Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.1.3.6. G – гепатит вирусы (hgv)

GГВ – соңғы жылдарда зерттеле бастаған, бауырды зақымдауға себепкер бола алатын, РНҚ –геномды вирус. G-гепатит вирусының таксономиялық жағдайы толық анықталмаған.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Flaviviridae

Туыстастығы: Hepacivirus

Түр: HGV

Құрылымы. Нуклеокапсиді куб симметриялы тип бойынша құрылған. Геномы сигменттелмеген (+) РНҚ – нан тұрады. Вирустың 5 генотиптері белгілі. Вирионның құрамында РНҚ – тәуелді протеиназа, беткейлік НЕS және жүрекшелік НGS – антигендер бар. Жүрекшелік (соre) ақуыз құрамында ақаулық болуы ықтимал, сондықтан оның репликациялануы үшін С гепатиті вирусының болуы қажет.

Эпидемиологиясы, клиникалық көріністері. Инфекция көзі жедел және созылмалы G –гепатитпен ауырған адамдар және вирус тасымалдаушылар. G-гепатит вирусының лимфотрофты қасиеті бар деп есептелінеді, инфекцияның персистенциялық түрінің дамуы осы жағдаймен байланысты.Аурудың тіркелу жиілігі – шамалы. GГВ – мен инфицирленгені туралы маркерлер көбінесе қан құйылған, трансплантация жасалған адамдарда, және де нашақорларда табылады. GГВ – ның вертикальды жолмен жұғу мүмкіндігі дәлелденген . G –гепатит көбінесе С - гепатит вирусымен бірге миксинфекция ретінде өтеді.

Иммунитеті – толық зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге негізінде қан, өан сарысуы алынады. Вирустың репликациялануын көрсететін маркерлер – GГВ антигеніне қарсы антиденелер және вирустық РНҚ.

Емдеу және алдын алу тәсілдерін жасау жолында ізденістер атқарылуда.

17.1.3.7. Е гепатит вирусы (неv)

ЕГВ- бауырды зақымдайтын,организмнің жалпы улануын, сирек жағдайда дене сарғаюын тудыратын жедел жұқпалы ауру қоздырғышы. Алғашқы рет вирустың сипаттамасын М.С. Балаян (1983 ж.) анықтады.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: жоқ.

Туыстастығы: Hepatitic E-like virus

Түрі: HEV

Соңғы кездегі классификация бойынша (2002 ж.) Е гепатит вирусын «Hepatitic E-like virus» туыстастығына жатқызу ұсынылған.

Құрылымы. Вирионының сыртқы қабықшасы жоқ, сфера пішінді, капсиди икосаэдр типтес, диаметрі 27 – 34 нм. Геномы сигменттелмеген біржәпшелі РНҚ – нан тұрады, ол РНҚ тәуелді РНҚ – полимеразаны, протеазаны және вирустың жасушаға енуін қамтамасыз ететін трансмембраналық ақуызды кодтайды.

Эпидемиологиясы, клиникалық көріністері. ЕГВ эндемиялық бұрқетпелер қоздырады. Инфекция көзі – ауру адам. Негізінен ластанған су арқылы беріледі. Жасырын кезеңі 2 -6 аптадан аспайды. Дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретін клиникалық симптомдар байқалмайды: жалпы мазасыздану сирек жағдайда дене сарғаюы болады. Болжамы – көбінесе қолайлы. Жүкті әйелдерде (әсіресе III триместрде) кесел асқынып, өлімге әкелуі мүмкін. Процестің созылмалы түрге айналуы байқалмаған.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі зерттелетін материал – науқастың қаны мен қ н сарысуы. Вирустың репликациялануын көрсететін маркерлер – Е гепатит вирусына қарсы пайда болған антиденелер және вирустық РНҚ. Вируспен инфицирленгеннен кейін 10 -12 тәуліктен бастап ИФТ әдісімен вирус – спецификалық иммундыглобулиндерді анықтайды. Олардың диагностикалық титры 1-2 ай бойы сақталады. ЕГВ –ның антигендеріне қарсы G класына жататын антиденелер науқас ауырып тұрғаннан кейін 1 айдан соң табыла бастайды. Вирустың РНҚ – н ПТР және молекулалық гибридизациялау әдістерімен (инфицирленгеннен кейінгі алғашқы тәуліктен бастап) анықтайды, бірақ оларды сарғаю кезеңінде табу мүмкін емес.

Емдеуі – симптоматикалық. Жүкті әйелдерге спецификалық иммундыглобулин енгізу үсынылады.

Алдын алуы. Жалпы медициналық сақтану шаралары жүргізіледі: санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсарту, сапалы сумен қамтамасыз ету және т.б. Спецификалық профилактика мақсатында бүтінверионды өлі вакцина жасалған. Рекомбинантты және тірі вакциналар жасау үшін зерттеулер жүргізіліп жатыр.