Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

15.3.5. Инфекциялық бақылау бағдарламасының міндеттері.

Қазіргі кезде АІИ-дың дамуына жол бермеуге бағытталған шаралар жасалған. Әрбір стационар сол үшін тиісті шаралар тізімін жасайды, ол бұлжымай орындалуы керек, оған кез келген стационарға ортақ бірқатар міндеттер жатады:

Аурухана бөлімшелерінде АІИ-ға тұрақты бақылау жүргізу.

Жұқпалы арулар бұрқ етпесін зерттеу.

Ауырған пациенттерді оқшаулау жөнінде әдістемелік нұсқаулар беру.

Мед.персоналдың ауру жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған әдістемелік нұсқаулар жасау.

Мед.қызметкерлердің денсаулығын сақтауға ықпал жасау.

Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша бағдарламаның орындалуына ықпал жасау.

Арухана қызметкерлеріне инфекциялық бақылау әдістерін оқыту.

Асептикалық, санитариялық, жұқпалы ауруларды оқшаулау тәсілдерін тұрақты жетілдіріп отыру.

Антибиотиктерді қолдануға бақылау жүргізу.

Антибиотиктерге резистентті микроорганизмдерге бақылау жүргізу.

Ескірген немесе қажеттілігі аз өте қымбат әдістемелерді алып тастау.

АІИ анықтауда микробиологиялық зерттеулер үлкен рөл атқарады. Оның рөлі – қоздырғыштарды тауып идентификациялау негізінде аурулардың этиологиясының маңыздылығын анықтау үшін науқастан зерттеу заттарын (ірің, шайынды.биоптат ж.т.б.) алу болып табылады.

Әсіресе ауру даму барысында науқастан микроорганизімнің бір түрінің қайта-қайта табылуының маңызы зор. Егер де, науқастың зардаптанған біріншілік ошағынан алғашқыда S.aureus+S epidermidis, ал бірнеше (3-4) күннен кейін S.aureus немесе S.aureus +E.coli бөлінсе, инфекция қоздырғышы S.aureus деп саналады.

16 -ТАРАУ. Вирустардың ашылу тарихы, табиғаты.

16.1.Эволюциялық дамудағы рөлі, жіктелуі (класификациясы)

Вирусология қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан биологияның бір тармағы. Вирустарды зерделеу жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және тірі дүниенің эволюциясы, тірі құрылымдардың өзінше қайталануы, тұқымқуалау механизмінің өзгеруі, тіршілікке қажетті маңызды заттектердің (ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының) биосинтезделу механизмі, жасушалық зат алмасудың реттелуі мен бұзылуы, қатерлі ісіктердің пайда болуы және дамуы сияқты биологияның негізгі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл вирусологияның қатысуымен атқарылатын бірқатар ғана мәселелердің тізімі.

16.1.1. Вирустардың ашылуы

Вирусология ғылымының даму тарихы ерте заманнан басталған. Өткен ғасырлардағы аса қауіпті індет-қорасан шешек (натуральная оспа) туралы алғашқы мәліметтер Мысыр (Египет) папирустарында табылған. Фараон Рамзес V (б.д. дейінгі 1085 жыл) мумиясының терісінде шешек ауыруына тән зақымдану табылған. Ғылыми медицинаның негізін қалаушы грек дәрігері Гиппократ (б.д. дейінгі 460-370ж.ж.) вирус қоздыратын басқа аурудың сипаттамасын жазып кеткен. Бұл аурудың салдарынан науқастың аяқтары деформацияланып және қысқарып өмір бойы ақсақ-мүгедек болып қалады. 1874 жылы бұл аурудың аты белгілі болды - полиомиелит (сал). Вирустардың ашылуынан 100 жылдай бұрын ағылшын дәрігері Э.Дженнер (1794 ж.) вирусты инфекция - шешек індетінің алдын алу үшін алғаш рет вакцина пайдаланды. Вирустардың ашылуына 7 жыл қалғанда екінші вакцинаны - құтыруға (антирабическая) Л.Пастер ұсынды (1886 ж.). Вирустық инфекциялардың қоздырғышын табу үшін 25 ғасыр уақыт қажет болды. Мұндай ұлы жаңалықтың ашылу құрметіне Д.И.Ивановский ие болды. 1892 жылы 12-ші ақпанда Петербург университетінің өсімдіктер физиологиясы кафедрасының ешкімге белгісіз 28 жасар университет бітірушісі Ғылым Академиясының мәжілісінде өзінің байқаулары туралы баяндама жасайды. Ол тәжірибе жүзінде темекі ауыруы - темекілік теңбілденуді (табачная мозайка) бактериялық сүзгіштен өтіп кететін белгісіз агент қоздыратынын дәлелдейді. Д.И.Ивановский зақымдалған өсімдіктердің бактериялардан тазартылған сөлін жаңа сау өсімдіктерге жұқтырғанда ауру қайталанады. Алынған қоздырғыш жасанды қоректік орталарда өсіп-өнбеген. Содан кейін Д.И.Ивановский бұл қоздырғыштың ерекше табиғаты бар, яғни бактериялық сүзгіден өтіп кететін және жасанды қоректік ортада өсіп-өну қабілеттілігін жоқ екені туралы қорытындыға келеді. Ол қоздырғыштың жаңа типін «фильтрленетін бактериялар» деп атайды. 1898 жылы голландиялық ғалым М.В.Бейеринк, Д.И.Ивановскийдің тәжірибесін қайталап, ол да жоғарыдағыдай қорытындыға келді. Осы кездері неміс ғалымдары Ф.Леффлер және П.Порштың аусыл (ящур) вирусын ашқандары туралы еңбегі жарияланды, бірнеше жылдан соң - 1917 жылы бактериофагтар табылады. Сонымен XX ғасырдың басында вирустардың негізгі үш тобы, яғни өсімдіктерді, жануарларды және бактерияларды зақымдайтын топтары белгілі болды. «Вирус» деген сөз «у» (яд) деген мағына береді, бұл терминді Л.Пастер енгізген.