
Геометриялық жобалауды автоматтандыру
Геометриялық жобалау — бұл геометриялық модельдеу құралдары көмегімен жобалау кешенінің тапсырмаларын шешу. Геометриялық жобалаудың негізгі тапсырмалары: кеңістікті және жазық механизмдердің кинематикалық сұлбалары мен жобаланатын объект синтезінің пішіні; материалдарды пішу; кеңістікте және жазықтықта элементтерді орналастыру; объект элементтері байланысының трассировкасы; уақыт бойынша жобалау объектісінің пішіні динамикалық талдауда өзгереді; ЧПУ станоктары үшін құралдардың ауысу траекториясын анықтау және т.б. Геометриялық жобалау бағдарламасының мысалы ретінде мына бағдарламалар қолданылуы мүмкін: фотошаблондарды автоматтандырылған жобалаудың ішкі жүйесінде ҮИС топологиясын қадағалау; есептеуіш аппаратураның блоктары мен түйіндерін коммутационды-монтажды жобалау тапсырмаларын шешуде трассировка мен орналасуы барысында және т.б.
Геометриялық жобалау |
||||||
Геометриялық модельдеу |
Геометриялық синтез |
Құрылымдық құжаттаманы жасау |
||||
Позициялық тапсырмалар |
Метрикалық тапсырмалар |
Геометриялық объектілердің синтезі |
Бұйым формасының (қалыбының) синтезі |
Мәтіндік құжаттамалардың жасалуы |
Графикалық құжаттамаладың жасалуы |
1. Геометриялық модельдеу
АЖЖ-дегі геометриялық модельдеу дегеніміз - бұл, машинаға түсінікті тілде, яғни объектінің геометриялық қасиеттерінің математикалық сипаттмаларын алу болып табылады.
Геометриялық модельдеу жүйелері формалармен үш өлшемді кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар жобалау процесінде физикалық модельдердің қолданылуына байланысты қиныдықтарды шешуге арналған (мысалы, нақты өлшемді күрделі формаларды алу қиындықтары және т.б.)
Бұл жүйелер физикалық модельдер жасалынатын орта секілді ортаны қалыптастырады. Басқаша айтқанда геометриялық модельдерді жасайтын инженер визуалды модельдің формасын бөлшектей (детальдай) отырып, модель формасын өзгерте алады. Визуалды модель физикалық модельдер сияқты, бірақ ол материалды емес. Үш өлшемді визуалды модель өзінің математикалық сипаттамаларымен бірге компьютер жадысында сақталады.
Геометриялық модельдеу жүйесі келесі түрлерге бөлінеді:
Каркасты модельдеу
Беттік модельдеу
Қатты денелік модельдеу
Немногообразные моделирования
Каркасты модельдеу
Мұны көлемдік геометрияның жүзеге асырылуының алғашқы технологиясы деуге болады. Ол сызудың 2D жүйесінен дамыған. Бұл үш өлшемді модельдерді құрастырудың ең оңай тәсілі. Мұнда объекттің каркасы (қаңқасы) жасалынады.
1-сурет. Буран ғарыш кемесінің каркасты моделі
Каркасты модельдің кемшілігі программалар каркаспен анықталатын беттердің кейбір ерекшеліктерін бейнелей алмайды, осы себепті объект құрылысын жасау мүмкін емес (мысалы: детальдардың дәл қиылысулары). Осындай үлкен кемшіліктеріне қарамастан бұл технология АЖЖ-нің функционалдық мүмкіндіктерін 2D жүйелерге. Қазіргі уақытта АЖЖ-н геометриялық модельдеуде каркасты модельдеу тек аралық құрылымдаудың көмекші жүйесі ретінде ғана қолданылады.