
- •5.Табиғи орта – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;
- •Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:
- •Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
- •11.«Биогеоценоз» ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы а.Тенсли ұсынған
- •21.Биосфера туралы ілімнің негізгі қағидалары
- •Орталықтын негізгі міндеттері:
5.Табиғи орта – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;
Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан түрлі болып келеді. Олар тірі заттар үшін қажетті немесе керісінше зиянды болуы мүмкін.
Экологиялық факторлардың жіктелуі:
Экологиялық табиғи және антропогенді экологиялық факторлар болып екіге бөлінеді. Табиғи факторлардың өзі биотикалық және абиотикалық деп жіктеледі.Тіршіліктің төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды, олардың әрқайсысы оған қоныстанған паразиттер мен симбиондар үшін тұтас дүниені білдіреді. Адаптация – ағзалардың қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуі. Бейімделуге қабілеттілік – тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндітін қамтамасыз етеді. Абиотикалық факторлар бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қаситеттері: оларға химиялық, физикалық және эдафикалық факторлар жатады.
Химиялық факторларға қоршаған ортаның химиялық құрамы жатады, мысалы, ауаның, судың құрамындағы оттегі мөлшері, жауын-шашындардың қышқылдығы, автокөлік және зауыт-фабрикалардың түтіндерінің құрамы т.б.
Физикалық факторларға қоршаған ортаның физикалық күйі немесе құбылыстарды жатқызуға болады, мысалы, температура, қысым, радиациялық фон т.б.
Эдафикалық факторларға топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынын айтады.
Биотикалық фактор – бір ағзалардың басқа бір ағзаларға тигізетін әсері. Ол түраралық және түрішілік болып екіге жіктеледі.
Түрішілік әрекеттер – бір түрдің ағзаларының арасында жер үшін, қорек үшін, теорритория үшін туындайтын күрестен пайда болады, мұнда тек бәсекелестік орын алады.
Түраралық әрекеттер – түрішілікке қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Оларға нейтрализм, бәсекелестік, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық, протокооперация жатады.
Антропогендік фактор – адам әсерінен туындайтын қоршаған ортаға тиетін әсер. Ортаның экологиялық факторлары тірі ағзаларға түрліше әсер етеді, яғни физиологиялық және биохимиялық қызметтердің бейімделу өзгерістерін тудыратын тітіркенушілер сияқты; берілген жағдайларда тіршілік ету мүмкін еместігімен себептелген шектеушілер сияқты; ағзалардың анатомиялық және морфологиялық өзгерістерін тудыратын модификаторлар сияқты; ортаның басқа факторларының өзгерісі туралы мәлімет беретін белгілер сияқты әсер ете алады.
Өзінің тарихи-эволюциялық даму жолында ағзалар периодты және периодсыз факторларға бейімделген.
Ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесіне байланысты экологиялық факторлардың жіктелінуі
Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда болады. Мысалы, Жер шарының тікелей өз осінен және Күнді айналуы немесе Ай фазаларының ауысуы.
Антропогенді факторлар – экологиялық факторлардың ерекше тобы. Антропогендік фактор деп адамның қызмет қарекетінен жаңа түрде туындайтын фактор. Адамның шаруашылық іс әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады. Дүние жүзіндегі шөлдерінің шығу тегі негізінде антропогендік болып саналады.Қазіргі уақытта шөл аумағы 10 млн шаршы километрге жетті, бұл үлкен құрлық аумағының 7 пайызына жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мысалы, егіс алқаптарының тым үлкен болуы, олардың дұрыс күтілмеуі, қорғаныш орман-тоғай белделері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстіңгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды. Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; көшетхана эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену, т.б. туындады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын, сынау, мұнай, газ және тау-кен өндіріс салалары, т.б. жатады. АҚШ-ның Вашингтон қаласында орналасқан бүкіләлемдік бақылау институтының мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан жылға нашарлауда. Институт жариялаған мәліметтерге сүйенсек жылына 16.8 млн. га тропикті ылғалды орман тжойылып, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан 6 млн. га шөл пайда болып, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орман зақымдалып, планетадағы жыртылатын жердің 26 млрд.т құнарлы қабаты мен өсімдіктердің 25-30 мың түрінен айырылып қалатын жағдай туып отырғаны анықталған. Қазіргі таңда антропогендік факторлардың әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалары: қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстіңгі қабаттың жалаңаштануы ж/е т.б. Жалпы антропогенді факторды кең ауқымды мағынада қарастырсақ, енді, адам өміріндегі-өндіріс обьектісі, қоршаған орта жүйесіндегі негізгі антропогендік өндірістік фактор ретінде қарастырған жөн. Антропогендік өндірістік фактор әр түрлі нышандармен топтастырылады. өзінің табиғатына байланысты АӨФ физикалық, химиялық, биологиялық, психофизикалық болып бөлінеді. АӨФ тигізетін әсеріне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады. 1) зиянды-белгілі бір жағдайда өндіріс қызметшілерін ауыртатын, олардың жұмысқа қабілеттілігін төмендететін АӨФ әсерлері. 2) қауіпті-белгілі бір жағдайларда өндірісте жұмыс істейтіндерді жарақаттандыратын н/е денсаулықтарын күрт төмендететін АӨФ әсерлер. 3) өте қауіпті-белгілі бір жағдайда өнеркәсіптік апаттар тудыратын, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізетін факторлады АӨФ әсерлері болып саналады.
14.Неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> ашты Минимум заңы.Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді1840 жылы Ю. Либих (1803 - 1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады. 1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2 Н2О және т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.Миниммумен қатар максимумның де шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В.Шелфорд болды. Шелфодтың толеранттық заңы: Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқуы диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударған tolerantia - шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.Шелфорд ережесі— экология ғылымы негізгі қағидаларының бірі. Мұны толеранттылық заңы (лат. tolerantіa — шыдамдылық) деп те атайды. Бұл бойынша қандай да бір организм популяциясының тіршілік етуі немесе таралуы өзін қоршаған ортаның кешенді экологиялық факторларына тәуелді болады да, әрбір организмнің өзіне тән шыдамдылық ауқымы айқындалады. Шыдамдылық ауқымы, организмдер тіршілік ете алатын, әрбір фактордың ең төмен және ең жоғары деңгейімен шектеледі. Мұны түрдің экологиялық стандарты деп атайды. Популяцияның немесе түрдің тіршілігіне қолайлылық деңгейі әсер ететін фактордың қарқындылығына байланысты ең жоғары қолайлылық деңгейі негізінен күмбез пішінді сызық түрінде көрініс береді. Шелфорд ережесін 1913 жылы америка экологы В.Э. Шелфорд (1877 — 1968) өзінің жәндіктерге әр түрлі қарқындылығы бар физикалық әсерлер арқылы жүргізген тікелей тәжірибесінің негізінде ұсынды. Шелфорд ережесі Либихт заңымен (минимум заңы) бірге шектеуші факторлар қатарына жатады. Кез келген экологиялық фактор шектеуші фактор болуы мүмкін (мысалы, құстар үшін ұя салуға жарамды орындардың саны, т.б.). Дегенмен, маңызы бар факторларға темперература, су, қоректік заттар (өсімдіктер үшін топырақ құрамындағы биогенді заттардың болуы) жатады. Шелфорд ережесі басқа да қосымша қағидаларға сүйенеді: шыдамдылық ауқымы жеке факторлар мен олардың әрқалай ұштасуына байланысты әр түрлі болады; сыртқы ортадағы кез келген жағдайларда тіршілік ете алатын (шыдамдылық ауқымы жоғары) организмдер (эврибионттар) өте кең тараған; егер бір фактордың деңгейі шыдамдылық шегінен артып кетсе, онда организмнің басқа факторларға шыдамдылық ауқымы тарылады. Организмдердің шыдамдылық ауқымын ажырату үшін көптеген терминдер қолданылады. Мысалы, температураның әлсіз ауытқуын — стенотермділік; темпетураның кең деңгейде ауытқуын — эвритермділік; қоректік заттардың аз болуына шыдамдылығын — стенофагтық; қоректік заттардың көп болуын — эврифагтық деп атайды. Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттық заңы: Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударғанда толерантиа – шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
15.Ылғалдылык Су тірі агзалардын өмірінде маңызды экологиялык факторы және олардың тұрақгы құрам бөлігі болып табылады.Ылгалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарга бөлінеді: гидагофитгер. гидрофиттер, гигрофиттер. мезофитгер. ксерофиттер.Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындардың өткізгіштігі маңызды роль атқарады. Су режиміне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынандай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.