Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

16.1.2. Вирусологияның даму кезеңдері

Вирустар ашылған уақыттан бері қарай вирусология бірнеше кезеңдерден өтті. Бірінші кезең вирустардың ашылуымен және де олардың ерекшелігімен, қарапайым тіршілік қабілеттілігі бар әр алуан әлем екендігімен байланысты. Бұл кезеңде негізгі тәжрибелік модель ретінде зертханалық жануарларды пайдалана отырып вирустарды бөліп алу, шоғырландыру және идентификациялау әдістері жасалды. Екінші кезең (вирусологияның қалыптасуы) вирустардың негізгі топтарының ашылуымен сипатталады. Дәл осы кезеңде З.А.Зильбер, А.А.Смородинцев, М.С.Чумаков, В.Д.Соловьев табиғи ошақты ауруларға жататың эндемиялық энцефалиттерді, кенелік энцефалит және де геморрагиялық қызбалар вирустарын бөліп алып зерттеді. XX ғасырдың 30 жылдарында австралиялық вирусолог және иммунолог Ф.М.Бернет грипп вирустарын және поксвирустарды көбейтіп өсіру үшін тәжірибелік модель ретінде тауық эмбриондарын пайдалануды ұсынды. 40-жылдары американдық вирусолог Херт гемагглютинациялық феноменді ашты, ол вируспен жасушалардың өзара әрекеттесуін зерделеуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда дәл осы реакция грипп вирусын тазалау және концентрациялаудың алғашқы әдістеріне негіз болды. Үшінші кезең (жасушалық) 1949 жылы Д.Эндерс, Т.Уэллер және Ф.Роббинсон жасушаларды in vitro дақылдандыру және оларды полиомиелит вирусының репродукциялануын сақтап тұру мүмкіндігін ашқаннан кейін басталды. Бұл жаңалық қазіргі заманғы вирусологияның өркендеуі және адамдарда қауіпті аурулар тудыратын энтеровирустарды (Коксаки, ЕСНО), респираторлық (адено-, РС ж.б) және басқа көптеген белгісіз вирустарды бөліп алуға жағдай жасады. Вирусологияда жасуша және тін дақылдарын пайдалану вирустардың құрылымы мен биосинтезінің іргелі заңдылықтарын табысты зерделеумен қатар вирусологияның бірқатар қолданбалы аспектілерін, соның ішінде дақылдық вакциналар дайындауға мүмкіндік берді. Мысалы: америкалық ғалымдар Дж. Солк, А.Себин, Дж. Эндрюстың, ресей вирусологтары А.А.Смородинцев пен М.С.Чумаковтың серіктестігінің нәтижесінде полиомиелитке қарсы өлі және тірі вакцина, қызылшаға қарсы тірі вакцина жасалып, сынақтан өткізіп, практикада қолдану үшін енгізді, және де энцефалитке, аусылға, құтыруға қарсы дақылдық вакциналар жасалды. Вирусологияның дамуының төртінші кезеңін молекулалық-биологиялық кезең деп атауға болады. Ол ХХ ғасырдың 60-жылдары басталып осы кезге дейін жалғасып келеді. Вирустарды зерделеу олардың құрылысының деңгейіне сәйкес жүргізіле бастады. Вирустардың жасушалық құрылысы жоқ, бірақ бірлігі сақталған бүтін құрылымы болғандықтан жасуша ішіндегі вирустың генетикалық материалдың тағдырын зерделеуге мүмкіндік береді. Сондықтан вирустар биологиялық іргелі проблемаларды зерттеу үшін негізгі модель (үлгі) болып есептеледі. Бұл жерде вирустардың қасиеттерінің оңтайлы жақтарын айтуға болады. Өйткені вирустар құрылымын, гендік кодты, генетикалық ақпарат беруді, ақуыз және нуклеин қышқылдарының синтезделу заңдылықтарын ж.т.б. зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл деңгейде жұмыс жасау вирустарды гендік инженерия бағытында пайдаланумен байланысты: прокариоттар немесе эукариоттар геномының құрамына рекомбинантты ДНҚ-н енгізу арқылы көп мөлшерде нуклеин қышқылдарын және ақуыздарды алу, медициналық тәжірибеде пайдаланылатын препараттар (инсулин, интерферон, вакциналар, интерлейкин ж.т.б.) дайындау мүмкіндігі пайда болды.