Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.1.1.5. Риновирустар

Риновирустар – жоғарғы тыныс алу жолдарында катаральды қабыну симптомдарымен сипатталатын жедел респираторлы аурулар (ЖРВИ) қоздыратын РНҚ-құрамды вирустар. Алғашқы рет вирус 1960 жылы жедел ринитпен ауырған науқастан бөлініп алынған.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Picornaviridae.

Туыстастығы: Rhinovirus.

Түрі: риновирустарды екі топқа (Н және М) бөледі.

Морфологиясы. Риновирустардың вириондары сфера пішінді, симметриясы куб типтес, диаметрі – 20 – 30 нм. Олар энтеровирустарға ұқсас, бірақ айырмашылығы сол-риновирустар қышқыл ортада инфекциондылығын (жұқпалылығын) жоғалтып алады. Төменгі температурада жақсы сақталады.

Дақылдандыру. Риновирустарды өсіп – өндіріп көбейту үшін адам эмбрионының өкпесінің фибриобластарынан немесе адам кеңірдегінің эпителиясынан дайындалған жасуша дақылдарын пайдаланады.

Антигендері. Риновирустар антигендік құрамы бойынша біркелкі емес, олардың 100-ден астам серотиптері бар. Риновирустардың гемагглютинациялаушы қабілеттілігі жоқ, серологиялық айқас (перекрестный) реакцияларға жауапты антигендері болады.

Эпидемиологиясы. Риновирустар барлық жерлерде кездеседі, олар кең таралған. Риновирустық инфекциялар жыл бойы тіркеліп отырады, бірақ суық маусымда жиірек байқалады. Негізгі берілу жолы - ауалы-тамшылы (тұрмыстық- жанасу жолымен де берілуі мүмкін), резервуары, яғни инфекция көзі – ауру адам. Қоздырғыш науқас организмнен симптомдар көрініс бере бастағанға дейінгі 1-2-тәулікте және ауру белгілері басталғаннан кейін 2-3-тәулікте бөлініп шығады. Риновирустар суық тиюден туындаған аурулардың негізгі себепкері болып табылады.

Патогенезі және клиникалық көріністері. Вирус организмге мұрынның, ауыз қуысының, коньюктиваның, бронхының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерлердің эпителиялық жасушаларында шоғырланады. Жасырын кезеңі - 2-5 тәулік, содан соң жалпы ЖРВИ-ға тән ауру белгіліері, яғни мұрын бітелуі (ринит), бронхит және бронхопневмония (әсіресе балаларда) дамиды.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін ұзаққа созылмайтын (2жылға дейін) типтік – спецификалық иммунитет пайда болады. Иммунитет қан сарысуында түзілген вирус–бейтараптаушы антиденелермен ғана емес, секреторлық иммундыглобулиндермен (IgA) тікелей байланысты.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін зат: мұрын қуыстарының бөліндісі. Вирусты бөліп алу (индикациялау) – жасуша дақылдарына жұқтыру – ЦПӘ бойынша анықтау. Вирусты идентификациялау – БР, КБР. Серологиялық диагноз қою – БР, КБР (науқастан алынған қос қан сарысуларымен).Жедел диагноз қоюИФР (шырышты қабаттардың эпителиялық жасушаларының цитоплазмасындағы вирустық антигендерді анықтауға мүмкіндік береді).

Емдеуі – симптоматикалық.

Алдын алуы – жалпы медициналық профилактикалық шаралар, спецификалық профилактикасы жоқ.

17.1.1.6. Аусыл вирусы

Аусыл (ящур) – дене қызбасы көтерілуімен, ауыз қуысының шырышты қабатында, қол ұшы және аяқ басының терісінде пайда болатын ойық – жаралы зақымданумен сипатталатын зоонозды жұқпалы ауру.

Аусыл вирусын 1898 жылы Ф.Леффлер және П.Форш ашқан, бұл вирус адамдардан табылған ең алғашқы патогенді вирустың қатарына жатады. Аурудың клиникалық көріністерін алғашқы рет Норвегия дәрігері Сагар сипаттаған.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Picornaviridae.

Туыстастығы: Aphtovirus.

Түрі : Аусыл (ящур) вирусы (7 серотиптері бар).

Морфологиясы және құрылымы бойынша аусыл вирустары жалпы пикорнавирустар сияқты болып келеді. Сфера пішінді, өте ұсақ вирустар.

Дақылдандыру. Аусыл вирусы жалпы вирустар сияқты абсолютті паразиттер болғандықтан олар жасуша дақылдарында өсіп – өндіріледі. Ол үшін бұзаудың, ірі қара малдың тілінен, бүйрегінен дайындалған жасуша дақылдарын пайдаланады.

Антигендері. Аусыл вирусының 7 серологиялық типтері белгілі (біздің елде О және А типтері кездеседі), олар бір-бірінен типтік – спецификалық антигендерімен ерекшеленеді.

Резистенттілігі. Аусыл вирусы кейбір азық-түліктерде (сары майда, тоң майда) 2-3 айға дейін сақталады, сондай мерзімде өлген жануарлардың сүйек кемігінде, қан ұйығында да сақталады. Вирус бірнеше апта бойы сыртқы орта нысандарында ауру туғызу қабілеттілігін жоймайды.

Эпидемиологиясы. Аусыл – зоонозды инфекция, дегенмен адамдар да ауырады. Инфекция көзі – ауру малдар, әсіресе ірі қара мал (сиырлар). Қостұяқты ауру малдардан вирус олардың сүтімен, сілекейімен, несебімен сыртқы ортаға бөлініп шығады. Ауру малдардың ауызындағы, ерініндегі жара көпіршіктері өте қауіпті. Адамдарға вирус ауру малдарға күтім жасағанда (жанасу-контакт) және ластанған және де жеткілікті дәрежеде температурада өңделмеген тағамдық өнімдерді (сүт, ет т.б.) пайдаланғанда жұғады. Сүт арқылы жұғу балалар арасында жиірек байқалады. Адамдар арасында аусыл вирусын қабылдаушылық жоғары емес.

Патогенезі және клиникалық көріністері. Аусыл вирусы өте жоғары вирулентті және дерматотроптылығы күшті. Вирус терінің және шырышты қабаттардың эпителиялық жасушаларында репродукцияланады. Содан кейін қанға түсіп вирусемия қоздырады. Аусылдың жасырын кезеңі 2-18 тәулік, содан кейін ауыз қуысының, еріннің, қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында күлдіреу, сонан соң ойық – жаралар пайда болады. Кейбір жағдайда миокардтың және паренхиматозды ағзалардың зақымдануы ықтимал.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін ұзақ мерзімге созылмайтын (1-1,5 жылдай) типтік - спецификалық иммунитет пайда болады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар - ойық-жара (афт) бөліндісі, сілекей, қан, науқастың қан сарысуы.Вирусты бөліп алу (индикациялау) - а) жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ бойынша анықтайды); б) емізік жастағы тышқандарға (миына) жұқтыру (өлім туғызады); в) теңіз шошқасының табан терісіне жұқтыру (24-48 сағаттан кейін енгізген жерде сулы бөртпелер пайда болады). Идентификациялау (серотиптерін анықтау) – БР, КБР.Серологиялық диагноз қою – БР, КБР, ПГАР, ИФТ (науқастан алынған қос қан сарысуларымен). Жедел диагноз қою – ИФР (гомологиялық сарысулармен).

Емдеуі – симптоматикалық ем шаралар.

Алдын алуы – жалпы медициналық санитарлық – гигиеналық сақтану шаралары. Адамдар арасында вакцина егу қолданылмайды. Жалпы ветеринариялық шаралармен қатар ірі қара малдарға вакцина егу жүргізіледі.