Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

14.1.2.1.2. Гонококтар

Гонорея (соз) – Neisseria gonorrhoeae туғызатын жедел немесе созылмалы жыныстық (венерологиялық) жұқпалы ауру, несеп-жыныс жүйесінің шырышты қабығының, көз конъюнктивасының (бленнорея), басқа ағзалардың іріңді қабынуымен сипатталады. Соз қоздырғышын (гонококк) 1879 жылы А.Нейссер ашты.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Neisseriaceae.

Туыстастығы: Neisseria .

Түрі: Neisseria gonorrhoeae.

Морфологиясы. Гонококк – бұршақ тәрізді грам теріс диплококк, қозғалмайды, спора түзбейді, пилиі, микрокапсуласы бар. Анилин бояуларымен жақсы боялады (метилен көгі, бриллиант жасылы және т.б.).

Іріңді бөліндіде гонококтар лейкоциттердің ішінде орналасады (аяқталмаған фагоцитоз). Пенициллин әсерінен L-пішіндері пайда болуы, химиотерапиялық препараттардың әсерінен қасиеттерін жылдам өзгертіп, грам оңға айналуы мүмкін.

Дақылдандыру. Гонококтар аэроб, хемоорганотрофтар; құрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарда, 37С температурада, көмірқышқыл газының мөлшері жоғары болғанда түссіз, колониялар түзіп өседі. Қанды агарда гемолиз бермейді, құрамында сүт, желатин және картоп қосылған қоректік ортада өспейді. Тығыз ортада колониялары түссіз шық тамшысына ұқсас келеді. Сұйық қоректік орта бетінде нәзік қабықша пайда болады, сорпаны лайландырады.

Ферменттік белсенділігі төмен.

Антигендік қасиеті және патогенділік факторлары. Антигендік құрылымы күрделі, соматикалық және капсулалық антигендері бар. ЛПС күшті иммуногенділік көрсетеді. Негізгі антигендік жүк пилилер мен сыртқы мембрананың беткей ақуыздарында болады. Пилилер ақуыздық суббірліктердің тізбегінен, қанттардың қалдықтарынан және фосфорлық қышқылдан тұрады. Сыртқы мембрана протеиндерден тұрады.

Резистенттілігі. Гонококк кептіруге, дезинфекциялық заттарға, температураға жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді; бензилпенициллинге, эритромицинге, тетрациклинге, доксициклинге, цефалоспориндерге, бисептолға сезімтал.

Эпидемиологиясы. «Гонорея» терминін жаңа дәуірдің ІІ ғасырында Талон ұсынды. Гонококк антропонозды инфекция. Табиғи және тәжірибелік жағдайда гонококтарға бір де бір жануар сезімтал емес. Қоздырғыштың негізгі таралу жолы – жыныстық қатынас. Бленнорея кезінде қоздырғыш (гонококк) ананың туу жолы арқылы нәрестеге жұғады. Сирек жағдайда тұрмыстық заттар арқылы таралуы мүмкін.

Патогенезі, клиникалық белгілері. Гонококтар ағзаға ене отырып, зәр жолының эпителиіне және жыныс жолдарының шырышты қабығына жабысып жасуша ішіне өтеді. Шырышты қабаттарда көбейіп, жасушалары бұзылғаннан кейін эндотоксин бөлінеді, лейкоциттердің көптеп көшуімен белгіленетін қабыну процестерін тудырады (14.6.-кесте). Гонококтар лейкоциттермен қоршалады, олардың ішінде қарқынды түрде көбейеді (аяқталмаған фагоцитоз), сонымен бірге көршілес ағзаларға көшіп, зақымдай бастайды («метод троянского коня»). Эпителиден гонококтар субэпителилік тіндерге енеді, олардың әйелдердің жыныстық ағзасының шырышты қабығы арқылы жылжып отыруына сперматозоидттар да көмектеседі.Организмнің қарсыласуы төмен болған жағдайда, генерализациялық түрге ауысады, яғни бактериемия, буындардың қуыстарына, перикардтарға, ми қабына дейін тарауы мүмкін. Дұрыс емделмеген жағдайда жедел процесс созылмалыға ауысуы мүмкін.

Анасының туу жолдарындағы қоздырғыш нәрестенің көз конъюнктивасына жабысып, нәресте бленнорея ауруымен туылады. Бленнореяны емдемегенде соқырлық туындайды.

Кесте 14.6.