Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.1.3.3. Жапондық энцефалит вирусы (масалық энцефалит)

Жапондық энцефалит – табиғи-ошақты арбовирустық инфекцияларға жатады. Қоздырғышын алғашқы рет жапон вирусологы М. Хаяши 1933 жылы Жапонияда, ал 1940-41 жылдары А.Смородинцев, А.Шубладзе Қиыр Шығыста бөліп алған.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Flaviviridaе

Туыстастығы: Flavivirus

Құрылымы және басқа қасиеттері жалпы флавивирустардың негізгі биологиялық қасиеттеріндей.

Эпидемиологиясы. Бұл инфекция Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, Ресейдің Қиыр Шығысындағы теңіз жағалауларының тұрғындарында тіркелген. Жазғы кезеңде (маусым-тамыз) маусымдылығы басым.

Вирус резервуары – жабайы құстар, кеміргіштер, ірі қара мал, жылқылар, шошқалар. Тасымалдаушылары- Culex туыстастығына жататын масалар. Жаппай індет кезінде адамнан адамға маса шаққанда трансмиссивті жолмен жұғуы мүмкін.

Патогенезі. Жапон энцефалитінің патогенетикалық ерекшелігі – микроциркуляцияның өте айқын бұзылыстарының нәтижесінде тамыр жүйесінің едәуір зақымдануы. Вирустың нейротроптылығы бар, гематоэнцефалиялық тосқауылдан (барьерден) өтіп кете алады. ОЖЖ – нің нейрондарында көбейеді, нәтижесінде оларда дегенерация тудырып бұзылысқа ұшыратады. Негізінде гипоталамус аймағындағы жасуша ядролары, кейбір ми қыртысы-асты құрылымдар, жұлын миының бағаналы және мойын бөлімінің қозғалтқыш нейрондары зақымданады. Вирус ОЖЖ-нің жасушаларынан басқа жерлерде де көбейеді – лимфоциттерде, паренхиматозды ағзалардың (бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі) жасушаларында.

Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі 8-ден 14 күнге дейін. Жапондық энцефалит – инфекцияның симптомсыз түрінен ауыр энцефалит және менингоэнцефалит түріне дейін көрініс береді. Энцефалиттік түрі жоғарғы өлім туғызушылығымен сипатталады (90%).

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін ұзаққа созылатын (өмірбақилық) кернеулі иммунитет қалыптасады.

Емдеуі. Симптоматикалық емдеу шараларымен қатар жапондық энцефалитке қарсы гетерогенді иммундыглобулин қолданылады. Препарат аурудың әрі қарай дамуын тоқтатады, бірақ пайда болған салдықтан (паралич) толық жаза алмайды.

Алдын алуы. Жалпы медициналық бейспецификалық сақтану шаралары және спецификалық профилактика мақсатында инактивацияланған және тірі вакциналар қолданылады.

17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)

Омбылық геморрагиялық қызба – организмнің жалпы улануымен, геморрагиялық диатезбен және дене қызбасымен сипатталатын жедел вирустық инфекция.Вирусты 1944 жылы М. Чумаков ашқан.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Flaviviridaе

Туыстастығы: Flavivirus

Құрылымы.Омбылық геморрагиялық қызба вирусына жалпы флавивирустардың морфологиялық құрылымдық қасиеттері тән.

Эпидемиологиясы. Инфекция Батыс Сібірдің (Ресей) кейбір аудандарында тіркелген. Вирустың резервуары және тасымалдаушысы – Ixodes туыстастығына жататын кенелер, табиғаттағы қосымша резервуарлары – әртүрлі жануарлар, кеміргіштер және құстар. Құстарда вирусемиялы симптомсыз инфекция дамиды. Адамдарға вирус инфицирленген кенелер шаққанда, ауру хайуандармен жанасқанда (мысалы, ондатра) немесе қайнатылмаған ластанған су ішкенде жұғады. Инфекция маусымдылығымен сипатталады. Трансмиссивті жолмен жұққанда науқастанушылық деңгейі кенелердің маусымдық («көктемдік – күздік қызба») белсенділігімен тікелей байланысты болады, ал жанасу (контакт) жолымен жұққанда науқастанушылық күзгі – қысқы кезеңде тіркеледі (ондатраларды ұстау кезінде – «ондатриялық ауру»).

Патогенезі. ОГҚ (ОГЛ) вирусының айқын нейротроптылығы жоқ. Тасымалдаушы шаққаннан кейін вирус қан айналымына түседі және терінің, әртүрлі ағзалардың (нерв жүйесі, бүйрекүсті безі) капиллярларының эндотелияларында реплицирленеді.

Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі – 2-ден 10 күнге дейін. ОГҚ-ның типтік (геморрагиялық) және атиптік (геморрагиялық көріністері жоқ) түрлерін ажыратады. Ауру көбінесе типтік жағдайда өтеді. Кесел жедел басталады, дене қызбасының көтерілуі, интоксикация, геморрагиялық синдром және менингоэнцефалит көрініс береді. Болжамы – қолайлы, өлім туғызушылығы - 1%- дан аспайды.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін кернеулі және ұзақ мерзімді иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою.– жалпы флавивирустық инфекциялар кезіндегідей.

Емдеуі - симптоматикалық және арнайы емдеу шаралары ретінде спецификалық гетерологиялық иммундыглобулин (жүре біткен жасанды енжар иммунитет қалыптастыру үшін) қолданылады.

Алдын алуы. Спецификалық профилактика мақсатында қолданылады:

●формалинмен өңделген өлі вакцина (М. Чумаков жасаған);

●кенелік энцефалитке қарсы вакцина (кенелік энцефалитке және де омбылық геморрагиялық қызбаға да қарсы иммунитет қалыптастырады).