еріп, нәтижесінде түзілген қышқыл жауын-шашындарды қышқыл жаңбырлар деп атайды. Орташа рН мөлшері 5,6 дан төмен болады. Қышқыл жаңбырлардың зиянды әсері өте көп, атап айтсақ, өсімдіктердің жапырақтарына зиян келтіру, мәрмәрдан жасалған мәдени ескерткіштерді және ғимараттарды бұзу, металдар коррозиясының жылдамдауы т.б.
Өнеркәсіп және тұрмыс қалдықтарынан қорғау. Әр түрлі өнімдерді өндіру немесе пайдалану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қоланылуға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Қалдықтар қоршаған ортаға және адам ағзасына зиянды материалды заттарға жатады. Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады:
- тұрмыстық (коммуналдық);- өнеркәсіптік (өндіріс қалдықтары);- өнідірісөнімдерінің қалдықтары;- қауіпті (улы);- радиоактивті қалдықтар.
Өндірістік қалдықтарды қатты және сұйық қалдықтарға бөледі. Қатты қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың, өндіріс өнімдерінің қалдықтары жатады. Сұйық қалдықтарға ағынды суларды тазартқаннан кейін қалатын тұнбалар, газдарды ылғалдық әдіспен тазартқан кезде қалатын минералды және орагникалық шаңдар қалдықтары жатады.
Шу әсерінен қорғау. Ластану салдары әрдаайым дереу байқала бермейді. Ластанудың көбінесе жасырын, тез табыла қоймайтын түрлері де болады, мысалы қоршаған ортаның физикалық тұрақтыларының өзгеруі нәтижесінде болатын ластанулар, немесе физикалық ластанулар деп те айтады. Ағзаның тіршілігінің ауытқуларына әкелетін фактор шу болып табылады. Шулылық шудың қарқындылығы мен қайталануының табиғи деңгейден жоғарылау нәтижесінде пайда болады.
Биологиялық әсерден қорғау. Биологиялық ластану да аз қауіп тудырмайды. Қоздырғыш микроағзалар (микробиологиялық ластану) – бактериялар, вирустар болып табылатын тырысқақ, тұмау немесе оба сияқты аурулардың індетін еске алудың өзі жеткілікті. Қажетті мөлшерде тазаланбаған және заласызданбаған тұрмыстық ағынды сулар тері, ішек және басқада ауырулар тудыратын микроағзалардың үлкен кешеніне айналады. . Ғаламдық экологиялық проблемалар -ғаламдық. аймақтық және ұлттык деңгейлерде айқындалған экологиялык мәселелер кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық кауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенін бүлінуі, озон кабатының жүқаруы, атмосфераның, дүниежүзілік мұхиттың ластануы, т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысында БҰҰ-ның Басқаруымен иеленушілігі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдық оны шешу үшін барлық елдердің жігерін айқын жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан арылудың мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс емес, жай соғысты –жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялык күрылымын радикалдық қайта кұру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен кұралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілетгік беру. ЖАҢБЫР ЭРОЗИЯСЫ — жаңбыр суының тамшыларына езіліп, бүзылған топырактың беткі қабатының жаңбыр суының ағынымен бірге жоғарыдан төмен қарай жылжуы. Бұл топырақтың су зрозиясының бір түрі. Нөсерлеп, қатты жауған жаңбыр суларының ағындары әсіресе жер бедерінің еңісі молырақ, тау алқаптарының беткейлі алаптарында жиі кездеседі -ның ЖАҢБЫР ЭРОЗИЯСЫ зиянды әрекеттері жаңбыр ұзақтығына, қарқындығына жер бедері мен оның құрамына тікелей байланысты. Кейбір жағдайларда ЖАҢБЫР ЭРОЗИЯСЫ елді мекендерді, жол құрлыстарын бұзып шаюы мүмкін.
Қышқылдық жаңбырлар - (қышқылдық, қышқыл жауын-шашын) - рН 5,6-дай төмен болады. Мұндай жауын-шашынның түсуі атмосфераның күкірт диоксидімеп, азот оксидтерімен антропогендік ластануымен байланысты. Олардың шамасы жылы-на 255 млн т. дан астам. Қышқылдық жаңбырлар бір-қатар экологиялық зардаптарға әкеледі:атмосфераның көріну мүмкіндігін төмендетеді; топырақтың қышқылдануы мен олардың құнарлылығының кемуі;тұщы су қоймаларының қышқылдануы, ал осының нәтижесінде бағалы балық қорының кемуі;орман формацияларының зақымдануы мен жойылуы;кейбір, жануарлардың түрлерінің жойылуы;көпірлер, плотина, ғимараттар, металл конструкцияларының коррозиясының жылдамдауы; әлемдік сәулет ескерткіштеріне нұқсан келуі; адамдардың денсаулығына зиян келтіреді; Әсіресе қышқылдық жауын-шашындардан Канаданың, Норвения, Швеция, Фипляидия, АҚШ, Ресей жөне т.б. елдердің тұщы су қоймалары зиян шегіп отыр.
18.Әлемдік мұхит ластануы Планетамыздың ¾ бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит – суының салмағы 1,4·1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұның ішінде мұхит суының еншісіне 97%, құрылық суларына 1%, мұздықтарға 2% келеді. Жер планетасындағы барлық теңіздер мен мұхиттардың жиынтығы болып табылатын Әлемдік мұхит планета тіршілігіне үлкен әсер етеді. Мұхиттағы сулардың үлкен массасы планетаның климатын түзіп, атмосфералық жауын-шашын көзі болып табылады. Мұхиттар бүкіл оттегінің жартысынан аса бөлігімен қамтамасыз етіп, атмосферадағы көмір қышқыл газының мөлшерін реттейді. Әлемдік мұхиттың түбінде минералды және органикалық заттардың үлкен массасы жинақталып, өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан Мұхиттар мен теңіздерде жүретін геологиялық және геохимиялық процестер бүкіл жер қойнауына қатты әсер етеді. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі. Жоғарыдап айтылғандай, Жер бетінің 70,8% су алып жатыр. Жерде – Тынық, Атлантика, Үнді мұхиттарымен қатар антарктикалық және арктикалық суларды да мұхиттар деп есептейді. Тынық мұхиттың көлемі барлық материктердің көлемін қосқаннан да көп. Бұл 5 мұхит жеке су бассейндері емес, шартты түрде ғана шекаралары бар жалпы мұхиттар массивін құрайды. Әлемдік мұхиттың негізгі ресурсы – су. Оның құрамында уран, калий, бром, магний сияқты 75 химиялық элементтер бар және бүкіл әлем бойынша өндірілетін тұздың 33% -мен қамтамасыз етеді. Мұхит қойнаулары пайдалы қазбаларға бай. Континенталдық шельфтерде алтын, платина кен орындары орналасып, бағалы тастар кездеседі. Жағалаудағы шельфтерде мұхит мұнайын барлау және өндіру қарқынды жүруде. Әсіресе Парсы, Венесуэла, Мексика шығанақтарында, Солтүстік теңіздегі кен орындарында мұнай өндіру жұмыстары қарқынды жүрсе, мұнай платформалары бүкіл Калифорния, Индонезия жағалауларын, Жерорта және Каспий теңіздерін алып жатыр. Әлемдік мұхиттың негізгі байлығы – ондағы биологиялық ресурстар (балықтар, зоо- және фитопланктон және басқалары). Мұхиттың биомассасы жануарлардың 150 мың түрін, 10 мың балдырлар түрін біріктіреді. Ондағы тіршілік әлемі – дұрыс және үнемді пайдаланудың арқасында таусылмайтын үлкен азық ресурсы болып та табылады. Мұхиттар әртүрлі ресурстардың қойнауы ғана емес, құрылықтарды, аралдарды байланыстыратын ыңғайлы, тегін жол болып та есептеледі. Теңіз транспорты мемлекеттер арасындағы жүк тасымалының 80%-мен қамтамасыз етеді. Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудғы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Парсы және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ-дәрілердің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай және мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10-15 мг/кг болған жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады. Мұнай - тұтқыр, жабысқақ, қара-қоңыр түсті майлы сұйықтық. Мұнай мен мұнай өнімдері Әлемдік мұхитты қатты ластайтын кең тараған ластаушылар болып табылады. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін мұхиттарға жыл сайын 16 млн. тоннаға жуық мұнай, яғни бүкіл өндірілген өнімдердің 10,2%-ға жуығы түсіп отырды. Ластану әсіресе өндіру аймақтарынан мұнайды тасымалдау кезінде жүріп отырады. Апатты жағдайлар, танкерлердің шайылған және балласты суларды сыртқа шығаруы нәтижесінде теңіз жолдарының ластануына алып келеді. Кейбір мәліметтер бойынша 2000 жылдардың бас кезінде Әлемдік мұхитта 12 000-ға жуық скважиналар болған. Тек Солтүстік теңіздің өзінде скважиналар саны 11 000-ға және өнеркәсіптік бұрғылау құрал-жабдықтарының саны 1350-ге жеткен. Мұнайдың едәуір бөлігі теңіздерге тұрмыстық және ақпа сулармен өзендер арқылы, ал өнеркәсіп орындары арқылы жылына 10,5 млн. тонна мұнай түсіп отырады. Қазіргі таңда Жер бетінің шамамен 30%-ын немесе 3,2 миллиард гектар жерін ормандар алып жатыр. Ормандардың азаюы жөнінде басқа да экологиялық проблемалар сияқты көп айтылады 31. Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады. Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды (көлденең) немесевертикальды бағытта (тігінен) орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі - ярустылық (қатарлық). Ярустылық - биоценоздардың биіктібойынша жіктелу. Тіпті ярустылық жер асты бөлімдерінде де байқалады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген. Биіктігі әртүрлі өсімдіктер өсетін фитоценоздан анық білінетін ярустылықбөлінуді байқауға болады: ассимиляция жүретін өсімдіктердің жер үсті мүшелері және олардың жер асты бөліктері бірнеше қабат болып орналасады. Ярустылық әсіресе қоңыржай белдеудің ормандарында жақсы байқалады. Мысалы, шыршалы ормандарда ағашты, шөпті-бұталы және мүктер ярустылығы анық білінеді. Жалпақ жапырақты ормандарда 5-6 ярусты ажыратуға болады: I немесе жоғарғы ярус үлкен ағаштардан (емен, жөке, үйеңкі т.б) құралған; II ярус – басқа ағаштардан (шетен, алма, алмұрт, тал т.б.) құралған; III ярусты бұталар (шие, итмұрын) құраса; IV ярус биік шөптесін өсімдіктерден (сасыр, тобылғы); V ярус олардан аласа өсімдіктерден (қымыздық, шайқурай); ал VI ярусты өте аласа өсімдіктер (қына, мүктер) құрайды. Микроскопиялық организмдер болуына және көптеген топтардың систематикасының толық құрастырылмағанына байланысты биоценоздағы түрлердің санын білу өте қиын. Биоценоз құрамына кіретін түрлердің санымен қатар, түрлік құрылымына сипаттама беру үшін олардың сандық мөлшерін де білген дұрыс. Саны жағынан көп түрлер доминантты болып есептеледі. Мысалы, біздің шыршалы ормандарда шырша доминант, сол сияқты шөптесін өсімдіктер жамылғысының өз доминант түрі, құстар мен кемірушілер арасында да өз доминанттары болады. Қауымдастықта доминанттар «түрлік негізін» құрайды. Алайда барлық доминант түрлер биоценозға әсер ете бермейді. Осы түрлердің ішінде тіршілігі барысында қауымдастық үшін негізінен орта құрайтын, ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер болады. Мұндай түрлерді эдификаторлар деп атайды. Биоценоздан эдификатор-түр алынса ортаның физикалық өзгеруіне, бірінші кезекте биотоптың микроклиматына әсер етіледі. Құрылықтағы биоценоздардың негізгі эдификаторлары болып: шыршалы ормандарда – шырша, қарағайлы ормандарда – қарағай, далалы аймақта – шымды астық тұқымдастары болып табылады. Алайда, кей жағдайларда жануарлар да эдификаторлар болуы мүмкін. Мысалы, суырлар колониясы мекендейтін территорияда ландшафттың, микроклиматтың және өсімдіктердің өсу жағдайлары сол суырлардың тіршілігіне, жерді қазуына байланысты. 20. 1. Морфологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс белгілерінің ұқсастығын көрсетеді. Дегенмен табиғатта морфологиялық жағынан ұқсас болғанымен бір түрге жатпайтын, хромосомолар жиынтығы әр түрлі бір-бірімен шағылыса алмайтын түр "қосарлары" да кездеседі. Осы уакытқа дейін бір түр деп есептеп келген "безгек масасының" 15 түр қосары табылды. Тек дене тұрқы, реңі, т.б. белгілеріне қарап түрлерді анықтау жеткіліксіз.
2. Генетикалық критерий — әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері болады. Сондықтан бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды. Егер тұраралық шағылысу бола қалған жағдайда, олардан тіршілік етуге кабілетсіз гаметалар,зиготалар, ұрықтар және ұрпақтар пайда болады. Тіпті тұраралық шағылысудан жақсы жетіліп туған ұрпақтың өзі (бие мен әңгі есектің шағылысуынан шыққан қашыр) бедеу, яғни ұрпақ бермейді. Әрбір түрдің генотипі эволюциялық жолмен дамитын және биологиялық бейімделушілікті көрсететін күрделі жүйе. Түрдің барлық критерийлерін бір-бірімен байланыста қолдану әрбір жеке түрді бір- бірінен ажыратып, сипаттап толық анықтауға мүмкіндік береді.
3. Физиологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің (зат алмасу, көбею, тітіркену және т.б.) ұқсастығын сипаттауға негізделген.
4. Биохимиялық критерий — түрлердің сан алуан болуы нәруыздың құрылысы мен құрамының түрліше болуына байланысты байқалады. Сондықтан биохимиялық критерий әр түрдің жеке топтарында олардың өзіне тән жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделуімен ерекшеленеді.Биохимиялық (тірі материяның химиялық құрамы) өлшем деп те атайды. Бұл өлшемді дарақтардың белгілі бір түрге тиесілігін анықтаған кезде оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану деп түсіндіріледі. Атап айтқанда егіз-түрлер осылай айқындалып, ажыратылды. Осы және генетиқалық өлшемді қолдану соңынан кейбір дербес түр деп есеп- телгендер біріктірілді.
5. Географиялық критерий — түрдің таралу аймағын анықтайды. Әрбір жеке түр белгілі бір кеңістікте тіршілік етеді. Кейбір түрлер көбірек көлемді жерлерге таралса, екінші бір түр шағын кеңістікте кездеседі. Түрдің таралу аймағы үлкен немесе кіші, тұтас немесе оқшау болуы мүмкін. Мысалы, мамонт ағашы мен мәңгі жасыл секвойя мезозой заманының бор кезеңінде пайда болған. Бұл көне замандық түрлер кайнозой заманының үштік кезеңінде Солтүстік жарты шарда кеңінен таралды. Ал казіргі кезде олар Солтүстік Америка, Калифорния жағалауларында жергілікті түр болып сақталып калды.
6. Экологиялық критерий — әp түрдің нақты алып жатқан орнын (мекен ортасын) анықтайды. Мысалы, қоян туысының 3 түрі бар: орқоян — далалы аймақты, аққоян — орманды алқапты, ал құмқояны — шөлді, шөлейтті жерлерді мекендейді. Бір түрге жататын даралардың басқа түр дараларынан айырмашылығы қоректенуі мен мекен ететін ортасына байланысты ажыратылады. Бір түрге жатса да қасқырлардың тундрада және орманды дала аймағында мекендейтіндерінің тіршілік жағдайында айырмашылықтар бар. Сондықтан тек экологиялық критериймен түрлердің ерекшеліктерін анықтау жеткіліксіз.
7. Этологиялық критерий — организмдердің бір-бірінен мінез- қылығының айырмашылығымен айқындалады. Жақын түрлердің мінез-қылығындагы айырмашылықтар, әсіресе жыныстық қатынаста бір-бірімен жақындасып жанасар кезінде байкалады. Мысалы, әр түрлі қимылдар жасап "күй ойнақ" салуы, сайрағыш құстардың сайрау кезінде дыбыстарын құбылтуы, т.б.[1]
4. 1)Неміс ғалымы Геккель бойынша: « Экология дегеніміз – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын оларды қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым».Бұл анықтама экология ғылымының сол кездегі мазмұнын толық ашқан еді. 2)1972 жылы Стокгольм қаласында БҰҰ-ның жетекшілігімен Бірінші халықаралық конференция ұйымдастырылды.Экология ғылымы ендігі жерде тірі организмдерді зерттеу аясынан шығып , адамның іс-әрекетіне бақылау жасау қажеттігін алға қойды. 3)Беларусь ғалымы Радкевич : « Экология – организмдер тіршілігіндегі барлық заңдылықтар жүйесін табиғи ортасымен және адамның іс-әрекетімен байланыстырып зерттейтін ғылым», деп тұжырымдады. 4)Орыс ғалымы Реймерс: «Экология – табиғаттағы және адам қоғамындағы барлық өзгерістерді жан-жақты зерттейтін ғылымдар жүйесінің кешенді бағыты деп түсіндіреді. Адамның өмір сүру ортасын 4 компонентке бөлді: 3-еуі антропогендік фактор, 1-еуі адамзат қогамына тін фактор.
5) Одум: экология-табиғи құбылыстарылд энергетикалық тұрғыдан зерттеумен сипатталатын табиғаттың құрылымы тураыл зерттейді деп тұжырым жасады
6! Дажо; экология- тірі организмдердің өмәр сүру жағдайларын организм мен ортаның өзара байланыстыратын ғылым деп айтты.
.7)Воронков: қазіргі замандағы экологияны ағзалардың соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын және стратегиялық тұрғыда адамның өзінің тіршілігін ақтады жіне экологиялық дағдарыстан шығу деді.
Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым». Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады. Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады. Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады. Ф.Энгельстің айтуынша , «ғылымның ең бастапқы қалыптасуы мен дамуы өндіріске тәуелді» , дейді.
15. Су тірі организмдер тіршілігіне қажетті негізгі экологиялық фактор және олардың тұрақты құрамы тірі организмдерде әртүрлі. Өсімдіктердің әртүрлі даму кезеңдерінде суға қажеттілігі бірдей емес, әсіресе әртүрлі түрлерде ол топырақ типі мен климатына байланысты өзгереді. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктердің қарқынды өсуімен салыстырғанда, тұқымның өсуі мен олардың пісіп жетілуі кезінде ылғалдылық аз керек. Кез келген әртүрлі өсімдіктің даму сатысы мен өсу фазаларының ерекше кезеңін бөлуге болады. Бұл кезеңде судың жетіспеуі өсімдіктердің тіршілік әрекеттеріне кері әсер етеді. Ортаның ылғалдылығы жер шарындағы организмдердің таралуы мен санын анықтайтын шектеуші фактор болып саналады. Мысалы, шамшат өсімдігі құрғақ топырақта да тіршілік етуі мүмкін, бірақ оған ауаның жеткілікті жоғары ылғалдылығы міндетті түрде қажет. Жануарларда су алмасуын реттейтін жабын механизмдері мен өткізгіш жабын ұлпалары маңызды роль атқарады. Су режиміне байланысты жануарлар мен өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі: ылғал сүйгіш, құрғақ сүйгіш және орташа ылғалдылықты қалайтындар. Өсімдіктер гидатофиттер, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер, суккуленттер және склерофиттер деп ажыратылады. Гидатофиттер - (грекше hydatos – су) толығымен немесе көп бөлігі суда тұратын су өсімдіктері (элодея, су тұңғиығы және т.б. ). Гидрофиттер - (грекше hydor – су) тек төменгі бөлігі суда тұратын жер-ауа өсімдіктері (кербезгүл, жебежапырақ). Гигрофиттер - (грекше hydros - ылғалды) ылғалға бейімделген, батпақта, су жағалауында өсетін жер үсті өсімдіктері. Мезофиттер (грекше mesos – орташа)- орташа ылғалды тіршілік орнының өсімдіктері. Оларға көптеген орман шөптері, ауыл шаруашылық дақылдары мен арамшөптердің көпшілігі жатады. Ксерофиттер - (грекше xeros – құрғақ) құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Олар суккулент және склерофит болып екіге бөлінеді. Суккуленттер - (грекше succulentus–шырынды) ұлпасынан көп мөлшерде су шығаруға бейімделген өсімдіктер (кактус, алоэ, агава). Склерофиттер - (грекше skleros – құрғақ, қатты) құрғақшылыққа төзімді, су булануды тиімді ұстайтын өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, селеу). Ал жануарлар су режиміне байланысты гидрофилдер, мезофилдер және ксерофилдер болып бөлінеді. Гидрофилдер - ылғал сүйгіш жануарлар (ақбас маса, былқылдақденелілер және қосмекенділер). Мезофилдер - орташа ылғалдылықта тіршілік ететін жануарлар (түн көбелегі, көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер). Ксерофилдер - құрғақ сүйгіш жануарлар (түйе, шөл кемірушілері және бауырымен жорғалаушылар). Организмнің тіршілік ортасына су экологиялық фактор ретінде үш түрлі элементтің қосылысы түрінде әсерін тигізеді: жауын –шашын, топырақтың және ауаның ылғалдығы түрінде. Өсімдіктер ылғалды топырақтан тамырымен және басқа жолдармен де сіңіре алады. Мысалы, олардың жер бетіндегі органдары немесе дене бөліктері арқылы жаңбырдың, шықтардың, ауадағы ылғалдың майда тамшыларын сіңіру қабілеттілігі болады. Көптеген құмды жерде, құрғақшылықта өсетін сексеуіл, мүк, қыналар ауадағы ылғалды өзіне оп-оңай сіңіре алады. Шөлді жерлерде тіршілік ететін көптеген жануарлар су ішпей жүре алады, оларға көбінесе жеген тамағының құрамындағы судың мөлшері жеткілікті. Мысалы, көптеген бауырымен жорғалаушылар, киіктер, түйелер денесіндегі майдың тотығуынан пайда болған сулардың көмегімен ұзақ уақытқа дейін су ішпей, тіршілік ете алады. Мысалы, 100 г май тотыққанда 107 г су бөлінеді. Егер қоректік заттардың құрамында ылғал көп болса, кемірушілердің өсуі жылдамдайды. 8. Популяцияның түрлері: Қалыпты популяцияда - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған. Популяцияның басқа да классификациясы бар. Популяцияны көбею түріне, өмір сүру ұзақтығына, генетикалық дәрежесіне байланысты да жіктейді. Популяцияның орналасқан территориясына және особьтар арасындағы қарым-қатынас дәрежесіне байланысты элементарлы, экологиялық, географиялық деп бөледі. Элементарлы популяция толық пнмиксиямен сипатталатын особьтардың қарапайым топтары. Панмиксия –популяция ішінде немесе қандай да бір басқа түрішілік топтарда особьтардың еркін будандасуы. Панмиксия терминін 1885 жылы Вейсман енгізген. Экологиялық популяция –кеңістіктегі біріккен элементарлы популяциялардың жиынтығы. Географиялық популяция кеңістіктегі біріккен экологиялық популяциялардың жиынтығы. Өздігінен пайда болу және эволюциялық түр түзілу процестері жүру қабілетіне байланысты перманентті-тұрақты, және темпоральды-уақытша деп бөлінеді. Перманентті попцляция –кеңістікте уақыт бойынша салыстырмалы түрде тұрақты, ұзақ уақыт бойы шексіз ұзақ уақыт бойы өздігінен қалыптасуға қабілетті эволюцияның элементарлы бірлігі. Темпоральды популяция кеңістікте өмір сүруі тұрақсыз, өздігінен ұзақ уақыт қалыптасуға қабілетсіз популяция. Ол жағдайлар өзгерсе перманентті популяцияға айналады немесе мүлде жойылып кетеді. Көбею тәсіліне байланысты популяцияны панмиктикалық, клональды, клональды-панмиктикалық деп бөледі. Панмиктикалық популяция- жыныстық жолмен көбейетін особьтардан тұрады. Клональды популяция –тек қана жыныссыз жолмен көбею қасиеті тәне особьтардан тұрады. Клональды-панмиктикалық популяция-жыныстық және жыныссыз жолмен көбеюі ауысып отыратын особьтардан тұрады. Продуценттер - күн энергиясын пайдаланатын жасыл өсімдіктер немесе органикалық заттарды биогенді элементтерден құрайтын жасыл өсімдіктер Консументтер- өсімдіктер синтездеген органикалық заттарды жаңа формаға айналдыратын тұтынушылар, яғни олар (латынша-«consumo»-тұтынамын) продуцентттер жасаған органикалық заттарды пайдалантын гетеротрофты организмдер. Редуценттер- органикалық қосылыстарды минералды қосылыстарға дейін ыдырататын организмдер, яғни олар (латынша «reduceus, reducentis» - қалпына келтірушілер, деструктор) органикалық заттарды ыдырататын және оларды басқа организмдер игеретін бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзаар. 36. 1% - тік экологиялық ережені көрсететін қарапайым мысал. Адам организмі - тірі жүйе. Мысалы, адамның қалыпты дене температурасы 36,6С. Осы көрсеткіштің тіпті 1% ғана өзгеруі, яғни 0,4С өзгеруі (37С) ауру жағдайға әкеледі. Планетаның еркін атмосферасындағы оттегінің құрамының 1% оттегінің тыныс алуға негізделеген энергетикалық процестердің және организмдердің пайда болу мүмкіндігін тудырады. Қорыта айтқанда, нақты бір қоректік тізбектерде өсімдіктер қорегінде жинақталған энергияның мөлшерін және берілуін есептеуге болады. Өсімдік фотосинтез кезінде шамамен 1% күн энергиясын байланыстырады. Осы өсімдікпен қоректенген жануарлар, онда жинақталған энергияны толығымен пайдалана алмайды. Қоректің бір бөлігі қорытылмайды және экскременттер түрінде бөлінеді. Әдетте өсімдіктер жемінің 20-60%-ке дейінгі мөлшері меңгеріледі. Меңгерілген энергия жануарлардың өсу, көбею т.б. тіршіліктеріне жұмсалады. Заттар мен энергия тасымалдануының әрбір кезеңінде шамамен 90 %- і жоғалады және олардың 1/10 бөлігі ғана келесі тұтынушыға көшеді. Организмдердің қоректік тізбегіндегі энергияның берілу заңы «10 % ереже» деп аталады. Бұл заңды 1942 жылы Р.Линдеман ашқандықтан, кейде оны «Линдеман заңы» деп те атайды. Егер өсімдіктердің органикалық алғашқы өнімділігі 1000 Дж болса, онымен қоректенетін шөп қоректі жануарлардың денесінде бұл мөлшерден 100 Дж қалады. Ал осы шөп қоректі жануарлармен қоректенген жыртқыш денесіне барлығы 10 Дж өтеді, кейін бұл жыртқышпен басқасы қоректенсе, оның үлесіне тек ғана 1 Дж тиеді. 1.Теориялық экология өмірді ұйыдастырудың жалпы заңдылықтарын ашады. Қолданбалы –экология - адамзаттың биосфераны білдірудің механикалық жағын оқытады, осы процессті алдын-ала болдырмаудың тәсілдерін және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану жолдарын дайындайды.
Экология-қоршаған ортаны қорғаудың жолы теориялық және ғылыми негіздері болып табылады. Табиғи экологиялық механизмдерінсіз, адамзаттың қоршаған ортаның сапасын сақтау мүмкін емес. Егер біз, бізді қоршаған ортаның тазалығын бұзбауды үйренгенмен, табиғи ортаның өзін-өзі тазартуына ешқандай кедергі жасамасақ, ешқандай нәтиже ала-алмаймыз.Табиғаттағы мәңгілік қозғалыс бұзылмаса, әртүрлі биологиялық түрлер азаймаса, талдар қырқылып, ормандар азайса, ең таза технологиямен ең жаңа ортаны қорғайтын қондырғылар бізді қорғай алмайды. Негативті күшті әсерлермен нәтижелерді алдын-ала болдырмау керек. Бұған жалпы экологияның заңдар, ережелер керек. Қазіргі экологиялық зерттеулер ғылым мен техниканың жетістіктерін есепке ала отырып бірінші дәрежеде табиғатты қорғаудың рациональды жағын қарастыру болып табылады.Жер бетіндегі табиғи қорлардың аздылығы 20 ғасырдың басы мен 21 ғасырда, адамзаттың алдындағы ең бір актульдық проблемасы болып отыр. Сол себепті адамзаттың алдына қойылған ең бір мәселе ол табиғи қорларды тиянақты пайдалану.Бұны орындау заңдаманы кең және терең білуді талап етуден басқа адамзаттың табиғатпен бірге екенін, қоғамдық өндірісте қолдануды нашарландыру керектігін ұғындыру. Экологияның стратегиялық міндеттері табиғат пен қоғамның биосфера бөлігінде жаңа көзқарас негізде қарау болып табылады.
2. Генетикалық алуантүрлілік дегеніміз – түрдегі әрбір дараға тән генетикалық жиыны. Бұл әртүрлі қасиеттерге ие болудың көрінісі. Әрбір адамға көптеген ерекше генетикалық көрсеткіштер тән. Жануарлардың генетикалық әртүрлілігі өзгерісі көптеген факторларға тәуелді. ХІІ ғасыр бойы адамзат жануарлардың ерекшеліктерін бақылап, пайдалы жағын бөліп көрсеткен. Генетикалық әртүрлілікті пайдаланып қазіргі кезде үй жануарларының сұрыпталуының арқасында жасанды тұқымдарын шығаруда. Алайда тек біздің ғасырымызда селекция саласында үлкен сапалы секіріс пайда болды. Ол гендік инжинериямен тығыз байланысты.
6. Биогенез (био... және грек. genesіs — шығу тегі, пайда болуы) — органикалық қосылыстардың бәрі тек тірі организмнен ғана пайда болады, соған байланысты тірі организмдердің өлі материядан пайда болғанын теріс деп санайтын теория. Биогенез теориясын жақтаушылардың бірқатары өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ организмдер де жер бетіне ғарыштан келген (панспермия теориясы) деп есептейді.
18 ғасырда тірі организмдер шын мәнісінде тек басқа тірі организмдерден дамиды деген эмпирикалық теория (Ф. Реди, Л. Пастер) пайда болды. Бұл теория 19 ғасырдың орта кезінде қалыптасқан тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға қарсы қойылды.
Абиогенез (гр. 'a' — болымсыздық, жоққа шығару, bіos — тіршілік, genesіs — пайда болуы), жансыздан өрбу — тірі табиғаттаферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында — эволюциялық дамубарысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.[1]
19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны — А.И.Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік— табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материяқозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді.
7.Табиғаттағы барлық тірі азғалар бір-біріне ұқсас біркелкі құрылымдық деңгейлерден тұрады. Бұл, жалпы, тірі ағзалардың бәріне тән биологиялық заңдылық болып саналады. Тіршілік деңгейлері:
1. Молекулалық деңгей. Бұл — тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі ағза құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарын,нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады. Оларды кейде биологиялық макромолекулалы заттар деп те атайды. Молекулалық деңгейде тірі азғалар денесінде зат алмасу, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы айқын байқалады. Молекулалық деңгей арқылы тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтарға беріледі, жеке органоидтер түзіледі, т.б. процестер үздіксіз жүріп отырады. 2. Жасушалық деңгей. Жер бетіндегі тірі ағзалардың көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі—жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқарады. Жасушадағы жеке органоидтердің атқаратын кызметі өзара бір-бірімен тығыз байланысып, жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады. Бір жасушалы ағзаларда (бір жасушалы балдырлар және карапайым жануарлар) барлық тіршілік процестері бір ғана жасушаның ішінде жүреді. Бір жасуша өз алдына жеке организм болып саналады. Бұрынғы өткен бір жасушалы жасыл балдырлар —хламидомонаданы, хлорелланы және қарапайым жануарлар — амебаны, инфузорияны, т.б. естеріңе түсіріңдер. Көп жасушалы ағзалардағы бір жасуша өз алдына жеке ағза бола алмайды, тек ағзаның қарапайым құрылымдық бірлігі қызметін атқарады. 3. Ұлпалық деңгей. Шығу тегі, құрылысы және аткаратын кызметі біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей — тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет. Жеке ұлпалар да өз алдына тұтас ағза бола алмайды. Мысалы, жануарлар мен адам денесінде төрт түрлі ұлпа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке) болады. Өсімдік мүшелеріндегі ұлпалар — түзуші, жабын, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы деп аталады. Әрбір жеке ұлпаның құрылысы мен аткаратын қызметін естеріңе түсіріңдер.4. Мүшелік деңгей. Көп жасушалы ағзаларда шығу тегі, құрылысы және атқаратын кызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгейді құрайды. Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүше де тұтас ағза бола алмайды. құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды. Мысалы, адам ағзасында ас қорыту, тыныс алу, қан айналым, т.б. мүшелер жүйесі болады. 5. Организмдік деңгей. Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер (хламидомонада, хлорелла) мен жануарлар (амеба, инфузория, т.б.) өз алдына жеке ағза. Ал көп жасушалы ағзалардың жеке бір дарасы жеке ағза деп есептеледі. Жеке ағза денесінде тірі ағзаларға тән барлық тіршілік процестері—қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею, т.б. жүреді. Әрбір жеке ағза өзінен кейін ұрпақ калдырып отырады. Көп жасушалы ағзаларда жеке жасушалар, ұлпалар, мүшелер және жеке мүшелер жүйесі тұтас ағза бола алмайды. Тек бір ағзадағы барлық мүшелер жүйесі өзара үйлесімді қызмет атқара отырып, тұтас бір ағнаны құрайды. Организм тікелей сыртқы табиғи орта жағдайларымен тығыз байланыста ғана тіршілік ете алады. 6. Популяциялық-турлік деңгей. Өзіне тән табиғи орта жағдайында, бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популяцияны құрайды. Популяция дегеніміз — бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан (особьтардан) тұратын тобы. Популяциялық деңгейде ғана алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, ол бірте-бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді. 7. Биогеоценоздық деңгей. Құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген көп түрлі азғалар жиынтығын биогеоценоз дейді. Оны кейде табиғи бірлестік деп те атайды. Биогеоценоз құрамына сан алуан тірі азғалар және белгілі табиғи орта жағдайлары біріктіріледі. Биогеоценоздағы ағзалардың денесінде энергия жинақталады және энергия бір ағзадан екіншісіне беріліп отырады. Биогеоценоздың құрамында бейорганикалық, органикалық қосылыстар және тірі азғалар болады. 8. Биосфералық деңгей. Жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді құрайды. Биосфералық деңгейде басты рөлді "тірі заттар", яғни жер бетіндегі барлық тірі азғалар атқарады. Биосфералық деңгейде "жанама заттар" (яғни, қоршаған орта жағдайлары) мен тірі ағзалардың тіршілік әрекетінен пайда болған "биожанама заттардың" да маңызы зор. Биосфералық деңгейде бүкіл жер бетіндегі заттар мен энергияның айналымы биосферадағы барлық тірі ағзалардың тікелей қатысуы арқылы жүріп отырады.[1]
9. Тікелей бақылау. Особьтарға тікелей есеп жүргізу әдісін тек қозғалмай немесе жай қозғалып тіршілік ететін жануарларға ғана емес, сондай-ақ көптеген қозғалатын ірі жануарларға да қолдануға болады. Мысалы, бұғы мен арыстандар, орман кептерлері мен жарғанаттар жататын немесе түнейтін жерлерінен шыққан кезде.Фотосуретке түсіру. Фотосуреттегі особьтарды есептеу арқылы ірі сүт қоректілер мен ашық кеңістікте жиналған теңіз құстары популядияларының мөлшерін анықтауға болады.Алу әдісі. Бұл әдіс құрлықтың белгілі бір учаскесіндегі немесе судың көлеміндегі майда организмдердің, әсіресе насекомдардың санын анықтауда өте қолайлы. Арнайы горды құлаштап сермеу арқылы насекомдарды аулап, санын есептеп зерттеулер біткенге дейін босатпайды. Сосын бұлай насекомдарды аулауды үш рет қайталайды. Графикті құрған кезде әрбір сермеген кездегі ауланған жануарлар саны мен бұрын ауланған жануарлар санын есепке алады. График сызығын жануарлар ауланбай қалған кезге дейін (яғни, ауланған жануарлар саны нолге тең болғанға дейін) жалғастырып, популяцияның жалпы мөлшерін есептейді.
Ен салу және қайталап аулау әдісі. Бұл әдіс жануарды аулап оған зиян келтірмей ен салып, сол өзі тіршілік ететін жерге босатып жіберуге негізделген. Мысалы, тормен ұстаған балықтардың желбезек қақпақшаларына алюминий пластинка бекітеді немесе ұстаған құстардың аяғына сақина кигізеді. Майда сүт қоректілерге бояу жағуға, құлағын тілуге, саусағын кесуге, буынаяқтыларға да бояумен ен салуға болады. Ауланған жануарларды санап, ен салып болған соң босатып жібереді. Біраз уақыттан соң жануарларды қайта аулап ен салынган жануарлар санын есептейді. Ал популяция мөлшерін төмендегі теңдікті пайдаланып анықтауға болады: немесе P = (N1xN2)/R P = популяцияның жалпы мөлшері;N1 = алғашқы аулаған жануарлар саны;N2 = екінші аулаған кездегі жануарлар саны; R = екінші аулаған кездегі ені бар жануарлар саны.Популяция мөлшерін бұлай есептеуді Линкольн индексі деп атайды. Индекс төменде келтірілген бірнеше мүмкіндікгерден келіп шығады.1. Популяция ішінде организмдер кездейсоқ орналасқан (барлық уақытта мұндай емес, өйткені кейбір организмдер колония, үйір немесе табын түрінде тіршілік етеді).2. Бірінші аулау мен қайталап аулау арасында жануарлар кездейсоқ таралуы үшін біраз уақыт өтуі керек. Түрдің особьтары неғұрлым баяу қимылдайтын болса соғұрлым көп уақыт керек.3. Индекс тек географиялық себептерге байланысты орнын ауыстыру мүмкіндігі шектелген популяцияларға ғана қолданылады.4. Популяция ареалында организмдер біркелкі таралған.5. Популяция мөлшерінің иммиграцияға, көшуге, особьтардың туылуы мен өлуіне байланысты өзгеруі аз.6. Салынған ен жануарлардың қозғалуына кедергі келтірмеуі және жыртқыштар үшін көзге түсерлік болмауы керек.Кейде майда насекомдарды (кейбір шаяндар) және өсімдіктерді санын анықтау қиынға соғады, сондықтан ондай кезде төртбұрыш рама ішіндегі организмдер молдығын немесе өсімдіктер жабынын анықтаумен алмастыруға болады.
10. Космополиттер (космополит организмдер) ({{lang-|el космос — әлем, политэс — азамат) — бүкіл жер шарына таралған, яғни планетамыздың кез-келген өнірден ұшырасып қалатын организмдер (жәндіктер мен өсімдіктер).[1].
Космополиттік түрлер онша көп емес. Өсімдіктер арасында мұндай түрлерге су және батпақ өсімдіктері (балықот, шылаң, қоға, тағы басқа) мен арамшөптер (үлкен бақажапырақ, жұмыршақ, біржылдық қоңырбас, құсқұмық, тағы басқа); жануарлардан үй шыбыны, сұр егеуқұйрық, тағы басқа жатады. Көбінесе Космополиттерге түрден гөрі, одан жоғары таксондарға жатады. Мысалы, коловраткалар, үй тышқандары, тұщы су шаяндары, тарақандар, ал өсімдіктерден астық тұқымдастары менкүрделігүлділер жатады. [2] убиквистер – кең ареалға ие және ортаның алуантүрлі жағдайында да тіршілік ете береді (мысалы, қасқырлар);Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар.Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы;Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты,Тарбағатай кемпіршөбі, т.б.
12. Гомотипті реакциялар - бір түрге жататын особьтар арасындағы қарым- қатынастар. Өсімдіктер мен жануарлардың бірлесіп тіршілік етуі популяцияның тығыздығы мен санына байланысты. Топ, масса эффектісі деп аталатын құбылыстардың экологиялық маңызы бар. Гетеротипті реакциялар - әртүрлерге жататын особьтар арасындағы қарым- қатынастар.
Табиғаттағы әр тірі организмдердің тіршілігіне өлі табиғат факторларымен қатар, бірге тіршілік ететін басқа организмдерге байланысты.
25. Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus – арамтамақ). Бір түр (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның ас қорыту жолына түскен құрттар ересек таспа құртына айналып, сорғыштарымен ішек қабырғасына бекінеді. Адамның ішектері құртты сумен, қорекпен және жылы ортамен қамтамасыз етеді. Жыртқыштық. Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқьш өлтірп, онымен қоректенеді. «Жыртқыш — жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі, әдетте жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады. Мысалы, қасқырлар орманды тундра мен тундрада солтүстік бұғыларының интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады.
26. Жердегі бүкіл өмір, клеткадан бастап биосфераға дейін белгілі ритмге тәуелді. Жер шарындағы табиғат белдемдері мен климаттық және географиялық белдеулердің жіктелуі Күн сәулесінің түсуіне және мұхиттардан алыс немесе жақын орналасуына байланысты. Табиғаттағы осындай жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осыған орай, әрбір өсімдік пен жануарлардың түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері туындайды. Ол – анатомиялық-морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, т.б. түрдің жеке өзіне тән қасиеттерімен сипатталады. әрбір түрдің өзіне тән жыл маусымдарына, айнала қоршаған табиғаттың өзгерістеріне қарай даму, көбею, таралу ырғағы қалыптасады. Жылдың, тәуліктің ырғақты ауысу мерзіміне байланысты әрбір организмнің де тіршілігінде тәуелді түрде қайталанып отыратын даму ырғағы пайда болады. Бұл құбылыс тіршілік үшін күресте ұзақ жылдар бойы қалыптасқан даму эволюциясының жемісі. Мысалы, күзге қарай ағаштардың жапырақтарын түсіруі, жануарлар тіршіліндегі өзгерістер (жүннің қалыңдауы, тері асты май қабаттарының қалыңдауы, ұйқыға кету, т.б.). Осы құбылыстардыбиологиялық ырғақтар дейді.Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп бөледі. Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.Өсімдіктердің фотопериодизм құбылысына қарай 3 тобын ажыратуға болады. Олар: қысқы күнді өсімдіктер (гүлдеуі мен тұқымның жетілуі 8-12 сағаттық жарық мерзіміне тәуелді), ұзақ күнді өсімдіктер (16-20 сағаттық жарыққа тәуелді) және жарық мерзіміне тәуелсіз өсімдіктер.Жарықкезеңдікке тек өсімдіктер ғана емес, жануарлар да жауап береді. Мәселен, құстар мен ірі сүтқоректілерде жарық кезендігі маусымдық жылыстауға, күзгі және көктемгі түлеу, қысқы ұйқыға жатуға және басқаларға байланысты. Жарық кезеңінің реттелуі жануарлардың маусымдық жыныс белсенділігі үшін де едөуір маңызы бар. Жарық кезеңді қөректену қылығына да әсер етеді. Оның әсерінен қоңыржай ендіктің жануарлары калориясы көбірек қорек іздей бастайды. Адамның жарық кезеңдігі маусымдық эмоциялы күйге әсер етеді. Мысалы, эмоциялы белсенділіктің көктемгі үдемелі каркыны баршаға мәлім.
27. Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық деп бөлінеді. Тұрмыстық ағынды сулар көше қалдықтарымен, жуғыш құралдармен, сондай – ақ экскременттармен ластанған. Суда олар суспензиялы қатты және ұшқыш зат күйінде кездеседі. Суспензиялы қатты заттардың басым көпшілігі целлюлоза тектес, ластағыш органикалық компоненттерден, май қышқылынан, көмірсудан, ақуыздан тұрады. Ағынды суларда соңғы аталған өнімдердің ырырауы нәтижесінде жағымсыз иіс пайда болады Өндірістік ластанудың көздері мыналар: электроэнергетика; химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп;ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп;қара металлургия; түсті металлургия;машина жасау өндірісі;көмір өнеркәсібі;мұнай өңдеуші өнеркәсібі;жеңіл өнеркәсіп;құрылыс материалдары өнеркәсібі;тамақ өнеркәсібі; тұрмыстық жиынды сулары;өзен және теңіз кемелерінің жиынды сулары;қыста қалалардың кір қарларының суға тасталуы. Химиялық ластану өте кең тараған, тұрақты болып келеді және жиі кездеседі. Ол органикалық (фенолдар, синтетикалық бетті белсенді заттар, пестицидтер) бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), уытты (мышьяк, сынап, қорғасын) және уытсыз болып келеді.Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырауқұлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.Радиоактивтік ластану ұзақ тіршілік ете алатын радиоактивтік элементтердің (Sr-90, уран, радий-226, цезий және т.б.) суға өтіп кетуімен байланысты. Бұл элементтердің тіпті аз концентрациясының өзі өте қауіпті.Механикалық ластану суға әртүрлі механикалық қоспалардың (құм, шлак, балшық, т.б.), сондай-ақ қатты қалдықтардың, сумен ағаш тасымалданғандағы қалдықтары түсуімен сипатталады.Жылулық ластануға табиғи сулардың жылыған жерүсті және технологиялық суларымен араласып кетуімен байланысты. Мұндай ластану судың газдық және химиялық құрамының өзгеруіне, улы газдардың (күкіртсутегінің, метанның) бөлінуіне әкеліп соғады.Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе әдеттегіден жоғары температурадағы сулардың, не басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.Шайынды сулар – адамның тұрмыстық не өндірістік қызметінде қолданылғаннан кейін шығарылатын сулар және елді мекендер территорияларынан, өнеркәсіптік объетілерден және ауылшаруашылық өрістерден атмосфералық жауын-шашынның нәтижесінде ағылатын сулар.Өндірістік шайынды сулар технологиялық үрдістерде суды қолданғаннан кейін әртүрлі өнеркәсіптік объектілерден түседі. Ластаушы заттарға қышқылдар, сілтілер, әртүрлі металдар тұздары, күкірттік қосылыстар кіреді. Оның ішінде улылары, мұнай өңдеуші және мұнайхимиялық зауыттардың органикалық синтез, синтетикалық каучук және пластмасса өндіріс орындарының, коксхимиялық зауыттардың, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндіріс орындарының жуынды суларында болады.Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі. Су қоймалары үшін целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің жуынды сулары өте қауіпті. Осы мекемелердің жуындыларында ағаш үгіндісі, ағаш талшықтары, шайыр болады. Жылу энергетикасы. ЖЭО жуынды сулары су қоймалары суларынан 8-10 ˚С жоғары жылыған болады. Су қоймалары суының температурасы көтерілгенде оларда микро және макро планктон, судың «гүлденуі» дамуы күшейеді, түсі мен иісі өзгереді. ГРЭС жабдықтарын жуған сулар күкірт қышқылымен, темірмен, никельмен, ванадиймен, мыспен ластанады.Қара металлургия. Қара металлургияның жуынды сулары металды майсыздандырудан және қышқылмен өңдеуден кейін, жуудан кейін пайда болады. Домендік және болат балқыту өндірісінде, ыстықтай темір созу өндірісінде жуынды ағындылар механикалық қоспалармен және тұздармен ластанған. Металдарды әртүрлі қышқылдармен өңдегенде ерітінділер және жуынды сулар пайда болады.Түсті металлургия. Түсті металлургия өндірістерінің жуынды сулары қатты минерал заттар қоспаларымен ластанған. Олардың көпшілігі улы (күкіртті натрий, цианидтер, мұнай өнімдері). Ауыр металлдар иондарымен (мыс, қорғасын, мырыш, никель, молибден, вольфрам, сынап, кадмий) және мышьякпен, фтормен, сурьмамен, сульфаттармен, хлоридтермен де ластанған.Машина жасау. Осындай өндірістердің жуынды суларында ауыр металлдар тұздары болуымен сипатталады.Көмір өнеркәсібі. Карьерлік суларда күзгі кезеңде сульфаттардың, кальцийдің, магнийдің, натрийдің және калийдің көбеюімен байланысты.Судың радиоактивті ластануы. Су қоймалары мен адамдар денсаулығына ең үлкен қауіп тудыратындар – радиоактивтік ластанулар. Радиоактивтік ластану көздеріне ядролық жарылыстар, атом реакторларының жарылысы, радиоактивтік изотоптарды өнеркәсіпте және зерттеу мекемелерінде қолдану, радиоактивтік қалдықтарды көму уран кенін тазалау бойынша және реакторлардың ядролық отынын өңдеу бойынша зауыттар, атомдық электростанциялар жатады.Тұрмыстық жуынды сулар. Тұрмыстық жуынды суларда азот, фосфор, кадмий, жуушы заттар болады. Тұрмыстық жуынды сулар тұрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан да өнеркәсіп өндірістерінің тұрмыстық бөлмелерінен де түседі.Ауылшаруашылық жуынды сулар. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемінің, өсімдіктерді зиянкестерден және арамшөптен қорғау құралдары тез өсуіне, химиялық заттардың жаңбыр суымен жуылып су қоймаларына және жер асты суларына түсуіне әкеледі.Жаңбырлық және нөсерлік ағынды сулар. Жаңбырлық (нөсерлік) сулар атмосфералық жауын-шашын түсуінің нәтижесінде пайда болады
29. Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің маңызды құраушысы болып табылады. Тараптар осы бағытта трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және қорғау, олардың ластануы мен сарқылуын болдырмау мәселелері бойынша жалпы ұстанымды қалыптастыруға ұмтылуда.
2013 жылғы 19-20 тамыздағы Қазақстанға ресми сапары барысында ҚХР Сыртқы министрі Ван И былай деп мәлімдеді: «Егер трансшекаралық сулар туралы айтар болсақ, Қытай Қазақстан мүддесіне нұқсан келтіретін ештеңе жасап жатқан жоқ. Біз, екі тараптың күш салуымен осы мәселені міндетті түрде абыроймен реттеу жолын табамыз және екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер біздің екі халықты тығыз байланыстыратын түйін болады деген сенімдемін».ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарының (2013 ж. 6-8 қыркүйек) барысында екі ел басшылары қол қойған Жанжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияда трансшекаралық өзендер мәселесіне ерекше назар аударылған.Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ҚР мен ҚХР өзара қарым-қатынасы келесі құжаттармен реттеледі:1) ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2001 ж. 12 қыркүйек, Астана қ.);2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі табиғаттық апаттар туралы тараптарды жедел хабарлау жөніндегі келісім (2005 ж. 4 шілде, Астана қ.);3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі ғылыми зерттеу ынтымақтастығын дамыту туралы келісім (2006 ж. 20 желтоқсан, Бейжің қ.); 4) ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы негізгі трансшекаралық өзендердегі шекаралық су бекеттерінің гидрологиялық және гидрохимиялық ақпараттармен (мәліметтермен) өзара алмасу туралы келісім (2006 ж. 20 желтоқсан, Бейжің қ.);5) ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендер суларының сапасын қорғау туралы келісім (2011 ж. 22 ақпан, Бейжің қ.);6) ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2011 ж. 13 маусым, Астана қ.);7) ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану туралы келісім (2013 ж. 7 қыркүйек, Астана қ.).Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы өзара әрекеттесудің негізгі органы Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстан-қытай Бірлескен комиссиясы (Бірлескен комиссия) болып табылады.2008 жылы 31 қазанда Бірлескен комиссия ҚР-ҚХР Ынтымақтастық комитетінің құрамына енгізілді.2003 жылдан бастап 2013 жылды қоса алғанда, тараптар арасында Бірлескен комиссияның 10 отырысы өтті.Бірлескен комиссияның тең төрағалары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі және ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары.Бірлескен комиссия жанында келесі жұмыс топтары құрылған:1) Бірлескен комиссияның сарапшылар жұмыс тобы (2003 ж.)2) Трансшекаралық өзендер суларын бөлу жөніндегі негізгі техникалық жұмыстардың жоспарын іске асыру жөніндегі ҚР мен ҚХР жауапты органдарының сарапшылар жұмыс тобы (2010 ж.);4) Қорғас өзенінің суын реттеу жөніндегі бірлескен бақылау комиссиясы (2002 ж.);5) Сүмбе және Қайшыбұлақ өзендерін пайдалану және оның су ресурстарын бөлу жөніндегі тұрақты су комиссиясы (2008 ж.).Бірлескен комиссияның шеңберінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтермен алмасу жұмыстары келесі су бекеттері бойынша жүргізіледі:1) Ертіс өз. – Боран (ҚР) – Наньвань (ҚХР) су бекеттері;2) Іле өз. - Добын (ҚР) –Сандаохэцзы (ҚХР) су бекеттері;3) Текес өз. - Текес (ҚР) – Цефандацяо (ҚХР) су бекеттері.
Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау мәселесі Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комиссиясы (Комиссия) қызметінің шеңберінде қаралады.
Аталған комиссияның тең төрағалары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі және ҚХР Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары.Комиссияның аясында екі жұмыс тобы құрылған, олар:
1) Трансшекаралық өзендер суларының сапасына мониторинг жасау, талдау және бағалау жөніндегі жұмыс тобы;2) Трансшекаралық өзендердің ластануын алдын алу және төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету жөніндегі жұмыс тобы.
Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ҚР мен РФ-нің шарттық-құқықтық базасы келесі негізгі құжаттардан тұрады:1) 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісім (1992 жылғы 27 тамыздағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімінің орнына).2) 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Қазіргі таңда, трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясы қызмет жасауда.1993 жылдан бастап 2013 жылға дейін аралықта Комиссияның 21 отырысы өткізілді.Аталған Комиссияның тең төрағалары - ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі және Федералдық Су ресурстары агенттігі басшысының орынбасары.Комиссияның шеңберінде келесі жұмыс топтары құрылған:1) Жайық өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы; 2) Ертіс өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы;3) Есіл өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы;4) Тобыл өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы;5) Қара және Сары өзендерінің бассейндері бойынша жұмыс тобы; 6) Жайық өзенінің Қиғаш сағасы бойынша жұмыс тобы.Комиссия және оның жұмыс топтары отырыстарының арқасында екі жақты су ынтымақтастығында қомақты үдерістерге қол жеткізілді. Консультация барысында трансшекаралық өзендердің экожүйелері мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
33. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
34. Биоценозға кiретiн түрлер саны жағынан бiрдей емес. Кейбiреуiнiң саны өте көп, кейбiреуiнiң саны аз, үшiншiсi – тiптi сирек. Биоценоздағы саны көп түрi доминантты немесе басым түр деп аталады. Мысалы, шыршалы- орманда, ағаштар iшiнде шыршаның саны басым, жер үстi өсiмдiктер iшiнде – қара жидек, жасыл мүк, құстар iшiнде тауықтар, ал тышқан тәрiздi кемiргiштер iшiнде – сары тышқан өте көп.Саны көп түрлер биоценоздың негiзгi ядросын құрайды. Кейбiр түрлер саны кейде ғана өседi, кей уақытта саны көп түрлерге ауысады. Шыршалы ормандарда орман тышқандары. Биоценоздарда сирек немесе саны аз түрлер алуан түрлi. Егер саны әртүрлi түрлердi бейнелейтiн, график түзсек, көптеген биоценоздар сирек түрлер жағында орналасады. Бұл тұрақты биоценозда сирек түрлер көп, ал көп санды түрлер – аз екенiн көрсетедi. Тропикалық орманда, ағаштар алуан түрлi, сонымен 1 ауданда бiр түрдiң бiрнеше ағашын табу өте қиын. Доминант – түрлер бiрлестiктегi негiзгi байланысты анықтайды. Олар оның негiзгi құрылымы мен сыртқы түрiн анықтайды. Саны көп түрлер бөлiгi – басқалардың тiршiлiк жағдайына қатты әсер ететiн, негiзгi орта түзушiлер. Шыршалы ормандарда жарық, жауын шашын таралуы, микроклимат, жағдай мозайкасын – шырша анықтайды. Шырша ағамының жағдайына көптеген жербетi шөптерiнiң өмiрi немесе жануарлардың типiнен бастап, буынаяқтыларға дейiн жануарлар өмiрi тәуелдi. Саны аз түрлер бiрлестiк қорын түзедi. Белгiлi жағдайда олар көбею мүмкiншiлiгiн iске асырмайды, бiрақ өзгерген жағдайда доминантты түрлер құрамына кiре алады немесе олардың орнын басады. Орман түрлерiнiң арасында қоршаған орта жағдайынан қалыпты нормадан ауытқуы қолайлы болып табылатын түрлер де бар.
35. Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті. Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды. Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. Рим клубының президенті А. Печчеи: "Бірде-бір ақыл- есі түзу адам бұл күні қайырымды жер ана кез келген өсім қарқынын, адамның қыңырлығын көтере алады дегенге сенбейді. Барлығы да "көп асқанға - бір тосқанның" болатынын толық түйсінеді, алайда ол "өсім шегі" қандай, қай жерде екендігін анықтау қажет", - деп жазды1967 жылы «Оливетти» италиялық фирмасының вице-президенті Аурелио Печчеи (1908-1984) Рим клубын құрудың басшысы болды. Рим клубы – ұзақ уақыттық жоспары жоқ экономикалық дамудың жалғасуындағы адамзаттың ғаламдық дағдарысының мүмкін болуымен қауіптенген беделді, белгілі кәсіпкерлердің, саясаткерлердің және ғалымдардың біріккен үкіметсіз ұйымы.
40. математикалық моделдеу саласында Джей Форрестер - халық санының өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының өсуі, қоршаған ортаның ластануы сияқты негізгі әлемдік бағыттардың шынайы статистикасында негізделген «Әлемдік динамика» деген ғаламдық моделін жасады. Ол өзінің шәкірттері Дэнис Медоуз бен Донелл Медоузға тапсырыс берді, олар программистер қолдауымен Әлем-1 және Әлем-2 деген моделдерін жасады. Ғылыми болжам нәтижелерін Рим клубының бірінші баяндамасында және «Өсу шегі» деген кітабында жарияланды. Модельдеу қорытындысына сәйкес XXI ғасырдың бірінші жартысында халықтың тым көп өсуінен пайда болатын дағдарыс табиғи ресурстардың таусылуына және қоршаған ортаның шектен тыс ластануына, аштыққа, ауруларға және әлеуметтік құлдырауға әкелетін компьютерлік талдауы бар болжамдар жасалынған.
39. Глобальды модельдер жасаудың алғашқы қадамдарын жасаған Дж.Форрестер және ерлі-зайыпты Медоуздардың жетекшілігімен құрылған топ болады. Олар жүйелі динамика әдісін негіз етіп алды және глобальды модельдің алғашқы нұсқасын 1972 жылы «Өсу шегі» атты баяндамасына жария етті. Аталған нұсқа бойынша әлем моделі бес сектордан (деңгейден) тұрады:
- халықтың қоныстануы;- өнеркәсіп өндірісі;- ауылшаруашылық өндірісі;- табиғи ресурстар;- табиғи отының күйі.
Ол секторлар бір-бірімен тура және кері байланыстармен жалғасқан. Массачусет (АҚШ) технологиялық университеті жүргізген компьютерлік модельдеу көрсеткендей, әлемде әлеуметтік саяси өзгерістер (ӘСӨ) болмаған жағдайда және оларда техника-экономикалық тенденциялар (ТЭТ) сақталған жағдайда, табиғи ресурстардың тез тозуы 2030 жылдары өнеркәсіптің және ауылшаруашылығының өсуін тежейді. Осының салдарынан халық санының күрт төмендеуі байқалып, нәтижесінде демографиялық апат орын алады. Егер ғылым мен техниканың жетістігі (ҒТЖ) ресурстың шексіз мол мөлшерін алуға қол жеткізеді деп есептейтін болсақ, онда апат қоршаған ортаның шектен тыс ластануы салдарынан болады. Ал, егер түрде шешкен жағдайда, халық санының өсуі мен өнім өндіру егін егетін жер қоры таусылғанға дейін жалғасады, бірақ мұның соңы бәрі бір апатқа әкеліп соқтырады. Апат адамзат баласына соқпай өте алмайды, өйткені ол табиғат және қоғам үшін қауіпті. Бес тенденция да экспонента бойынша өсуде және оны орнына келтіретін қадам жасап үлгеру мүмкін болмай қалуы да ғажап емес. Барлық модельдердің көрсеткіші, өнеркәсіптің дамуы мен ресурстарды жаппай пайдалану, халық санының өсуімен қатар жүріп отырады да, соңында шектеулі бір кезеңге жетіп, апатқа ұласады.
Орхус конвенциясы – «қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу, ақпаратқа қол жеткізу туралы» БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының конвенциясы. Конвенция мақсаты – қолайлы қоршаған ортада оның денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн адамның құқығын қорғауға, ақпаратқа қол жеткізуге, қолдау беру, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу ақпаратқа қол жеткізу үрдісінде қоғамдастықты қатыстыруға қолдау беру.
Орхус конвенциясы қоғамдастықтың қатысуының үш негізгі қалаушы принциптерінен құрылған:
Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу.
Экологиялық маңызды шешiмдерді қабылдауда қоғамдастықтың қатысуы.
Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу. Қазақстан қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу ақпаратқа қол жеткізу туралы конвенцияны бекітті (Орхус конвенциясы. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы № 92-II Заңы).
